Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстан-жүрегім
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:
«Қазақстан- жүрегім
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар
ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,
әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін
кеңейту.
Тәрбие сағатының
көрнекілігі: Қазақ елі суреттері,Қазақстан Республикасының
рәміздері:Туы, Елтаңбасы, Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың
суреті.,
Слайд
Тәрбие сағатының барысы:
І . Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер
Білім күні және Конституция мерекесімен құттықтаймын! Отбастарыңызға бақыт, береке, бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін!
Әнұран: хор
Оқушыларға сұрақтар.
Қазақстан туралы не білеміз? Оқушылар
жауабы..
Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
Тәуелсіз мемлекеттің рәміздеріне тоқталайық.
Рәміздер
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің
сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны
қабылданды. Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты
рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, Әнұран. Бұл халық бірлігінің
белгілері.Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар.Мемлекеттік
рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды
білдіреді.
Жобасын жасаған – Шәкен
Ниязбеков
Елтаңбаның авторлары –
Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы,
дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында
шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік
болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов
және Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан
қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық
аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн
– баршаға ортақ, бәрі не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы
жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ. Алтын
күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп ұшып бара жатқан қыран құс –
ерлік белгісі. Матаның сол жағында ою - өрнегі бар тік жолақ
орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран
және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық
келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықты
белгісі.
Қазақстан Республикасының
мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ
бейнелеген.Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар
шаншылған.Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт
жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.Қанатты тұлпардың
баламалық мәні қазақтың аңыз ертегісінен алынған. Аңыз бойынша
қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қанат аспанға ұшып, жеті
қат жер астында түсіп халықты қасіреттерден азат еткен,еліміздің
азаттығы мен жеңімпаздығының белгісі.Бидай сабақтары тоқшылықты,
молшылықты білдіреді. Ал төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу
еліміздің ежелден әлемге танымал екенін
көрсетеді.
Кез келген мемлекеттік рәміздің ең маңыздысы - Әнұран. Әнұран мемлекеттік салтанатты ән. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.
Мұғалім: Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан қандай?.
Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген рухы биік қайсар елдің мекені. Біз сол өркениетке қадам басқан тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ел тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды. Еліміздің бірлігін, ұланғайыр даламыздың тұтастықтың қорғайтын құжаттар мен шарттарға қол қойылды. Еліміздің мамыражай бейбіт тірлігі, төріміздегі Ата заң, көгіміздегі азаттықтың көк байрағы, ұлттық теңгеміз, республикалық «Ұланның» құрылуы.
Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз. Осы бір құдіретті сөздің тереңіне көз жіберіп, ой елегінен өткізсек, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтардың ұрпақтарына қалдырған аманаты екені сөзсіз. «Өткенсіз болашақ жоқ» дейді дана халқымыз.
Тәуелсіздіктің ең басты жемісі – еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде бүгін Астанадай алып шаһарымыз бой көтеріп әлемдік аренадан көрінсе, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 7-қысқы Азия ойындары, ЭКСПО-17 көрмесі тәуелсіздігіміздің тамаша жетістіктері емес пе? Қазақ тарихында жорықсыз өткен күн бар ма? Кешегі қазақ хандығы болып құрылғаннан бастап, егемендікке жеткенге дейін қуаныш пен жоқшылықты, мұқтаждық пен жақсылықты бірдей көрсе де, қайсарлығымен мойымай, көп бейнетті көрген қазағым емес пе?! Қазақ халқы «Бейнет түбі – зейнет» деген қағида сөзді естен шығармай бүгін тәуелсіздікке қол жеткізді. Енді біздің облыс орталығымыз Түркістан облысы туралы айтатын болсақ,
Қ
асиетті Түркістан қаласы
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Бері де Қазақ хандығы ордасы болды. Қасиетті Түркістанды «Екінші Мекке» деп атаған. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды. Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала. Мұндағы Халықаралық қазақ – түрік университетінде мыңдаған қазақстандық жастар білім алады. Түркістан қаласының келешегі зор.
Рефлексия: « Үш ойлау жұлдызы» стратегиясы
Қорытынды: Тәуелсіздікпен бірге
халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі,
тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге
арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ
Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!
«Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары
«Қазақстан-2050» Стратегиясының түпқазығы етіп алдым».
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлде қайда
қиын.
Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен
тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік
талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере
алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер
қаншама. Біз өзгенің қателігінен,
өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні
біреу ғана – Мәңгілік Ел
болу біздің өз қолымызда. Бұл
үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді
көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек,- деп айтып кеткен
болатын Елбасымыз өзінің
жолдауында.