Материалдар / Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін білу үшін қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қазан 2020
387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы Алатау ауданы

182 ЖББМ тарих пәні мұғалімі

Шүлембаева Д. М.







Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері.

(Ашық тәрбие сағаты).

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері.

Сабақтың мақсаты:Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері: елтаңба, ту,әнұран туралы білімін қалыптастыру.Әр элементті көре білуге есте сақтауға үйрету.

Көрнекіліктер:Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері немесе суреттері,Қазақстан республикасының картасы.

Қазақстан Республикасының мелекеттік әнұраны орындалады

1-ші жүргізуші; Құрметті кеш қонақтары сіздерді бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға шақырамыз! ӘР мемлекеттің елтаңбасы, туы, әнұраны бар.Сол сияқты біздің мемлекетіміздің де әнұран, елтаңба,туы бекітілген.

2-ші жүргізуші:

Құрметті халайық, бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ ата-бабалар аманаты болған Алтайдан Атырауға созылып жатқан кең-байтақ, ұлан-ғайыр жерімізде қазақ сияқты мықты халықтың бар екенін бекіту үшін тәуелсіздік белгілерін есте ұстауымыз қажет.

1-ші жүргізуші:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранының мағынасына үлкен терең мән беріп қарасақ, қазақ халқының аңсаған армандары мен болашақтағы асқақ арманы бейнеленеді.

Қазақстан байрағы;

Зеңгір аспан көгілдір

Алтын күні төрінде

Тамылжытып көріп тұр

Шаттық сыйлар көңілге

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы

Тұрса күндей төгіп тұр

Жылдарымыз жайдары

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт бетінде

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты

Оқушылар хормен «Елім менің»-атты әнін орындайды.

2-ші жүргізуші:

Елтаңбасы елімнің

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Құт береке шаңырақ

Орын алған ол төрден

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім-Елтаңбам

2-ші оқушы:

Туымыздың түсі көк, шапағын шашқан күн бейнесі және қалықтап келе жатқан қыранның бейнесі бейнеленген.Ұшқан қыран бейнесі бейбітшілік аспанында қалықтаған қазақ халқының еркіндігі мен тәуелсіздігін бейнелейді. Шапағын шашқан күн бейнесі қазақ даласында әрқашанда бейбітшілік болсын деген жақсы тілекпен туындаған ниет деп айтсақ болады. Тудың түсінің көгілдір болу себебі, аспанымыз ашық ,бейбіт өмір сүрсін деген оймен ту түсі көгілдір болды. Елтаңба авторы: Шәкен Ниязбеков.Қ Р президенті Н Ә Назарбаевтың 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы туралы және «Қазақстан республикасының мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды.

3-ші оқушы:

Қазақстан Республикасы президентінің 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заң күші бар жарлығымен бекітілген.

Көңіл толқыны күйі ойнап тұрады.

4-ші оқушы;

Ту ағаш сабына бекітілген. Бекітілген тұсы ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ түсірілген.Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы1:2.

6-шы оқушы:

Мен қазақпын мың өліп мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен

Жылағанда жүрегім күн тұтылып

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген

Мен-қазақпын биікпін байтақ елмін

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

Оқушылар тобы «Көк тудың желбірегені», -атты әнді орындайды.

1-ші жүргізуші: Енді қазақ халқының тәуелсіздігін айдай әлемге паш етіп тұрған елтаңбамызға келсек егеменді еліміздің елтаңбасы 1992 жылы 24 қаңтарда ресми түрде бекітілген. Оның авторлары –белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот Аман Уәлиханов.

7-ші оқушы: Шаңырақ, күн сәулесі,қанаты бар арғымақ,( пырақ),аттар, бес бұрышты жұлдыздар, ал төменгі жағында жазу (Қазақстан деген) бар.

Шаңырақ-елдігіміздің нышаны.Шаңырақ-киіз үйдің күмбезі немесе элементі болып саналатындықтан қазақ халқы үшін өте киелі болып саналған. Қанаты бар арғымақ әфсаналық қиял ғажайып ойдан алынған киеліліктің белгісі. Тұлпар-даланың дүлділі, қиял-ғажайып бейнесі, ер азаматтың тұлпары немесе қанаты.

8-ші оқушы:

Қалқаман Сарин. «Желтоқсан алаңындағы жыр».

Ұжшанымды ұлтан етпек табанға.

Қарғыс айтып қан соқталы зауалға

Айналып жүр қазақтың кең аспанын

Ұлы ерліктің сыймас жыры қағазға,

Ей намыстың найзағайдай ұлдары

Қызыл тілін қылыш еткен қыздары.

Қанды тарих қалшиып тұр мәңгіге.

Жанарында-Желтоқсанның ызғары-деп жырлағандай тәуелсіздіктің айғағы болған Желтоқсан оқиғасында әнұранымыз шырқала берсін.

9-шы оқушы


Мақтансаң мақтан елім деп.

Тани біл елдік таңбаңды

Елтаңба, туың ,Әнұран

Тәуелсіздікке тән белгі,

Қасиетті осы рәміздер

Еліме рух мән берді.

2-ші жүргізуші: Құрметті кеш қонақтары! Сіздерге алғысымызды айта отырып тәрбие сағатымызды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер!















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!