Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек тақырыбында сынып сағыты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек тақырыбында сынып сағыты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек тақырыбында 10 сыныптарға арналған сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сынып сағаты



Мекеме

«Кішішыған орта мектебі»КММ Оспанова З.С

Сыныбы:

10 «Ә» сынып

Сынып сағатының тақырыбы

Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық және ортақ келешек

23.09.2024

Осы сабақта қол жеткізілетін Сабақтың мақсаты

Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.

Ойлау дағылары

Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау , бағалау

Тілдік мақсаттар

Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5-минут


Топтастыру



Бастапқы білімді анықтау және үй тапсырмасын сұрау

5 минут







Жаңа тақырыпты ашу кезеңі

10 минут
















Жаңа тақырып

10 мин











Сабақтың ортасы





5 минут









Тапсырма


5 минут



Ұйымдастыру .

Оқушылармен амандасу.

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Психологиялық дайындық: «Отан оттанда ыстық» мазайка әдісі арқылы ә р оқушы қобдишаның ішінен бір-бір стикер алады. Стикерде жазылған Отан туралы сқздерді барлығы біріктіріп қосып шығады.

Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте.

деген сөз құрастырады.



Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Таза тақта» әдісі Тақта тап таза күйінде тұрады оған оқушылар

Отан туралы әркім бір-біріңдікіне ұқсамайтындай нақыл сөздер, мақал мәтелдер жеке жеке тауып, тақтаға келіп жазады. Таза тақта толады.

Ел бірлігі – ең асыл қасиет.

1.Бірлік – біздің қасиетті туымыз.

2.Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта.

3.Бірлігі жақсының тірлігі тапшы болмайды.

4.Ауызбіршілік жоқ жерде ешқашан да ұлттық идеялар жүзеге асқан емес.

5. Бабаларымыз өзгелердің төріне шығу үшін өзі де меймандарына қақ төрінен орын беріп, құрмет көрсеткен.

6.Еңсесі биік елдікке есі кеткен ғана топырақ шашады.

7.Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

8.Қазақстандағы ұлтаралық жарастықтың негізгі ұйытқысы болу міндетін алдымен осы Атамекеннің иесі – қазақ халқы өз мойнына алуы керек.

9.Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір.

10. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

11.Қазақстан – бұл ортақ жер, біртұтас халық және ортақ келешек.

Жұппен жұмыс:

Мақал-мәтелдерді талқылау: Оқушыларды жұптастырып , екі екіден отырғызып, мақал мәтіл тарқатып беремін. Оқушылар берілген мақал мәтелдерді жұптарымен бірлесе отырып талқылайды.

  • Ер — елінде, гүл — жерінде.

  • Өз елінде көртышқан да батыр.

  • Өз елінің иті де қадірлі.

  • Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.

  • Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

  • Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.

  • Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.

  • Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.

  • Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.

  • Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.

  • Отан — отбасынан басталады.

  • Опасызда oтан жоқ.

  • Отан оттан да ыстық.

  • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.




Мұғалімнің дәрісі:

Дүниеде өзара сенім мен ынтымақтастық негізінде шешуге болмайтын проблемалар жоқ екеніне сенімдімін. Мұны ұғыну үміт ұялатып, болашаққа деген сенімді нығайтады. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Біз осы құндылықтарды қазақстандықтардың әрбір болашақ буынына аялай ұсынуымыз керек. Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

Видео ролик көрсету.

Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы.

* * * Ұлтаралық татулық пен келісім көктен түскен бірдеңе емес. Ол мемлекет пен баршамыздың күнделікті саясатымыз бен практикамыздың нәтижесі.

* * * Ұлтаралық татулық пен келісім – қазақстандық ұлттық идеяның басты өзегі. * * * Ұлттар арасындағы сенім мен бірлік – әділ әлемдік тәртіптің негізі.

* * * Татулық пен келісім – еліміздің табысты дамуының базалық факторы.

* * * Біздің басты байлығымыз – халықтар мен діндер арасындағы татулық пен келісім.

* * * Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды.



Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылар кері байланыс береді.



Тірек қағаздары








Мақал мәтелдер

Түрлі түсті маркерлер















Нақыл сөздер


































Бейнеролик

https://youtu.be/CfdHY3x7SYU?si=mpkp01C4bzHXme8-

Сабақтың соңы

5 мин

Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.

Оқушыларға шағын тапсырма беру: «Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мәдени тұрғыдан алғанда мұның өзі демократиялық мемлекеттің алдына қатаң талаптар тартады деген сөз.

Үйден Қысқаша Эссе жазып келу
















































Shape1 «Кішішыған орта мектебі»

комунналдық мемлекеттік мекемесі













Қазақстан біртұтас жер, біртұтас халық

және ортақ келешек


сынып сағаты







Сынып жетекшісі З.С.Оспанова








2024-2025 оқу жылы




.

.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.00.2024
304
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі