Материалдар / Қазақстан Республикасының ата-заңы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан Республикасының ата-заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміз тәуелсіздігін алған тұста Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын. Сол кездерде қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан реформалар үшін бұл Конституция жеткілікті мөлшерде жауап бере алмады. Дүниежүзілік кеңістікте өз орнын табуға талпынған жаңа тәуелсіз мемлекет табысты түрде алға қарай жылжу үшін ескі құқықтық жүйенің заман талабына сай келетін жаңа негіздермен ауыстырылуын қажет етті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2021
377
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын. Сол кездерде қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан реформалар үшін бұл Конституция жеткілікті мөлшерде жауап бере алмады. Дүниежүзілік кеңістікте өз орнын табуға талпынған жаңа тәуелсіз мемлекет табысты түрде алға қарай жылжу үшін ескі құқықтық жүйенің заман талабына сай келетін жаңа негіздермен ауыстырылуын қажет етті.

Қазақстанның алғашқы Конституциясын дайындап, талқылау кезінде еліміздің мемлекеттік-саяси құрылымының негізін қалайтын қағидаттарға байланысты саяси пікірталастар болды. Өтпелі кезеңді басынан өткеріп отырған елдің трансформациясының тез әрі ауыр өтуі жағдайды қиындата түскен еді.

Конституциялық комиссия дайындаған Конституция жобасы Жоғарғы Кеңестің депутаттары тарапынан бірнеше күн бойынша жұртшылықтың алдында (талқылаулар теледидар арқылы бүкіл елге көрсетілді) талқыланғаннан кейін 1992 жылы 2 маусымда бірінші оқылымында қабылданды. Бір аптадан кейін жоба халықтың талқылауы үшін республикалық және облыстық газеттерде жарияланды. Конституция жобасын бүкілхалықтық талқылау 1992 жылдың желтоқсанына дейін жалғасты. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жеке дауыс беру жолы арқылы көпшіліктің даусымен Қазақстан республикасының алғашқы Ата Заңын қыбалдады (1 адам қалыс қалды, 2 адам қарсы дауыс берді).

1993 жылғы Конституция Қазақ КСР-ның демократиялық өркениетті мемлекетке көшуінің қажет екендігін көрсетті. 1993 Конституция ұлттық-мемлекеттік тәуелсіздікті құрудың негізін қалап қана қойған жоқ, сонымен қатар мемлекеттік-басқару жүйесінің құрылымдық реформаларының бастауы болды.

Конституция төрт бөлім, 21 тарау, 131 бап пен өтпелі кезең ережелерінен тұрды. Бұл құжатта конституциялық құрылымның негіздері бекітілді. Қазақстан Республикасы — барлық азаматтарының құқықтық теңдігін қамтамасыз ететін демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет деп танылды. Халықтың атынан билік жүргізу құқығы өздерінің конституциялық өкілеттігі шегінде Жоғарғы Кеңес пен Президентке берілді.

Бұл Конституцияда он екінші шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің өз өкілеттілігін сайланған мерзімі аяқталғанға дейін атқаратыны бекітілді.

1993 жылғы Конституция Президенттің позициясын айтарлықтай күшейтті. Бұл құжаттың қабылдануымен Президент тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар елдің атқарушы билігінің бірыңғай жүйесінің басшысы болды. Конституцияда Қазақ КСР-ның заңнамасына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президенті мен Вице-Президентінің өз өкілеттіктерін кезекті президент сайлауына дейін сақтайтындықтары ерекше көрсетілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясының президент лауазымына қатарынан ең көп екі мәрте сайлана алатыны туралы ережесі Қазақстан республикасының Президенті үшін-де күшінде болды. Президент Жоғарғы Кеңестің келісімін алып барып қана Премьер-Министр лауазымын және басқа мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғаларын бекітіп, қабылданатын заңдарға қол қоя алатын еді.

Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті бұл Констиитуция күшіне енгеннен кейін өз өкілеттіктерін сақтап қалды: жаңа кабинет құрамын құру өкілеттігі-де сақталды. Министрлер кабинеті Республика Үкіметі деп танылып, мемлекеттік басқару мәселелерін шешу құқығына ие болды. Үкімет Қазақстан Республикасының Президенті мен Жоғарғы Кеңесінің алдында жауап берді. Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасы Президентіне берген

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!