Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекші мұғалімдерге көмегі тиеді деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Новоишим қазақ орта мектебі

«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН»

Мектеп директоры: ­­­­­­ ТІО: Б.К.Амиржанова

Сүйесінова С.Т.­­ ____________________

____________ «___»_______________









«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ» ЭРУДИТ ОЙЫНЫ









Дайындаған:

Аға тәлімгер: Еслям Эльмира Гумаровна













2020-2021 оқу жылы

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.
Мақсаты:
• Танымдық ой - өрісін, қызығушылығын дамыту.
• Ел тарихын тани білуге құрметтеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, видеоролик

Өтілу барысы
Жүргізуші: Құрметті оқушылар бүгінгі өткізгелі отырған іс-шарамыз «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты эрудит ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі ойын қазақ елінің рәміздерін ұлықтауға арналған ойын.
Бүгінгі сайыс 4 айналымнан тұрады. Олар:
1 – айналым: «Сіз білесіз бе?»
2 – айналым: Топ басшылар сайысы.
3 – айналым: «Адасқан әріптер».
4 – айналым: «Сөз шығару».
Жүргізуші: Сайысқа қатысушылармен таныс болайық.
І топ -5 «А»-сынып оқушылары. (Сөз кезегі сіздерге).
1.Топтың аты-

2.Топ басшысы-
3. Топ мүшелері:

ІІ топ -5 «Ә»-сынып оқушылары. (Сөз кезегі сіздерге).

1.Топтың аты-

2.Топ басшысы-

3.Топ мүшелері:
Жүргізуші: Эрудит ойынымызды бастаймыз. 1 -айналым. «Сіз білесіз бе?». Бұл айналымда рәміздерге байланысты сұрақтар қойылады. Сұрақтарға нақты жауап бересіздер.
Сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
Ту, Елтаңба, Гимн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі?
Көк, сары.
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты?
Екі рет.
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі.
Жұлдыз.
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай?
ұзындығы-2 метр, ені-1 метр.
6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл.
1992 жыл.
7. Мемлекеттік рәміздер күні.
4-маусым.
8. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс.
Қыран бүркіт.
9. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар.
Қанатты пырақ.
10. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды?
Ел Президентін ұлықтау рәсімінде.
Жүргізуші: Келесі кезекте 2 – айналым. Топ басшыларының сайысы. Бұл бөлімде топ басшыларына тапсырма беріледі. Тапсырма мынадай:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет - тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)
2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)
3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?

( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)
4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?

( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)
Жүргізуші: Әрі қарай 3– айналым. «Адасқан әріптер». .Берілген әріптер бойынша мен айтқан мақал-мәтелдерден қандай сөздер шығаруға болатын табу. Қанша сөз тапсаңдар, сонша ұпай жинайсыңдар.
О Л Ы Б А С А Р
1. Нанды баспа обал болады
2. Бала тілі бал
3. Ақыл жастан, Асыл тастан
4. Бері тарса өгіз өледі
Әрі тартса арба сынады
5. Көмекке келу асар салу
6. Өзін - өзі тану пәні сабағының авторы: Сара Назарбаева.
А
Р А Ж Т Қ Ы Л
1. Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
2. Ескі жара аузын тырнады
3. Біреуге жала жаппа
4. Үлкен кісі немесе атаны кім дейді қарт
5. Көмірдің түсі қара
6. Астана әсем қала

Соңғы айналым 4 – айналым. «Сөз шығару» ойыны. Екі топқа ұзын сөздер беріледі. 2 минутта қысқа сөздер шығару керек.
Жүргізуші: бүгінгі эрудит ойынымыз өз мәресіне жетті.. Ойын қорытындысы бойынша.

СЫНЫП

1

2

3

4

5

ҰПАЙ САНЫ

ОРЫН

1

5 «А»








2

5 «Ә»










Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін. Келесі кездескенше, сау-саламат болыңдар!

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2020
422
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі