"Қазақстан Республикасының Рәміздері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақстан Республикасының Рәміздері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал балабақша тәрбиешілеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жұлдыз» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 08.11.2019ж.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының Рәміздері».

Мақсаты: Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

Балалардың есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

Балаларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұраның қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдары: түрлі-түсті қарандаш, боялмаған тудың

бейнесі. слайд, суреттер, нақыл сөздер, әнұран әуені,

ту, елтаңба.

Қостілділік компонент: Ту- флаг, Елтаңба-герб, Әнұран- гимн.


Оқу іс-

әрекетінің

кезеңдері

Педагогтің

іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шеңберге тұрып «Жылулық шеңберін» ұйымдастыру.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Балалар, бізде бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіп қалыпты.

Қане қонақтармен амандасып алайық.

Сәметсіздер ме қонақтар?

Әнұран орындату.

Балалар, бүгін бізде мереке. Бүгін біздің, яғни "Қазақстан Республикасының Рәміздер Күні".

Қане, балалар, біздің рәміздерімізді атайықшы?

Олай болса, балалар, осы тақырыбымызға байланысты сендерге тапсырма беремін.

Педагог балаларға дайындап келген тапсырмаларын орындатуға кіріседі.

Балалар жылулық шеңберін орындайды.

Барлығы амандасады.

Балалар орындарынантұрып,

қолдарын жүрек тұсына қойып, әнұран әуеніне қосылып, орындайды.

Балалар, Ту, Елтаңба, Әнұран деп орындарынан тұрып жауап береді.

Балалар тапсырмаларды мұқият тыңдайды.



Ұйымдастыру-шылық-

ізденістік


«Әнұран» туралы сұрақ-жауап, әңгіме ретінде білімдерімізді тексеру.

Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда  Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды. Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды. Кезінде Жұмекен Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың

Әнұран- еліміздің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың тарихы жазылған.

Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы, жер мен ел байлығы, біздің ұрпақтарымыздың


бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.
Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков, Жұмекен Нәжмиденов, Нұрсұлтан Назарбаев. 
Отандары туралы мақал- мәтелдерін, нақыл- сөздерін айтып беру.

-Жарайсыңдар, балалар, жақсы жаттап алыпсыңдар.

«Елтаңба» –туралы Алпамыстың жинап келген мәліметтерін тыңдау.

Педагог балаларға қосымша мағлұмат беріп кетеді.

«Елтаңба негізі –Шаңырақ,   ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ- күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ- киіз үйдің күнбезі. Көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар –дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгілігі, жеңіске деген қажымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың тәуелсіздікке ұмтылған құлшыныс бейнесі. Шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлпардың қанаты қоршап тұр. Қанатты тұлпар қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Қанатты тұлпар уақытпен кеңістікті біріктіреді. Ол -өлмес өмірдің бейнесі. Бесбұрышты жұлдыз «бағыңыз ашылып, жұлдызыңыз жарқырай берсің» деген асыл арқаны арқалап тұр. «Қазақстан» жазуы қазақ елінің айғағы»
Ойын: «Есіңде сақта!».

Ойыннын шарты:

Бірнеше президенттердің ортасынан Қазақ халқының елбасын табу, кейін туын, елтаңбасын, әнұранын.

-Жарайсыңдар, балалар, жақсы жаттап алыпсыңдар.

«Ту» қане, ол не, қандай түсті болатыны туралы тыңдап көрейік.

«Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштықпен жақсылықтың нышаны. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан. Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.

Балалар жаттап келген мақал- мәтелдерін, нақыл сөздерін айтып береді.

«Отан-оттанда ыстық»,

«Опассызда Отан жоқ»,

«Отансыз адам, ормансыз бұлбұл».




Ол- біздің елдің таңбасы. Елтаңбада- жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, екі тұлпардың және төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бейнеленген.


Балалар жаңа мағлұмат алады.

Бейнеленуін жаттап алады.














Балалар қызыға ойнап, суреттер арқылы ойын шартын орындайды.






Рефлексиялық-

түзетушілік


-Бүгін біз не үйрендік?

-Неше рәмізіміз бар екен?

-Оларды есімізге түсірейік?

-Біздің елбасымыз кім екен?

-Жарайсыңдар, балалар, олай болса сабағымызды қорытындылау үшін мына

Қазақстан туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.

Деген патриотты сөздермен аяқтайық.

Педагог хормен қайталатады.


-Рәміздер туралы мәлімет алдық.

-Бізде 3 рәміз бар.

-Ту, елтаңба, әнұран.

-Біздің елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Балалар патриоттық сезімге бөленеді.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: рәміз,Ту, Елтаңба, Әнұран туралы білді.

Игереді: рәміздердің бейнелеуін, түстерінің маңыздылығын игереді.

Меңгерді: балалар көптеген жаңа сөздерді меңгереді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.11.2020
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі