Қазақстан Республикасының наградалары

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан Республикасының наградалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады. Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының наградалары»

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларды Қазақстан Республикасының наградаларын таныстыра отырып, тәрбиелік мәнін ұғындыру

Дамыту: Есте сақтау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:  Адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың  түрі:    Ашық сабақ

Сабақтың көрнекілігі:    слайд, плакат,фламастер, бейнеролик

Пәнаралық байланыс:  Тарих , әдебиет

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.  

1)Оқушыларды  түгендеу

                                            2) Назарларын сабаққа аудару

                                            3) Оқушыларды сабақ мақсатымең таныстыру


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.  Қазақстан Республикасының наградалары   


 Қазақстан Республикасының азаматтары жемiстi мемлекеттiк, қоғамдық, шығармашылық қызметi, еңбектегi және жауынгерлiк ерлiктерi үшiн, олардың Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде мемлекеттiк наградалармен наградталады.  Мемлекеттiк наградалармен наградтауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.


Ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiлерi - "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да ордендерi, медальдары, құрметтi атақтары және Құрмет грамотасы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары болып табылады. 


Қазақстан Республикасы мемлекеттiк наградаларының атаулары мемлекеттiк тiлде белгiленедi. 
     

Мемлекеттiк наградалардың сипаттамасын, "Алтын Қыран" орденi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" кiтапшаларының, орден кiтапшаларының, медальдарға куәлiктердiң және құрметтi атақтар берiлгенi туралы куәлiктердiң үлгiлерiн, мемлекеттiк наградаларға ұсыну және оларды тапсыру тәртiбiн, басқа да құжаттар мен ережелердi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi


Ең жоғарғы дәрежелi ерекшелiк белгiлерi:

«Алтын Қыран» (Золотой Орел) орденi Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелi ерекшелiк белгiсi болып табылады.  "Алтын Қыран" орденiмен азаматтар Қазақстан Республикасына сiңiрген мемлекеттiк ерекше еңбегi үшiн наградталады. «Халық қаhарманы» (Народный герой) атағы Қазақстан Республикасына сiңiрген аса үздiк еңбегi, оның бостандығы мен тәуелсiздiгi жолындағы жауынгерлiк ерлiктерi үшiн берiледi. 
      "Халық қаhарманы" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелiк белгiсi - Алтын жұлдыз және "Отан ордені" тапсырылады.

"Қазақстанның Еңбек Ері" атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. 
"Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз жөне "Отан" ордені тапсырылады. 


Қазақстан республикасының ордендерi мыналар: 
      - "Отан"(Отечество) 
      - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" (Первый Президент Республики Казахстан — Лидер Нации Нурсултан Назарбаев)" 
      - "Барыс" (Барс) 
      - "Даңқ" (Слава) 
      - "Айбын" (Доблесть) 
      - "Парасат" (Благородство) 
      - "Достық" (Дружба) 
      - "Құрмет" (Почет)
      - «Еңбек Даңқы» (Трудовая Слава).


«Отан» орденiмен азаматтар: 
      - мемлекеттiк және қоғамдық қызметтегi; 
      - экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi дамытудағы; 
      - мемлекеттiк, құқық қорғау және әскери қызметтегi, демократия мен әлеуметтiк прогрестi дамытудағы айрықша еңбегi үшiн наградталады.

 "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен Қазақстан Республикасының қалыптасуына, көркеюіне және даңқын шығаруға жәрдемдескен, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі айрықша еңбегі үшін Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады. 


«Барыс» орденімен наградтау: 
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттігі мен егемендігін нығайту ісіндегі; 
      - бейбітшілікті, қоғамның топтасуы мен Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етудегі; 
      - мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі; 
      - халықтар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы, ұлттық мәдениеттерді жақындастыру мен оларды өзара байытудағы, мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтудағы айрықша еңбегі үшін жүргізіледі. 
     


«Барыс» ордені үш дәрежеден тұрады: 
      - I дәрежелі "Барыс"; 
      - II дәрежелі "Барыс"; 
      - III дәрежелі "Барыс". 
      I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау III дәреже, II дәреже, I дәреже ретімен жүргізіледі. 
      Ерекше жағдайларда айрықша көзге түскені үшін Мемлекет басшысының шешімімен наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін. 


"Даңқ" орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың жоғары офицерлік құрамдағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері:
      - әскерлерге басшылық жасау және оларды басқару ісіндегі табыстары, әскерлердің жоғары жауынгерлік даярлығы және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз еткені үшін; 
      - әскери, шекаралық және ішкі қызметті үздік ұйымдастырғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз еткені, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауды нығайтқаны үшін наградталады. 
     

«Даңқ» ордені екі дәрежеден тұрады: 
      - I дәрежелі "Даңқ"; 
      - II дәрежелі "Даңқ". 


«Айбын» орденімен Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және әскери құрамалардың әскери қызметшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдарының қызметкерлері: 
      - жауынгерлік әзірлікте, әскерлерді жоғары жауынгерлік даярлықта ұстауда және жаңа әскери техниканы игеруде, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде қол жеткізген табыстары үшін; 
      - әскери және қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғау кезінде жасаған ерлігі үшін наградталады. 
      «Айбын» ордені үш дәрежеден тұрады: 
      - I дәрежелі "Айбын"; 
      - II дәрежелі "Айбын"; 
      - III дәрежелі "Айбын". 
      I және II дәрежелі "Айбын" ордендерімен офицерлердің кіші және аға құрамдарындағы адамдар наградталады. 
      I дәреже орденнің жоғары дәрежесі болып табылады. Наградтау: II дәреже және I дәреже ретімен жүргізіледі. 
      III дәрежелі "Айбын" орденімен сарбаздар, матростар, сержанттар, старшиналар наградталады. 


«Парасат» орденiмен ғылым мен мәдениет, әдебиет    пен өнер қайраткерлерi, 

мемлекет және қоғам қайраткерлерi, сондай ақ Республиканың рухани және интеллектуалдық әлеуетiн дамыту мен молайтуға зор жеке үлес қосқан не адам құқықтарын және оның әлеуметтiк мүдделерiн қорғау жөнiндегi белсендi қызметi үшiн азаматтар наградталады.


«Достық» орденiмен азаматтар қоғамда өзара татулықты сақтау жөнiндегi жемiстi жұмысы, халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн наградталады. 
      "Достық" ордені екі дәрежеден тұрады: 
      - I дәрежелі "Достық"; 
      - II дәрежелі "Достық". 
      Наградтау реттілік ескерілмей жүргізілуі мүмкін. 

    

 «Құрмет» орденiмен азаматтар экономиканы, әлеуметтiк саланы, ғылым мен мәдениеттi, бiлiм беру iсiн дамытуға сiңiрген еңбегi, мемлекеттiк органдардағы мiнсiз қызметi және белсендi қоғамдық қызметi үшiн наградталады.

      

«Еңбек Даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы 

және материалдық өндірістің басқа да салаларының жұмысшылары мен еңбеккерлері бір кәсіпорындағы, мекемедегі, ұйымдағы жемісті ұзақ жылғы еңбегі, 

сондай-ақ еңбек өнімділігін көтеруге және өнімнің сапасын жақсартуға, ұлттық 

экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін наградталады.
      «Еңбек Даңқы» ордені үш дәрежеден тұрады:
      I дәрежелі «Еңбек Даңқы»;
      II дәрежелі «Еңбек Даңқы»;
      III дәрежелі «Еңбек Даңқы».

 

Қазақстан Республикасының медальдары мыналар: 
      - "Ерлiгi үшiн" (За мужество) 
      - "Жауынгерлiк ерлiгi үшiн" (За воинскую доблесть) 
      - "Ерен еңбегi үшiн" (За трудовое отличие) 
      - "Шапағат" (Милосердие).

Қазақстан Республикасында мынадай құрметті атақтар белгіленеді:
      "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" (Заслуженный деятель Казахстана);
      "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" (Летчик-космонавт Казахстана).
      "Қазақстанның ғарышкер - ұшқышы" құрметті атағына ие болған 

адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар.


ІV.Сабақты бекіту:

Қазақстан Республикасының қандай наградаларын білесіндер?

Наградаларды қандай кезде береді?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі