Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні

Материал туралы қысқаша түсінік
президент күніне арналган тарбие сагаты
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні

Мақсаты: Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.

Дамытушылық: Балалардың ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу,түсіндіру,саяхатқа шығу,сұрақ-жауап,қорытынды.

Көрнекілік: Сурет, слайд. Видео ролик

Сабақтың барысы

Әнұран орындалады.

- Балалар , алдымен қонақтармен амандасып алайық.

- Армысың ,қайырымды Аспан ата!

- Армысың, мейірімді Жер –Ана!

- Армысың,балабақша достарым

- Армысың, еңселі елім менің

- Армысың,асқар тау көлім менің

Шаттық шеңбер

Тәрбиеші:

Егеменді елімізге біз тілейік

Балалар:

- Татулық,

- Денсаулық,

- Тыныштық,

- Молшылық,

- Амандық үшін, - Жасасын ел басы! 2-рет

Тәрбиеші: - Өте жақсы, балалар орындарыңа отыра қойыңдар. Өткен сабақты есімізге түсірейік. Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: - Күз мезгілі.

Тәрбиеші: - Күз мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар: - Үш айдан. Қыркүйек, қазан, қараша.

Тәрбиеші: - Балалар бүгін 30 қараша күз мезгілінің соңғы күндері. Алдымызда 1 желтоқсан біз үлкен мерекені атап өтпекпіз.Еліміздің тұңғыш президентін сайланған күні.

- Біз қай республикада тұрамыз?

Балалар: - Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: - Қазақстан Республикасының тұңғыш ел басы кім?

Балалар: - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Ал кәзір біздің елбасымыз кім?

Қасым Жомарт ұлы Тоқаев

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,балалар Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Балалар: - Тәуелсіз мемлекет.

Тәрбиеші: - Тәуелсіз мерекесін қай күні атап өтеміз?

Балалар: -16 желтоқсан.

Тәрбиеші: -1991 жылы 1желтоқсан күні қазақ халқының сайлап алған тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев. Сайланған соң 16 желтоқсанда тәуелсіздігімізді алдық. Өзіміздің рәміздеріміз,теңгеміз,ата заңымыз қабылданды.

- Балалар, Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

Балалар: - Иә

Тәрбиеші: Рәміздерді кім атап, жеке сипаттап әрі авторын айтып береді?

Балалар: - Ту, елтаңба, әнұран.

Балалардың жауаптары.

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін біздер теледидар арқылы елбасы өмірінен мағлұмат аламыз. Ендеше барлығымыз назарымызды теледидарға аударайық

Теледидар арқылы елбасы өмірінен мағлұмат көру

Тәрбиеші: - Ал енді балаларымыздың елбасы туралы, отан туралы тақпақтарын тыңдаңыз.

Бала: Бағыт беріп Нұрсұлтандай нұрлы ағам

Бүкіл әлем күліп бүгін тұр маған

Қамқоршы басшы ағаларым аманда

Мен қашанда құлпырамын, нұрланам.

Бала: Отан дейміз от жаққан жерімізді

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен.

Биік тау, орман, тоғай, көлімізде.

Бала: Бейбіт таңдар арайланып атады.

Туған жерді аймалады шапағы

Байтақ елім Қазақстан!

Ең бақытты бабалардың Отаны.

Тәрбиеші: - Жарайсыңдар, мақал-мәтел айтайық.

Бала: Ақыл көзде, Мейір сөзде.

Қола азамат.

Көз жанат,

Сөз қанат.

Бала: Отан оттан да ыстық.

Бала: Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.
Тәрбиеші: - Рақмет, сендерге балалар жақсылап марқайып қалдым, сендерге осы уақытқа дейін алған білімдерін естерінде қалғандарына қуаныштымын

Тәрбиеші: - Қалай сендерге бүгінгі елбасы туралы мағлұмат ұнады ма?

Балалардың жауабы

Тәрбиеші: - Өте жақсы Н.Ә.Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті. Ең жоғары лауазымның иесі. Ол өте көп жұмыс атқарды. Қазақстанда көптеген құрылыстар жасады. Ол кісінің арқасында көптеген балабақша, мектеп, ауруханалар салынды. Астана қаласы салынды. 29 жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлемге танытты және мойындайды. Бұл кісінің жасаған еңбегі өте көп.

Балалар сіздерде өз Отандарынызды жақсы көрісіздер ме?

Ендеше сендерде жақсы білім алып, биіктерден көрінулерініз керек, ал кәзір біз ҚР рәміздерінің бірі тудың элементтерін құрастырайық

Шығармашылық жұмыс: ҚР Тудын элементтерін құрастырып жапсыру.

- Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келгенде. Қандай мереке тойланып жатыр?

Балалар: -1желтоқсан, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сайланған күні.

Тәрбиеші: - Біздер қандай видео ролик қарадық?

Балалар: - ҚР тұңғыш президент туралы видео ролик.


Еліміздің тәуелсіздігі мәңгі болып, қазақ елі ертегідей күн кешіп,татулық пен тұрақтылықты ту етіп келеді.Сондықтан егемендігіміз баянды болып,халқымыз аман,ел жұртымыз тыныш болсын бүгінгі мерекелік тақырыпты оқу қызметімізді аяқтаймыз.

 «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтасақ.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2020
495
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі