«Қазақстан-мәңгілік ел»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстан-мәңгілік ел»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз Отанын сүйуге үйретеді,баланың бойындағы патриоттық сезімнің оянуына ықпал етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі

Кабиева Эльмира Жұмабайқызы



Қазақстан-мәңгілік ел

Ұлан ғайыр дала.Аттың шабысы.Маңдайыңнан сипап өткен самал жел.Халықтар достығы.Осының бәрі ынтымағы жарасқан елді есіңе салады.Қазақ халқы әрдайым бір-біріне,басқа ұлт өкілдеріне қол ұшын созып,бір үзім нанды бөліп жеген,кейбір қиын сәттерде тіпті дұшпандарына да аяушылық танытып,досындай көрген.

Әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты жерімізге 130-дан астам ұлт өкілдері келіп қоныстанды.Қазіргі кезде олардың әрқайсысы қазақтың салт-дәстүрін,тілін үйреніп,тату-тәтті өмір сүруде.Сол бірлікті сақтап қалу,әрине,әркімнің міндеті.Осындай бірлігі жарасқан елді одан әрі көркейту,дамыту мақсатында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Жолдауында «Бір мақсат.Бір мүдде.Бір болашақ».стратегиясын қабылдады. Бұл әрбір қазақстандықтың ұранына айналған.Ел болу үшін бірлік,ынтымақ,мақсат керек.Біздің мақсатымыз «Мәңгілік ел» болу.Ал «Мәңгілік елдің» тірегі кім? Менің ойымша, «Мәңгілік елдің» тірегі - жас ұрпақ.Елбасымыз «Қазақстан-2030»стратегиясында «...Еліміздің келешегі жастар тәрбиесіне тікелей байланысты» деп жастар тәрбиесіне қоғамның әр мүшесі жауапты екенін айтты.Жастар тәрбиесінде ең алдымен неге көңіл бөлу керек? Менің ойымша,жас ұрпақ ата-бабасының тарихын,салт-дәстүрін біліп өсуі міндетті.Оның бастауы- адамгершілікке тәрбиелеу. Адамгершілікке тәрбиелеу- патриоттық сезімді оятады.Осы орайда, Қазақстан мұғалімдері, әр ұлт өкілдері балаларының «қазақстанның азаматымын», «мен қазақстандықпын» деген сезімін қалыптастыруға еңбек етеді.

Мәңгілік елдің - тілі де мәңгілік.Ал тілді үйрену және басқаға үйрету біздің қасиетті борышымыз.Ата-бабамыз, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»дегендей -жас ұрпақ біздерден үлгі-өнеге алады.Қазақ тілінің мәртебесін көтеру , құрметтеу мен үйретуді біз үлгі ретінде өзіміз қолға алуымыз керек.Бұл жолда көптеген келелі жұмыстар атқарылуда. Оларға келер босақ, қазақ тілінде көркем фильмдер, анимациялық фильмдер,әдеби шығармалар, шығармашылық кештер,мектептің оқулықтары өңделіп шығуда.Тілге деген қызығушылығын арттыруда оқушылармен инновациялық жаңа технологияларды пайдаланып, сабақ өту жандануда.

Тәуелсіздік алғанымызға көп уақыт болмаса да, еліміз бірталай жетістіктерге жетіп үлгерді.Осының бәрін жалғастырушы мына біздер тәрбиелеп отырған жастар. « Мәңгілік елдің жастары- жетістіктің кілті»- деп ой түюге болады. Ата-баба қанымен келген тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай, жастарымыз саналы да тәрбиелі болғай. Мәңгілік ел-мәңгілік жасасын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
585
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі