"Қазақстан жер аймақтарын аралаймыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан жер аймақтарын аралаймыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға Қазақстанның экономикалық аймақтарын қайталау арқылы алған білімдерін тексердім. Осы сабақта оқушыларды гүл күлтешелері арқылы топқа бөлдім. Сабағымда әртүрлі әдіс тәсілдерді қолдандым. Тыңдалымда бейне фильмнен мәтінді тыңдау арқылы әр топқа тапсырмалар таратылып, сол тапсырмалармен жұмыстар жүргіздім. Бұл сабақта сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын қолдандым. Сабағым оқушыларға қызықты және әсерлі болды деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Енді сол технологияға тоқтала кетейін. Озық технологиялардың кейбіреулерін өз сабағыма пайдалану жағына келейін. Бұл технология бойынша қазіргі 11 - шы сыныпты 9 – ші сыныптан бастап эксперимент сынып ретінде алып келе жатырмын. Бұл сыныпта 3 – ші жыл осы технологиямен жұмыс істеймін. Сыныпта 14 оқушы. Сыныпта оқу озаттары көп көзге түсетін оқушыларым Журина Света, Аманатова София, Егель Алена,Ищак Катя. Ұлдардың оқу деңгейі әртүрлі.

Ашық сабақтың тақырыбы «Қазақстан жер аймақтарын аралаймыз». Бұл тақырыпты алу себебім күнтізбелік жоспармен сәйкес келеді, екіншіден аймақтық компонентті қамтиды. Сабақтың нәтижесінде балалар тілдерін дамытуға, монолог пен диалог құруға, сонымен қатар өз ойларын айта білуге, өз деңгейіне қарап дұрыс сұрақ құрап, соған жауап беруге үйренеді, өзінің және өзгенің білімін бағалауды, жеке, жұппен жне топпен жұмыс жасай білуге, өз туған жерін құрметтеуге трбиелейді, қоршаған ортаны қорғауға, экологиясы сақтауға шақырады, рефлексия жасап үйренеді.

Сабақ барысында «Диалогтік оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Көшбасшы және басқару», «ИКТ». Сабақта қолданған әдіс –тәсілдерім сұрақ-жауап, әңгімелеу(сұхбат), мәтінмен жұмыс, топтастыру стратегиясы,Синквейн стратегиясы, Жиксо стратегиясы,Блум таксономиясы бойынша сұрақтарды жіктеу. Көрнекілік ретінде интерактивті тақта, ватман, фломастер, Қазақстан жер аймағын аралау бойынша видео фрагментті пайдаландым.

Сабақ барысында оқушылар өздері жұмыс жасайды, мұғалім тек қана нұсқаушылық қызметін атқарады.Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін Жобалау әдісінен бастадым.Блиц турнир арқылы оқушылар еліміз туралы басты сұрақтарға тез жауап берді.Гүл күлтешелері арқылы балалар үш топқа бөлініп отырды. Үш топқа тапсырмалар таратылды. Әр топтан өзіме көмекшілер сайлап алдым. Олар оқушылардың жауаптарын бағалап отырды. Бағалау парағында әр тапсырмаға баға қойылды. Соңынан өзім қорытынды бағасын қойдым. Сабақта 4 оқушы «5», 6 оқушы «4», 3 оқушы «3»деген баға алды.Сабақ соңында рефлексия сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтаға жапсырады. Ашық сабақ

Сабақта әр балаға қабілетіне лайық деңгейлік тапсырмалар беріп, бірте – бірте күрделендіріп отырамын. Ал зерттеу әдісін әдебиет сабағында жиі пайдаланамын. Мысалы: әдебиеттен берілген шығарманы өту кезінде оның авторы жайлы қосымша мағлұматтар іздеп, тауып келуге тапсырмалар беремін. Оқушылардың өз талап тілектері бойынша әр топта бір немесе екі оқушы арнайы зерттеу дәптерін жүргізумен айналысады. Мұнда автордың өмірбаянымен қоса басқа да әңгімелері мен өлеңдері жайлы мәліметтер жинақталады. /1 кесте/

Мақсаттарын айқындап, оқушыларды бағыттап отырса, баланың өз бетінше жұмысқа қабілеті артады. Бұл жерде мен баланың сабаққа қызығушылығын арттырамын. Яғни, оқушының бойында өз елінің, өз туған жерінің ұлы адамдарының еңбектеріне деген сүйіспеншіліктері, олардың шығармаларын оқуға деген қызығушылықтары артады.

Сабақта тірек белгілерін пайдалану жаңа сабақты өту барыс









Қысқа мерзімді жоспар: Мектеп: Арықбалық орта мектебі


Күні: Мұғалімнің аты-жөні: .

Сынып: 11 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қазақстанның жер аймағын аралаймыз.

Сабақтың мақсаты

Өткен модуль бойынша алған білімді тиянақтап,тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша тапсырмалар орындау арқылы сөйлеу мәдениетін, шығармашылық және ойлау қабілетін дамыту

Сабақта күтілетін нәтиже

  • Барлық оқушылар орындай алады:

Барлық оқушылар аймақтар жайлы біледі.

Көпшілігі орындай алады:

Мәтін құрап айтуда мақал-мәтелдерді орынды қолдана алады.

  • Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын дамытып айтады.

Бағалау критерийі

- Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтіндегі

негізгі ойды білдіретін тірек сөздер­ді­ табады, қазақ тілінде көп тілділік жайлы ақпарат

бере алады.

Оқушы­ның­ орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде ті ек сөздер­ді­ пайдаланып, мәтін

мазмұнын айтады, қазіргі көптілділік жағдайын сипаттайды.

Оқушы­ның­ жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақы­рып­ б йынша қосымша деректер келтіреді,

мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз йын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.

Пәнаралық байланыс

Тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, география.

Тілдік мақсаттар


Дағдыларды дамыту: жеке, жұпта, топта жұмыс жасау, мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдердің мағынасын түсіну, қойылған сұраққа толық жауап беру, диалог құрастыру, мәтіннен жаңа сөздер мен сөз тіркестерін таба алу, мәтінге қатысты өз ойын айта алу


Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Сабақтың басы.

Ұйымдастыру кезеңдері:

Сыныпта кім кезекші?

Сыныпта кім жоқ?

Жылдың қай мезгілі?

Күзде неше ай бар?

Қазір қай ай?

Не себепті қараша айында қар жатыр?

Біз Солтүстік Қазақстан облысында тұрамыз.

Солтүстік Қазақстан облысы аймағынан басқа тағы қандай аймақтар бар?

Дұрыс айтасыңдар біздің еліміз 5 экономикалық аймаққа бөлінеді.

Сонымен, сабағымыздың тақырыбы : «Қазақстанның жер аймақтарын аралаймыз.»

Сонда сабағымыздың мақсаты қандай?

  • Қазақстан Республикасы туралы айту;

  • Аймақтарды білу;

  • Тапсырмалар орындау арқылы еліміздің экономикалық жағдайы туралы білімдерімізді кеңейту.

Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды.

Оқушылар, бүгінгі сабағымызда өткен модуль бойынша алған білімді тиянақтап,тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша тапсырмалар орындау арқылы сөйлеу мәдениетімізді, шығармашылық және ойлау қабілетімізді дамытамыз.


Ал енді балалар интерактивті тақтаға қарап, аймақтарға кішкене шолу жасайық.

«Қазақстан аймақтары » картасы . Солтүстік аймақ, Оңтүстік аймақ, Батыс аймақ,Шығыс аймақ, Орталық аймақ. (1 слайд)

Солтүстік Қазақстан аймағы

а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Петропавл, Қостанай, Көкшетау
ә) Кен байлықтары: темір, асбест кен орындары, Соколов-Сарыбай темір рудасы.
б) астығы мол өлке

Оңтүстік Қазақстан аймағы.

а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Алматы, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл.
ә) Кен байлықтары: мұнай, түсті металл.
б) жер асты кендері

Орталық Қазақстан аймағы. (Сарыарқа деп аталатын аймақ)

а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Қарағанды, Жезқазған, (Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды)
ә) Кен байлықтары: көмір, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, темір, марганец, вольфрам, молибден, мұнай, түсті металдар т. б.
б) жер асты кендері

Батыс Қазақстан аймағы.

а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Ақтау.
ә) Кен байлықтары: мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары
б) жер асты кендері мол.

Шығыс Қазақстан аймағы.

а) Басты өнеркәсіп орталықтары: Өскемен, Семей, Алтай.
ә) Кен байлықтары: түсті металл, алтын, қорғасын, мырыш.
б) жер асты кендері.

Менің Отаным жайлы әңгіме.

Балалар, өздерің көргендей еліміздің табиғи байлығы өте мол. Жұмысымызды әрі қарай топқа бөлінумен жалғастырайық.

Гүл күлтешелері арқылы топқа бөлу.


«Ыстық алақан» тренингі. Мақсаты: жағымды психологиялық ахуал орнату.

«Блиц-сұрақ» әдісі.

Мақсаты:Қазақстан туралы ойларын жинақтау.

-Қазақстан қай құрлықта орналасқан?

-Қазақстан қандай елдермен шектеседі ?

- Біздің еліміздің Президенті кім?

-. Еліміздің рәміздері қандай?

- Еліміздің астанасы қалай аталады?

/Жетон арқылы, үш шапалақпен бағалау/





Тыңдалым. Видео-ролик «Қазақстан жер аймақтарын аралаймыз»

Оқушыларға тапсырма таратылады.

Тапсырмалар Дұрыс-бұрыс


Ітоп.

1-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.

Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс







Ол шартты түрде бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді



Оңтүстік Қазақстан Ресеймен шектеседі



Тарбағатай тауы Шығыс Қазақстанда орналасқан



Орталық Қазақстанда жеміс-жидек өседі.



Солтүстік Қазақстан мұнайлы жер.



Батыс Қазақстан-Еуропамен шекаралас орналасқан







2-тапсырма Үш тілде аударма жаса.

Отан –отбасынан басталады.

Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.

Отан үшін отқа түс-күймейсің.








3-тапсырма «Қазақстан» сөзіне синквейн құр

4-тапсырма «Шығыс Қазақстан» тақырыбына кластер

5- «Шығыс» сөзіне фонетикалық талдау.

6-тапсырма. Тест













ІІ топ.

1-тапсырма Сөйлемдерді дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.

Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс







Ол шартты түрде бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді



Оңтүстік Қазақстан Ресеймен шектеседі



Тарбағатай тауы Шығыс Қазақстанда орналасқан



Орталық Қазақстанда жеміс-жидек өседі.



Солтүстік Қазақстан мұнайлы жер.



Батыс Қазақстан-Еуропамен шекаралас орналасқан






2-тапсырма. Үш тілде аударма жаса.

У каждого суверенного государства ( ) есть государственные символы. К ним относятся Флаг, Герб, Гимн ( ). Граждане Республики Казахстан живущие на территории Казахстана, должны уважать и почитать государственные символы ( ).

3-тапсырма. Синтаксистік талдау: Мен өз туған жерімді мақтаныш етемін.

4-тапсырма «Жетісу» мәтінін мазмұндау

5-тапсырма «Туған» сөз құрамына талдау.


6-тапсырма. Тест


ІІІ топ

1-тапсырма Сөйлемдерді дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.

Сөйлемдер

дұрыс

бұрыс







Ол шартты түрде бірнеше экономикалық аймақтарға бөлінеді



Оңтүстік Қазақстан Ресеймен шектеседі



Тарбағатай тауы Шығыс Қазақстанда орналасқан



Орталық Қазақстанда жеміс-жидек өседі.



Солтүстік Қазақстан мұнайлы жер.



Батыс Қазақстан-Еуропамен шекаралас орналасқан







2-тапсырма Үш тілде аударма жаса


Тәуелсіз Қазақстан

( ) айбары барша Қазақстандықтар айбынына айналған. ҚР астанасы-Астана қаласы. Қай елдің болса да, астанасының аты оны мемлекеттік рәмізі сияқты. Астана ХХІ ғасырдың қаласы. Астана жас қала ( ). Астана-бас қала.

3- тапсырма. «Аймақ»___сөзіне синонимдер жазу

4-тапсырма «Астана»Диалог құрастыру

5-тапсырма «Жерімді»морфологиялық талдау

6-тапсырма. Тест


Топтық жұмысты бағалау.



Сабақтың соңы :


Рефлексия. Балалар, бүгінгі алынған ақпарат бойынша сабақтан алған әсерлерімізді стикерге жазып тақтадағы парақшаларға жапсырамыз.



Үй тапсырмасы:

«Туған елге тағзым»

тақырыбында эссе жазу (ойтолғау).




Жеке таратпа қағаздар

































Модульдік технология төмендегідей мүмкіндік береді:

Оқушының іс – әрекеті атқару кезінде қызығушылығы арттырылады, бұл мақсат пен міндетті анық көрсетіп, оған жету жолының маңыздылығын көрсетеді.

Технология бойынша алға қойған мақсатым:

1. М М. Жанпейісованың жоғарыда аталған технологиясын оқып үйрену.

2. Тәжірибеме енгізу.

Енді сол технологияға тоқтала кетейін. Озық технологиялардың кейбіреулерін өз сабағыма пайдалану жағына келейін. Бұл технология бойынша қазіргі 11 - шы сыныпты 9 – ші сыныптан бастап эксперимент сынып ретінде алып келе жатырмын. Бұл сыныпта 3 – ші жыл осы технологиямен жұмыс істеймін. Сыныпта 14 оқушы. Сыныпта оқу озаттары көп көзге түсетін оқушыларым Журина Света, Аманатова София, Егель Алена,Ищак Катя. Ұлдардың оқу деңгейі әртүрлі.

Ашық сабақтың тақырыбы «Қазақстан жер аймақтарын аралаймыз». Бұл тақырыпты алу себебім күнтізбелік жоспармен сәйкес келеді, екіншіден аймақтық компонентті қамтиды. Сабақтың нәтижесінде балалар тілдерін дамытуға, монолог пен диалог құруға, сонымен қатар өз ойларын айта білуге, өз деңгейіне қарап дұрыс сұрақ құрап, соған жауап беруге үйренеді, өзінің және өзгенің білімін бағалауды, жеке, жұппен жне топпен жұмыс жасай білуге, өз туған жерін құрметтеуге трбиелейді, қоршаған ортаны қорғауға, экологиясы сақтауға шақырады, рефлексия жасап үйренеді.

Сабақ барысында «Диалогтік оқыту», «Сыни тұрғыдан ойлау», «Көшбасшы және басқару», «ИКТ». Сабақта қолданған әдіс –тәсілдерім сұрақ-жауап, әңгімелеу(сұхбат), мәтінмен жұмыс, топтастыру стратегиясы,Синквейн стратегиясы, Жиксо стратегиясы,Блум таксономиясы бойынша сұрақтарды жіктеу. Көрнекілік ретінде интерактивті тақта, ватман, фломастер, Қазақстан жер аймағын аралау бойынша видео фрагментті пайдаландым.

Сабақ барысында оқушылар өздері жұмыс жасайды, мұғалім тек қана нұсқаушылық қызметін атқарады.Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын ояту үшін Жобалау әдісінен бастадым.Блиц турнир арқылы оқушылар еліміз туралы басты сұрақтарға тез жауап берді.Гүл күлтешелері арқылы балалар үш топқа бөлініп отырды. Үш топқа тапсырмалар таратылды. Әр топтан өзіме көмекшілер сайлап алдым. Олар оқушылардың жауаптарын бағалап отырды. Бағалау парағында әр тапсырмаға баға қойылды. Соңынан өзім қорытынды бағасын қойдым. Сабақта 4 оқушы «5», 6 оқушы «4», 3 оқушы «3»деген баға алды.Сабақ соңында рефлексия сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып тақтаға жапсырады. Ашық сабақ

Сабақта әр балаға қабілетіне лайық деңгейлік тапсырмалар беріп, бірте – бірте күрделендіріп отырамын. Ал зерттеу әдісін әдебиет сабағында жиі пайдаланамын. Мысалы: әдебиеттен берілген шығарманы өту кезінде оның авторы жайлы қосымша мағлұматтар іздеп, тауып келуге тапсырмалар беремін. Оқушылардың өз талап тілектері бойынша әр топта бір немесе екі оқушы арнайы зерттеу дәптерін жүргізумен айналысады. Мұнда автордың өмірбаянымен қоса басқа да әңгімелері мен өлеңдері жайлы мәліметтер жинақталады. /1 кесте/

Мақсаттарын айқындап, оқушыларды бағыттап отырса, баланың өз бетінше жұмысқа қабілеті артады. Бұл жерде мен баланың сабаққа қызығушылығын арттырамын. Яғни, оқушының бойында өз елінің, өз туған жерінің ұлы адамдарының еңбектеріне деген сүйіспеншіліктері, олардың шығармаларын оқуға деген қызығушылықтары артады.

Сабақта тірек белгілерін пайдалану жаңа сабақты өту барысында жүзеге асырылып жүр. Қазақ тілінен, әдебиет пәнінен көрнекілік ретінде жаңаны түсінуге,оны еске сақтауға қайталауға тікелей әсер етеді. /2 кесте/

Мұнда тақырыптың негізгісін бөліп алып, оның арасындағы байланыстарын құрып көрсете алсақ, сабағымызда осы тірек сызбамен нашар деген оқушымыздың өзі сөйлеп тұрады. Оқушыларды топтарға бөліп,оқытуда мен сыныптың оқушыларын қабілетіне, мінез – құлқына, ынтасына қарай 4-5 оқушыдан үш топқа біріктірдім.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды. Жұмыстың орындалу барысы топ жетекшісінен сұралады немесе бақыланып отырылады.Топ бойынша жұмыс сабақта жақсы жетістіктерге жетуге болатынын көрсетеді.

Әр баланың бойында өз тобын алға шығаруға деген құштарлық талап, ынталану оларды бар ынтасымен оқуға итермелейді.

Топ бойынша жұмыста аузын ашпайтын бала болмайды. Топтағы әр оқушы ұйымшылдыққа, ұжымдық бірлікке, жолдастық қарым – қатынасқа, әрдайым дайын тұрады.

Оқушыға мұғалімнің сөзінен гөрі ортасының, топ мүшелерінің сыны көп әсер ететінін байқадым.

Топ бойынша оқыту арқылы сабақ сапасы , тиімділігі артады. Оқушыларды топқа бөле отырып, модульдік технологиямен жұмыс істеуге болатынын өз тәжірибемнен көріп жүрмін. Қабілетсіз оқушы жоқ, әр бала өзінше қабілетті. Қай технологияны пайдалансақ та, ең негізгісі оқушының білім сапасы екендігін естен шығармауымыз керек.

Осы технологиялар жайлы басылым беттерінде де, материалдар жеткілікті.Соңғы жылдары ауданымыздың көптеген мектептерінде семинарлар көп өткізілуде. Сол семинарлардың барлығында сабақ жүргізуші әр мұғалім түрлі технологияларды өз сыныбының мүмкіндігіне орайластыра пайдаланатындығын көреміз. Содан жақсы көрсеткіштерге жететіндігіне, білім сапасының жоғары деңгейде болатындығына куә боламыз. Осының барлығы бізді шығармашылық ізденіске, оқушымызды сапалы білімге жеткізуге деген құлшынысқа жетелейді.

Оқушының жас ерекшелігіне сай, дұрыс таңдалған оқыту технологиялары сапалы білімге, кепіл болады деп нық сеніммен айта аламын. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Менің өз әдісім – ізденіс, ізденіске жұмылдыру, проблемалық міндеттерді шешуге талаптандыру.

Шәкірттерді берілген тапсырмаларды қызыға, ынталандыра орындауға,

Кез – келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге үйрету.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Қазақ тілі өте әдемі, көркем тіл, сондықтан бұл тілді білмеу мүмкін емес» деген екен.

Сол себепті мен мемлекеттік тілді үйретуде бар күш – жігерімді пайдаланып, білімімді жетілдіріп, жаңа технологияларды қолданып қажымай еңбек етемін.

Бізге Алматы қаласы білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институты М. М. Жанпейісованың «Модульдік технологиямен оқыту» туралы әдістемелік нұсқауы бойынша әр сыныпқа арналған кітап шығарды.

Бұл оқу модулі үш құрылымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат – міндеттерімен таныстырады.

Сөйлесу бөлімінің танымдылық процесі сыныпта негізінен 2 – 6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған.

Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әр берілген оқу материалдарын сабақты үш күрделілік деңгейде тыңдау, жазу, көру, айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ МОДУЛЬДЕРІ

Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1 – ші сабақ

1. Модульдің құрылымымен таныстыру.

2. Тірек – сызбамен тақырыпты түсіндіру

3. Дәптермен жұмыс.

10 минут

20 минут

15 минут


2 – ші сабақ

1. «Бірін – бірі оқыту» ойыны (жұптық)

Қазақстан шекарасы.

2. Тірек – сызбамен жұмыс. «Зат есімнің жалғауларын қайталау».

30 минут


15 минут

Сөйлесу

3 – ші сабақ

1. «Эстафета» ойыны (топтық)

Қазақстан жері.

2. Жаттығулар орындау.

3. «Талдау» ойыны.

25 минут


20 минут


4 – ші сабақ

«Кім көп біледі?» ойыны.

Қазақстан картасы.

45 минут


5 – ші сабақ

1. Деңгейлік тапсырма.

2. Тірек – сызбамен жұмыс.

«Сан есімдерді қайталау».

3. Жаттығу орындау.

20 минут

10 минут


15 минут


6 –шы сабақ

Бекіту. «Алғырлар» сайыс сабағы.

45 минут


7 – ші сабақ

Бекіту. «Қазақстан Республикасы туралы не білдің?» (әңгіме, ізденіс, саяхат сабағы)

45 минут

Қорытынды

8 – ші сабақ

Диктант. «Қазақ елі – менің Отаным»

45 миунт

Оқушы нені білуі керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін, жер байлығын, шекарасын, экономикасын, көп ұлтты Қазақстанның халықтарын, қалаларын білу. Оқушы білімін, ой – өрісін ойындар арқылы тереңдету.

Оқушы нені меңгеруі керек: өтілген грамматикалық тақырыптарды сөз бен сөз тіркесі, мәтін, сөзжұмбақ, тест сұрақтар, ойын түрлері арқылы меңгеру.

1 – ші сабақ.

1. Модульдің құрылысымен таныстыру (бөлімдері, ойын түрлері, деңгейлік тапсырма, тест, жазба жұмыстары т.б.)

2. Тірек – сызбамен тақырыпты түсіндіру.


Shape1

Shape2

а)

Shape3

ә) Әр оқушының алдында «Қазақстан» мәтінін үлестіремін. Мәтіннің соңында сөздік бар. Сөздік жұмысы жүргізіліп болған соң оқушылар мәтінді дауыстап оқиды, аударады.

3. Дәптермен жұмыс.

Бұл жұмысты алдын – ала тақтаға жазып қоямын немесе әр оқушыға тапсырма ретінде беремін.

Сөйлемдер құрастырыңдар

I – нұсқа

Shape4 многонациональное суверенное государство

КShape5 Shape7 Shape6 азахстан простирается с запада на восток на 3000 км

с севера на юг на 1500 км

превратился в развитую страну


Shape8 вырасщивают овощи, фрукты, рис, хлопок

РShape9 Shape10 еспубиканың оңтүстігінде погода жаркая и сухая

редко идут дожди


II – нұсқа

Shape11 площадь более чем 2,7 млн.кв.м

ҚShape14 Shape13 Shape12 азақстанның земля населена первыми людьми 300 тыс.лет назад.

численность населения более 15 млн. людей.

новые города появились


Shape15 растут хлеб и овощи

РShape17 Shape16 еспубиканың солтүстігінде погода нежаркая

часто идут дожди

б) үйге тапсырма: мәтін бойынша 6 – 7 сұрақ дайындап, мәтіннің мазмұнын айтуға беремін.

Сөйлеу бөлімі.

2 – ші сабақ.

1. «Бірін – бірі оқыту» ойыны. Қазақстан шекарасы.

Ойынның мақсаты: Тақырыпты меңгеру.

Ойынның шарты:Жұптық жұмыс. Оқушыларды екі топқа бөлемін. Әр топқа тапсырма беремін Дайындалуға 3 – 4 минут уақыт беремін. Дайындық уақыты аяқталған соң I тур басталады. I топтың оқушылары "мұғалім" рөліне енеді. Мүғалімнің белгісінен кейін II тур басталады. II турда II топ оқушысы "мүғалім" түсіндірген I топ сабағын мұғалімге айтып береді. Оқушының жауабына сәйкес "оқушы" II топта, "мүғалім" де I нұсқада бағаланады. Осыдан кейін оқушылар рөлдерімен алмасып І-ІІ тур қайталанады. Яғни II топ - "мұғалім" I топ "оқушы". Оқушылардың білімі жетонмен бағаланады. (О - бес, - төрт, - үш).

Тапсырма: I топқа "мұғалімге" а) сөздік жұмысын жасатамын, сөздерді бірнеше рет қайталатып, сөздік дәптерге жаздырамын.

басталады – начинается, құрлық – суша, ойпат – низменность, астам - больше, более ә) сөз тіркестерін жасату (ауызша) шақырымнан астам ойпатынан басталады 12000 шақырымы құрлық

б) "оқушыға" мәтінді оқытып, дұрыс айтпаған сөздермен жұмыс жасап (қайталатып), аудартамын.

в) Берілген сұрақтарға жауап айтқызып, жауабын дәптерге жаздырамын.

Сұрақтар.

Қазақстанның батысы қайдан басталады?

Шығысы қай елмен шектеседі?

Солтүстігі неден басталады?

Республиканың барлық шекарасы неше шақырым?

5.Оның неше шақырымы құрлық, неше шақырымы теңіздер арқылы өтеді?

6.Ол қандай теңіздер?

Оқушының мәтіннен түсінгенін тыңдаймын II топ тапсырмасы.

а)Сөздерді сөздік дәптерге көшіртемін, "Жаңа сөздерді оқимын,
сөздерді дұрыс қайталаймыз.

ә) Сөздермен сөз тіркесін құрастырады.

б) Сұрақтарға жауап беріп, жауабын дәптерге жазады.
Кесте – сызбамен жұмыс.

Зат есімнің жалғауларын қайталау.

Мақсаты: зат есімнің жалғауларын қайталап, сөйлемдерде, ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану.

Шарты: а) Тақтадағы тірек-сызбалармен жұмыс жүргіземін.

ә) 4 оқушы тақтада, қалғандары дәптерлеріне жазады. Жалғауларды белгілейді.

Тапсырма:

а) 1-ші оқушы шекара сөзін септейді.

ә) 2-ші оқушы осы сөзді тәуелдейді.

б) 3-ші оқушы шекарашы сөзін жіктейді.

в) 4-ші оқушы шекара, жер, may, өсімдік, аң, қала сөздеріне көптік жалғауларын жалғайды.

Кілті:

А. с.

не?

шекара

I. с.

ненің?

шекараның

Б. с.

қайда?

шекараға

Т. с.

нені?

шекараны

Ж. с.

кайда?

шекарада

Ш. с.

қайдан?

шекарадан

К. с.

немен?

шекарамен











Менің шекарам

Сенің шекараң

Сіздің шекараңыз

Оның шекарасы


Мен шекарашымын

Сен шекарашысың

Біздің шекарамыз

Сендердің шекараларың

Сіздердің шекараларыңыз

Олардың шекарасы


Біз шекарашымыз

Сендер шекарашысыңдар

Сіз шекарашысыз

Ол шекарашы


Сіздер шекарашысыздар

Олар шекарашылар

1. "Эстафета" ойыны. Қазақстан жері.

Мақсаты: оқушылардың ой – өрісін дамыту, тақырыпты менгеру.

Шарты: оқушылар 3 топқа бөлініп отырады. Әр топ мүшесі мәтінді өз бетінше оқиды. Уақыт беріледі. Уақыт болған соң 3 топқа таза қағаз беріледі. Әр оқушы мәтіннен түсінгенін (екі – үш сөйлемнен) жазып, үндемей қасындағы оқушыға береді, ол оқушы келесі оқушыға береді. Қай топ тез, толық, әрі қатесіз орындаса, сол топ жеңіске жетеді. Әр топ ең жақсы жазған оқушыларын жеңімпаз атайды.

2. Жаттығулар орындау.

Мақсаты: Сөйлемдерді дұрыс кұрастыра білу (сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін ескеру);

синоним, антоним сөздерін есте сақтау. Тапсырма: а) 62 – жаттығу.

ә) синоним, антоним сөздермен жұмыс, осы сөздермен 6 сөйлем құрастыру. Кілті:

Қазақстанның жер көлемі 2 756 ООО шаршы км. Жерінің 50 пайызын шөлді аймақтар, ал 10 пайызын таулы жерлер алып жатыр. Республика жерінің ауа райы, өсімдік құрамы, жануарлары алуан түрлі болып келеді.

Синонимдер.

Көлемі, шөлді, алуан, байтақ, аумағы, құмды, сан түрлі, кең. Мысалы: Қазақстан жері әр түрлі, көлемді, кең байтақ. Жерінің өсімдіктері мен жануарлары сан түрлі.

Антонимдер.

Жер – аспан, шөл – көл, бар – жоқ, таулы – жазық. Мысалы: Бүгін аспан шайдай ашық. Марқакөл ауданы таулы жерде орналасқан. Ең тұщы көл – Марқакөл. Бұл өңірде шөл аймақтарын кездестіре алмайсың.

3."Талдау" ойыны.

Мақсаты: Сөйлем құрастыруда өз мүмкіндіктерін білуге, қателерін түзетуге дағдыландыру.

Шарты: әр топтан 2 – тапсырма бойынша үш оқушы жазған сөйлемдерін оқиды. Бір – бірінің қателерін түзетеді.

Үйге тапсырма: сұрақ-жауап (диалог) 56-бет, сөздік, синоним, антоним сөздерді жаттау.

4-ші сабақ

"Кім көп біледі?" ойыны. Қазақстан картасы.

Мақсаты: өлең ішіндегі сөз тіркестерін аудару, айтқызу, есте сақтау, сөздік қорларын, ой – өрісін дамыту.

Шарты: сынып екі топқа бөлініп отырады. Қазақстан картасын пайдаланып, оқушыларға Қазақстандағы әр облыс орталығын еске салып, өзен көлдері аталып, картадан көрсетемін. Өлең оқылып, сөз тіркестерінің көмегімен автор Қазақстанның әр қаласын қалай сипаттағаны түсіндіремін. Бірнеше оқушыға өлеңді оқытамын.

I кезең .Шарты:

а) Тақтада жазылған сөздіктерді көшіріп сөз тіркестерін құрайды. Әр сөз тіркесіне 5 ұпайдан қойылады.

ә) Өлеңнің мазмұнын жай сөйлемге айналдырып жазады. (4 сөйлем құрау). 2 топтан 4 оқушы тақтаға шығып, сөйлемдерін жазады. Әр сөйлемге 10 ұпайдан беріледі. Ұпай сандары тақтадағы кестеге қойылады.

Кілті: сөздік.

Абат (перс) - цветущий (гүлденген). Мысалы: гүлденген Қазақстан

Жаннат (араб) – рай, райский сад (жаннат табу)

Саға, аймақ – край (үлкен аймақ)

Қойма - клад лтын қоймасы).

Көне старинный, древний (көне заман).

I топ. Қазақстандағы мұнайлы аймақ - Атырау. Сыр сағасындағы күрішті жер - Қызылорда.

II топ. Өскемен - шығыстағы Алтай тауының етегіне орналасқан. Көкшетау жері – көгілдір көл аймағы.

II кезең .Сөзжұмбақты шешу.

Шарты: екі топқа сөзжұмбақ беріледі. Берілген уақыт ішінде шешулері керек. Уақыт біткен соң екі топ бір-бірінің жүмысын тексереді. Кілт бойынша тексеріп, қателерін анықтап, тақтадағы кестеге әр қатардың ұпай саны түсіріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан қойылады.

Тапсырма:

1. Өлке сөзіне синоним.

2. Қазақстан Республикасындағы қай қаланы Верный деп атаған?

3. Қай қаланы Әулие – Ата, Жамбыл деп атаған?

4. Ғарышкерлер Қазақстанның қай жерінен ғарышқа ұшады?

5. Жартылай тұщы көл?

6. Шығыс Қазақстан облысының орталығы болған қала?

7. Қай қаланы Гурьев деп атаған?

8. Таулы сөзіне антоним.

9. Оңтүстіктегі мақталы облыс.






Қ







А









3





А










Қ







С








Т








А










Н




Кілті:

  1. Аймақ

  2. Алматы

  3. Тараз

  4. Байқоңыр

  5. Балқаш

  6. Өскемен

  7. Атырау

  8. Жазық

  9. Шымкент

III кезең

Викториналық сұрақтар.

Шарты: екі топқа қағазға басылған викториналық сұрақтар беремін. Дайындыққа уақыт беріледі. Уақыт біткен соң мұғалім сұрақтарды алдымен I топқа, сонан соң II топқа қоямын. Әр сұрақтың жауабына 5 ұпайдан беріледі. III тур біткен соң қорытынды ұпай саны шығарылып, қай топ жеңгені жарияланып, оқушылар бағаланады. (I, II, III тур аралығында жауап айтқан балаға жетондар беріліп тұрады).

Тапсырма:

I топ II топ

Мына сөздерді қазақ, ағылшын тілдерінде айт (Полиглот)

Суша Территория

Квадратный километр Горные места

5-ші сабақ

Shape18
Д

Ұпай сандары белгіленетін кесте

топ

I кезең

II кезең

III кезең

I




П





еңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

Мақсаты: өтілген тақырыпқа байланысты тапсырмалар жеңілден ауырға қарай 3 деңгейге топтастырылып беріледі. Оқушы қалаған деңгейі бойынша жұмыстанып, өз мүмкіндігін білуге, бір – бірін бағалауға дағдыланады.

Шарты: 3 деңгейлік тапсырма жазылған қағаз бірнеше бетке көшіріліп, оқушыларға таратылады. III деңгейлік тапсырма (∆) оқулықта берілген материалды меңгерген, сол негіздегі тапсырмаларды орындай алатын оқушыға арналған. II деңгейлік тапсырма (□) алған түсінігін әрі дамыта алатын, анализ жасап, ойын жүйелі жеткізетін оқушыларға арналған I деңгейлік тапсырма оқулықтан тыс күрделі материалды пайдалана отырып, шығармашылықпен жұмыс жүргізетін, олимпиада тапсырмаларын орындайтын өте дарынды оқушыларға арналғандығы түсіндіріледі.

Деңгейлік тапсырма

III деңгей

Берілген тірек сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құра.

Егеменді, жер көлемі, жаңа қалалар.

Мына сұрақтарға жауап бер:

а) Қазақстан қандай мемлекет?

ә) Сен Қазақстанның қай жерінде тұрасың?

б) Қазақстан жері қандай пайдалы кендерге бай?

в) Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты қандай?
II деңгей

1. Берілген тірек сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құра. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда.

құрғақ, пайда болу, пайдалы кендер.

2. Мына сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.

Казахстан – большая страна. Казахстан богат полезными ископаемыми. Я живу на Севере Казахстана. Наша земля богата нефтью. В Казахстане мы отмечаем новый год дважды.

I деңгей

1. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып, сөйлем құрастыр.

Суверенное государство, численность населения, на севере страны, местные жители.

2. "Менің елім" тақырыбына шағын шығарма жаз.

2. Тірек – сызбамен жұмыс.

Шарты: тақтадағы "Сан есімдер" тірек – сызбасымен тақырыпты қайталау.

3. Жаттығулар орындау.

13, 14 - жаттығулар (Ш.Бектұров)

6-шы сабақ "Алғырлар" сайысы.

Сабақтың білімділік мақсаты: өтілген материалдарды тиянақтап, қайталау арқылы нәтижелеу.

Дамытушылық: үйренген сөздері мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, тілдерін дамыту, ауызекі сөйлеу мәдениетін калыптастыру, грамматикалық тақырыптарға шолу.

Тәрбиелік: оқушыларды халқын, өз туған жерін, елін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ (ойын сабағы).

Сабақтың өтілу әдісі: сұрақ – жауап, аудару, көрсету, шешу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, үлестірмелі қағаздар.

Пәнаралық байланыс: орыс, ағылшын тілдері, қазақ әдебиеті, тарих, география. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сабақтың мақсатымен, жүрісімен таныстыру.

Мұғалім: - бүгінгі "Алғырлар" сайыс сабағына екі топ қатысып отыр. ("А" және "Б") 2 адам әділқазылар алқасы.

Контролер – ассистент әр кезеңнен соң жауаптарының қорытындысын айтып отырады. Сабақтың соңында қай топ жеңгені жарияланады. Әр топтың қолдарында сигнал белгілері бар. Жауап дайын болса белгі береді.

I кезең

1. Қазақстан Республикасы өз егемендігін қай жылы жариялады?

(1991ж., 16-желтоқсан) 1 ұпай

2. Абай Құнанбаев нешінші жылы және қай облыста туған?

(1945ж., Семей) 1 ұпай

3. 18 – ғасырда үш жүздің басын қосқан хан?

(Абылай хан) 1 ұпай

4. Қаракерей руынан шыққан батыр?

(Қабанбай батыр) 1 ұпай

5. Қазақ халқының белгілі жазушысы "Абай жолы" роман – эпопеясының авторы кім?

(М.Әуезов) 1 ұпай

6. Қазақстан ғылым академиясының бірінші президенті, академик, ғалым, геолог?

(Қ.Сәтбаев) 1 ұпай

7. Қазақтың тұңғыш өнер зерттеушісі, тарихшы, ғалым?

(Ш.Уәлиханов) 1 ұпай

8. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай қалада тұр?

(Түркістан қаласында) 1 ұпай

9. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?

(Т.Әубәкіров) 1 ұпай

10. "Москва үшін шайқас", "Генерал Панфилов" кітаптарының авторы кім?

(Бауыржан Момышұлы) 1 ұпай

11. Қорқыт кім, нешінші ғасырда өмір сүрген?

(күйші, ақын, көріпкел, 8 – 9 ғасырда) 1 ұпай

12. Қазақтың музыкалық аспабын ата.

(домбыра, қобыз, жетіген) 1 ұпай

13.Ғарышкерлер Қазақстанның қай жерінен ғарышқа ұшады?

(Байқоңыр) 1 ұпай

14. Шәкен Айманов кім?

(әртіс, кинорежиссер) 1 ұпай

15. IX ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым, философ?

(Әл-Фараби) 1 ұпай

16. Қазақтың атақты билерін ата.

(Әйтеке, Қазыбек, Төле) 1 ұпай

II кезең "Полиглот" ойыны

Шарты:

а) Екі топқа үлестірмелі қағаздар таратылады. Сөздер мен сөз тіркестері орыс тілінде беріледі. Қазақ, ағылшын тілдеріне аударылады. (1-2 оқушы)

3 оқушы берілген сөздермен орыс тіліне 1 сөйлем құрастырып, қазақ және ағылшын тілдеріне аударады.

Үлестірмелі қағаздар

"А" тобы

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ және ағылшын тілдеріне аударып айтып бер.

1 оқушы (2 ұпай)

территория –

озеро –

растение –

2 оқушы (2 ұпай)

горные места –

виды растений –

большое озеро –

3 – оқушы (2 ұпай)

Осы сөздермен 1 сөйлем құрастырып, орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде айт.

"Б" тобы

Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ және ағылшын тілдеріне аударып айтып бер.

1 оқушы (2 ұпай)

суша –

низменность –

запад –

2 оқушы (2 ұпай)

к западу –

квадратный метр –

юг-

3 – оқушы (2 ұпай)

Осы сөздермен 1 сөйлем құрастырып, орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде айт. "Төртінші артық" ойыны

I топ.

Мұхит Астана өлке

Теңіз Марқакөл мақта

Өзен Балқаш саға

Жер Каспий алқап 3 ұпай

II топ.

Орман әдемі астық

Тоғай сұлу аудан

Жануар көркем облыс

Бакша түзу республика 3 ұпай

IV кезең

Үйге берілген тапсырманы тыңдау.

а) Екі топ бір – біріне 6 сұрақтан қойып жауап береді.

ә) Әр топтан мәтін мазмұнын 1 оқушы айтады. ("Қазақстан шекарасы", "Қазакстан жері")

б) Отан, туған ел, тіл тақырыбына мақал – мәтелдер айту.
Әр мақал – мәтелге 2 ұпайдан беріледі.

III кезең.

Әр топқа 6 үлестірмелі қағаздан түрлі – түсті қағаз таратылады. Оқушы жасырын жатқан қағазды өзі таңдап алады. Толық жауапқа – 5 ұпай, жартылай болса – 3 ұпай, нашар жауапқа 1 – 2 ұпай , жауап алынбаса 0 ұпай қойылады.

II кезең тапсырманың жауабы

«А» тобы

1 – оқушы

Территория

Territory, area

Аймақ

Озеро

Lare

Көл

Растение

Plant

Өсімдік


Горные места

Mountainous places

Таулы жерлер

Виды растений

Rinds of plants

Өсімдік түрлері

Большое озеро

Big lare

Үлкен көл

II – топ (3 ұпай)

1 – оқушы

Суша

Earth

Құрлық

Низменность

Lohland

Ойпат

Запад

Hest

Батыc

2-оқушы

К западу

То the hest

Батысқа қарай

Квадратный километр

Sguare rilometre

Шаршы километр

Юг

South

Оңтүстік

1

Мына сөздердің антонимін тап. (Подбери антоним к словам) жер, шөл, бар, таулы.

Сөйлем құрастыр. Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талда.

2

Мына сөзді септе: шекара

Осы сөзбен 1 сөйлем құрастыр. Сөйлем мүшелеріне талда.

3

Сөйлемдерді қазақшаға аудар. (переведи предложения на казахский язык)

Где расположена ледовая арена Медео?

Медео проводятся конькобежные состязания.

«Басталады» сөзін сөз құрамына талда.

4

Мына сөздерге синонимсөздер айт:

көлемді, көлді, алуан түрлі.

Бір сөйлем құрастыру. Сөйлемдегі сөздерді сөз таптарына талда.

Мына сөзді тәуелде: қала.

"Б"тобына

1

Осы сөзбен 1 сөйлем құрастыр. Сөйлеміңді сөйлем мүшелеріне талда.

Сан есімдерді сөзбен айтып, түрін ажырат.

а) 2/3 ә) 2002 жыл

б) 599 в) үшеу

Сан есімдермен 1 сөйлем құрастыр.

«Ойпат» сөзіне фонетикалык талдау жаса.

2

Мына сөздердің антонимін тап. (подбери антоним к словам) оңтүстік, шығыс, ойпат, басталады.

Бір сөйлем құрастыр.

Сөз таптарына талда.

3

Мына сөзді септе: астана

Осы сөзбен 1 сөйлем құрастыр.

Сөйлеміңді сөйлем мүшелеріне талда.

4

Сөйлемдерді қазақшаға аудар. (переведи предложения на казахский язык)

а) Туркестан какой город?

б) Город Туркестан – священное место.
2. Өсімдіктер сөзін сөз
құрамына талда.

5

I. Мына сөздерге синоним сөздер айт: (найди синоним) Орман, аймақ, мол, шұрайлы

Бір сөйлем құрастыр.

Сөз таптарына талда.

I кезең

Барлығы

II кезең

Барлығы

III кезең

Барлығы



а

ә


a

ә

б


I топ









II топ
















IV кезең

Барлық ұпай саны

Қорытынды ұпайы


Зк



I топ









II топ









Белгілеу шарты: егер оқушы толық жауап берсе, әр тапсырмадан кейін белгіленген ұпай санын қою керек. Ал егер жартылай жауап берсе, берілген ұпай санының жартысын қою керек. Егер жауап айтпаса 0 ұпай деп белгілеу керек.

7 – ші сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасы туралы не білдің?' (әңгіме, ізденіс, саяхат сабағы)

Мақсаты: Өткен сабақтағы материалды тиянақтап, оқушыларды баспасөз, теледидар материалдарынан ізденуге баулу, монологтік сөйлеу қабілетін дамыту.

Шарты: сынып үш топқа бөлінеді. Өткен сабақтағы берілген тапсырма бойынша үш топ өз тақырыптарын әңгімелейді. I топ "Қазақстан рәміздері туралы", II топ "Қазақстан тәуелсіздігі", III топ "Қазақстанның жер байлығы туралы" мазмұндайды. Әр тақырыпты топ басшылары абзац бойынша топ мүшелеріне бөліп береді.

Мысалы, I топ 1 – оқушы Қазақстан туы;

2 – оқушы: Қазақстан елтаңбасы

3 – оқушы: Қазақстан әнұраны, авторлары

4 – окушы: Қазақстан рәміздері туралы толық мәлімдейді.

II топ

1 – оқушы: Қазақстан — тәуелсіз ел.

2 – оқушы: Қазакстан – демократиялық, құқықтык мемлекет.

3 – оқушы: Қазақстан халқы, елшілігі.

4-оқушы: Тақырып бойынша толық мазмұндайды.

III топ

1 – оқушы: Қазакстан жері, кен орындары.

2-оқушы: Қазақстан ауыл шаруашылығы.

3-оқушы: Қазақстан өнеркәсібі.

4-окушы: Тақырып бойынша толық мазмұндайды.

Қорытындылау, оқушыларды бағалау.

8 – ші сабақ: Диктант «Қазақ елі — менің Отаным»

Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы.

Қазақ халқының атамекені – көне замандардан қалыптасқан жер көлемінің батыс жағы Каспийге, шығысы мен терістігі – Сібірге және Алтай тауларына, күнгейі Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан республикаларымен шектеседі. Көлемі бес Францияға, он екі Белгияға пара – пар елдің жерінде алуан түрлі өсімдіктер, жан-жануарлар бар. Менделеев ашқан химиялық элементтер кестесінде көрсетілгендердің бәрі қазақ даласынан табылады.

1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

Дербес, тәуелсіз ел болу деген қандай бақыт! Елдің өз құқы өз қолында. Дүние жүзінің жүзден астам елі Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп таныды. Қырықтан астам елмен жан – жақты қарым – қатынас жасап отыр. Бірнеше мемлекетте Қазақстан Республикасының елшілігі бар. Қазақстан көптеген дүниежүзілік, халықаралық ұйымдарға мүше болды.

Қазақстан нарықтық экономикаға біртіндеп көшіп келеді. Жекешелендіру, кәсіпкерлік, сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту жолында шешуші қадамдар жасала бастады.

Осы модульде мұғалім қандай жұмыстар атқарады?

1.Оқу модулінде сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне қатысты әрбір оқушының «қабылдауына»,түсінуіне ерекше көңіл бөледі.

2. Сөздікті оқушыларға меңгертеді.

3.Сөздік арқылы сөйлем құрата біледі.

4.Деңгей бойынша оқушылардың қабілетіне сай тапсырма береді.

5.Осы тақырып бойынша өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулып, сауатты жазуға дағдыландырады.

6.Оқушылардың бір – бірімен диалог құру арқылы сұхбаттасуына көмектеседі.

Оқушы осы модуль арқылы нені меңгеруі қажет, қалай жұмыс жасауы керек?

1.Сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс пайдалану.

2.Сызба арқылы сөйлем құрып, сөйлем арқылы әңгімелеу.

3.Сұрақтарға жауар қайтару.

4.Орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

Қорытынды.

Оқыту кезінде модульдік технологияны пайдаланудың ерекшелегі:

1.Тұлғаның танымдылық қабілеттерін және танымдық процестерін: жадының алуан түрлерін (есту, көру, ойлау, т,б) қабылдау қабілетін дамытуға ,өзін – өзі бекітуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, іздене білуге бағытталады.

2.Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

3.Әр оқушының қабілетіне байланысты жұмыс жасалады.

4.Оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді.

5.Мемлекеттік стандартқа сай білім алады.

6. Оқушылар өздерінің білімін өздері бағалайды.


Тәжірибемен жұмыстың мерзімі: 3 жылдын бері Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқытудың модульдік технологиясын тиімді пайдаланып, жоғарғы көрсеткішке жетуге бағытталған жұмыс жүргізу.

Тәжірибе алаңы. Сабақ

Қорытынды


Модульдік технологияны тиімді түрде қолдану оқушылардың білім деңгейінің сатысын көтереді, түрлі интеллектуалды сайыстарда, турнирларда білім көрсеткішін жоғарылатады. Модульдік технологияда оқыту нәтижесінде сабақтарда оқушылар өз бетімен сабақ мақсатына шыға алады, танымдық әрекетке белсене араласады.

Интерактивтік модульдік оқыту технологиясы сабақтың әр кезеңіндегі оқушылардың өз бетімен жасаған іс – әрекетін қолдану тәжірибесін талдауға мүмкіндік береді. Сондай – ақ өздік жұмыс кезіндегі оқушы мен ұстаздың іс – әрекетінің қолдану тәжірибесін талдауға мүмкіндік береді. Сондай – ақ өздік жұмыс кезіндегі оқушы мен ұстаздың іс – әрекетінің алгоритімін құруға мүміндік береді немесе сабақтың әр кезеңінде өз бетінші жұмыс жасауды ұйымдастыру технологиясын істеуге жағдай жасайды. Сонымен қатар өздік жұмыс жасау кезіндегі кездесетін мәселелерді шешуге, ұсыныстарды құруға, тақырыптарды дамытуға мүмкіндік береді.

Модульдік технология төмендегідей мүмкіндік береді:

Оқушының іс – әрекеті атқару кезінде қызығушылығы арттырылады, бұл мақсат пен міндетті анық көрсетіп, оған жету жолының маңыздылығын көрсетеді.

Қорыта келгенде, М. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі өте зор. ИМОТ технологиясы оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс – әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.





















Қосымша № 1

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан картасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: туған елдің тарихымен, оның қазіргі ірі қалаларымен таныстыру.

Дамытушылық: сөздік қорларын байыту. Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушыларды Отансүйгіштікке баулу. Туған жер табиғатын аялап қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кеспелер, сөзжұмбақтар, кітап көрмесі, альбомдар, ақын – жазушыларының портреттері.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Жаңа сөздер: өлкетану, шөл, тағдыр, жеделдету, жарылыс, зардап шегу, тозаң, тың игеру, тату – тәтті, мәдени байланыстар.

Пәнаралық байланыс: география, тарих, әдебиет.

Қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әңгімелеу, кітаппен жұмыс, дәріс.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Мұғалімнің сөзі.

  • Бүгін кім жоқ?

  • Бүгін ақпанның нешесі?

  • Аптаның қай күні?

  • Қазір қай мезгіл, нешінші ай?

Жаңа сабақ.

Сөздік:

өлкетану – краеведический

шөл – пустыня

тағдыр – судьба

жеделдету – ускорить

жарылыс – взрыв

зардап шегу – страдать

тозаң – пыль

тың игеру – освоение целины

тату – тәтті – дружно

мәдени байланыстар – культурные связи


Тақтаға ілінген кестедегі жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құраймыз. Мысалы: Менің отбасым тату. Тың игеруге 59 жыл. т.б.

  • Біз қай Республикада тұрамыз?

  • Сендер Қазақстанның қандай ірі қалаларын білесіңдер?

  • Балалар, біз бүгін Қазақстан Республикасының картасы бойынша

саяхат жасаймыз, сөйтіп, өздерің айтып өткендей, Қазақстанның ірі қалаларымен танысамыз. Алғашқы астана Орынбордан Қызылордаға көшірілді. Қазір сол Қызылорда қаласы туралы баяндап өтейік:

АСТАНА

Shape20 Shape19

ҚЫЗЫЛОРДА

XIX 1924 – 1926 ж ж Күріш

АShape22 Shape21 ҚМЕШІТ комбинаты

Shape23 Балық


Shape24


1906 жылдан Драма театры

ПЕРОВСК Өлкетану мұражайы

Енді Қызылорда облысындағы ірі қаланың бірі – Арал қаласы. Арал тағдыры – ел тағдары.

  • Балалар, қазір Арал қаласына саяхат жасайық:



1962 ж салыстырғанда 54 м ³ егістікке 54 м ³ Әму мен Сырдан

40 % су қалды 54 м ³ ауыз суға 108 м ³ су ағады

Shape26 Shape25

5 млн.м ³ - құм, тозаң Сонда 15 – 20 Тозаң Тянь – Шань,

(нитрат, гербицид, жылда шөл Памирге жетіп, оның еруін

пестицид) аспанға болуы мүмкін жеделдетеді.

ұшады.

Егер Аралға әлемдік деңгейде көмек болмаса, теңіз 15 – 20 жылда шөлге айналады. Бұл мәселені дүниежүзілік аренаға көтеруде Мұхтар Шахановтың еңбегі зор. Алып теңіз шөл болудың аз – ақ алдында тұр.


Жайық бойында

Shape27

ИShape28

ОРАЛ

. А. Крылов Е. М. Артамонов велосипедті,

АShape30 Shape29 . С. Пушкин Попов радионы

ТShape31 . Г. Шевченко И. Ползунов Бу машинасын

ойлап тапқан.

Пугачевтың тарихы

Капитан қызы


Қостанай қаласына саяхат жасап көрейік:

Shape32

ҚОСТАНАЙ


1Shape33 Shape34 879 ж А. Байтұрсынов

Мәдениет Ы. Алтынсарин

орталығы Астықты алқап

Дүниежүзіндегі үлкен 5 полигон бар. Соның бір қазақ жеріндегі Семей полигоны.

1963 – 1989 жж О. Сүлейменов 1949 – 1960 жж

343 жер астында Семей – Невада 124 жер үстінде

Shape35 Shape36 Shape37 Shape38 Shape39

Семей



1Shape40 945 ж. Shape41 Невада, Лоб – Нор, Семей,

ХShape43 Shape42 иросима, Нагасаки Муруруада, Жаңа жер


1989 ж 19 қазанда 1953 ж 500 клт 7 шатыр

Семей полигонын жабудағы Олжас Сүлейменовтың еңбегі зор. Оның тамаша ақындығымен қатар үлкен қоғамдық қызметін жақсы білеміз. Ол құрған СЕМЕЙ – НЕВАДА қозғалысы, ядролық соғысты болдырмау, оның зардаптарын жою жолындағы еңбектері көп. Семей табиғаты 40 жылдан бері полигонның әсерінен азып, адам айтқысыз өзгеріске ұшырады. Есіктері жабулы қалған жанұяларда бар.

Қазір біз оңтүстік астана – Алматы қаласына саяхат жасап көрейік:


Shape44 Оңтүстік астана

Shape45 Shape46

АЛМАТЫ

1Shape47 854 ж Shape48 Медеу

ВShape49 ерный бекінісі Спорт, Республика

1Shape51 Shape50 921 оқушылар



1929 – 1998

- Қазақстандағы қазіргі басты қала қай қала?

- Астана.

Қазақстанның басты қаласы Астана туралы айтып көрелік.

XIX ғ. қаласы

СShape56 Shape58 Shape57 Shape54 Shape55 Shape53 Shape52

АСТАНА

арыарқада орналасқан Тың өлкесінің орталығы


1Shape59 998ж 6 мамыр 1997 ж 10 желтоқсаннан

Shape60

1Shape61 832ж негізі 1992 ж.тарихи аты Ақмола

салынған.

1961 ж. Целиноград

«Қазақстан» сөзінің әріптерінен – бірнеше сөз құра. (қаз, ақ, тан, сан, қас, сақ, зат, қан, нақ, тақ т.б. сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазып, оқиды.)

Кітаппен, тақтамен жұмыс: Мәтінді бірнеше оқушы оқып шыққан соң «Күн шұғыласы» ойынынмен жалғастырады. Тақтаға шыққан оқушылар тақтаға, қалғандары дәптерлеріне Күн шұғыласына Қазақстандағы өздері білетін қалалардың атын жазып отырады.

Қарағанды

Shape65 Shape66 Shape64 Shape63 Shape62

ҚАЗАҚСТАН


ТShape68 Shape67 араз Өскемен


Shape69 Shape70


Шымкент

  • Сұрақ қоя отырып бұл қалалардан не шығатынын білеміз. Қарағандыда

көмір, Шымкентте ақ мата, т.б.


Сабақты бекіту: оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында сөзжұмбақ шешу.

Бастайтыным сан неше?

Қостайтыным бір мүшең.

Енді келер жалғасы,

Асқа әр кез саласың.

Бәрін қоссаң табасың,

Қазақстан қаласын. (Екібастұз)

Мәтінді қорытындылау үшін мына сандарды карточкамен беремін.

1998

1992

2004

1854

150

50

1989

1949

Бірнеше оқушы тақтаға сандардың мәнін жазып шығарады.

2004 – Ресейдің Қазақстандағы жылы.

  • Біз қай Республикада тұрамыз?

  • Қазақстан Республикасында тұрамыз.

  • Қазақстан қандай өлке?

  • Қазақстан – көп ұлтты, бай өлке.

  • Қазақстандағы көп ұлтты ұстап тұрған не?

  • ДОСТЫҚ.

2Shape74 Shape71 Shape73 Shape72

ҚАЗАҚСТАН

004 1991


Shape75

  1. 50


Мұғалімнің қорытынды сөзі: Қазақтың кең байтақ жері не көрмеді?! Арал тағдыры, Семей тағдыры – халық тағдыры. Балыққа су, құсқа ауа, аңға орман –тоғай қандай қажет болса адам балсы үшін Отан деген ұғым сондай қажет. Ал табиғатты сүю – Отаныңа қамқор болу деген сөз. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Біз мұнда 130 – дан аса ұлт өкілдері бейбітшілікпен, достықпен өмір кешіп жатырмыз.



Қосымша № 2

САН ЕСІМ МЕН МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМ

Сабақтын мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдету, жаңа мәтінді меңгеру, жаңа сөздерді дұрыс қолдана білу;

  2. Дамытушылық: оқушы өз бойындағы бар білімін пайдалана білу, өз білімін жетілдіру, алған білімін қорытындылай білу;

  3. Тәрбиелік: оқушыны өзін өзі бағалай білуді, өзіне өзі сенуді, басқалардың көзқарасын тыңдап, сыйлауды тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, әнгімелеу, түсіндіру, іздену, салыстыру.

Іс – әрекет түрлері: жеке, дара, топтық, ұжымдық жұмыс.

Көрнекіліктер: плакат «Кластер» (таблица – мағыналық блок), кесте – «Сан есім», суреттер, портреттер, слайдтар жинағы.

Техникалық құрал: интерактивті тақта).

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Сәлемдесу, түгелдеу;

2) балалар, сендер бүгін қандай әдемісіндер! Бір – біріне қараңдаршы. Қандай әдемісіндер! Ал, енді, бір бірімізге күлімдей, мейірімді көзбен қарайық. Қазақта «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді. сондықтан, бір -–бірімізге жақсы тілек айтайық. Мен де сендерге бүгінгі сабақта көп табысқа жетуді,әрқашан осындай көнілді болуларында тілеймін(«Тіркес» ойынының элементтерін пайдалану)

ІІ. Үй жұмысын тексеру(6 сабақ, І модуль, 4 тапсырма бойынша):

Бірінші топ – «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет» тақырыбы;

Екінші топ – «Тәуелсіздігіміздің қасиетті белгілері» тақырыбы;

Үшінші топ – «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» тақырыбы.

Берілген жауаптарға сұқбат құру(әр топтан бір тілші сұрақ – жауап әдісі бойынша басқа топтан сұқбат алады)

ІІІ. Қазақстан 1991 – ші жылы қазан айының 25 – і күні өз тәуелсіздігін алды. Құттықтау.

ІV. Желтоқсан айының 16 – сы – Тәуелсіздік күні.

Қыркүйек айының 22 – сі күні алғашқы Тіл туралы Заң қабылданды.

V. Жаңа сабақ.

1 – ші саты: шақыру /кластер арқылы/.


Кластер – мағыналық блок


Білім диагностикасы

Не талқыланады?

Бірінші саты

Аралық саты

Қорытынды саты

1.Қандай мағынаны білдіреді?




2.Сұрақтары




3.Түрлері




4.Сөйлемеде қандай мүше бола алады?





Белгілері: Б – білемін, БК – білгем келеді, ББ – басқадан білдім.

1 – ші жеке дара толтырылады; 2- ші жұпта толтырылады; 3 – ші ұжымда толтырылады.

2 – ші саты: Орындау /инсерт әдісі арқылы/ - аралық саты толтырылады, оқушылар кітаптарін ашып, жаңа тақырыпты оқу барысында аралық саты толтырылады /жаңа тақырыппен жұмыс бірінші жеке дара орындалады, содан кейін топта талқыланады/. Аралық саты белгілері:

Б – білгенмін;

+ жаңа;

  • Басқаша ойлағам.

VI. Жаңа тақырыпты пысықтау:

  1. Компьютер және слайдтар арқылы Қазақстан Республикасы туралы материал көрсетіледі, оқылады. Көрсетілген және оқылған материал бойынша сұрақ – жауап.

  2. Мәтін: «Қазақстан Республикасы» (оқушы өзі оқып, түсініп, мәтіннен кейінгі тапсырмаларды орындайды):

а) 1 – 5 – ші сұрақтарға ауызша жауап беру;

ә) сан есімдерді теріп жазу, құрамына қарай ажырату;

б) сұрақ – жауап арқылы мәтінді қайталау.

3. Сан есімдер кездесетін мақал – мәтелдерді еске түсіру.

4. Экранға назар аудару. Экрандағы сөйлемдерден сан есімдерді теріп жазу, түрлеріне қарай бөлу;

5. Қорытындылау сатысын толтыру;

6. оқушының шығармашылық жұмысы(синквейн әдісі арқылы) - рефлексия:

1. Сан есім

2.Дара, күрделі;

3. Анықтайды, санайды, есептейді;

4. онсыз біздің қарым – қатынас мүмкін емес;

5. Сан(есеп)

VII. Қорытындылау:

  1. Шағын эссе жазу.

Тақырыбы: «Сан есімнің біздің өміріміздегі маңызды»;

  1. 2 – 3 оқушы өз жұмысын оқиды.

  2. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру(деңгейлік тапсырмалар)

  1. 26 – бет, өзім туралы; Кітапханадан қосымша материал табу.

  2. 27 – бет, мәтін бойынша 5 – ші тапсырма(сұқбат);

  3. Есіңе сақта! (оқу, түсіну, мысал келтіру);

Қосымша № 3

Қазақстан жер аймағын аралаймыз.

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: оқушылардың өз тұрған жерінің экономикалық аймақтарын жетік білу. Экономикасы мен кең байтақ жерінің байлығы, жетістігі, көркемдігі туралы дамытушылық білімдерін жетілдіру.

ІІ. Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін, тілін, ой - өрісін ойлау қабілетін дамыту.

ІІІ. Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін сүйетін, халқының адал азаматы болуға тәрбиелеу. Ұлттық өнеге – мақал – мәтелдер арқылы адамгершілікке, сүйіспеншілікке баулу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту әдісі.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, аударма.

Пәнаралық байланыс: тарих, география.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері атты қаттама. Сөздік жазылған плакат, тақырыптық схемалар, кестелер. Қазақстанның географиялық картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Әнұранды орындау

ә) Сәлемдесу.

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сұрақтар: - Бүгін қай күн?

  • Қазір қай ай?

  • Желтоқсан қай жыл мезгілінің айы?

  • Қыста күн қандай?

  • Қыста қандай мерекелерді тойлаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Өткендерді қайталау.

а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.

ә) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы.

б) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы.

в) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны.

2. Біздің Қазақстан(өлең)

3. Туған жер, Отан, Тіл туралы мақалдар айту.

4. Тақырыптық схемалар арқылы өткен сабақтар бойынша мәтіндерді еске түсіріп, қысқаша баяндау.

а) Тілден артық қазына жоқ.

Түркі Өмір талабы

Shape76 Shape77

Shape78

ТІЛ

Shape79 Shape80

5000

Мемлекеттік тіл Полиглот

ә) Тіл – ұлттың игілігі.

5Shape83 Shape82 Shape81 000 13

Тіл – ұлттың

Shape85 Shape84 игілігі

2 46

б) Ұлттық валюта – теңге.


1Shape86 6


Shape87 ҚР заңды Ұлттық валюта

Shape89 Shape88 Төлем құралы ТЕҢГЕ Халық байлығы

Shape90


1993 жыл 15 – қараша

в) Ел ордасы – Астана

Ғимараттар Бас қала

Shape91 Shape92 Shape93 салынуда

АСТАНА

Shape94 Shape95


Қысы суық Солтүстік

Жазы ыстық

Қазақстан

г) Байқоңыр – ғарыш алаңы.

1Shape96 Shape97 секунд Жаңбыр

Shape98 316 метр Байқоңыр

Shape99 Shape100

Энергия Экватор

ғ) Су – тіршілік көзі.

БShape101 алқаш

БShape102 ҰҰ

Shape104 Shape103 2025 ж СУ 2,5٪

2Shape105 /3 1,7٪


1 текше метр

5 цент

5. Венн диаграммасы «Астана –Шымкент»

6. Кесте.

Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылытын сызықшаны дұрыс орналастыр.

Қазақстан – ядросыз мемлекет.

Жаксы ісімен жақсы.

7. Сөйлем мүшелерін шартты белгілеп көрсет.

ОShape107 Shape106 л оқып жүр -

ӘShape108 Shape109 лі ұстазын сыйлайды - < -

8. Тест.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазақстан – Еуразия құрлығындағы ең үлкен мемлекеттердің бірі. Еліміздің жер көлемі ұлан – байтақ.

Қазақстанның кең даласын, биік тауларын, ормандары мен көлдерін көрген адам оны еш уақытта ұмыта алмайды. Біз жер шарының осындай сұлу, бай өлкесінде тұрамыз. Ол – Біздің Отанымыз.

Схема бойынша түсіндіру

Shape111 Shape110 Shape112 Оңтүстік Батыс

ҚАЗАҚСТАН

Shape115 Shape114 Shape113 Шығыс Солтүстік


Орталық


Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жері. Каспий теңізі, Жайық өзені, Маңғыстау шығанағы осы аймақта. Мұнай өндірісі бар.

Солтүстік Қазақстан – астығы мол өлке. Бұл жерде темір, асбест, кен орындары, Екібастұз жылу энергиясын өндіретін өндіріс орындары бар. Көкшетау, Баянауыл сияқты сұлу жерлер де осында.

Орталық Қазақстан – Сарыарқа деп аталатын аймақ. Сарыарқа – Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы. Бұл өңірде мұнай мен көмір де бар.

Шығыс Қазақстан – Семей және Шығыс Қазақстан өңірін қамтиды. Ол түсті металл және электр өңдірумен әйгілі.

Оңтүстік Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстары жатады. Бұл өлке мақтаға, көкөніске, жеміс – жидекке бай.

ІІІ. Сөздікпен жұмыс.

  1. Тақырып бойынша сөздердің мағынасын түсіндіру.

  2. Дұрыс айтуға машықтандыру.

  • Мұғалім мәнерлеп оқиды, оқушылар қайталайды.

  • Оқушылар тізбектеп оқиды.

ІV. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

V. Сабақты қорытындылау.

Мәтін бойынша сызбаны толтыру. Республикамыздың экономикалық аймақтары бойынша сипаттама беру.

Жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым

Shape117 Shape116 Shape120 Shape119 Shape118 .... ....

Қазақстан –

Shape122 Shape121 Shape124 Shape123 Тәуелсіз мемлекет

Shape125 .... ....


Shape126 ....

VІ. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс.

Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ деңгей

  1. Мәтіннің ең басты тақырыбын анықта.

  2. 3 – жаттығу. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықта.

  3. Берілген сөздердің аудармасын дұрыс тауып жаз.

Орын тепкен известный

Мыс цветные металлы

Шығанақ медь

Түсті металл расположен

Әйгілі звенящие родники

Сыңғырлаған бұлақтар залив

ІІ деңгей

  1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аудар.

  2. Оңтүстік облыстарға қай облыстар жатады?

  3. 2 – жаттығу. Көшіріп жаз. Берілген синонимдік қатардан артық сөзді тауып, астын сыз.

І деңгей.

  1. Мәтіннің мазмұнын айт.

  2. Мәтін бойынша сұрақ дайында.

  3. 1 – жаттығу. Берілген сөздіктерін мәндес сөздермен жаз.

Үлгі эталоны

ІІІ деңгей

  1. Қазақстан

  2. 3 – жаттығу.

1 – дұрыс 5 – дұрыс

2 – дұрыс 6– дұрыс

3– дұрыс 7– дұрыс

4– дұрыс

3. Орын тепкен - расположен

Мыс медь

Шығанақ залив

Түсті металл цветные металлы

Әйгілі известный

Сыңғырлаған бұлақтар звенящие родники

ІІ деңгей

  1. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы.

  2. 2 – жаттығу

  • тоқайласқан

  • тоқталмас

  • Талапты

І деңгей

  1. Қазақстан мемлекетінің жері қандай?

  2. Қазақстан қандай экономикалық аймақтарға болінеді?

  3. Батыс Қазақстан қай жерде орналасқан?

  4. Оңтүстік Қазақстан неге бай?

  5. Солтүстік Қазақстан қандай өлке?

  1. 1 – жаттығу.

Жері кең – жері байтақ, орын тепкен – орналасқан, кең танылуда – танымал болуда, сұлу жерлер – әдемі жерлер, сарқылмас қоры – таусылмасқоры, әйгілі – атақты, әсем – көркем, таулы аймақтар – таулы өлкелер.

Бағалау.

Үй тапсырмасы: «Отан, туған жер туралы мақалдардан кітапша жасау».






















Қосымша № 4

Тәрбие сағатының тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қазақ елінің бірнеше ғасырға созылған тәуелсіздік жолындағы күрестерінің қысқаша тарихымен, мемелекеттік рәміздердің мазмұнымен таныстыру. Қазақстан Республикасы туралы алған білімдерін байқау. Жинақталған білімдерін пайдалана отырып, сөздік қорларын толықтыру, ауызекі тілде еркін жеткізуін қалыптастыру.

Дамытушылық: Мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мәнерлеп айту, сөйлеу мәдениетін, тілдерін, ой - өрістерін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақстан елінің жері, рәміздері, тіл саясатын, тәуелсіздік жолындағы белестерге тоқталып, оқушылардың туған елге деген сүйіспеншілігін тудыру.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география, тарих, биология, ән сабағы.

Тәрбие сағатының көрнекілігі: плакат: «Менің елім - Қазақстан», мемлекеттік рәміздер, карточкалар, кестелер, слайдтар.

Тәрбие сағатының эпиграфы:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанғам,

Бұл далады көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Тәрбие сағатының барысы: оқушыларды тәрбие сағатының эпиграфымен ойын бөлімдері және ойыншыларымен таныстыру.

  • Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай республика?

  • Қазақстан.

  • Қазақстан қандай мемлекет?

  • Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет.

  • Дұрыс айтасыңдар, Қазақстан жерінде көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді, олардың өздерінің ана тілдерін, мәдениетін дамытуға толық мүмкіндіктері бар.Сонымен қатар мемлекеттік тілді де меңгеруге міндетті.

Өздерің айтқандай Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіздігімізді алғанымызға биыл 21 жыл толып отыр.

  • Бүгінгі интеллектуалды түрде өтетін тәрбие сағатымыз тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналады.

Әнұран орындалады.

Қамтылатын бөлімдер:

I. Бәйге.

II. Полиглот.

III. Жеті ғажайып бақ.

IV. Шешен.

V. Сөз ділмары.

IV.Жорға.

Қарсы алу (приветствие). Өзі туралы қысқаша әңгіме.

I – бөлім: Бәйге.

Ойынның мақсаты: оқушылардың логиалық ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның шарты: берген сұрақтарға тез жауап беру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Жауап: Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет.

  1. Оның өз рәміздері бар ма?

Жауап: Иә, бар. Бұл еліміздің байрағы, елтаңбасы, әнұраны.

  1. Қазақстан байрағында не бейнеленген? Түсі қандай?

Жауап: Онда алтын күн мен дала қыраны бейнеленген.

  1. Елтаңбада не бейнеленген?

Жауап: Елтаңбада алтын жұлдыз, киіз үйдің шаңырағы, қанатты екі ат бейнеленген. Төменгі жағында Қазақстан деген жазу бар.

  1. Қазақстан Республикасы әнұранының сөзін және әнін кімдер жазған?

Жауап: Әні: Шәмші Қалдаяқов. Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов пен

Нұрсұлтан Назарбаев

  1. Мемлекеттік әнұран нені мадақтайды?

Жауап: Мемлекеттік әнұран достықты, татулықты жырлайды.

II – бөлім: Полиглот.

Ойынның мақсаты: оқушылардың шет тілдеріндегі білімдерін байқау.

Ойынның шарты: қойылған сұрақтың жауабын айту. Сол сөзді үш тілге аудару (қазақша, орысша, шетел). Үш тілде де айтқан балаға 10, бір тілдегі балмасын айтқан оқушыға 0 балл беріледі.

  1. ... – үлкен мектеп. (... – самая большая школа)

Жауап: а) өмір ә) жизнь б) ответ на изучаемом языке англ. live

2. ... – алтын қазына. (... – кладовая золота)

Жауап: а) кітап ә) книга б) отв на изучаемом яз.англ. book

3. Кісінің көркі ... емес – білім. (Человека украшает не ..., а знание)

Жауап: а) киім ә) одежда б) отв на изучаемом яз.англ. clothing

4. ... – дана. (... - мудр)

Жауап: а)халық ә) народ б) отв на изучаемом яз.англ. the people of

III – бөлім. Жеті ғажайып бақ.

Ойынның мақсаты: сұрақтарға дұрыс жауап бер.

Ойынның шарты: кестедегі санды танып алу. Сол санының сұрағына жауап беру. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.

Кесте:



4


5


6


7


1


2


3




Сұрақтар:

  1. Қазақ тілі: қазақ алфабитінде неше әріп? (42 әріп)

  2. Қазақ әдебиеті: Шоқанның дүниеге келгенде берілген аты? (Мұхаммед Қанапия)

  3. Тарих: Мемлекеттік рәміздерді ата? (Елтаңба, ту, әнұран)

  4. Ән сабақ: Екі ақынның өлең жарысы деп нені айтады? (Айтыс)

  5. География: Қазақстан Республикасындп неше облыс бар? (14)

  6. Биология: Адам маймылдан пайда болған деген гипотезаны кім ұсынған? (Чарльз Дарвин)

  7. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бір жылдығы қашан тойланды? (2012 жылы)

Жинаған ұпайлары төмен екі оқушы ойыннан шығады.

IV – бөлім: Шешен.

Ойынның мақсаты: оқушылардың сөздік қорын молайту және ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның шарты: балы төмен бір оқушы кестеден бір санды таңдайды. Сол санның сұрағына иә немесе жоқ деп жауап береді. 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауап 30 ұпай бағаланады.




1



2




3



4




Кесте:






Сұрақтар:

  1. Үйде оңбаған, түзде оңбайды.

  2. Адамның сырты алдамшы.

  3. Жаман жолдастан жақсы жолдас артық.

  4. кісінің көркі киім емес – білім.

V – бөлім: Сөз ділмары.

Ойынның мақсаты: есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.

Ойынның шарты: мақал – мәтелдңрді толықтырып жатқа айту. Дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады.

  1. Оқу білім – ... .

Білім – ... .

  1. Оқусыз – ...,

Білімсіз – ....

  1. Мектеп – ... , білім – ... .

  2. Еңбексіз ... сөнген ... .

  3. Ойна да ... , Оқы да ... .

  4. Отан оттан да ... .

  5. Еңбектің наны ... ,

Жалқаудың жаны ... .

  1. Атаның ... болма,

Адамның ... бол.

  1. Тазалық – саулық ... ,

Саулық – ... негізі.

10) Жері байдың – ... ... .

IV – бөлім: Жорға.

Ойынның мақсаты: ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойынның шарты: бөлмеде бір оқушы қалады, екіншісі шығып кетеді.Оқушы 1 минутта көп сұрақтарға жауап беруге тиісті. Содан кейін екінші сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Жауабы: Н.Ә. Назарбаев.

  1. Киіз үйдің төбесі?

Жауабы: шаңырақ

  1. Қазақстан Республикасының ақшасы?

Жауабы: теңге

  1. Тәуелсіздік күні?

Жауабы: 16 - желтоқсан

  1. Қазақстан Республикасының астанасы?

Жауабы: Астана

  1. Конституция күні?

Жауабы: 30 - тамыз

  1. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау қай жылы болды?

Жауабы: 1991 жылы

  1. Қазақстан Республикасының бірінші ұшқышы кім?

Жауабы: Т.Әубәкіров

  1. Қазақстан Республикасының премьер – министрі кім?

Жауабы: Серік Ахметов

  1. Қазақстан Республикасында неше облыс орталығы бар?

Жауабы: 14 облыс

  1. Қазақстан Республикасында қанша экономикалық аудан бар?

Жауабы: 5 аудан

  1. Алғашқы мектепті кім ашты?

Жауабы: Ы. Алтынсарин

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

Жауабы: қазақ тілі

  1. Абайдың шын аты?

Жауабы: Ибраһим

  1. Қазақстанның қай қаласы 2000 жылдан асты?

Жауабы: Тараз

Әділқазылар алқасы ойыншылардың жауабын бағалап, жеңімпазды анықтайды.



Қорыта келгенде, М. М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының маңызы мен тиімділігі өте зор. ИМОТ технологиясы оқушының ауызекі сөйлеу дағдысын, ауызша және жазбаша сауаттылығын, өз бетімен жұмыс жасау іс – әрекеттерінің нәтижесін көру, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. 101

Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды аяқтағым келеді.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер одан да көп. Сол жолда еселі еңбегімді






одан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1694
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі