ЖОСПАРЫ
Сабақтың
тақырыбы: «Қазақстан-жүрегім».
Сабақтың
арқауы: Мен Қазақстанның – мәдени
ұлттық игіліктер патриотымын.
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы,
оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін
баяндау, көрсету; оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің
ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге
үйрету.
Туған жер деп лүпілдеген
жүректерді
Ержүрек Ұл-қыздарын мақтан еткен
Тәуелсіз қазақ жері, байтақ өлкем
Әр ұлттың өкілдері пана еткен.
Қол жеткізіп Тәуелсіз бұл
күнге де,
Талай асау белдерден
өткеніме
Ту,Елтаңба,Әнұран,
Рәміздерін
Қазақстан елінің көзі
еткен.
I-блок.
Мотивациялық
«Сөйлемді жаслғастыр»
әдісі
Әр білім алушыға «Отан»,
«Тәуелсіздік», «Патриот», «Түркістан» ұғымы кіммен немесе немен
байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру
ұсынылады:
Отан –
бұл...........
Тәуелсіздік –
бұл.............
Түркістан –
бұл..........
Патриот –
бұл...........
Болжамды
жауаптар:
1. Өз елін жақсы көретін,
құрметтейтін және қорғауға дайын адам.
2. Өз үйін, қаласын, дүниеге
келген және өскен жерін жақсы көретін
адам.
3. Ұлттық рәміздерді -
Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын
адам.
4. Әлемдегі спорттық және
басқа да біздің жеңістермен мақтанатын
адам.
5. Туған жері үшін ерлік
жасауға дайын адам.
Зерттеу
әдістері: «Тарихи қайта қалпына
келтіру», материалды «тереңірек меңгеру», сайттар, мұражай әдебиеті
материалдарын зерделеу жұмыстары
жүргізіледі.
II-блок. Практикаға
бағдарланған
Плокатка оқушының бар білген
мағлұматын жинақтау
Осы жас аралығындағы білім
алушылардың бойында мінез-құлық қалыптасады, қарым-қатынас, диалог
арқылы практикалық іске деген мотивация пайда
болады.
Осы сыныптар концентрі үшін
мынадай сабақ түрлері ұсынылады:
«Орта ғасырдағы Түркістан»
іскерлік ойыны: сауда керуені жолымен білім алушылар қалаларға
біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын ежелгі ескерткіштер
орналасқан қалаларға аялдама жасайды. Шағын топтарда жұмыс істей
отырып осы ескерткіштер туралы постер дайындайды және қорғайды.
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Түркістанның
түркі әлеміндегі тарихи маңызымен мен ежелгі Отырар қаласы туралы
және Түркістан облысының болашағы мен тарихи маңызын сипаттау
ұсынылады;
«Түркістан» – Орта Азия мен Қазақстандағы
ең көне қалалардың бірі. Ол туралы алғашқы деректер араб
жазбаларында ІҮ-ІХ ғғ. бастап Шавғар деген атпен кездесе бастайды.
Араб тарихшы-географы Әл-Истахри ибн Кордаубех ат-Танрази өз
жазбаларында: “Көне Шавғар ХІ ғасырға дейін өмір сүрген де, ХІғ.
бастап қала орталығы Ясыға көшті”, - дейді. Бұл деректерді қазіргі
біздің археолог ғалымдар да растайды.
Ал қорық ғылыми
қызметкерлердің зерттеуі бойынша, Қытай санекрит жазбаларындағы
деректерге қарағанда, Түркістан қаласы біздің дәуірге дейінгі
ІІ-ІІІ ғғ. өмір сүргендігі және сол кездің өзінде ірі мәдени және
рухани орталық болғандығы туралы болжамдар айтылып жүр. Мысал
келтіретін болсақ, сол кездегі Қарахандық билеушілердің осында
әкелініп жерлене бастауы, атап айтқанда, Отырар билеушісі Ілияс
ханның жерленуі, тіптен Сайрамда туып-өскен Ахмет Ясауидің де
Түркістан жерінде тұрып, осында жерленуі жайдан-жай емес екендігі
анық..
ХІҮ ғасырда, яғни А.Ясауи
кесенесі салынғаннан кейін, Түркістан бүкіл түрік тілдес
халықтардың діни орталығына айналып, “Хазреті Түркістан” немесе
“Кіші Мекке” атанды. Бұл болжамды шығыс зерттеушісі академик
В.В.Бартольд да қолдайды.
ХҮ ғасырда
Түркістан Сырдария
өңірінің саяси және
экономикалық орталығына айналып, 1598 жылы ол біржолата қазақ
хандығының орталығы болады. Бұған дәлел – А.Ясауи кесенесі
төңірегіне қазақ хандарының жерленуі.
Түркістан қаласы сонымен қатар
орта ғасырдың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі. Оның
мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам
дінін уағыздаушылардың да
шығармалары үлкен орын алады.
Олардың қатарына Ахмет Ясауи
бастап, оның шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Жүгнеки, Жүсіп
Баласағұндар жатады.
Мың жарым жылдан аса өмірбаяны
бар Түркістан – ер жүрек батыр қала. Моңғол-татар, жоңғар
шапқыншылығын, қазіргі Орта Азия мен Қазақстанда сол кезде өмір
сүрген мемлекеттер мен хандықтардың жаугершілігін көрген қала. Орта
ғасырдағы Сыр бойындағы Сығанақ, Сунақ, Сауран сияқты үлкен
шаһарлардан біздің ғасырға жеткені де осы
қала.
Ахмет Ясауи
кесенесі —
Түркістан
қаласында XIV ғасырдың соңында
тұрғызылған архитектуралық ғимарат.
Қожа Ахмет
Ясауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен
өзіне арнап соғылған кішкене мазарға
жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай
тәуеп ету орнына айналды.
Түркістан қаласындағы Ахмет
Ясауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші.
Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі
ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Ясауидің (Яссы-дан шыққан деген
мағынада) бейітінің басына орнатылған.
Оңтүстік Қазақстанда Сайрам
деген жерде туған Ахмет Ясауи сол кездегі ғылым мен ағартудың
орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да,
кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп,
дәруіштік мектептен өтеді.
1140 жылы Юсуп Хамадани,
кейіннен оның екі мүритті дүние салған соң, қауымды Ахмет Ясауи
басқарады. Бірақ көп ұзамай-ақ «мәртебелі» қызметін тастап, өзінің
туған өлкесіне біржола қайтып оралады. Софизм идеяларын уағыздап,
өзі де оны берік ұстана отырып, жоқшылықта өмір сүреді. Сондықтан
да, оны жергілікті халық Әзірет Сұлтан деп атап
кетеді.
Ахмет Ясауидің уағыздаушы және
ақын ретінде атағы кең жайылып, оның «Диуани Хикмет» («Даналық
жайындағы кітап») атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде
жазылғандықтан, жергілікті халыққа түсініктілігі арқасында талай
мәрте қайта көшіріліп, бірнеше рет
басылған...
Бұл сияқты уағыздық
өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы
жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың
қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан
сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын
әшкерелеумен жалғасып жатады.
Ахмет Ясауидің өлеңдері құнды
әдеби ескерткіш, кейіннен қазақ халқыныі құрамына енген қыпшақ,
оғыз, қарлық сияқты көне түркі тайпалары зерттеудің көзі болып
табылады.
Халық аңыздарында
Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты
тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның
әмірімен Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап
бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет
өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.
«Мұражай алаңы». сабағы.
Өлкелік мұражай залдарында тарихи реконструкциялау элементтері бар
театрландырылған экскурсия ұсынылады Мұражай экспонаттарымен
таныстыратын білім алушы - экскурссия жетекшісін даярлауды
қарастыру; сабаққа музыкалық шығармалар, суреттер, слайд-шоу,
мультимедиялық презентациялар енгізіп экспозиция ресімдеу. Білім
алушылардың тақырыпты және экскурссия материалдарын толық
«тереңірек меңгеруі» үшін театрландырылған сценарий
дайындау.
ІІІ
блок. Қорытындылау:
Рефлексия. «Білім қоржыны» инновациялық
тәсілі.
Сабақ өткізу нәтижесінде білім
алушылар:
- «Отан», «Тәуелсіздік»,
«Патриотизм», «Түркістан» ұғымымен тығыз байланысты ассоциация
құруды.