Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақстан Республикасындағы жаңа уәкілетті лауазымды тұлғаларды қалыптастырудағы негізгі этикалық қадамдар.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шегебаев М.Т.
Тұран Университеті студенттері
Ғылыми жетекші
Тулекова Г.Х.
э.ғ.к., доцент
Қазақстан Республикасындағы жаңа уәкілетті лауазымды тұлғаларды қалыптастырудағы негізгі этикалық қадамдар.
Міне биылғы 2017 жылдың 13 сәуірінде Елбасымыздың бастауымен еліміздің саяси өмірінде әдеттегідей елеулі оқиға басталды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарыққа шығып, өзінің жүзеге асу аспектілеріне бастау алды.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» мақаласы – ол 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бағытындағы бірыңғай мақсатымызға жету жолындағы Қазақстанның саяси, экономикалық және құқықтық түрленулерінің логикалық жалғасы және өзегі болып табылатын бағдарламалық мақала. Сол сабепті еліміздің көздеген 2050 жылға дейін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі саяси, экономикалық және құқықтық түрленулерінің рухани дамаму аясымен байланыстырып қарастырған жөн. Бұл мақсатқа бұрынғы сана-сезім мен ойлау үлгісін сақтау арқылы жету мүмкін емес. Әлемдегі заманауи экономикалық, әскери-саяси ахуалды ескере отырып, қоғамдық сананы жаңғырту – бұл өмірлік маңызы бар және қажетті қадам болып табылады. Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі мақсаты – ойды жинақтау, өзіңді өзгерту және өзгеріп отырған жағдайларға қарай бейімделе отырып, жаңа дәуірдің ұсынып отырған нәрселерінің ішінен ең жақсысын алу. Қазақстанның экономикалық және саяси жаңару үдерістерінен табысты өту үшін, мықты және жауапты адамдардан құралған біртұтас ұлт болып қалыптасуына жағдай жасау керек [1].
Осы мақсатта мемлекет басшысының рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Елбасы жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Бұл бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. Осыған негізделе отырып, әр жаңғыру бағыттың өзіндік ерекшеліктері мен болашақта жүзеге асу аспектілері талданып, алдыңғы жарқын жылдарға жоспарлынып қойылған десекте болады [2].
Осы аталған бағыттардың алдында Елбасымыз өзінің 2015 жылдың 20 мамырында жобалап шығарған «Ұлт жоспары» - Н.Ә.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамын белгілеп көрсеткен еді.
Ұлт жоспары және рухани жаңғыру аясындағы аталмыш ұлттық бағдарламалар бірін-бірімен тығыз байланыста және Елбасымыз атап көрсеткендей қазақ халқының этностық, ұлтық кодын тарихи-мәдени және қазіргі XXI ғасыр талабына сай заманауи бәсекелестік қабілеттілік негізінде байланыстыра отырып, өзінің 12-қадамында былай атап көрсетеді «ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу [3].» Яғни, Елбасы атап көрсеткендей уәкілетті лауазымды Қазақстандық жаңа инновациялық, әмбебап, әрі интелектуалды және бәсекелес қабілетті қазақ этносының ұлттық кодындағы жаңа тұлғаларды дамытып, келешектегі еліміздің ұлт жоспары ненгізінде жолсалуды көзделінгенін түсінуімізге болады.
Осы жайтты ескере отырып, қазақ халқының ұлы двнышпан, ағартушысы Абай Құнанбаев атамыздың тарихи ерте кезде қалыптасып жазып, шығарылған 45 – қара сөздерін де, осы Елбасы атап көрсеткендей «Ұлт жоспары» негізінің мәдени негіздегі бастапқы этикалық фазасы десек те болады. Мәселен, Абайдың этикалық көзқарасы ретінде, Абайдың философиялық, әлеуметтік көзқарасын зерттеушілер ұзақ уақыттар бойы кемеңгер ақынның алуан салалы ойларының онтологиялық(бүтін дүниенің мәнін, материя мен сананың арақатынасын түсіну), гносеологиялық (нанымның мәнін түсіну) мәселелеріне ерекше мән беріп, біреулері Абайды онтологиялық жағынан «идеалист», екіншілері «материалист» деп таныса, гносеологиялық тұрғыдан біреулері «сенсуалист» десе, екіншілері «рационалист» деп, жартылай идеалист, жартылай материалист немесе жартылай сенсуалист, жартылай рационалист немесе дүниені, қоғамды таным теориясы тұрғысынан біреулері «метафизик», біреулері «диалектик» деп түсіндіріп келді.
Абай өзінің Жиырма жетінші сөзінде дін және дін мәселесі жөнінде пікір алысып, ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың «Адам ең әуелі өзіңді-өзің таны»деген этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абайдың арманы да «адамды (пендені) адамға айналдыру», адамды кісі ету, азамат ету. Абайдың этикалық түсінігінде «дүние» және «жалған», «адам» және «пенде» деген бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар бар. Дүние - мәңгі құбылыс, жалған - өткінші құбылыс, Адам - дүниенің, мәңгіліктің туындысы, пенде - жалғанның, күнделікті тіршіліктің туындысы. Адамның өмірі ақиқат, адалдық, әділеттілік, әдемілік деген ұғымдармен ұштасып жатса, пенденің өмірі күнделікті тұрмыстың, тек тіршіліктің, күнкөрістің қамымен байланысып жатады. Яғни, осындай пендешіліктен арыла алмаған «қуыс кеуделерге» налыған Абай: «Құдай тағаланың кешпес күнәсы жоқ» деген жалған мақалды қуат керген мұндай пенденің жүзі құрсын,» - дейді. Пенденің ой өрісі - өзінің қара басының, отбасының, әрі кетсе сыбайластарының төңірегінен артпайды. Ел, Отан, Халық, Ұлт деген ұғымдар пендеге жат сөздер. Қарнын ойлаған пенде - халқын қайтсін! Абайдың даналық түсінігінде Адамның адамдығы, ең игі қасиеті жан сақтау емес - арын сақтау. Және де, Абай этикасында Ар, Намыс, Ұят - ең негізгі ұғымдар. Бүл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық, адамгершіліктің этикалық категорияларын - өз шығармашылығының өзегі, түйіні, тамыры етеді. Ол ар, ұяттан айырылған, намыс дегенді білмейтін, білгісі де келмейтін болыстарды Абай мысқылдай кекетіп, өткір сатиралық тілімен түйреп:
«Сүйегім жасық, буын
бос,
Біраз ғана айлам бар.
Айлам құрсын білемін -
Болыстықтың жолы тар.
Қайтіп көмек болады,
Антұрған өңкей үры-қар?
Көргенім әлгі ойлашы,
Ұят, намыс, қалдыма ар?...»-
деп налиды. Не құдайшылыққа, не адамшылыққа жатпайтын, ардан бездіруге итермелейтін «Жарлы болсаң, арлы болма ма», жалқаулыққа, сұрампаздыққа, жылпостыққа шақыратын: «Қалауын тапсаң, қаржанады, Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ», ұрлыққа, мейірімсіздікке бағыттайтын «Алтын көрсе, періште жолдан таяды», «Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті» дейтін, ата-анасын малға сатуға бейім тұрған опасыздардан, сатқындардан «бек сақ болу керектігін» қатты ескертеді [4].
Бұл орайда осындай ұлы Абай Құнанбаев атамыздың арқасында Қазақстанның әлемдік жахандық этикет негізіндегі артта қалмағанын байқаймыз. Керісінше, біздің қазақ ұлты ерте тарихи сана кезеңінде, жас нәресте дүние есігін ашқан сәттен бастап, «Кішіге ізет, Үлкенге құрымет», «Қызым саған айтам, Келінім сен тыңда» және де «Әдепті елдің қыздары — Қырмызы-қызыл жібектей.» [5] деген саналы ұлттық ойшыл мақал — мәтелдер және де ұлттық қалыптасып, сақталып келе жатқан ерекше тарихи — мәдени салт — дәстүрлеріміздің негізінде Елбас Н.Ә.Назарбаев атамыз айтпақшы біздің ұлттық кодымыздағы этикет, өзеге өркениеттерге қарғанда жақсы мәдени, тәрбиелік санада қалыптасқан. Алайда біз бұл жоғарда атап көрсеткендей рухани жаңғыру бағдарламасының негізінде өзіміздің этикалық ұлттық кодымызды қазіргі бәсекелестік заман талабына сай негізде байланыстырып қалыптастыруымыз қажет. Яғни, Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – нақты 100 қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаларының негізінде Қазақстан Республикасындағы, жаңа уәкілетті лауазымды тұлғаларды қалыптастырудағы негізгі этикалық қадамдарын ескере отырып жүзеге асыруды көздеп, қалыптастыру.
Басқада жоғарда аталған бәсекелестік батыс өркениетіндегі іскерлік этикалық негізінде қалыптасқан уәкілетті лауазымды тұлғалардыда ескере отырып, қазақ атам айтпақшы «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» демекші, қазіргі XXI ғасыр талабына сай, өздерін жақсы жағынан көрсетіп, өмірде Абай атам айтпақшы «тетігін» табабілген Энтони Роббинс, Джон Кехо, Стив Джобс және т.б. секлді адамдардың, қазіргі өзге де адамдарды өздерін жаңа жағынан, яғни, лауазымды тұлғалық мәртебесі негізінде қалыптастыруға көмек беретін мәдени, психологиялық шығармашылық кітаптарынан көптеген өзімізге пайдалы мәліметтерді тауып, өз өмірімізде бәсекелестігімізді артырып нығайту мақсатында қолдануымыз әрқашанда тиімді. Тіпті қазіргі әлем дамығаны соншалықты, үйіңненшықпай ақ әлеуметтік желілер, компьютерлер, телефон, планшет және т.б. әмбебап коммуникациялық техноголиялар арқылы, өзіңе керекті мәліметтеріңді ыңғайлы, оңай әрі тез алуыңа болады. Осындай инновациялы, ақпараттық коммуникациялық технологияларды керекті кезде қолданып, білуіміз біздің бір жағынан әмбебапты, бәсекелестігімізді арттырып, жәңа уәкілетті тұлғаларды қалыптастыруға басты векторлы септік болмақ. Мысалға, Энтони Роббинстің, «Разбуди в себе исполина», «Книга о власти над собой», «Гигантские шаги» және т.б. немесе Джон Кехоның «Подсознание может все», «Мощь разума в XXI веке», «Деньги успех и вы» және т.б. және де Стив Джобстың «Безумно просто. Вдохновляющие примеры Аpple», «Лидерская грань» деген дей кітаптары әлемдік ең жақсы деген мотивациялық шығармалар қатарынан ерекше мәртебеге ие туындылар. Бұл кітаптардағы көрсетілген мәліметтер расында уәкілетті тұлға қалыптастыруға саналы түрде көмек береді, және де мен сіздерге осы кітаптарды ұсынамын.
Осындай, қазіргі кездегі
өзінің іскерлік этикасында орнын тауып, көптеген жақсы
жетістіктерге жеткен 25 жастағы миллионер Аяз Шабутдинов өзінің
жетістік — мыңдаған талпыныс нәтижелерін атап үлгі ретінде атап
көрсетсек болады. Аяз Шабутдинов (21 қазан 1991
жыл, Ижевск) – кәсіпкер, Like холдингінің негізін қалаушы, блогшы.
Forbes журналының «Жас миллиардер мектебі» жобасының жартылай
финалына қатысушы және жас кәсіпкерлер арасында Халықаралық EQ GSEA
марапатының иегері. Аяз Удмурт Мемлекеттік Университетін
«Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Кәсіпкерлікпен алғаш рет 14 жасында айналыса бастаған. Туған
ауылында ұтыс ойындарын ұйымдастырумен айналысқан. Кейін тапсырыс
бойынша өлең жазатын интернет-жоба ашқан. 2008 жылдан бастап
event-өндіріспен шұғылданады, яғни, түрлі шара ұйымдастырып, сол
кештердің тізгінін өзі ұстайды. 2012 жылы өзі дүниеге келген Куеда
ауылындағы лимонад шығаратын шағын зауыттың директоры қызметін
атқару барысында ол дағдарыс жағдайынан шығып, тұрақты кіріс
түсетіндей деңгейге жеткен. Болашақ миллионер Аяз Шабутдинов 2013
жылы ВКонтакте желісіндегі «Мақсат: бір жыл ішінде 2 миллион рубль»
аталатын блогы арқылы танымал бола бастады. Мақсатына жеткеннен
кейін, яғни, 2014 жылы қаржыны 30 млн рубльге жеткізуді көздейді.
Ол осы мақсатқа жету жолын өз блогына күнделікті жазып отырған.
Осылайша, ол діттеген ойын көпшілік көзінше жүзеге асырды. 2015
жылдың басында мақсат 1 млрд рубльге көбейді. Like холдингі Аяз
2013 жылы Like Hostel аталатын хостелдер желісін құрды. Ол екі
жылға жетпейтін уақыт ішінде Ресейдегі ең ірі компанияға
айналды. 2014 жылы Аяз Шабутдинов Like бренді шеңберінде
Ресей, Украина, Қазақстан және Беларусь елдерінде қосымша жобалар
жүзеге асырды. 2015 жылдың наурызындағы деректер бойынша холдинг 20
бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Олардың қатарында кофейнялар,
сыйлық дүкендері, турагенттіктер, авто мектептер, фотоөнер
мектептері, кулинарлық студиялар, мейрамханалар, жас кәсіпкерлерге
арналған білім беру жобалары және т.б. бар. Кәсіпкерлікке ерте
араласқанына байланысты БАҚ өкілдері Аязды «ресейлік Ричард
Брэнсон» деп атайды. Жас кәсіпкердің ең үлкен мақсаты «әлемдегі ең
ірі жастарды дамыту холдингін құру» [6].
Ойымызды қорта келгендеде
ендігі жерде, ендігіуақытта ХХІ ғасыр ағымында осынау қазақтың
дәрежесінде жаңаша терең ойланып,ұлт, ұрпағымыз үшін кемел
жанашырлықпен жаңаша толғанып, өткен
ұлттық құндылық пен асылдық
атаулыны көреген
ұтқырлықпен жан-жақты
жаңаша талдай
отырып, огың озық асылдығы
мен
гауһарларын жаңаша саралап таңдай білуді аса айрықша қажет ететін және оларды жаңаша оздыра білетін, ұл-қыздарымызды міндетті түрде ұтқыр асылдықпен жаңаша өрбіте білетін, бүкіл қазақ жаңаша озық күйде ғұмыр кеше білетін күн туды. Ұлттық мүддені Ту етіп ұстайтұғын, ұлттық намысты асқақтата білетұғын жеңімпаз 25 ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ көкбөрі және қажымас қайсар, есті де де текті қайраткер қазақты ғана армандаймын. Иә қазір бәсекелі күрес пен жарыстың жанталасты күйге түскен және оны қалай да оздыра білудің заманы. Әлемдік жаһандану-ғаламданудың озбыр аждаһа айдаһарларын жүгенсіз өрбіту кезеңінде жеңімпаз мықтылар кемел тектіліктің арқасында ғана аман қалатыны, ал ұлтсыз, тәрбиесіз, намыссыз, жігерсіз, әлсіз. Жұтылып кететіні сөзсіз, яғни жер бетінен толық жоймай тынбайтын сұм заманы келді. Тұл қоғамда ұлт рухын шектеген. Сол себептен де ұлағатты орасан зор төмендегі ұлттық ұтқыр ұтысқа жеткізер ғибратқа толы өсиетті һәм қазақ қаперінде сақтап, күнделікті өмірде ұстана білу мақсатында ұсынғанды жөн санадық. Ендеше жаңаша ойлан, Қазақ! Жаңаша оян, Қазақ! Теңдесі жоқ көкбөрілік рухты
жаңаша қайта тірілте
отырып,ұлттық ой- сананы, намысты серіппедей серпіліске, адуынды
сілкініске жаңаша түсіре отырып, тезірек асылдан, Қазақ! Тәуелсіз
де озық Елдік келбет, жеңімпаз көкбөрі Ұлттық келбет бәрінен де аса
қымбат! Жұдырықтай жұмыла
атсалысайық!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 13сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы.
-
Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі http: //www.qamshy.kz/article/rwxany-zhanhghirw-qazaqstanninh-ushinshi-zhanhghirwininh-negizi.htmlScac
-
План нации «Сто конкретных шагов» Президента Н.А. Назарбаева // Казахстанская правда. – 2015. – 20 мая.
-
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
-
Тұрманжанов Ө. Қазақ мақал-мәтелдері. – Алматы, 1935.
-
https://massaget.kz/layfstayl/zhadnama/45873/