Материалдар / Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экологиялық мәселелері”

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экологиялық мәселелері”

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл презентацияда Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі экологиялық мәселелері жайында көптеген пайдалы мағлұматтар берілді. Оқырман қауымына пайдасы тиері анық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2024
118
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ


ПРЕЗЕНТАЦИЯ
”Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі
экологиялық мәселелері”




Орындаған: Исмаил А.А
Тобы: 1703-51
Қабылдаған: Маметова А.З

Шымкент,2023






Жоспар


I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Қазақстан Республикасының


экологиясына қысқаша шолу.
2.2 Қазақстандағы басты
экологиялық мәселелер.
2.3 Экологиялық мәселелерді шешу
жолдары.
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі





Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі.Ғылым мен техниканың дамуына
байланысты әлем кеңістігінде экологиялық проблемалар қалыптасты. Адам, қоғам,
табиғат арасындағы қарым-қатынастардың өзгеруі, табиғат тепе-теңдігінің өзгеруі
айналадағы ортаның ластануы мен антропогендік ландшафттардың қалыптасуына әсер
етеді. Табиғатқа, табиғат ресурстарына деген шектен тыс тұтынушылық қоршаған ортаға
үлкен зиян келтіріп, оның зардаптары тірі организмдерге, адамдарға әсер етуде. Осының
салдарынан жер бетінде қышқыл жаңбырлар, топырақ эрозиясы, қатерлі аурулар мен
озон қабатының жұқаруы т.б. қауіпті зардаптардың деңгейі артып экологиялық
проблемалар туындауда. Экологиялық проблема ғаламдық проблемалардың бірі. Себебі,
экологиялық проблеманың алдын-алу тек бір мемлекеттің ғана мүддесі емес, бүкіл планета
халықтарының басты мақсаты болуы тиіс.






Мақсаты: Қазақстан
Республикасындағы
экологиялық мәселелер,
экологиялық апат аймақтары,
және әртүрлі ластану
зардаптары туралы түсінік
беру. Еліміздегі экологиялық
проблемалар туралы білімді
қалыптастырып, алдын-алу
шараларын ұйымдастыру.










Міндеті: Қазақстан
Республикасындағы қоршаған
ортаның экологиялық
проблемаларын айқындау; - табиғат
ресурстары, оны тиімді пайдалану
және қорғаудың ғылыми-теориялық
негіздерін, адам, қоғам, табиғат
арасындағы өзара байланыстарды
реттеу, табиғат тепе-теңдігінің сақтау
заңдылықтары жөнінде білімдер беру.

Қазақстан Республикасының экологиясына қысқаша шолу
Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттер секілді ғылым мен техника, өнеркәсіптің дамуына байланысты экологиялық
проблемалар қалыптасты. Қазақстанның құрғақ климаттық белдеуде орналасуы, жер асты және үсті байлықтарын шектен тыс
пайдалану, орман ресурстары жер көлемінің азаюы, шөлді аймақтарды игеру, зауыт-фабрика, полигондарды пайдалану
еліміздегі экологиялық проблемалардың, Арал теңізі, Семей полигоны секілді апат аймақтардың пайда болуына әсер етті.


Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы барлық мемлекеттік билік құрылымдары (Президент, парламент, үкімет, саяси
партиялар, қоғамдық ұйымдар) табиғатты қорғау саласындағы қызметтік міндеттерін сапалы әрі пәрменді орындауға
бұрынғыдан да бетер мүдделі болып отыр. Себебі, әлемдік «экологиялық апат ошағы» ретінде танылған:
– жер бетінен жойылуы қаупі төніп тұрған Арал теңізінің;
– деңгейі белсенді түрде төмендеп бара жатқан Балқаш көлінің;
– атом бомбасы мен «қанатты зымрандар» сыналған және сыналып келе жатқан Семей мен Азғыр, Сарышаған
полигондарының;
– қоршаған ортаға, жалпы фауна мен флораға, адамдарға тікелей зардабын тигізіп отырған Байқоңыр космодромының –
Қазақстан аймағында орналасуы – біздің еліміздің азаматтарын ғана емес, әлем жұртшылығын да алаңдатып отырғаны жақсы
мәлім.




Қазақстандағы басты экологиялық мәселелер
Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйым Арал
теңізінің құрғап қалуын ХХ ғасырдағы ең ірі
антропогендік экологиялық дағдарыстардың
бірі деп атайды. Теңіздің жоғалуы Арал
маңының өсімдік, жануарлар дүниесіне,


ландшафты мен климатына жүйелі түрде теріс
әсерін тигізді. Теңізден 100 шақырымдық радиус
аумақта жазда бұрынғыдан гөрі қатты ыстық әрі
құрғақ, ал қыста өте суық әрі ұзақ болады.
Жауын-шашынның түсуі де бірнеше есе
қысқарды. Жан-жануарлардың 173 түрінің не
бәрі 38-і қалды.

Бүгін Қазақстан ғалымдары тағы бір
экологиялық апат қаупін болжамдайды.
Олардың айтуынша, Балқаш көлінің құрғап
кету қаупі бар. Балқаш көлемі бойынша
Орталық Азияда төртінші көл болып
табылады. Көлдің 3 миллион жергілікті
халқының тұрмысы және аймақтағы
экономикасы үшін орасан зор мәні
бар.Балқаш көлі құрғап кетсе, климат
өзгереді. Аймақ шөлге айналып, экологиялық
апат орын алады.Балқаш құрғап кетсе,
жергілікті халық көше бастап,сол кезде
жаппай эмиграция басталау қаупі бар.








өнеркәсіп өнімдерін
сақтайтын қоймалар

Қазіргі кезде жер асты суларын одан әрі кең
пайдалану жүзеге асырылуда. Сонымен бірге
ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты
сулары да сарқынды,шайынды сулармен және
еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Негізгі ластаушы көздері мыналар:




химиялық заттар және
тыңайтқыштар

жер асты суымен
жалғанатын құбырлар










тұрмыстық қалдықтар




Радиоэкологиялық мәселелер
Ғарыштық аппараттарды ұшыратын ғарыш
айлағының бірі – «Байқоңыр». «Байқоңыр» ғарыш
айлағы Қазақстан Республикасының оңтүстікбатыс бөлігінде, Қызыл-орда облысының


территория-сында орналасқан,
жалпы көлемі 6,7
мың км2 жерді алып жатыр.Ғарыш ұшу
апараттарының қоршаған ортаға басты зиянды
әсері ауа ағынын күшейтумен шектеліп қоймайды,
түріне қарай салмағы 3,2 тоннадан-16,2 тоннаға
дейін болатын зымырандардың жағар және


жаңармай қалдықтары құрамында химиялық
токсинді қосылыстардың болуында.
Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі
Алғашқы атомдық жарылыс дауысы
1949 жылы тамыздың


29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. Семей ядролық полигоны
ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты
ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде
атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен
мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек
Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын
жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар,
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары
және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті
ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы
көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап
шекті.

Шымкент — Қазақстандағы қала,
Оңтүстік Қазақстан облысының
орталығы.Шымкент Қазақстанның негізгі
өнеркәсіп, сауда және мәдени
орталықтарының бірі болып табылады.
Соңғы жылдары «Фосфор» ШӨБ- не
жақын жатқан 46 гектар бау- бақша
құрғап кеткен. Ағаш жапырақтардың
құрамында фосфор мөлшерінің
көптігінен жібек құрты олармен
қоректене алмайды. Сонымен қатар
жайылымдық жерлер де қатты ластанған.
Мұндағы мал жаңбыр жаумаса амалсыз
фосфорлы шөпті жейді. Ал бұл Уланған
және сапасыз еттің пайда болуына
әкеліп, халықтың денсаулығына кері әсер
етіп отыр. Шымкент Қорғасын зауытының
аумағы мен оның өндіріс қалдықтары
ластанудың негізгі көзі болып отыр.

Экологиялық мәселелерді шешу жолдары
Дүниежүзіндегі экологиялық проблемалардың барлығы жаһандық сипатқа ие. Бірде-бір ел оларды жеке өзі
шеше алмайды. Зерттеушілер туындаған мәселелерді шешу жолдарын зерттеп, ұсынады. Бірақ олардың
толықтай орындалуына кедергі болатын факторлар бар. Оларды жүзеге асыру үшін практикалық қадамдар
жасалуда: 1. Атмосфераны жақсарту

өнеркәсіптік өндіріс қалдықтарын азайту арқылы мүмкін болады. Газ
қалдықтарын тазартудың қуатты жүйелері бар. Жаңа кәсіпорындар оларсыз жобаланбайды. 2. Су
ресурстарын жақсарту келесі шаралар арқылы мүмкін: Суару үшін өзен суының шығынын азайту. Суаруды
қажет ететін дақылдарды аз талап етілетін дақылдармен алмастыру оң нәтиже береді: мысалы, мақта
орнына күздік бидай өсіру. Арал теңізінің жойылуын көрші елдермен бірқатар бірлескен қадамдар арқылы
тоқтатуға болады, өйткені көрші елдерде мұнда ағатын өзендер жатыр. Қазақстан өз бетінше жүзеге асыра
алатын шараларды қабылдауда. Сонымен, жаңа ғасырдың басында Кіші Аралды Үлкеннен қорғанған 17
шақырымдық бөгет салынды. Қазақстандағы жер ресурстарының жақсаруы ең алдымен Семей ядролық
полигонының кең аумағын қалпына келтірумен байланысты. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанның
бастамасымен Семей облысын оңалту бағдарламасын қабылдады, оның
құрамына қару-жарақты
сынаудың зардаптарын зерттеуден зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмек көрсету кіреді.







Қорытынды




Экологиялық проблеманың алдын-алу, табиғатты қорғаудың жолдарын
ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз
білім беру нәтижесінде ғана жүзеге асады. Экологиялық білім мен тәрбие
беру негізінде жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын,
экологиялық мәдениетін қалыптастыра аламыз.Экологиялық және
табиғатты қорғау заңдарын жетілдіру және оларды орындау, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған
ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлесімділігін арттыру,
үздіксіз экологиялық білім беруді ұйымдастыруды жеделдету,
қамтамасыз ету, осы салалардағы негізгі міндеттері болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Буторина М.В., Воробьев П.В., Дмитриева А.П. и
др. Инженерная экология и экологический


менеджмент. М.. Логос, 2003.


2.А.С.Бейсенова,К.Д.Карпеков. Қазақстан
географиясы. Алматы : Атамұра 2004ж


3.https://syrboyi.kz/aleymet/aral-tengizijekologijalyq-apat-zhaene-ony-sheshw-zholdary136849/?ysclid=lhd1utg14n46736879




Назарыңызға рахмет!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Іс-шаралар кестесі
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ