Қазақстан құқықтық мемлекет тәрбие сағаты қмжсы

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Қазақстан құқықтық мемлекет тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан құқтық мемлекет

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Қазақстан құқықтық мемлекет

Мақсаттары

оқушыларға құқықтық мемлекет деген не және оның белгілерін түсіндіре отырып, құқықтық мемлекеттің мақсаты мен қажеттілігін, құқықтық мемлекет құру жолдарын ашып көрсету.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Құқықтық мемлекет.

Құқықтық мемлекеттің белгілері.

Құқықтық мемлекеттің мақсаты мен қажеттілігі.

Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолдары.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің даму стратегиясындағы басты нысаналарының бірі ретінде құқықтық мемлекет құру бағытын жариялады. Құқықтық мемлекет ұзақ тарихи даму үдерісінде қалыптасады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Еліміз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолына түсті» деп жазылған.



Құқықтық мемлекет дегеніміз – Заңның жоғарылығы, барлық азаматтардың заң алдыңда теңдігі, биліктің бөлінуі, соттардың тәуелсіздігі ұстанымдарына негізделген құқық жүйесі қалыптасқан мемлекет,



Құқықтық мемлекеттің ең басты және айқын белгісі – заң бәрінен де жоғары тұрып, қоғамдық өмірде үстемдік етеді. Қоғамдық өмірдің барлық маңызды жақтары заң шығарушы билік органы осыған ыңғайлап құрылады.

Құқықтық мемлекттің тағы бір маңызды ұстанымы – барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндеттеуі.


Қоғам адамдарды жынысына, тегіне, нанымына, лауазымына, ұлтына, материалдық жағдайына, жасына, өзге де әлеуметтік белгілеріне қарап алаламауы керек. Заң алдында адамдардың бәрі тең. Бұл биліктің рәмізі секілді, қоғам мүшелерінің  адамгершілігінің асқақтығының айғағы болатын, қоғамның рухани жетілгендігін, оның шын мәніндегі өркениеттілігін көрсететін, бүкіл адамзат қабылдаған құқықтық саналықтың өлшемі.    Өркениетті елдердің конституциялары азаматтарды түрлі әлеуметтік белгілеріне қатысты алалауға, кемсітуге жол берілмейді. Қазақстан Республикасының Конституциясы да осы ұстанымды басшылыққа алған.


Бұл ұстанымның мазмұны биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлініп тұруынан көрініс береді. Бұл ұстаным бойынша биліктің әр тармағы өзінің құзіреттілігі шеңберінде ғана әрекет етеді. Билік толығымен үш тармақтың үшеуінің де қолына түспей, олардың әрқайсынан тең алыстықта болады. Сонымен қоса, билік тармақатары бірін-бірі өзара тежей және арасалмақтылыққа келтіре отырып, демократиялық нормалардың бұзылуына, билік құруға шектен тыс әуестеніп кетушілікке қарсы кепілдік факторы болады.



Оқушылар Құқықтық мемлекет дегенге постер сызады


презентация

Сабақтың ортасы


Мемлекет, алдымен, дамыған ұлттық құқықтық жүйенің болуы және оның нақты қызмет істеуі арқасында құқықтық деп танылады. Мемлекеттің құқықтық сипатының деңгейі, оның демократиялық, прогресшіл және адамгершілікті құқықтық идеяларды өз бойына жинақтауы халықаралық құқыққа қалай қарайтындығымен де анықталады.



Ситуациялық жағдай 

Марат пен Салтанат қала сыртына демалуға шықты. Демалыс жақсы өтіп жатқан еді, оларға қолтықтарында арақтары бар үш арақ ішкен жігіт жас отбасына тиісе бастады. Әр түрлі балағат сөздер, артық әзілдер айтты. Дайындап қойған түскі астарын жеп қойды. Жолдасы үндемей тұрды. Өйткені ол түсінді, бұл жігіттер ешкімнің алдында тоқтамайтындығын, сөйтіп оларға бізді үйімізге апарып таста деп бұйрық берді. Осы кезде Марат алыстан бір машинаны көрді. Жақындағанда «Көмектесіңдер» деп айқайлады. Шофер естіген жоқ. Кенет машинадан біреуі шығып, Маратты ұруға келе жатады. Сонда, Марат багажниктен балтаны алып, келе жатқан жігіттің басынан ұрып құлатады.

Сұрақ

1. Марат құқықтық жауапкершілікке тартыла ма?

Жауабы: 
Жоқ. Қ.Р-ның құқық бұзушылық кодекісінің №32 статиясы бойынша Марат құқықтық жауапкершілікке тартылмайды. Себебі, ол өз басын арашалау мақсатында
істеді.


Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз.     Әлеуметтік норма

Құқық                           Мораль



Әлеуметтік нормалардың мемлекеттің пәрменімен заңдастырылған бөлігі құқықты, ал мемлекеттің пәрменімен заңдастырылмаған бөлігі моральды құрайды




Құқықтық мемлекеттің қандай белгілері бар?

Құқықтық мәдениеттің маңызы қандай?

Қазақстандағы биліктің бөлінген үш тармағы қалай деп аталады?

Оқушылар сұраққа жауап береді



Бала туған сәтінен бастап аты-жөні, ұлты, азаматтығы болуға құқылы, ал ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайды сақтауға құқылы. Қай ұлтқа жататындығына, тіліне, біліміне, денсаулығына, ата – анасына қатысты мән-жайларға қарамастан бала тең құқылы

Жасөспірімдердің арасында қандай құқық бұзушылықтың түрлері көп таралған?

Қылмыстық кодекс дегеніміз не?

Қылмыстың белгілері қандай?

Кәмелетке толмағандар қандай жағдайларда жауапқа тартылады?



Қазіргі уақытта мектеп жасындағы балалардың түнде көшеге шығуы кездеседі. Осыған қандай шаралар қолданасыздар?

Мектеп оқушыларына қандай ақыл-кеңес берер едіңіз?



Презентация көрсетіледі


Қорытынды

Құқықтық мемлекет — конституциялық  басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі  бар мемлекет нысаны.

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет.

Біреуге ор қазба … (өзің түсесің)

Заңның құрығы … (бәрінен ұзын)

Ұрлық түбі … (қорлық)

Өтірікшінің құрығы…(бір-ақ тұтам)

Тура биде … (туған жоқ)

Туғанды биде … (иман жоқ)

Қолыңмен істегенді … (мойныңмен

көтер)


Тек жүрсең … (тоқ жүресің)

Заңды сыйлаған … (еркін жүреді)

















Тақырыбы:

Қазақстан құқтық мемлекет







Өткізген.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2023
653
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі