Тақырып бойынша 21 материал табылды

Қазақстан Республикасындағы көпсатылы білім беру жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Реферат, Қазақстан Республикасындағы көпсатылы білім беру жүйесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жоспар:

Кіріспе

  1. Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихы

  2. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

  3. Кәсіби деңгейдің дамуы

  4. Жоғары білімді жетілдіру мәселесі

5.Болашаққа көзқарас: педагогикалық білім перспективалары

Қортынды

Пайдаланған әдебиеттер












































Кіріспе

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, білім беру ұйымдарының өміріне енуде.

1. Қазақстанның білім беру жүйесінің тарихы

Қазақстан жерінде, әсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырлардың ерте кезеңінде-ақ (7 – 8 ғ.) көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діни білім беретін ортадан жоғары оқу орындары жұмыс істей бастаған. Ертедегі Исфиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қ-лардағы медреселер саны 84-ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Ауылдық мектептер кең-байтақ өлкенің түкпір-түкпіріне орналасқан. онда молдалар (татар, башқұрт, т.б.) ұстаздық еткен. Оқыту ақысы халықтан жиналды. Балалар қыс, күз айларында ғана (жылына 4, не 6 ай) оқыған. Оқу мерзімі 4 жыл, оқуға жеті жастан бастап қабылданған, кейбір ауылдық жерде 7 – 9 жастағы балалар бірге оқи берген. Оқу ақысы заттай төленген, жыл аяғында емтихан тапсыру, мектеп бітіргені үшін балаға ресми куәлік беру тәртібі сақталмаған. Сауат ашу жолы араб әріптері мен сөздерін жаттауды, әсіресе құранның араб тіліндегі мәтінін жатқа білуді мақсат етті. Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Мыс., орта ғ-дағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ. Қазақстанның Ресейге қарап, оған империяның орт. аудандарындағыдай әкімш. жүйе енгізіле бастауына байланысты, жергілікті басқару буындарында істейтін шенеуніктер мен тілмаштар даярлайтын орыс-қазақ және орыс-тузем мектептерін ашу қажеттігі туды. Осы мақсатта Омбыда 1789 ж. “Азиялық училище” ашылды. Бұл оқу орнына қазақ балалары да қабылданды. 1841 ж. Бөкей Ордасында Жәңгір хан қазақ балалары үшін орыс мектеп-пансионатын ашты. 1825 ж. Орынбордағы татар мектебі негізінде Неплюев кадет уч-щесі (ол 1844 ж. кадет корпусы болып аталды), 1846 ж. Сібір қазақ-орыс әскери уч-щесі негізінде Омбы кадет корпусы ірге көтерді. Бұл оқу орындарын қазақтың тұңғыш зиялылары: Шоқан Уәлиханов, Садық Бабажанов, Халиолла Өскенбаев, т.б. оқып бітірді. 1850 ж. Орынбордың Шекара комиссиясы жанынан қазақ балалары үшін жеті жылдық мектеп ашылды. Осы мектептің түлегі қазақтың демократ-ағартушы педагогі Ы.Алтынсариннің басшылығымен 1864 ж. 8 қаңтарда Торғайда тұңғыш қазақ мектебі және оның жанынан интернат ашылды. Ол педагогика классиктерінің (Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, т.б.) гуманистік идеяларын басшылыққа алып, өзі ашқан мектептердің оқу жүйесіне енгізді. Оның “Қазақ хрестоматиясы” (1879) мен “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” (1880) атты оқулықтары осы идеяға негізделген шынайы демокр. бағыттағы еңбектер еді. Ы.Алтынсарин жаттамалы, мағынасыз діни оқуға қарсы болды. Өзі ашқан қазақ-орыс мектептерінде басқа ғылымдармен бірге дін тарихын да оқыта отырып, “Мұсылмандық шарттары” атты оқулығын жазды. Онда діннің имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу шарттарын оқушыларға түсіндіру мақсатын көздеді. 1879 – 89 ж. Торғай облысы халық ағарту уч-щелерінің инспекторы қызметінде жүріп, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ мектептерін, 1888 ж. Орскіде мұғалімдер мектебін ашты. Ол “балаларды жазалап оқыту” әдісіне қарсы күресті. Мектептерде ана тіліне қоса орыс тілін, арифметика, табиғаттану сабақтарын өткізуді қуаттады. Алтынсарин патша үкіметі жүргізіп келген бұратана халықтарды орыстандыру – шоқындырып, тілінен, дінінен бездіру сияқты миссионерлік саясатқа қарсылық білдіріп бақты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ мектептері қандай болуы керек деген мәселе күн тәртібіне қойыла бастады. Ол жөнінде бір-біріне қарама-қарсы екі көзқарастағы топтар пайда болды. Бірі – бұратана халықты шала сауатты күйде қалдырып, төл мәдениетінен қол үздіріп, бірте-бірте орыстандыру саясатын көздеген Н.И. Ильминский бастаған миссионерлер болса, екіншісі – орыс халқының прогресшіл озық мәдениет үлгілерін игеру арқылы өз елін өркениетті елдердің деңгейіне көтеруді көздеген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар еді. Абай “Дүниенің кілті өнер-білімде”, “Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз”, – деп жастарға жар салды. А.Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады. Ол бастаған бір топ қазақ зиялысы 1905 ж. 26 маусымда Қарқаралы қазақтары атынан Мин. Кеңесінің төрағасына петиция жолдап, “Қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін” деген талап қойды. Байтұрсынов қазақ тілінде тұңғыш әліппе құралын жазды (1912). Оның 1892 ж. Қазанда басылған “Букварь для киргизов” деген оқу құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. 1920 ж. қазанда Қазақ АКСР-нің ХАК-ы құрылып, А.Байтұрсынов халық комиссары болды. 1921 ж. ақпанның 18-інде Бүкілқазақстандық оқу-ағарту конференциясы шақырылды. Онда балаларды қорғау, бірыңғай мектеп жүйесін құру, кәсіптік-тех. білім беру, саяси тәрбие ісі, оқу-тәрбие жұмысына байланысты, т.б. мәселелер қаралды. 1922 – 23 ж. ұлт мектептерін төл оқулықпен, бағдарламамен қамтамасыз етуде біраз шаралар іске асырылды, қазақ тілінде 14 оқулық шығарылды. Олардың ішінде “Физика”, “Грамматика”, “Педагогика”, “Алгебра”, “Мектеп гигиенасы”, т.б. бар. Бұл оқулықтарды жазуға Байтұрсынов, Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, С.Аспандияров, Жомартбаев, Қ.Сәтбаев, Ә.Ермеков, Т.Жолдыбаев, т.б. қатысты. 1920 – 30 ж. республика мектептерінің оқу базасын күшейтуге мемлекет тарапынан орасан мол қаржы жұмсалды. 367 мектеп жаңадан салынып, 361-і күрделі жөндеуден өткізілді. Осы жылдары бастауыш мектептер саны 333-тен (1926) 1864-ке (1930) жетті (оның 1231-і қазақ мектебі), оқушылар саны 215,1 мыңнан 320,1 мыңға жетті (оның 124,9 мыңы қазақ). Алайда қазақ қыздарын оқуға тарту әлі де өз дәрежесінде болмады. Бастауыш мектепте оқитындардың 11%-ы ғана қазақ қыздары еді. 1928 ж. ҚазОАК-нің 3-сессиясы бұл мәселеге ерекше тоқталып, қазақ қыздарын оқуға көптеп тарту туралы арнайы қаулы қабылдады. Бұл жылдары қазақ орта мектептерінің саны аз еді. Мыс., 1927 – 28 ж. республикада үш-ақ орта мектеп (Ташкент, Орынбор, Қызылорда) болды. Оқушылардың көбі 7 жылдық мектепті бітірісімен техникумдар мен ФЗО-ларға кетіп жатты. 1929 ж. республиканың ежелден ғылым, әдебиет, мәдениет тілі болып келген араб әліпбиінен латыншаға көшуі оқу-ағарту ісінің дамуына үлкен соққы болып тиді. Араб әліпбиімен шыққан мәдени бай мұралардың көбі отқа өртелді. 1940 ж. латын әліпбиінен кириллицаға көшу елдегі ағарту ісін тағы көп жылға шегеріп тастады. 1937 ж. қазақ бастауыш мектептерінің саны 537-ден 1190-ға, орта мектептер 11-ден 48-ге, орталау мектептер 143-тен 237-ге жетті. 1940 – 41 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерге 1 млн. 145 мың 993 оқушы тартылды. Оның 441 мыңы қазақ балалары еді. Бұл 1925 жылмен салыстырғанда 6 есе көп. Оқуға тартылған қазақ қыздарының саны 20 мыңға артты, мұғалім кадрларының сапасы жақсарды. Мыс., 1940 ж. жалпы білім беретін мектептерде 44597 мұғалім қызмет етті, оның 17,5 мыңы қазақ әйелдері еді. 1945 – 60 ж. мектептердің, оларда оқитындардың саны күрт өсе бастады. 1960 ж. жалпы білім беретін 10363 мектеп жұмыс істеді, онда 1 млн. 814 мыңнан астам оқушы білім алды. 1954 ж. тың игеру науқаны кезінде елде 1960 жаңа кеңшар орнап, жүздеген жаңа мектеп салынды. 1960 ж. республика бюджетінен оқу-ағарту ісіне 2 миллиард сомға таяу қаржы жұмсалды. Қазақстанда төл оқулықтар жасау мәселесі мықтап қолға алынды. Бұл іспен Е.Бекмаханов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, Ә.Маманов, М.Балақаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, т.б. республикаға белгілі ғалымдар айналысты. Алайда бұл жылдары оқу-ағарту саласында жаңа мәселелер де туындады. Орт. Қазақстанға Ресей, Украина, Молдова, Беларусь республикаларынан тың көтеру науқанымен мыңдаған отбасылардың қоныс аударуына байланысты көптеген қазақ мектептері жабылып, аралас орыс-қазақ немесе таза орыс мектептеріне айналдырылды. Соның салдарынан Қазақстанда 700-ден астам қазақ мектебі жабылды, қазақ тіліндегі газет, журнал, кітап таралымы құлдырап кетті. 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде оқуға мәжбүр болды. Мың жарымнан астам аралас орыс-қазақ мектептері пайда болды. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі орыс тілін 1-сыныптан бастап оқыту жөнінде қаулы алды. Бұл қазақ тілінің рөлін төмендетіп жіберді. 1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру ісі 1962 – 63 оқу жылында аяқталды. Жаппай 8 жылдық білім беруді іске асыру заңы оқудың сапасына кері әсер етті, талап төмендеп кетті. Оқушылардың білімге ынтасы кеміді. Орыс тілін оқытуға ерекше көңіл бөлініп, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде жүргізілгендіктен қазақ мектептеріндегі оқушылардың саны кеми түсті. 1980 – 90 ж. елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектептегі оқу ісі мемл. білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп қаржы жұмсауды және ғыл.-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994 – 97 ж., жалпы білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001 – 02 жылдарды қамтыды. Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. Белгілі бір білім салаларына икемі бар балаларға арналған лицей, гимназия, колледж, медреселер ашу, оқуды тегін оқытумен қатар жекелеген ақылы мектептер ашу ісі де жүргізілді. Қазақстанда тұңғыш мұғалімдер семинариясы 1883 ж. Ы.Алтынсариннің басшылығымен Орск қ-нда ашылды. Ыбырай енгізген оқу-ағарту ісіндегі бір жаңалық – қазақ жастарына арналған тұңғыш кәсіптік мамандық беретін уч-щелердің ашылуы болды. 1886 ж. Торғайда қолөнер уч-щесі, 1888 ж. Торғай мен Ырғызда қыздар пансионаттары, ал 1889 ж. Қостанайда а. ш. уч-щесі ашылды. Бұдан кейін 1890 ж. Қарабұлақта, 1893 ж. Қостанайда, 1896 ж. Ақтөбеде қыздар уч-щесі іске қосылды. Бұл оқу орындарында қолөнері мен а. ш. шеберханалары жұмыс істеді. Алтынсариннің кәсіптік білім беру жөніндегі ой-пікірі кеңінен қолдау тауып, 1902 ж. Семейде мұғалімдер семинариясы ашылып, Орт. Қазақстан өлкесіндегі (Семей, Өскемен, Қарағанды, Ақмола) мектептерге мұғалімдер даярлау ісі қолға алынды. Онда қазақтың аса көрнекті қоғам және ғылым қайраткерлері Қ.Сәтбаев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, М.Ақынжанов, О.Жәутіков, Ә.Сембаев, тұңғыш генерал Ш.Қабылбаев, Қазақстанның халық жазушысы Ә.Нұршайықов, Кеңес Одағының Батырлары: Ізғұтты Айтықов, В.А. Шулятников, Б.Бунтовских, Соц. Еңбек Ерлері: Ж.Шәйжүнісов, М.А. Носова, Д.М. Парлей, т.б. оқыды. Кейін мұғалімдер семинариясы Ташкент, Омбы, Орал, Ақтөбе, Алматы, Ақмола қ-ларында ашылды. 1883 – 1920 ж. аралығында оны 300-дей қазақ балалары бітіріп шықты. 1941 ж. КСРО-да 1 млн-ға жуық оқушысы бар арнаулы орта білім беретін 3773 оқу орны жұмыс істеді. Ал 1957 – 58 оқу жылдарында техникумдар мен уч-щелерде, арнаулы мектептерде 2 млн. оқушы болды. 1940 – 41 оқу жылында арнаулы орта білім беретін 118 мектепте 30 мың оқушы оқыды. 1969 – 70 оқу жылында бұл мектептердің саны 186-ға жетіп, 43610 оқушысы болды. 2-дүниежүз. соғыстан кейінгі жылдары арнайы орта білімді мамандарды неғұрлым қысқа мерзімде даярлау қажеттігіне байланысты бұл оқу орындарына 9 сыныпты бітіргендер ғана емес, орта мектепті бітірген жастар да қабылданатын болды. Олар 1,5 – 2 жыл ішінде арнайы мамандықты игеріп, өндіріске жолдама алды. Арнаулы орта білім беру саласында оқушыларды еңбекке баулу және кәсіптік бағдар беру жүйесі негізінен орнығып, тиімді түрлері мен әдістері белгіленді. Жоғары сынып оқушыларын еңбекке баулудың және кәсіптік бағдарлаудың ұйымдық нысандары мен мазмұнында елеулі өзгерістер болды. КОКП ОК мен КСРО Мин. Кеңесінің “Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу мен оларды еңбекке баулуды одан әрі жетілдіру туралы” қаулысы жастарды материалдық өндіріс саласында еңбек етуге даярлау және болашақ мамандықты дұрыс таңдау ісіндегі жаңа бір маңызды кезең болып, еңбекке баулуды ғыл. негізде жүйелі жүргізу және оқушыларға кәсіптік бағдар беру негізінен орындалды. Мектептер кәсіптік-тех. уч-щелермен тығыз байланыс жасап тұрды. Мектеп реформасын жүзеге асыру бағытында бірлескен кешенді шаралар белгіленді. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берумен қатар электронды-есептеуіш микропроцессорлы техникамен қоса металлургия өндірісін, автоматика, телемеханика негіздерін оқыту қолға алынды. Ауыл мектептеріндегі оқушылар мал ш-нда жұмыс істеуге үйренді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, дала қостары өмірге келді. Олар экон. жағынан тиімді болып, кезінде елдің азық-түлік бағдарламасына елеулі үлес қосты. 1991 ж. жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта білім беретін оқу орындары: лицей, гимназия, кәсіптік-тех. мектептер, колледждер өмірге келді. 2003 ж. республикада – 108 гимназия, 63 лицей, 289 лицейлік және гимназиялық сыныптары бар мектептер, дарынды балаларға арналған 30 мектеп жұмыс істеді. Сондай-ақ, 312 кәсіптік-тех. мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 мыңнан астам студент оқыды. 1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті әрі тегін орта білім беру бағыты жарияланды. ҚР “Білім беру туралы” жаңа Заңында да (1999 ж. 7 маусымда қабылданған) бұрынғыдай жалпы білім беретін мектептің бастауыш (1 – 4-сыныптар), негізгі (5 – 9-сыныптар) және жоғары (10 – 12-сыныптар) деп аталатын үш сатысы бекітілді. Орта (толық) білім алудың түрлі жолдары айқындалды. Орта білім жалпы білім беретін (күндізгі, кешкі) және кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде берілетін болды. Мұнда оқушы кәсіби мамандық алумен қатар оқуын мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды. “Білім беру туралы” Заңға сәйкес бұрынғы нормативтік құқықтық негіз жаңартылып, мемл. “Білім” бағдарламасы жасалуда. Бұл бағдарлама білім беру жүйесін реформалауды қазіргі экон., әлеум. және саяси жағдайға сәйкестендіреді. 1990 – 99 ж. ҚР білім саласына қатысты оннан астам мемл. бағдарламалар қабылданды. Олар: “Дарын” мемлекеттік бағдарламасы. Дарынды балалардың шығарм. дамуын қолдау мақсатын көздейді. Осы бағдарлама шеңберінде 1997 ж. республиканың сегіз облысында дарынды балалар үшін арнаулы мектептер мен мектеп-интернаттары бар респ. “Дарын” ғыл.-практик. орт. құрылды. 1996 жылдың соңында шет елдерде тұратын отандастарды қолдау мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның шеңберіне тарихи отанына оралған оралмандарды оқыту мен қайта оқыту кіреді. 1997 ж. Орта білім жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оның мақсаты – республика мектептерін мультимедиялық компьютерлік сыныптармен қамтамасыз ету, компьютерлік оқу бағдарламаларын, электрондық оқулықтар жасау, білім беруді басқару жүйесін ақпараттандыру. “Жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау және басып шығару туралы” кешенді бағдарлама жалпы білім беретін мектептер үшін жаңа үлгідегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар жасауды мақсат етеді. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы тілдерді оқытудың түпнұсқа бағдарламалары мен жаңа технологиясын дайындауды, қазақ тілін оқытуды тиімді жүргізуге байланысты оқулықтар, аудиокөру, компьютерлік бағдарламалар шығаруды көздейді. Экологиялық білім беру бағдарламасы респ. білім беру және басқа құрылымдарында үздіксіз экол. білім беруді дамыту мен үйлестіруді мақсат еткен. ҚР-да 1998 – 2000 ж. кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кешенді бағдарлама, т.б. бағдарламалар бар. 1919 – 20 ж. Орынборда, Ордада, Семейде ағарту ин-ттары, 1920 ж. қарашада Түркістан мемл. ун-ті (кейіннен Орта Азия ун-ті) ашылды. Бұл ун-т Орта Азия мен Қазақстан үшін кадр даярлаудың негізгі орталығына айналды. Оның жанында қазақ жастарын оқытатын арнаулы бөлімдер болды. 1920 ж. Ордада, Бөкей халық ағарту ісі бөлімшесінде Бөкей ағарту ин-ты ашылды. 1921 ж. Орынборда (кейін Қызылордаға көшірілді) және Верныйда Қазақ халық ағарту ин-ттары ашылды. Бұл жылдары Ресей мен Өзбекстанның жоғары оқу орындарындағы қазақстандық студенттер саны жыл сайын өсіп отырды. 1926 ж. 2 шілдеде Ташкенттегі Қазақ ағарту ин-ты пед. ин-т деп аталды. Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны – Қазақ пед. ин-ты 1928 ж. Алматы қаласында ашылды. Бұдан кейін Алматыда 1929 ж. Алматы малдәрігерлік ин-ты, 1930 ж. Қазақ а. ш. ин-ты, 1931 ж. Қазақ мед. ин-ты, 1932 ж. Орал пед. ин-ты ашылды. 1932 ж. республиканың 6 жоғары оқу орынында 2 мың студент оқыды, олардың 40,5%-ы қазақ жастары еді. 1934 ж. Қазақ мемл. ун-ті және Тау-кен-металлургия ин-ты ашылды. 1941 ж. республиканың халық ш-нда жұмыс істейтін кәсіби мамандардың (52,3 мың адам) жоғары білімдісі 16,8 мың адам, яғни 32,2% болды. 1940/41 оқу жылы республиканың 20 оқу орнында 10419 студент оқыды. 1950 – 60 ж. Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Ақмола (қазіргі Астана) қ-ларында педагогика, Орал мен Ақмолада а. ш., Ақтөбе, Қарағанды, Семей, Ақмолада медицина ин-ттары, Алматыда – Алматы халық ш. ин-ты (қазіргі Қазақ экономика ун-ті), Қарағандыда политех. және кооп., Павлодарда индустр., Өскеменде құрылыс-жол, Ақмолада инж.жол-құрылыс, Таразда гидромелиоративтік-құрылыс және технол. ин-ттар ашылды. 1972 ж. Қарағанды мемл. ун-ті, Арқалық, Талдықорған пед. ин-ттары ашылды. 1986/87 оқу жылында Қазақстанның 55 жоғары оқу орынында 274 мың студент оқыды. 2000/2001 оқу жылында елдегі 47 мемл. жоғары оқу орыдарындағы студенттер саны 267 447 болды. Жоғары деңгейдегі мамандар даярлау, білім беру, ғылым мен мәдениетті дамытуда үлкен жұмыстар атқарып отырған сегіз мемл. жоғары оқу орнына 2001 ж. 5 шілдеде ҚР Президентінің Жарлығымен ерекше мәртебе берілді. Олар: Әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті; Л.Н.Гумилев атынд. Еуразия ұлттық ун-ті; Қазақ ұлттық агр. ун-ті; Қ.И. Сәтбаев атынд. Қазақ ұлттық тех. ун-ті; С.Ж. Аспандияров атынд. Қазақ ұлттық мед. ун-ті; Т.Қ. Жүргенов атынд. Қазақ ұлттық өнер академиясы; Құрманғазы атынд. Қазақ ұлттық консерваториясы; Қазақ ұлттық музыка академиясы. Бұлармен қатар республикада 35 мемл. жоғары оқу орны бар. Олар: Ақмола мемл. мед. академиясы, Ақмола агр. ун-ті, Ақтау мемл. ун-ті, Ақтөбе мемл. ун-ті, Алматы технол. ун-ті, Атырау мұнай және газ ин-ты, Атырау ун-ті, Арқалық мемл. пед. ин-ты, Шығ. Қазақстан мемл. ун-ті, Шығ. Қазақстан мемл. тех. ун-ті, Жезқазған ун-ті, Жетісу мемл. ун-ті, Бат. Қазақстан мемл. мед. академиясы, Бат. Қазақстан мемл. ун-ті, Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Қазақ мемл. спорт және туризм академиясы, Қазақ мемл. заң академиясы, Қазақ мемл. қыздар пед. ин-ты, Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері ун-ті, Қарағанды мемл. мед. академиясы, Қарағанды мемл. тех. ун-ті, Қарағанды мемл. ун-ті, Қарағанды металлургия ин-ты, Көкшетау мемл. ун-ті, Қостанай мемл. ун-ті, Қызылорда мемл. ун-ті, Халықар. қазақ-түрік ун-ті, Павлодар мемл. ун-ті, Рудный индустр иялық ин-ты, Солт. Қазақстан мемл. ун-ті, Семей мемл. медицина академиясы, Семей мемл. ун-ті, Тараз мемл. ун-ті, Оңтүстік Қазақстан мемл. мед. академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемл. ун-ті. ҚР Қорғаныс мин-нің әскери оқу орындары Қазақстанның Қарулы Күштері үшін командалық, инж.-тех. және арнаулы мамандықтар бойынша кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатын көздейді. ҚР әскери оқу орындарына: ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясы, Ақтөбе жоғары әскери авиац. уч-щесі, Азаматтық авиация академиясы жанындағы әскери ф-т, ҚР Қорғаныс мин-нің кадет корпусы, “Жас ұлан” респ. мектебі, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралардағы офицерлер құрамын даярлау және қайта даярлау курстары жатады. Алғашқы мемл. емес жоғары оқу орындары Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін ғана пайда болды. Өзінің он жылдық дамуы барысында жоғары кәсіби білім берудің мемл. емес секторы жалпы білім беру жүйесінде елеулі рөл атқара бастады. 2001 жылдың басында елде жоғары кәсіби білімді мамандар даярлауға мемл. лицензия алған 121 мемл. емес жоғары оқу орны болды.

2.Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.

Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.

Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.

Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».

Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.

Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

3. Кәсіби деңгейдің дамуы

Психологтер де, педагогтер де адамның рухани интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі дамытуы өмірінің әр кезеңінде әр қалай деп көрсетеді.Мысалы, ұлы педагогтер А.Дистерверг ,К.Ушинский А.Макаренко ,В.Сухомлинский ,т.б мұғалімдік еңбекті адамтану ғылымы , адамның жан дүниесі , рухани әлеміне бойлай алу өнері дей отырып, педагогикалық шеберліктің дамуына зор үлес қосқан. Осы тұрғыдан алып қарағанда педагогикалық шеберлік- кәсіби әрекетті жоғары деңгейге көтеретін мұғалімнің жеке қасиеттерінің , оның білімі мен білігінің жүйесі. Осы мәселені терең зерттеген А.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психологиялық критерийлерін анықтаған.

Обьективті критерийлер. Мұғалімнің өз мамандығына қаншалықты сәйкес әлеуметтік тәжірибеге қосар үлесі қандай екендігі.Жоғары еңбек көрсеткіші,әртүрлі мәселелерді шығармашылықпен шеше алу біліктері, т.б жататындығын атап өтеді.

Субьективті критерийлер. Адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушыларына сәйкес қаншалықты ол өз ісінен қанағат табатындығымен байланысты. Мұғалім еңбегіндегі субьективті критерийлерге кәсіби – педагогикалық бағыттылық, кәсіптің маңыздылығын , оның құндылығын түсіну, маман иесі ретінде өзіне позитивті көзқарастың болуын жатқызады.

Нәтижелі критерийлер. Мұғалім өз ісіне қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырады.Біреулер нәтиже ретінде оқушылардың білімдерінің стандартқа сай болуын алса, енді біреулер олардың қарым- қабілетін дамытуды алады, ал кейбіреулері оқушылардың өмірге дайындығын басты назарда ұстайды, ал оқыту нәтижесі біз үшін баланың психологиялық функцияларын жетіліп, өзінің педагогикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуге қолдана алуы.

Шығармашылық критерийлер. Мұғалім өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады.Шығармашыл мұғалім үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор. Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі, оны әр мұғалім ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның кезеңдерін төмендегідей етіп бөледі: мұғалімнің өз мамандығына бейімделу кезеңі: мамандықта өзін-өзі өзектендіру кезеңі:мамандықты еркін меңгерген кезең: мамандықта шығармашылық деңгейге жеткен кезең. Осылайша ғалым кәсіби құзыреттіліктің сипаттамасын шебер- мұғалімнің , жаңашыл- мұғалімнің, зерттеуші- мұғалімнің, кәсіби дәрежесіне көтерілген мұғалімдердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады.

Ең бірінші кезекте мұғалімнің « өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек.Қазіргі кәсіптік- педагогикалық қызмет қандай мұғалімді талап етеді. Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді.

Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

  1. Жоғары білімді жетілдіру мәселесі

Жоғары білімді жетілдіру мәселесі де барынша назар аударуды қажет етеді.
Жуырда өткен Білім лидерлерінің Еуразиялық форумында біз әлемнің озық тәжірибесін меңгеріп, уақыт талабына сай дамып келетініміз туралы айтылды. 
Ең бастысы – біз Қазақстанда әлемдік деңгейдегі жоғары білім жүйесін құрдық. 
Атап айтқанда, әлемдік білім беру жүйесіне ену және интернационалдандыру, университеттерге дербестік беру, оларды тәуелсіз аккредиттеу, білім алушылардың, оқытушылардың, білімдер мен инновациялардың халықаралық мобильдігі, «ғылым–білім–инновацияны» тиімді синтездеу, өмір бойы білім алу және т.б. 
Осы мақсатта Елбасының тапсырмасына сәйкес жоғары оқу орындарын оңтайландыру жұмысы басталды. Жылдың соңына дейін заман талабына сай келмейтін 20 жоғары оқу орны, келесі жылы 10 жоғары оқу орны оңтайланады.

Академиялық мобильдікті кеңейту үшін жоғары оқу орындары шетелдік әріптестермен 8 мыңға жуық келісім-шарт жасады. 17 жоғары оқу орны әлемдік рейтингке кіретін жоғары оқу орындарымен шарт жасасқан. Бұл байланысты ғылыми-инновациялық қызметте де дамытуымыз қажет. Жетекші жоғары оқу орындары өз жұмысын Назарбаев Университетінің үлгісінде жүргізіп, білімді, ғылым мен инновацияны біріктіруі қажет.
Бұл университет – әлемдік деңгейдегі оқу орны. Ол өзіне әлемдік практикадағы бар жаңалықты, әлемдегі жетекші жоғары оқу орындары тәжірибелерінің ең жақсысын жинайды.  
Сондықтан да ол көш басында. Тағы бір міндет – жоғары оқу орындарын тәуелсіз аккредиттеу жүйесінің тиімділігін арттыру. Құрамында 2 қазақстандық және 4 шетелдік агенттік бар 
Аккредиттеу агенттіктерінің ұлттық реестрі жасалды. Ол сапаны көтерудің нақты механизміне айналуы тиіс. Жоғары білімдегі жетекші әлемдік трендтердің бірі ағылшын тілін барынша қолданып, осы тілде оқыту болып табылады. 
Бұл – жоғары білімнің академиялық мобильдігі мен әлемдік интеграция ғана емес, сонымен қатар коммерциялық маңыздылық пен елдегі жоғары мектептің бәсекеге қабілеттілігінің негізі.Қазақстандағы жоғары оқу орындарының көп тілге көшуі пилоттық негізде жүзеге аса бастады. Бірінші кезеңде бұл жекелеген жоғары оқу орындарындағы белгілі мамандықтарда жүрсе, уақыт өте келе, бұл әдіс, тәжірибе мен кадрлық резервке қарай кеңейетін болады. Бұл жерде формализм болмау қажет. Мұндай жоғары оқу орындары барлық жоғары мектепті көптілді оқытуға тарту үшін нағыз «лоцмандарға» айналуы тиіс.
Педагогтерді даярлау сапасын арттыру мақсатында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне Еуропа мен АҚШ жоғары оқу орындарымен педагогикалық мамандықтар бойынша бірлескен бағдарлама жасау жұмысын жандандыруды тапсырылды. 
Ол үшін заман талабына сай болып, көштен қалмауымыз қажет. 
Еуразиялық форумда шетелдік ойшылдар қызықты баяндамалар жасады. Біз бұл ойларды да пайдалануымыз тиіс.

Жастардың заман талабына сай терең білімді, кемел азамат, еліміздің патриоты болып қалыптасуы Елбасының үнемі назарында.Жас мамандардың, әсіресе жас отбасылардың әлеуметтік қорғалуы, сондай-ақ олардың ел игілігі жолында аянбай еңбек етуі - отанымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты шарттарының бірі екені даусыз. Сол себепті Елбасы бізге «Мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі» Заңға қазіргі талаптарға сай өзерістер мен толықтырулар енгізуді тапсырды.

Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында жастар саясаты саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. 

Біріншіден, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Ол жастар санатындағы жұмысшы, ауыл жастары, оралмандар, даму мүмкіндігі шектеулі жастар сияқты назардан тыс қалып келген жастарды қолдауға бағытталған.
Екіншіден, Тұжырымдаманы іске асыру үшін жылдың соңына дейін жастар саясаты мәселесі бойынша заңнама өзгеретін болады. Заң жобасында жастарды, оның ішінде жас мамандарды әлеуметтік қолдаудың түбегейлі жаңа шаралары қарастырылған. 
Үшіншіден, Жастар ісі комитеті мен облыстар мен Астана қаласында жастар саясаты басқармаларын құру туралы шешім қабылданды. 
Елбасы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне өңірлік Жастар ісі жөніндегі кеңестерді басқаруды жеке тапсырды. Мұндай шешім аталған Кеңестердің сапалық деңгейін өсіреді. 

Төртіншіден, жастар саясатын сараптамалық-талдаумен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Осыған байланысты Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Жаңа оқу жылының алдында тағы бір жаңалықты айтқым келеді. 
2015 жылдан бастап орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жан басына қаржыландыру әдісі енгізіледі. 

АҚШ-тың, Швецияның, Канаданың, Дания мен басқа да елдердің тәжірибесі бойынша жүргізілген талдау осы тәсілдің тиімділігін көрсетіп отыр. 
Қазіргі уақытта Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орта білімді жан басына қаржыландыру әдісі сынақтан өте бастады. 
ТжКБ саласы бойынша Ақмола және Павлодар облыстарында басталды.  
«Ақша оқушымен бірге жүреді» формуласы негізге алына отырып, қаржыландыру ережесі мен әдістемесі әзірленді. Негізгі мақсат – мектепті дамыту, сапа мен бәсекеге қабілеттілікті үнемі арттырудың нарықтық   процестерін ынталандыру.
Сан сапаға айналады, өйткені оқушының сапалы білім беру қызметін ұсыну арқылы ғана қызығушылығын арттыруға болады. Білім беру қызметіне қол жеткізуді арттыру үшін мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің (МБЖЖ) механизмі әзірленді. 
Бұл жүйе әрбір азаматқа келешекте баланың жоғары оқу орнында, колледжде оқуы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Ол ағымдағы жылдың соңына дейін енгізіле бастайды. 
Қоғамда және жекелеген БАҚ-та МБЖЖ-ның рөлі туралы түсініспеушіліктер бар екенін айта кетейін.   Ешқашан МБЖЖ-ны мемлекеттік грант жүйесіне қарсы қоюға болмайды. Керісінше олар жүйелі түрде дамып, білім алуға қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтеді. 

Жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті болу бізден әлемдегі ең үздік жаңалықтарды енгізуде мобильдікті талап етеді. Алайда, кез келген жаңалықты практикаға енгізу – күрделі процесс. Бұл жолда қиындықтар бар. Олар әсіресе, біздің саламызда көп кездеседі. 
Бір жағынан, пайдалы кеңес пен құнды ұсыныстар беретін азаматтар да баршылық. 
Бұл түсінікті жағдай, өйткені білім беру – әрбір адам мен отбасыға қатысты мәселе.
Сондықтан, білім беру ұйымының әрбір басшысы, әрбір педагог өз жұмысында қоғамдық пікірге де құлақ асуы қажет. Бұл қазіргі уақытта – білім беру жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан жағдайда өте қажет. 

5.Болашаққа көзқарас: педагогикалық білім перспективалары

Таяуда Астана қаласында өткен «Отбасы, мектеп, қоғам – болашақ үшін бірге!» атты тұңғыш Республикалық педагогикалық  форум Қазақстандағы білім саласын жетілдірудің қозғаушы күші болғаны айдан анық.

Форумда қабылданған шешімдер - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  білім саласына көрсетіп отырған  қолдауының айғағы, ұлттық білім жүйесін дамыту мен қалыптастырудағы стратегиялық міндеттерді нақтылау, қолдау.  

Жоғары  білім  басты ұлттық басымдықтардың бірі ретінде жауапты міндет атқарады. «Нақ жоғары білім ғана мәдениет түзуші, интеграциялаушы міндеті арқылы, білімнің сапасы, аумақтығы мен ізгілігі арқылы Қазақстанның өмір сүруін, ұлттық қауіпсіздігі мен гүлденуін қамтамасыз етуі тиіс» деген болатын Елбасы.

Жетісу өңірі білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында: «Тәуелсіз Қазақстанда өркениетке барар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Ұстаздың  мәртебесін көтеру – күн тәртібіндегі бірінші мәселе» деп, білім министрі үлкен міндеттің басын ашты.

Сапалы қоғам саналы адамымен, тәрбиелі жастарымен ғана мықты. Сондықтан болашақта белсенді қоғам мүшесі, елі, жері үшін жанын аямайтын азаматты, яғни бүгінгі жас жеткіншектерді заман талабына сай оқыту, тәрбиелеу мәселелері күрделі міндеттердің алдыңғы қатарынан орын алады. Осыған байланысты бүгінгі таңда  болашақ ұстаз мамандарды даярлау мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Бұл мақсатқа жетудің басты жолы – білім беру барысында студенттердің, әсіресе, ұстаздық мамандықты таңдап келген студенттердің өзінің болашақ кәсібіне деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін қалыптастыру. 

Бүгінгі күні маман мұғалім дайындаудағы педагогикалық процестің басты міндеті - оқыту мен тәрбиелеуге қажетті әртүрлі педагогикалық міндеттерді шеше алатын студенттің жеке тұлғасын кәсіби маман мұғалімге айналдыру. Сондықтан педагогикалық жоғары оқу орындағы оқу-тәрбие, білім беру процесінде жаңа тиімді әдістерді қолданумен шектеліп қана қоймай, пән мұғалімі ретінде студенттерді даярлаудың құрылымы мен мазмұнына өзгеріс енгізу, оқыту мен сабақ берудің технологиялық деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу міндет. Осыған орай  XXI  ғасырда әртүрлі білім беру жүйесінің интеграциясы мен алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелерді үйрену, енгізу күн тіртібінде тұрған өзекті мәселе.

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің дамуында жүріп жатқан инновациялық процестер мұғалім кадрларға қойылатын талаптарды күшейтті, оларға жаңа күрделі міндеттер анықтады.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы өз бетімен білім алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін жаңа оқыту технологияларына көшу талабын алға қойып отыр. Білім сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты.

Қоғамдағы ақпараттану жағдайында оқушының ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілеттілігін қалыптастыруда мүғалімдердің кәсіптік шеберлігінің маңызы зор.

XXI-ші ғасыр қатаң бәсеке ғасыры болғандықтан жалпы білім беру, оқу-тәрбие процесінде жаңа сапалық өзгерістер болғаны абзал, соның ішінде бірінші кезекте, қазақ мектептерінде, өйткені, мектеп – сауатты ұрпақтың ұйытқысы, білім мен ғылымның негізі.

Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: "Болашақта мұғалім мамандығы аса қажет және жоғары ақы төленетін мамандық болады. Әрине, мұғалімнің өзі де уақыт талабына сай болуы керек", - деп атап көрсетті.

Жоғарыда аталған мақсаттарға жетудің жолдары ҚР Білім және ғылым министрі Б.Т.Жұмағұловтың ұсынған бастамаларда айқындалған.       Тұңғыш рет білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында  педагогтың беделін көтеру  мәселесі қойылды.  Бұл мәселелер өз кезегінде барлық деңгейдегі ұстаздардың білімі мен біліктілігін жетілдіру, педагогтардың еңбек ақысын төлеудің жаңа моделін  енгізу арқылы жүзеге асырылады.  2015 жылға педагогтардың жалақысы жекеменшік сектор қызметкерлерінің айлық жалақысына теңестіріледі; педагог беделі мен абыройын көтеруге бағытталған іс-шаралар жүргізу мен жыл сайын  75 мың ұстаздың білімі мен біліктілігін  көтеру жоспарлануда.

Білім беру мен ғылым жүйесіндегі жаңа бастамалар жоғары оқу орындарына кеңінен академиялық еркіндік беруді, яғни 2011 жылы бакалавриат 55%-ға, магистратура – 80%-ға, ал докторантура –95%-ға көтерілді.  Бұған қоса, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін 2011-2015 жылдарға арналған  мемлекеттік бағдарлама дайындалу үстінде.

Жоғары оқу орындарында барлық студенттерге бір жоспар бойынша бір бағдарламамен білім беріледі, бірақ жоғары оқу орнын бітірген соң, әртүрлі дайындық деңгейінен өткен мұғалім болып шығады. Неге? Себебі, студенттер берілген білімді, теорияны әртүрлі деңгейде қабылдап, меңгереді. Оған қоса мектептен әртүрлі дайындық деңгейімен келеді. Бұдан басқа өмір сүру, даму барысында әртүрлі факторлар: биологиялық, әлеуметтік және т.б әсер етеді. Бұдан шығатын қорытынды - көп қырлы білім беру жағдайында тез, әрі жеңіл бейімделіп, сапалы білім алуы үшін әрбір студентке жеке-даралап, қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі өзекті мәселе.

Жаңа адамды қалыптастырудың көпқырлылығы мен күрделілігі қазіргі тәрбие теориясы мен тәжірибесі үшін педагогикалық біліктілікті қажет  етеді. Бұл бір жағынан педагогтың педагогикалық мәдениетінің маңызды компо-ненті болса, екінші жағынан кәсіптік дамуы мен  жетілдірудің алғы шарты.

Педагог үшін ең басты, жоғарғы құндылық – кәсіби шеберлік, оған жетудің жолы, әдіс-тәсілі, құралы.

Біздің еліміздің бәсекелесуге қабілетті 50 мемлекеттің катарына кіру жайында, мемлекеттік құрылысқа, экономикаға, әлеуметтік рухани  өмірге жақындау жолы  шетелдік үлгіге жакындап келеді, сондықган   педагоги-калық   жұмыстардың   халықаралық тәжірибелері үлкен қызығушылық тудырады.

Қазiргi заманғы бiлiм беру - әлеуметтiк құрылымның маңызды элементтерiнiң бiрi. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектептiң бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.

Бастауыш мектептен бастап оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң басты мiндетiмiз.

Бастауыш бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қана қоймай, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Осы жерде мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің алатын орнының ерекшелігін назардан тыс қалдырмау керек.

Қоғамның негiзгi бағытының бірі - бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi - бiлiммен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру, бастауыш сыныптан бастап адамгершiлiк мәдениетi жоғары деңгейдегi оқушылар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырым-дылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Әрине, мұндай жан-жақты әрекет ұстаздың өзінен шығармашылық, еңбекқорлық пен төзімділікті қажет етеді.

Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы барлық негізгі халықаралық  құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл жоғары білім саласындағы жалпыға бірдей адам құқықтары Декларациясы, Балалар құқығы туралы Конвенция, Халықаралық адамдардың экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары Декларациясы, Болон және Лиссабон конвенциялары және басқалар. Осыған орай біздің оқу орнымыздың алдында үлкен келелі міндеттер -  ол аттестация мен халықаралық аккредитациядан өтуге дайындық жұмыстарын жоғары деңгейде, сапалы жауапкершілікпен жүргізу

Жоғары оқу орындарында кәсіби сапалы маман даярлау  өзара байланысты екі мәселені шешумен  анықталады. Оның бірі – әлеуметтік тапсырысқа сай маманды кәсіби деңгейде дайындаудың нәтижесі мен мазмұнының сәйкес болуы, яғни кәсіби-педагогикалық міндет. Бұдан маманның моделін жасау, біліктілік сипатын анықтау келіп шығады.

Екінші міндет – маман дайындаудың соңғы нәтижесін  білім берудің мақсатына сәйкестендіре отырып, педагогикалық-психологиялық жүйені құрастыру. Осы жоғарыда аталған екі міндет бір мезгілде, бірдей шешілсе, маман дайындауда жоғары көрсеткішке қол жеткізуге болады. Мемлекет басшысы 2011 жылы білім беруді дамытудың жаңа кезеңі басталғанын атай отыра, Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру туралы биік мақсат қойды  және мұғалім мамандығының беделі мен абыройын қайтару жайлы зор міндет жүктеді.

Сондықтан болашақ ұстаздарды даярлауда оқу-тәрбие жұмысында пайдаланылатын әртүрлі әдістер мен әдістемелер, оқу-әдістемелік, көмекші оқу құралдары студенттердің кәсіби тұрғыдан бағыт-бағдарының, дидактиканың жүйелілік, бірізділік, тұтастылық принциптері негізінде қалыптасуына мүмкіндік беретіндігін ескере отырып, оқу – тәрбие жұмысының сапасын, тиімділігін арттыру маңызды іс болып табылады.

Әлеуметтік саяси реформалардың әлемдік тәжірибесіне жүгінетін болсақ, мемлекеттің  білім  беру  саясатында  мұғалімдердің  кәсіби  педагогикалық  даярлығын  жетілдіру  проблемасы бірінші  кезектегі  бағытқа ие болған.  Атап  айтқанда, мектеп  бітіруші, оның  білімі  мен  біліктілігінің  дәрежесінің  қандай  болатынын  мұғалімнің  қызметі  айқындайды,  сайып  келгенде,  мемлекеттің  ертеңгі  күні де  соған  байланысты.

Оңтүстің Қазақстан облысы білім қызметкерлерінің тамыз конферен-циясында оңтүстік өңірінде  1 компьютерге 17,2  оқушы, ал ең төменгі көрсеткіш Шымкент қалсында 1 компьютерге 22, 3 оқушыдан келетіндігі, облыс бойынша интернет желісіне қосылу көрсеткішінің төмен екендігі  және  «Алтын белгі» алудан үміткер 1244 оқушының  787-сі (63,2 пайыз) өз білімдерін дәлелдей алған, дегенмен бұл көрсеткіш  былтырғы оқу жылымен салыстырғанда 12 пайызға кемігендігі атап өтілді. Бірақ, бұл мәліметтерге қарма – қарсы 2010-2011 оқу жылында АҚШ, Румыния, Кипр, Ресей, Чехия, Испания және  т.б. мелекеттерде өткен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысқан  32 оқушының 5-уі Алтын,  10-ы Күміс,  12-сі  Қола медальді жеңіп алса, бастауыш сынып оқушылары арасында математика пәнінен өткен республикалық турнирге облыс атынан қатысқан  15 оқушының 10-ы екінші орынды,  5-еуі үшінші орынды жеңіп алғандығы және аталып өтілді. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Соңғы мәліметтер оқушылардың сапалы білімге, ғылыми шығармашылық ізденістерге деген ынта-ықыластарының, құлшыныстарының бар екендігін айқындайды.

Сондықтан ұстаздар қауымының алдында  төмен көрсеткіштер мен қол жеткізген жеңістерді сараптап, талдау жасап, кемшіліктерді жою, болдырмау үшін мақсатты түрде  ізденіс, шығармашылықпен жұмыс жасау міндетері тұр. Осы жерде бүкіл педагогикалық процесті басқарып және оған қатысып отырғандардың бірлескен іс-әрекетін мақсатты түде ұйымдастыру  маңызды.

Педагогикалық мамандықтарға түсетін талапкерлерге  талап күшейтіліп отыр, яғни неғұрым талантты, ұстаз, тәрбиеші, педагог кәсібіне икемді, сол мамандықты ұнататын, жүрек  қалауымен келген талапкер- жастарды қамту міндеттеліп отыр. Осыған орай педагогикалық мамандықтарға мемлекеттік гранттың саны да көбейді. 

Институтта білім алып жатқан суденттердің көпшілігі ауыл жастары болғандықтан олардың әлеуметтік жағдайларына қарай студенттік жатақхана  асхана мәселесі,  бос уақыттарын тиімді және пайдалы мақсатарға жұмсау сияқты көптеген игі іс –шаралар жоспары жасалуда.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім сапасы мен оқушылардың білім деңгейін бағалауға баса назар аударылған. Педагогика ғылымы мен тәжірибесінде бұрыннан қалыптасқан білімді бағалау жүйесінен басқа соңғы кездері ұлттық бірыңғай тстілеу жүйесі енгізілді. Бұл мәселе төңірегінде айтылып, жазылып жүрген пікір, көзқарастар әртүрлі. Дегенмен де, тест әдісімен  білімді бағалау әзірге әлемдік білім беру жүйесінің ажырамас бір бөлігі болып отыр.

Білім министрі Б.Т.Жұмағұлов тест жүйесі  мектеп бітіруші түлектердің білімін бағалаудың жаңа технологиясы, ол үнемі жаңарып, толықтырылып, өңделіп отыратындығын, бұған қоса  ата-аналар, оқушылар мен педагогтар тарапынан айтылған сын-пікір, ұсыныстардың  министрліктің ерекше назарында болатынын қадап айтты.

Тағы бір мәселе: бейімделуге көнбей келе жатқан саланың бірі – жоғары білім беру жүйесі десек артық айтпаймыз. Мемлекеттік оқу орындарының басшылары «мемлекеттік мекемеміз» деп, шіренсе, мемлекеттік емес оқу орындары  «сот тұрғанда қайда барасың?» деп, қыр көрсетеді. Белгілі нәрсе біреу, ол  жеке меншік оқу орнын  сотта жеңіп алу күрделі шаруа. Ал мемлекеттік көпсалалы университеттерде  педагогикалық мамандықтар  «нан сұраған»  баланың кейпін келтіреді, былайша айтқанда,  екінші сортты мамандық іспеттес.  Баяғыда бір оқу министрінің: « Білім мамандықтарына білімі нашар, ойы таяз адамдар барады» - деп, ұрандатқанда жерге кіріп кете жаздағаным әлі есімде...

Сондықтан Елбасының « ұстаздардың абыройын көтерейік, болашақ мұғалімдерді ардақтайық, бірақ, талапты күшейте отырып, халықаралық стандарттарға сай мамандар дайындайық» деген ойларын толық қолдаймын. Бұл талап «Көктен іздегеніміз жерден табылғанмен» пара-пар емес пе?!

Соңғы кезде білім және ғылым министрлігі жоғары жеке меншік  оқу орындарына оң бетбұрыс жасады, мемлекеттік және  мемлекеттік емес оқу орындарына талап та, құрметте бірдей. Осы оң құбылысқа жеке меншік  оқу орындарының басшылары әлі де жеткілікті  мән бермейтін сияқты. Өкінішті-ақ!

Сөз жоқ, жеке меншік жоғары оқу орындарын қысқарту қазіргі  күннің талабы, өзекті мәселе. Бұл шараны аса ұқыптылықпен жүзеге асыру керек. Қазіргі таңда қалыптасқан, жүйеге түскен, өз өрнегі бар мемлекеттік емес оқу орындары жеткілікті. Олар әрі қарай қоғам талабына сай жұмыс істесе, министрлік тарапынан қолдау табатыны сөзсіз.

Келешекте  жоғары білім саласындағы  бәсекелестікті жандандыратын да осы мемлекеттік емес оқу орындары.

Елімізде  табандылықпен  жүзеге  асырылып жатқан ілгерілеу саясаты қоғам өмірінің  барлық  саласына түбегейлі  өзгерістер  енгізді.  Елбасы Н.Назарбаев  қойып  отырған  күрделі  мәселелердің  ішінде  болашақ  ұстаздарды даярлау  мәселесі маңызды  орын  алады.  Педагогикалық  білім  тарихының  түрлі  кезеңдерінде  көрсетілген  мәселелерді шешу мемлекеттің  саяси, экономикалық және әлеуметтік талаптармен  белгіленетіні  анық.  

Сондай биік талаптарға сай жұмыс істей білген, тарихы 1937 жылдан бастау алатын, еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі жоғары білімнің қара шаңырағы - Шымкент педагогикалық оқу орнының араға 18 жыл салып 2011 оқу жылында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты болып қайтадан ашылуы  Елбасының мұғалімнің мәртебесін арттыруға байланысты жасаған үлкен қамқорлығы, Оңтүстікке деген құрметі.

Қайтадан құрылған бұл оқу орнының алдағы басты мақсаттарының бірі - Қазақстандық білімді және мемлекетімізді дамыту үшін алға қойған стратегиялық міндеттерді іске асыруға жан-жақты қолдау көрсету, еліміздің болашағы  жастарға білім және тәрбие беруде аянбай қызмет ету.

Қортынды

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,сғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны – мұғалімдердің басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.

Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында да мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.

Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

























Пайдаланған әдебиеттер

  1. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

  2. А.С. Макаренко. Педагогические сочинения. М., «Педагогика»,1988.

  3. А.С. Макаренко. Психология труда учителя.М., «Просвещение», 1993.

  4. В.И. Андреева. Педагогика творческого саморазвития. Казань. 1996.

  5. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б

  6. Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.

  7. Краткий словарь иностранных слов // под.ред. О.П.Марасанова.М., 1993. 318-б

  8. Советский энциклопедический словарь// М., Издательство «Советская энциклопедия», 1984. 613-б

  9. С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова. А.С. Макаренко. «Толковый словарь русского языка» // М., 2004. 288-б

  10. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 28-б

  11. С.Е. Шишов. Понятие компетенции в контексте проблемы качества образования // «Государство и образование», 2002. 88-б

  12. В.А. Хуторской. Ключевые компетенции как компонент личностноориентированной парадигмы образования. // «Народные образования», №2, 2003. 58-94-б

  13. Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет

  14. К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.10.2024
176
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12