«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ» ТАҚЫРЫБЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу орындарында құқықтық білім негіздерін оқытудың орталық буыны «Адам, қоғам және құқық» курсы болып табылады. Бұл пәнде басты назарды Қазақстан мемелекетінің саяси мәнін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, нығайтудың сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік-мәдени және басқа да проблемаларды белгілі бір заңдылық негізінде шешудің қажеттілігін түсіндіруге назарын аудару қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Исаева Нүргүл Жеңісқызы


Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі


«қазақстан республикасындағы Сайлау құқығы және сайлау жүйесі» тақырыбын мектепте оқыту әдістемесі


Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жариялаған [1]. Бұл конституциялық норма– Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық дамуының ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламасын жариялаған.

Оқу орындарында құқықтық білім негіздерін оқытудың орталық буыны «Адам, қоғам және құқық» курсы болып табылады. Бұл пәнде басты назарды Қазақстан мемелекетінің саяси мәнін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғап, нығайтудың сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік-мәдени және басқа да проблемаларды белгілі бір заңдылық негізінде шешудің қажеттілігін түсіндіруге назарын аудару қажет. «Құқық негіздерін оқыту» процессі оқушы жастардың білімін, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыруда жоғарыдағы құқықтық білім беру оқушыларды тек біліммен қамтамасыз етіп қана коймай, сонымен бірге олардың алған білімін өмірде пайдалануда, басқалардың құқығын қорғауда белсенділік көрсетуіне оқыту керек деп ойлаймын. Оқушылардың білім алуын, танымдық қабілетін арттыру, шығармашылығын қамтамасыз ету өзара тығыз байланысты.

«Барлық iстiң басшысы – бiлiм мен ұғым» – деген екен Жүсiп Баласағұн. Елiмiзде жастардың жоғары бiлiм алуына барлық жағдай жасалынған. Елiмiз бәсекеге қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруге талпыныс жасауда. Осыған сәйкес, барлық орта мектептің оқушыларына білім беру барысында олардың құқықтық сауаттылығын дамыту қажет деп есептеймін. Оның ішінде мектеп оқушыларының «Адам, қоғам және құқық» пәніне ерекше мән беріп, Қазақстан Республикасының 34 бабының 1 тармағына сәйкес әрбір Қазақстандық азаматтар Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға міндетті дей отырып, олардың осы Қазақстан Республикасының Конституциясын білуі тиіс деп санаймын.

Мемлекет болған соң тәрбие керек екендігі сөзсіз. Ұлы Абайға жүгінсек, бұл тезистің дұрыстығына тағы да көз жеткіземіз. Дана бабамыз отыз жетінші сөзінде «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім», - деп тәрбиесіз өмірдің дұрыс болмайтындығын айтады.

Осы жоғарыда айтылғандардың негізінде 9 сыныпта оқытылатын «Адам, қоғам және құқық» пәнінің сабақ жоспарына сай, «Қазақстан Республикасының сайлау құқығы және сайлау жүйесі» тақырыбына сабақ жоспарын құрып, оны практикада жие қолдануды ұсынып отырмын.

Қазыргі таңда азаматтардың құқықтық білімін көтеру үшін, ең алдымен оны мектеп оқушыларынан бастау керек, ал оны мектеп оқушыларының белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында әртүрлі иновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек деп есептеймін.

Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік биліктің бірден - бір бастауы – халық.

Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асыратын болғандықтан, оқушыларға өздерінің құқықтары мен бостандықтарының бір түрі болып табылатын саяси құқықтары мен бостандықтарын түсіндіру арқылы өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға беретіндігі туралы хабар беру және оқушылардың сайлау және сайлау жүйесі тақырыбы бойынша білімдерін тексеру болып табылады.

Тақырыпты оқып үйренуде ұсынылатын әдістер

  • Мен не білемін? әдісі;

  • Анықтама құрастыру әдісі;

  • Дөңгелек стол әдісі;

  • Терминдер мен анықтамалар әдісі;

  • Көбейту кестесі әдісі;

  • Сұхбат.

Сабақ басталар алдында сынып оқушыларын 4 топқа бөліп, олар өз топтарының атын белгілеп, өз жетекшілерін сайлап алады. Ойынға негізінен төрт топ қатысады.

Сайлау және сайлау жүйесіне тақырыбы бойынша сабақты өтпес бұрын жалпы оқушылардың Қазақстан Республикасындағы азаматтардың сайлау құқықтары мен бостандықтары бойынша қысқаша шолу ретінде бірінші әдіс «Мен не білемін?». Бұл әдісте Қазақстанда қандай лауазымдарға сайланатын оқушылардың естеріне түсіру отырып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлаудың тәртібі мен ерекшеліктерін талдау. Олардың билік тармақтарына жататындығын анықтау.

Екінші әдіс: «Анықтама құрастыру» 4 конвертке әр сөзі қиылған сайлау принциптерінің түрлері салынған. Әр топ жетекшілері барып конвертті алады. Ережені құрастыру уақыты 3 минут.

  1. конвертте. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы конвертте.

2- конвертте. Тең сайлау құқығы - сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. 

3- конвертте. Төте сайлау құқығы - Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды.

4- конвертте. Жасырын дауыс беру - Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мүмкiндiгiне жол берiлмейдi [2]. 

Үшінші әдіс: Дөңгелек стол. Бұл әдісте әрбір топтан бір оқушы шығып, Қазақстандағы саяси партиялардың бірін таңдау арқылы өздерінің бағдардамаларымен таныстырып, сайлау алдындағы үгіт жұмыстарына байланысты өз пікірлерімен, халық сұрақтарына жауап береді.

Мысалы: бірінші топ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы болып шығады да, өз бағдарламасымен таныстырып, өздерінің сайлау барысында атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат береді.

Төртінші әдіс: Терминдер мен анықтамалар. Бұл әдісте жұптаса отырып, анықтамасына сәйкес келетін терминдерді салыстырыңдар [3]. Төменде мысал келтірілген:

Термин

Анықтама

Референдум

Бүкіл халықтық дауыс беру

Пропорционалды

Тепе-тең сайлау жүйесі

Бесінші әдіс: Көбейту кестесі. Бұл әдісте әрбір топтың қолына төменде белгіленген кесте беріледі, сол кестеде берілген сандарды көбейту арқылы, әр саннан әріптер шығады, шыққан әріптерді біріктіру арқылы сіздерге сұрақ қойылады. Берілген сұрақты топ оқушыларының біреуі шығып шыққан сұраққа толық жауап беруі керек. Уақыты 10 минут.


1

5

7

9

11

13

2

Р

Б

З

І

М

Ш

4

Ы

К

Е

Н

Ғ

И

6

Ң

Л

У

С

Т

А

14,78,6,

26,4,44,78,2,42,26,4

22,28,22,30,28,20,28,66,66,18,20

10,52,30,18,20

66,42,2,78,30,4,66,18

54,78,52,30,78,42

36,28

10,18,32,28,63,18,14?

Кілт сөзі: Заң шығарушы мемлекеттік билікті сайлау туралы не білесіз?

Алтыншы әдіс: Сұхбат. Бұл әдісті оқушыларға үй тапсырмасын беру барысында пайдаланған жөн.

Үй тапсырмасы

Сұхбат

Оқушыларға өздерінің ата-анасы мен туыстарына төмендегі сұрақтарды қоюды ұсыныңыздар.

1. Кеңес дәуірінде «сайлау» деген сөз қалай түсіндіріледі?

2. Қазіргі жақсы ел азаматтарынан не күтуге болады деп есептейсіз?

3. Өзінді белсенді азамат ретінде сезіну үшін қандай сайлау түрінің болғанын қалар едің?

4. Осы түсініктер оқушыларға қалай жеткізіледі?

5. Ертедегіге қарағанда, қазіргі қоғамда сайлау құқығы және сайлау жүйесіне қатысты заңдар, ережеелер жөнінде көп немесе аз білуі қажет пе?

Оқушылар осыларды сыныпта талдауға дайын болуы тиіс.

Осы қолданылған әдіс-тәсілдер мектеп оқушыларына тигізер әсері мол. Себебі, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген саяси құқықтарына, оның ішінде, сайлау құқықтары мен бостандықтарына талдау жасалып, ондағы кездесетін өзекті мәселелерге тоқталып, оны шешу жолдарын табу, мектеп оқушыларының тақырыпты терең меңгеруін, алған білімдерін пысықтау мен сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін үлесі зор деп есептеймін.

Сонда ғана елiмiздегi бiлiм жағдайы қарқынды түрде жақсармақ. Ғабит Мүсiрепов: «артыңнан ерген өскелең ұрпаққа жақсылық жасаудан басқа қандай рахат, қандай ләззат бар?!» деген екен. Жастардың жағдайын ойлау – елiмiздiң болашағын ойлау.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж 30 тамыз. (1998 ж 7 қазандағы, 2007 ж 21 мамырдағы енгізілген өзгертулер мен толықтырулар негізінде) Алматы, 2008,

2. Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.

3. Игенбаева Б.Қ. Жалпы орта білім беретін мектептердің жоғарғы сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал \\ Алматы, 2003.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
06.02.2019
1184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі