Қазақстан болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақтарымыздың қолында

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақтарымыздың қолында

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәлім-тәрбие бұл – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан болашағы – білімді де тәрбиелі

ұрпақтарымыздың қолында


Сейсенбек Әсем Әлібекқызы

Шымкент қаласы, Мамина балабақшасы тәрбиешісі

Тәлім-тәрбие бұл – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.

Тәрбие – қазір елі­міз­де орын алып отырған көп­теген мәселелерді, ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жас­тар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үй­ле­ріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бір­те-бірте жоюдың және олар­дың алдын алып, бол­дырмаудың негізгі жолы.

Қазақстан болашағы – білімді де тәрбиелі ұрпақтарымыздың қолында. Осы мақсатта ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама балабақшадан бастап мектеп пен колледжге дейінгі білім беру ұйымдарында жүйелі тәрбие жұмысын жүргізуге бағытталған. Оның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дарытып, патриоттық рухты қалыптастыру, әділдік пен еңбекке баулу.

Бағдарламаның негізгі бағыттары

Бағдарлама тәрбиенің үштағанына сүйенеді:

Ұлттық бірегейлікті сақтау,

Қоғамға қызмет ету,

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Осы құндылықтар негізінде тәрбие жұмысы төмендегі бағыттармен жүргізіледі:

  • Тәуелсіздік пен отаншылдық;

  • Бірлік пен ынтымақ;

  • Әділдік пен жауапкершілік;

  • Заң мен тәртіп;

  • Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік;

  • Жасампаздық пен жаңашылдық.

Айлық тәрбие тақырыптары

Бағдарламада әр ай белгілі бір құндылыққа арналады. Бұл жүйе балабақша, мектеп және колледждерде тәрбие сағаттарын, іс-шараларды жоспарлы түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

  • Қыркүйек – еңбекқорлық айы;

  • Қазан – тәуелсіздік айы;

  • Қараша – әділдік айы;

  • Желтоқсан – бірлік айы;

  • Басқа айларда да тақырыпқа сай іс-шаралар ұйымдастырылады.

Арнайы жобалар мен іс-шаралар

Бағдарлама аясында оқушылардың белсенділігін арттыратын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыратын жобалар енгізілген:

«Қамқор» – мейірімділік пен жанашырлыққа баулу;

«Шабыт» – шығармашылық пен өнерді дамыту;

«Еңбегі адал – жас өрен» – еңбекқорлыққа тәрбиелеу;

«Ұшқыр ой алаңы» – ойлау қабілетін шыңдау;

«Smart Bala» – цифрлық сауаттылық пен инновацияға бағыттау.

Бағдарламаның маңызы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы – ұрпақ тәрбиесін балабақшадан бастап жүйелеуге арналған кешенді құжат. Ол жас буынды әділ, еңбекқор, отансүйгіш, жауапкершілігі жоғары тұлға етіп қалыптастыруға ықпал етеді. Мұндай қадам елдің рухани жаңғыруына, ұлттық бірегейлікті сақтауға және бәсекеге қабілетті азамат тәрбиелеуге бағытталған.

Қазақстанның әрбір балабақшасында жүзеге асатын «Бір тұтас тәрбие адал азамат» бағдарламасы – ел болашағына салынған тәрбие. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы қоғамда әділдік пен бірлікті, еңбексүйгіштік пен жаңашылдықты орнықтыру – басты міндет.

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі. Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Бір тұтас тәрбие адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделңп келеді.

Бір тұтас тәрбие адал азаматтың негізгі міндеттері:

1. Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

2. Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.

3. Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлыболуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен Ұсыным әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

4. Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.

5. Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.

Бір тұтас тәрбие адал азаматтан күтілетін нәтижелер:

1. Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.

2. Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды жәнеұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.

3. Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзінеберік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.

4. Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.

5. Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оныңбірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.

Тәрбие жұмысын жүзеге асыруда барлық тараптардың өзара бірлесе қызмет атқаруына ерекше көңіл бөлінеді. Бала-башамыздағы тәрбие ісі мемлекеттік органдармен, құқық қорғау, денсаулық сақтау, ішкі саясат саласындағы құрылымдармен тығыз жүргізіп келеді.Осыған орай ай сайын белгіленген тақырыптарға сай, бала-бақшамызда өтілетін іс-шараларды бір-бірімен сабақтастырып келеміз. Мысалы: әділдік, еңбекқорлық, патриотизм тақырыптарында, тәрбие сағаттарын ұйымдастырып келеміз. Осы бағытта бала-бақша өміріне «Өнегелі 15 минут», күй әуенімен қоңырау соғу, ұлттық ойындар секілді жаңа форматтар енгізіп келеміз. Сонымен қатар, жасқспірімдердің бала-бақша қабырғасынан тыс өмірлік тәжірибесін байытуға да ерекше көңіл бөлінеді.

Тәрбие жұмысын жүзеге асыруда барлық тараптардың өзара бірлесе қызмет атқаруына ерекше көңіл бөлінеді. Балабақша тәрбиесі мемлекеттік органдармен, құқық қорғау, денсаулық сақтау, ішкі саясат саласындағы құрылымдармен тығыз байланыс жүргізіп келеді.

Халқымыздың тiлiн, тарихын, ұлттық дәстүрін, ата салтын үмыта бастаған бүгiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат салысу жалпы ұлтымыздың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасын тиiмдi пайдалану, оның салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретуi сөзсiз.

Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім»,«Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек.

Адам баласы қа­шан­да тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан алдымен бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Әр ұлттың бағзы заманнан келе жатқан тәрбиелеу жүйесінің өзіндік жолы бар. Тәр­бие ұлттық табиғи тамырынан үзілсе, қасиетін жоғалтады. Халқымыздың мәде­ние­ті ұлттық ерекше­лігі­мен қасиетті де қа­дірлі. Сондықтан мәдени дамудың шы­ңына жетіп, өр­ке­ниет­ті елге айналу халқымыздың табиғи қасиетіне, күш-қуа­ты­на, болмыс-бітіміне және т.б. ұлттық ерекшелікте­рімен тығыз байла­ныс­ты болмақ.

Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлт­жанды, еңбекқор, сы­пайы, кішіпейіл болып өседі. Сон­дықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы. Қазақ от­ба­сында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кез­ден-ақ ағайын-туысты, на­ғашы жұртын, ататегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-баба­ла­­рымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа па­рыз деп ұққан. «Жеті ата­сын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, Жеті жұрт­тың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Бала­ның өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжан­ды­лық, отансүйгіштік қасиет­те­рін қалыптастырады деп есептеген. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай, қанның тазалығын, яғни ұлт­тың таза болуына әкеледі екен; екіншіден, қазақ ұр­пағы жеті атасына дейін ара­ласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек.

Халқымыздың тiлiн, та­ри­хын, ұлттық дәстүрін, ата сал­тын ұмыта бастаған бү­гiнгi ұрпақты тәрбиелеуге ат­салысу – жалпы ұл­ты­мыз­дың мiндетi. Халқымыздың асыл қазынасына, яғни салт-дәс­түрі мен мәдениетіне құр­метпен қарауға үйреткен абзал. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге, саналы тәр­бие беру қай кезде де өзек­тілігін жоғалтқан емес. Ру­хани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қа­ра басының пайдасына жұм­сап, өз мүддесі үшін адам­зат­қа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана хал­қымыздың ғасырлар бо­йы жинақталған бай ру­хани мұрасымен жастардың бо­йы­на адамгершілік ізгі қа­сиет­терді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі.

Халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылы­ғы­мыз­ды, сонау өткен ғасыр­лар­дан өшпес мұра болып келе жатқан асыл мұрамызды дәріптеп, білімге ден қойып, көп ізденіс жасамайынша, оқыту мен тәрбиені ықпал­дас­тыру мүмкін болмайды. Осы екеуін ұштастырып, қа­жымай еткен еңбек ар­қа­сында тәрбиелі білім алушы тұлға қалыптасатынына се­німіміз мол.

Қорытындылай келе, халқымыздың маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды, сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың таратқан үлгі-насихаты-асыл мұраларымызды ұрпақ бойына сіңіріп, ұлттық мәдениетімізді сақтай білейік

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі