ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша
білім бөлімінің
«№27 орта
мектебі»КММ
«ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ТІЛДЕР
МЕРЕКЕСІ»
Сынып
сағаты
5 «Д»
сыныбы
Қазақ тілі және әдебиеті
мұғалімі:
Жунусова Канатгуль
Жусупбековна
2024-2025 оқу
жылы
Тілдер мерекесіне арналған сынып
сағаты
5
«Д»сыныбы
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің
биік мәртебесін
дәріптеп, өркендеп, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт -
дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой -
өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын
молайту,
Мұғалім сөзі:
Қазақстан Республикасы 5
қыркүйекте Тілдер күнін тойлайды. Біздің көпұлтты еліміз үшін бұл
маңызды мереке. Әрине, мемлекеттік тіл болғандықтан, қазақ тілінің
шоқтығы биік тұрады. Қазақстанда тіл мерекесін тойлау дәстүрі орын
алған.
1 - оқушы:
Еліміз тәуелсіз де заманауи
болғандықтан, алға басып, дамып келе жатқан қоғам үшін түсіністік
пен бірліктің де маңызы зор. Адамдар арасындағы қатынас құралы
ретінде тілдің алар орны ерекше.Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын
кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл
мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде
оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы»
Заңы қабылданған. Осы Заң аясында қазақ
тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие.
Заң Қазақстан Республикасында тілдердің
қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып - үйрену
мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді,
Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей
құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.
Ана тілің – арың бұл
Ана
тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Ана
тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
(Қадыр Мырза Әли)
2 - Оқушы:
М.Мақатаевтың «Үш бақытым»
өлеңін жатқа оқиды.
3 - оқушы:
«Қазақ тілі»
Авторы: С.
Торайғыров
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен
Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.
СЛАЙДТАР «Сен білесің
бе?»
Дүниедегі тілдер туралы
қызықты мәліметтермен таныс болыңдар.
1 СЛАЙД:
Қазір дүниеде 2796 түрлі тіл қолданылады.
Қолданатын жан саны 50 миллионнан асатын тіл – 13. Егер бұл
тілдерді қолданатын жан санының аз-көптігіне қарай тізсек, реті
мынандай болады: қытай тілі, һинді-ордо тілі, ағылшын тілі, испан
тілі, итальян тілі. Бұл тілдер 65 мемлекетте мемлекеттік тіл
ретінде қолданылады.
2-СЛАЙД:
Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік
деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң
қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына
кіргеніне қуаныштымыз.
3-СЛАЙД:
Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді
меңгерген.
Ұлы
Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген.
Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
4-СЛАЙД:
2017 жылғы қазан айының 31 жұлдызында «Қазақстан
Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» Үкімет
қаулысымен Қазақстан халқы тілдері күні 5 қыркүйекте тойланатын
болып ресми бекітілген еді. Естеріңізде болса, бұрын бұл мереке
қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланатын. Айта кету керек,
Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің өзіндік сыры бар.
Өйткені бұл күн – халқының азаттық жолына басын тіккен, ұлтымыздың
рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Тіл
мерекесін өткізуге Ұлт ұстазының туған
күні белгіленіп алынғаны да осыдан.
А. Байтұрсынұлы туралы
деректерді мұғлім айтып береді.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазіргі қазақ тілі мен
әдебиетінің негізін қалаған адам. Байтұрсынұлының еңбектері өте көп
зерттеуді қажет етеді. Қазақтың қоғамдық өмірін дамытуға
бағытталған зерттеулер, әліпби терминдерін, тіл үйрету
әдістемесін, фольклортануды, қазақ грамматикасы мен әдебиетін
қамтиды. Қазақ грамматикасы мен әдебиеті терминдері жөніндегі
зерттеулер де А.Байтұрсынұлына тиесілі.
Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын 1910 жылдары
қазақ тіліне бейімдеп, әліпби жасады. Осы мақсатта ол мектептерге
арнап жазған тұңғыш кітабы «Оқу ережесін» шығарды. Байтұрсынұлы
әліпбиі – қазақ тілін түркі тілінен тікелей бөлек жазған алғашқы
әліпби.
Мұғалім:
Балалар, енді өздерің тіл
туралы мақал мәтелдерді қалай білетіндеріңді сынап
көрейік.
(балаларға үлестірмелер
таратылады, мақал- мәтелдердің жалғасын тауып,
аяқтайды).
1. Басқа пәле
(тілден)
Тіл
тас жарады, тас жармаса... (бас жарады).
2. Жылы-жылы сөйлесең
(Жылан інінен шығады).
3. Тілде (тиек
жоқ).
4. Таяқ еттен (сөз сүйектен
өтеді).
5. Сөз тапқанға... (қолқа жоқ).
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
7. Аталы сөзге (ақылды
тоқтайды).
8. Қаһарлы сөз... (қамал бұзар).
9. Бас кеспек болса да,... (тіл кеспек жоқ).
10. Айтылған сөз, атылған... (оқпен тең).
Сынып сағатын
қорытындылау.
«Атамекен» әнімен сынып
сағатын аяқтаймыз.