Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Ішкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
Мазмұны
Міндеттері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша: Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады. «Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша: Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Бейбiт кезеңде[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
-
әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
-
әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
-
маңызды әскери нысандарды күзету;
-
елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
-
халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
Әскери доктринасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазақстан аэроұтқыр әскері
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.
-
2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыстар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республикасының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіпсіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қазақстан Республикасының бейбітшілікке бейілділігін айқындайды, асимметриялық қатерлерге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
-
Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байланысты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Өңірлік қолбасшылықтар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы — Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.
«Астана» ӨҚ кіреді:
-
7-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші жмехбр немесе 31775 ә/б) — Қарағанды
-
арнайы мақсаты бар барлау полкі (22750 ә/б) — Ақтас е.м.
-
401-ші зеңбіректі артиллериялық бригада (401-ші забр немесе 06708 ә/б) — Приозерск (Алматы облысы, Үңгіртас е.м. жаңа орынға орналастырылды)
-
402-ші ракетивті артиллериялық бригада (402-ші реабр) — Приозерск
-
403-ші танк бұзар артиллериялық бригада (403-ші тбабр немесе 70417 ә/б) — Приозерск
-
Резервтегі кіші мамандардың әскери даярлығы мен әскери қолдану бойынша оқу орталығы (36352 ә/б) — Спасск
-
Зымыран әскерлері мен артиллерияға дайындық орталығы (14805 ә/б) — Приозерск
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Шығыс» ӨҚ кіреді:
-
3-ші жеке гвардия механикаландырылған бригадасы (3-ші жгмехбр немесе 40398 ә/б) — Үшарал;
-
4-ші механикаландырылған бригадасы (4-ші жмехбр немесе 27943 ә/б) — Өскемен;
-
8-ші жеке механикаландырылған бригадасы (30217 ә/б) — Семей;
-
11-ші танк бригадасы (11-ші тбр немесе 10810 ә/б) — Аягөз;
-
34-ші артиллерия бригадасы (34-ші абр немесе 10181 ә/б) — Үшарал;
-
101-ші ракеталық бригада (101-ші рбр немесе 36803 ә/б) — Семей;
-
102-ші ракетивті артиллериялық бригада (402-ші реабр немесе 16752 ә/б) — Семей;
-
103-ші зеңбіректі артиллериялық бригада (103-ші забр немесе 28738 ә/б) — Семей;
-
жеке барлау полкі (44736 ә/б) — Семей;
-
жеке байланыс бригадасы (44793 ә/б) — Семей.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті — Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.
«Батыс» ӨҚ кіреді:
-
100-ші артиллериялық бригада (100-ші абр немесе 30238 ә/б) — Ақтөбе;
-
жеке мотоатқыш батальоны (66597 ә/б) — Ақтөбе;
-
390-шы жеке гвардиялық теңіз жаяу әскерлері бригадасы (390-шы жтжәбр немесе 25744 ә/б) — Ақтау (2009 ж. Атыраудан жаңа орынға орналастырылды);
-
жеке барлау полкі (41433 ә/б) — Атырау;
-
жеке мотоатқыш батальоны (99116 ә/б) — Маңғыстау облысы Бейнеу е.м.[2]
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті — елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
«Оңтүстік» ӨҚ кіреді:
-
5-ші тау атқыштар бригадасы (5-ші табр немесе 85395 ә/б) — Тараз;
-
6-ші жеке механикаландырылған бригада (7-ші жмехбр немесе 35748 ә/б) — Шымкент;
-
жеке атты тау-егерь полкі (91678 ә/б) — Бауыржан Момышұлы а.
-
40-шы әскери базасы Гвардейский кенті;
-
12-ші механикаландырылған бригада (12-ші мехбр немесе 21450 ә/б)
-
54-ші гвардиялық артиллериялық бригада (54-ші гв.абр немесе 82796 ә/б)
-
23-ші инженерлік-саперлік бригада (23-ші исбр немесе 75263 ә/б)
-
Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығы (ҚӘ ОО немесе 30212 ә/б)
-
-
221-ші жеке байланыс бригадасы (221-ші жббр немесе 28903 ә/б) — Тараз;
-
232-ші инженерлік-саперлік бригада (232-ші исбр немесе 58012 ә/б) — Қапшағай.
Ағымдық қару-жарағы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Құрлық күштері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу. 99 арнайы мамандандырылған компанияларды қамтитын 10 логистикалық база мен 9 барлау полисі құрылды.
3 млрд тенгеге келесі заманауи қарулар сатып алынды:
-
Биологиялық заттарды таба алатын жаңа құралдар
-
КПО-1М үлгілеу жинақтағыштары
-
Портативті спетрометлердің жиынтығы және т.б