Материалдар / Қазақстан шөлдері және шөлейттену үрдісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан шөлдері және шөлейттену үрдісі

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2019
4855
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жетісай ауданы білім бөлімінің «Ш.Уәлиханов атындағы №2 коммуналдық мемлекеттік мекемесі











ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЗАҚСТАН ШӨЛДЕРІ ЖӘНЕ ШӨЛЕЙТТЕНУ ҮРДІСІ»





















Авторы: 8 «В» сынып оқушысы Сарсеналы Мереке

Жетекшісі: География пәні мұғалімі Нурмухаммедов Абай Сарсеналыевич








Жетісай 2019 жыл

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ................................................................................................................3


І. ҚАЗАҚСТАН ШӨЛДЕРІ................................................................................5

1.1 Қазақстан шөлдерінің табиғи ерекшеліктері.................................................5

1.2 Қазақстан шөлдерінің жіктелуі......................................................................8

1.3 Қазақстанның шөлді аймақтары..................................................................12

ІІ. ШӨЛЕЙТТЕНУҮРДІСІНІҢ СЕБЕПТЕРІ МЕН ОНЫМЕН

КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ.............................................................................................23

2.1 Шөлейттену процесінің негізгі себептері.....................................................23

2.2 Шөлейттену процесімен күресу жолдары...................................................28


ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................32


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................33




























КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі:XXI ғасырдың ең өзекті экологиялық қауіпті мәселелерінің бірі - шөлейттену. Соңғы жылдары Қазақстан мамандары деградацияланған жерлерді қалпына келтіру шараларымен айналысуда. Шөлейттену табиғаттың биоалуантүрлілігін кемітеді, топырақ деградациясына, қуаңшылыққа, шаруашылықта өнімнің аз болуына, экологиялық ахуалдың нашарлауына себеп болады, сол арқылы халықтың әл-ауқатына да, денсау-лығына да әсер етеді.

Қазақстан жерінің 99,2 %-ын шөлейттенуге бейім жерлер алып жатыр, ал су ресурстары қарқынмен сарқылуда.

Жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты және қуаңшылық пен шөлейттену зардаптарынан Қазақстандағы табиғат зоналарының өзгеріп кету қаупі бар. Яғни, шөлейтті зонаның шөл зонасына, дала зонасының шөлейт зонасына ауысып, орманды дала зонасының дала зонасына айналуы мүмкін.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы шөлейттенудің зардаптары жылына 25 млрд теңге мөлшерінде шығын келтіретіні мәлім болды. Мамандардың болжам бойынша, егер шөлейттену қарқыны тоқтамаса, еліміздің 38% аумағы қуаңшылыққа ұшырауы ықтимал. Сондықтан, Қазақстанда шөлейттенумен күрес жобалары жүріп жатыр. Шөлейттенумен күрес шараларын жүргізумен қатар, шөлейттенудің алдын алуды да қарастыруымыз қажет.

«Шөлейттену» ұғымына жалпы түсінік

Шөл - өте құрғақ континентальді климатымен ерекшеленетін, өсімдік жамылғысы жұтаң немесе мүлдем кездеспейтін, топырағы құнарсыз белгілі бір жер аумағы (территориялар). Дүниежүзіндегі шөлдердің жалпы аумағы шамамен 48,3 млн км2 құрайды, немесе бүкіл құрлықтың шамамен 43% -ы.

Соңғы онжылдықта адамзат шөлейттену үдерісімен (процесс) бетпе бет келіп, күресуге мәжбүр. Шөлейттенумен күресуге себепші болған өнімді құнарлы жерлердің «экологиялық шөлдерге» айналуы.

Қазіргі уақытта «шөлейттену» ұғымы климаттың өзгеруі, антропогендік әсер т.б. факторлар әсерінен қандай да бір жер аумағының құрғақ, жартылай құрғақ, құнарсыз, субгумидті құрғақ, шөл аймақтарына айналып, деградациялануы ретінде түсіндіріледі.

Жердің антропогендік әсерден деградациялануының мысалы ретінде ауыл шаруашылық мақсатта жайылымдық жерлерді мөлшерден тым асыра пайдалану нәтижесінде табиғи өсімдік жамылғысының жойылуын, өсімдік шаруашылығында топырақты химиялық тәсілдермен зиянды түрде өңдеу, пайдалы қазбаларды кен орнын игерудегі қателіктер, көлік жолдарын салу, урбанизация т.б. келтіруге болады. Сонымен қатар, су эрозиясы және жел эрозиясы деградация үрдісін(процесс) тездетеді.

Осындай жағдайлардың әсерінен көптеген жерлер мүлдем бос күйге түсіп, шөлейттенуге ұшырай бастайды.

Шөлденген жерлердің табиғи жолмен немесе адам әрекетінен топырағының құнарлылығын қалпына келтіру үшін, деградациялану дәрежесіне және климаттың өзгеруіне байланысты ондаған, тіпті мыңдаған жылдардың да жетіспеуі мүмкін. Көбіне шөлденген аумақтардың құнарлылығын қалпына келтіру мақсатындағы жұмыстар өз нәтижесін бермейді.

Шөлейттену факторлары ретінде негізгі екі факторды анықтаймыз: табиғи және антропогендік факторлар ретінде климаттың өзгеруі мен қолай-сыздығы, ылғалдылық пен жауын-шашынның жетіспеуін айтуға болады. Көптеген ғалымдардың пікірінше, шөлейттенудің негізгі қозғаушы күші - қуаңшылық. Алайда антропогендік фактор шөлейттену үдерісінде(процесінде) шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Мұның себебі, адамзаттың табиғатты дұрыс пайдаланбауы нәтижесінде жергілікті экожүйе түбегейлі өзгеріске ұшырап, орны толмас зардаптарға әкеледі.

Әдетте антропогендік әсердің негізгі 4 түрі шөлейттенуге себепші болады:

1. Топырақты ауыл шаруашылық мақсатта үзіліссіз тым көп пайдаланып, өнімділігін жоғалту.

2. Топырақты эрозиядан қорғайтын беткі бөлігін шамадан тыс жырту.

3. Адамдардың әсерінен жердің топырақ жамылғысының қозғалысына кедергі болатын ормандардың жойылуы.

4. Өңделетін жерлерде дұрыс суару жүйесі орнатылмағандықтан топырақ-тың құнарлы беткі қабатының шайылып кетуі.

Табиғи шөлейттену үдерісіндегі аймақтарға қосымша антропогендік фактордың да әсер етуі қазіргі уақытта шөлейттену үдерісінің ауқымды орасан зор аумаққа таралуына себепші болып отыр. Шөлейттенудің алдын алу үшін ең алдымен адамзат өзінің қоршаған ортасына мейіріммен қарап, жанашырлық танытып, табиғи байлықты сақтауға барын салуы тиіс.

Ғылыми жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы шөл ландшафт-тарының физикалық-географиялық жағдайын қарастыра отырып, ол аймақ-тардағы геоэкологиялық мәселелерді көрсету. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы шөлдерінде көптеген пайдалы қазбалардың кен орындары барланып, қазірге кезде игеру барысында. Мұнай, газ тағы басқа пайдалы қазбаларды өндіруде шөл ландшафттары бұзылу үрдістеріне ұшырайды. Кейбір жерлерінде шөл ландашфттарының өзгеруі қайта қалпына келмейтін деңгейге жетуде.

Шөл зонасынан өтетін өзендерінің алқаптарында, аңғарларында суару егін шаруашылығы күшті даму барысында миллиондаған гектар табиғи ландшафттар игеріліп егістікке айналды. Осының салдарынан өзендердің төменгі ағыстарына су жетіспеуішілікке алып келді. Ауыл шаруашылығында жаңа технологиялар еңгізілгеннен кейін, қарастырылып жатқан шөлді ландшафттар аса маңызды жер ресурстарына айналады.

Ғылыми жұмыстың міндеті Қазақстан Республикасы шөлдер ландшафттарының физикалық-географиялық жағдайының динамикасын көрсету және геоэкологиялық жағдайын талдау




І. ҚАЗАҚСТАН ШӨЛДЕРІ


1.1 Қазақстан шөлдерінің табиғи ерекшеліктері


Қазақстанның шөл зонасының шекарасын нақты көрсету өте қиын мәселе. Қазақстанның солтүстік және оңтүстік шөлдер типтері арасындағы шекараны анықталмаған, одан қалса, Тұран ойпаты мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстан таулары арасындағы, Қазақстанның шөл және шөлейт зоналары арасындағы шекара өткізуге ғалымдардың көз қарасы әр түрлі. Бұл шекараны өткізуге байланысты көптеген қолданбалы мәселерді шешуге болады, егін шаруашылығын дамыту үшін топырақтың қүндылығына баға беру, орманды белдеулерді егу, жануарлардың акклиматизациясы және өсімдіктердің интродукциясы, құрылыс мақсатында ғимараттар типін таңдау тағы басқа мәселелері.

Қазақстанның шөлдерін игеру күрделі және көп қырлы мәселелерді өңдеу, ең негізгісі шөлді территорияларды оптимизациялау (табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және табиғатты қорғау) мәселесіне жатады, сонымен қатар жаңа игерілген жерлерде шөл басу процестерін алдын алу.

Соңғы зерттеулер бойынша Қазақстанның шөл зонасында 100 % мақта, 100 % қаракөл терісі, 60 % жуық қойдың еті, 50 % өсімдік майы, 50 % жуық жүн және 90 % шамсында мұнай мен газ өндіріледі. Қазақстандағы қазіргі суарылатын жерлерден 400 мың тонна мақта, 400 мың тоннадан астам күріш, 400 мың тонна жүгері өндіруге болады.

Кеңес үкіметі кезінде шөл ландшафттарын игеру мәселелесіне көп көңіл аударған, Орта Азия республикалары мен Қазақстанда көптеген ғылыми мекемелер ұйымдастырылған, соның ішінде Ашхабад қаласындағы Шөлдер институты, Ташкент қаласындағы САНИИРИ (Среднеазиатский научно-исследовательский институт рисоводства и ирригации). Қазақстанда шөлдердің барлық компоненттін зерттейтін ғылыми институттар дамыған: География, Топырақтану, Ботаника, Зоология, Гидрогеология тағы басқалары.

Қазақстан шөлдерінің табиғи ресурстарын кешенді игеру және тиімді пайдалану негіздерін өңдеу бойынша ғылыми зерттеулер бір қатар күрделі мәселелерді шешуін көздейді. Олардың арасында маңызды болатын: шөлдердің табиғи жағдайының кешенді географиялық зерттеу, алдын алу мақсатында жағымсыз табиғи процестерді, жер-топырақ және су ресурстарын зерттеу; шөл жерлерді ауыл шаруашылық игеру; жайылымды тиімді пайдалану және жақсарту; өсімдік және жануарлар дүниесін қорғау және қалпына келтіру; елді мекендерді көгалдандыру және шөлдерде орман мелиорация жұмыстарын жүргізу; күн және жел энергиясын пайдаланудың ғылыми негіздерін өңдеу; адамның ыстық климаттқа үйрену; шөл ландшафттарындағы табиғи және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді алдын ала болжау.

Шөлдердің табиғи жағдайын кешенді зерттеу. Шөл зонасының табиғи кешендерін, олардың антропогендік өзгеруінің дәрежесі мен пішінін есепке ала отырып типологиясы мен классфикациялау мәселесі аса маңызды болып табылады. Антропогендік ықпалындағы ландшафттардың даму процестерін үйрену шөлдерді игеру мақсатында шаруашылық шаралардың дүрыс негізденген жүйесін өңдеуге және шөл ландшафттарының келешекте дамыу бағыттарының анықтауын қамтамасыздандырады. Географиялық кешенде экологиялық тепе-теңдікті сақтауға көп көңіл аударылады, шөлдерді игеру, әрі қорғаудың эффективтік жолдарын анықтау аса маңызды мәселе болып келеді. Бұл мәселелердің барлығы географиялық зерттеулері негізінде орындауға болады, мұндай зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тұрақты әрекеттегі стационарлар құрылу қажет. Мұндай жағдайда, ең алдымен аз өзгертілген немесе мүлдем өзгертілмеген эталондық (үлгілі) учаскелерін таңдау қажет, оның негізінде табиғатты қорғау шараларын жасауға болады.

Жағымсыз табиғи процестерді алдын алу мақсатында зерттеу. Жағымсыз табиғи процестер, ол дефляция, яғни желдің әрекетімен грунттық бөлшектерінің қозғалуы (қозғалмалы құмдар), ирригациялық эрозия, қайта сор басу т.с.с. Мұндағы зерттеулер табиғи процестердің жағымсыздығын алдын алу тәсілдері мен әдістерін жасап шығуға бағытталу қажет. Жағымсыз табиғи процестерді ұзақ уақыт зерттеу негізінде шөл басу процесттерден алдын алу және шөлдердің даму келешегіне болжам беру.

Жер-топырақ және су ресурстарын зерттеу. Қазақстанның шөлдерінде аз құнарлы, сортаңдаған топырақтың жер көлемі 100 миллион гектардай, бірақ белгілі бір жағдайда егін шаруашылығы үшін пайдалануға болады. Сонымен қатар суландыру есебінен шөл жайылымдарының сапасын, оның өсімдік жамылығысының түрлілігін көтеруге, оның жемшөптік сапасын жоғарлатуға болады.

Пайдалы қазбаларды өндіру барысында, әр түрлі құбырлары, жолдарды тағы басқа өнеркәсіптік орындарды салу барысында бұзылған жерлерді рекультивациялау аса маңызды мәселелі. Әсіресе бүгінгі таңда пайдалы қазба байлықтарын өндіру маңызды күшейді, ал рекультивация мәселелері шешілмеген.

Зерттеулер беткі су ресурстарымен, жер асты суларын пайдалануын есепке алу қажет. Уақытша ағыстардың маңыздылығы өте жоғары.

Шөлді жерлерді ауыл шаруашылық мақсатында игеру. Бұл бағыттағы зерттеулердің мақсаты, ағаш, ағаш тәріздес, бұталы, жартылай бұталы және шөптесін өсімдіктердің егу жолымен жайылымдық жерлердің өнімділігін көтеру. Әсіресе жоғары өнімді жемшөптік өсімдіктердің сорттарын егу қажет. Қозғалмалы құмды массивтерді бекіту және жер асты суларымен суландыру арқылы жайылымдарды жақсарту әдістерін әрі қарай өңдеу қажет.

Жайылымда бағылатын мал саны басын және бағатын оптималдық мерзімдерін анықтау мақсатында әр бір учаскеге ғылыми негізденген жайылым айналым өңдеу өте қажетті. Осы мәселе бойынша ең маңызды жайылымдарды сумен қамтамасыздандыру.

Өсімдік және жануарлар дүниесін зерттеу,қалпына келтіру және қорғау. Бұл зерттеулер кешеніне мынадай бағыттар кіреді: құмда және шөлдердің басқа түрлерінде өсімдік дүниесінің даму процестерін зерттеу; антропогендік, мал көп жайылып бұзылған жерлерде өсімдіктерді қалпына келтіру жолдары мен тәсілдерін зерттеу; жабайы пайдалы өсімдіктердің кеңейтілген қалпына келтіру және тиімді пайдалану, сонымен қатар сирек кездесетін ағаштар, бұталар және шөптердің түрлерін қорғау.

Фаунаны қорғау сирек кездесетін және аңдардың бас санын қалпына келтіру және қорғау мақсатында биологиясын зерттеу, сонымен қатар жануарлардың акклиматизациялану және реакклиматизациялану мәсеелерін шешу.

Елді мекендерді көгалдандыру және шөлдерде орман мелиорация жұмыстарын жүргізу. Бұл бағыттағы зерттеулер жер бедерінің құмды пішіндерін бекітуге арналған, ағашты-бұталы дақылдардың құрамын жақсарту, құм мен суармалы жерлерде қорғаушы орманды егістіктерді өсіру әдістерін өңдеу басты бағыт болып табылады. Мұндағы ең басты және алғашқы мәселе шөл зонасының өзен аңғарларының тоғайлары мен құмдағы сексеуілден тұратын тоғайларды қалпына келтіру әдістерін дамыту.

Күн және жел энергиясын пайдаланудың ғылыми негіздерін өңдеу. Қазақстанның шөлдері күн радиация мөлшері өте жоғары, сонымен қатар ашық күндер болатын күндер саны өте ұзақ, демек мұнда күннің нұрлы энергиясы өте көп. Шөлдер климатына күшті желдердің жиі қайталануы тән, яғни желдің энергетикалық потенциалы жоғары.

Аталған климаттық ерекшеліктер гелио- және жел энергетикалық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда осы бағытта эффективтік және тиімді энерго установкаларды жасап шығу, әрі жайылымдарды суландыруға және суармалы жерлер үшін өте қолайлы болуы қажет.

Адамның ыстық климаттқа үйрену. Шөлдің табиғи ресурстарын игеру түрғындар санының қарқынды өсуіне алып келеді. Сонымен бірге шөлдегі қатаң жағдайлар адамның еңбегіне, демалуына, жалпы өмір сүруіне қатаң талаб етеді. Осы бағытта шөлдің табиғи жағдайының адамның организміне әсер етуін анықтау қажет, оның нәтижесінде шөл жағдайында адамға еңбек жүктемесін, үйрену жағдайын, қандай дәрі-дәрмек қажет екенін анықтауға болады. Сонымен қатар шөл ландшафттардың адамның организміне қандай емдік қасиеттері бар екенін анықтау жұмыстарын жалғастыру қажет.

Шөл ландшафттарындағы табиғи және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді алдын ала болжау. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстары соңғы 40 – 50 жылдар ішінде бір шешімге келмеді. Мұндай зерттеулердің нәтижесінде шөлдің табиғи жағдайы адамның организміне қысым жасайтыны анықталды. Ал осының шешімі әлеуметтік мәселеге барып тіреледі.

Шөл зонасының адамның өмір сүруіне географиялық кешендер жеткілікті, әсіресе транзиттік өзендердің бойы, атыраулары, шөлдегі көлдері, жер асты сулары шығатын жерлерінде т.с.с. учаскелер. Осындай территорияларға соңғы 40 – 50 жылдағы антропогендік қысымы табиғи жағдайын қатты нашарлатты, мұнда ауыз суының сапасы кескін төмендеді, микроклиматтық көрсеткіштер өзгерді, жалпы табиғи жағдайының қатаңдығы одан әрі күшейді.

Мұның барлығын Арал маңы оазистерінде, Қазалы және Қызылорда массивтерінде, Маңғыстаудың мұнай-газ кен орындары игеру орындарында, елді мекендерінде байқауға болады. Әсіресе соңғы жылдары ауылдық елді мекендер айналысындағы жерлерге мал шаруашылығының әсерінен күшті өзгерістер болуда. Ең алдымен осы жердің топырағының өсімдік жамылғысы мен топырақ құрылымының бұзылуы, ол табиғи кешендер қайта қалпына келу белгісіз болып келеді, себебі қысым жалғасуда, ал табиғатты қорғау шаралары жоқ.

Қазақстан территориясының шөлдерін адамның шаруашылық іс-әрекеті жоғары деңгейде игерген, оның ішінде пайдалықазба байлақтарын өндіру, Жезқазған мен Балқаштағы түсті металдарды өндіру, Батыс Қазақстанда Каспий маңы ойпаты, Маңғыстауда, Ақтөбе облысының шөлейіт және шөл зонасында мұнай-газ кен орындарын игеру, Қызылорда облысында ғарыштық порттың әрекеті, кеңес үкіметі кезінде шөл ландшафттарын әскери мақсатында пайдалану, өзендерді бойлай суармалы шаруашылықтың салдарынан сортаң жерлер көлемінің көбеюі. Яғни Қазақстанның шөл зонасында антропогендік қысымның деңгейі өте жоғары екені анықталды. Сонымен бірге шөл ландшафттары тез бұзылады, оның компоненттері әлсіз болатыны белгілі, бір бұзылған компонент өз қалпына келуіне өте көп уақыт кетеді.


І.2 Қазақстан шөлдерінің жіктелуі

Шөлдердің жіктелуі бойынша ғылыми жұмыстар ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырда басталды. Осы бағытта алдына ала географиялық компоненттер бойынша ғылыми аудандастыру жұмыстары жүргізілген, геоботаникалық, зоогеографиялық, беткі сулардың аудандастыру. Осы бағытта Н.П. Коровиннің, Ю.С. Геллердің, Л.С. Бергітің тағы басқа ғалымдардың үлесі аса маңызды болып келеді. ХХ ғасырдың 40 – 60 жылдары Қазақстан мен Орта Азия территориясына физикалық-географиялық аудандастыру жұмыстары жүргізілген, осы бағытта А.Н. Четыркин, Л.С. Берг, Л.Н. Бабушкин, А.Н Гвоздецкий, В.А. Николаев еңбектері белгілі, Қазақстан территориясы үшін В.М. Чупахин, Н. Молдағұлов, А.В. Чигаркинның еңбектері маңызды роль атқарды. Орта Азия мен Қазақстанның шөлдерін жіктеуде Ашхабад қаласындағы Шөлдер институттының ғалымдары, Н.Ф Бабаев, А.Г. Фрейкин, М.П. Петров тағы басқаладрдың үлесі өте жоғары. Диплом жұмысының мақсатына толық жауап беретін М.П. Петров классификациясы сәйкес деп, осы ғалымның жіктеуін ұсынамыз.

Қазақстанның шөл зонасы табиғи ерекшеліктері бойынша бір текті емес. Мұнда жер бедеріне, климаттық ерекшеліктеріне, топырақ қалыптастырушы жыныстар мен өсімдіктерге тәуелді шөлдердің әр түрлі варианттары кездеседі. Кеңес ғалымы М.П. Петров бойынша [1], Қазақстан мен Орта Азияда шөл зонасында шөлдердің мынадай варианттары кездеседі:

  1. ежелгі аллювиалдық және теңіз маңы жазықтарының борпылдақ құмды сұр және сұр-қоңыр топырақтағы типтік (кәдімгі) құмды шөлдер (Тұран жазығында, Каспий маңы ойпатында тараған);

  2. бор және палеоген-неогендік үстірттердің гипстелінген сұр-қоңыр топырақтағы Гобийлік типіндегі құмды-қиыршық тасты шөлдер (Солтүстік Арал маңы);

Picture 9 Сурет 1 - Орта Азия және Қазақстанның шөлдері

  1. палеоген-неоген үстірттегі сұр-қоңыр топырақтағы қиыршық тасты гипстелінген шөлдер (Үстірт);

  2. ұсақ шоқылардағы және аласа таудағы тасты және қиыршық тасты шөлдер (Сарыарқаның оңтүстігі);

  3. қабатты жазықтардың және солтүстік шөлдер үстіртінің әлсіз карбонатты сұр қоңыр топырақтағы саздақ шөлдер (Бетпақдала);

  4. Тау алды жазықтарының сұр топырақтағы сазды (эфемерлі) шөлдер (Тянь-Шань тауларының тау алды жазықтары);

  5. Тау алды жазықтарының және өзендердің ежелгі атырауларының тақыр шөлдері (Қызылқұм);

  6. әр түрлі жастағы тұзы бар мергелдер мен саздан құралған аласа таулардағы бедленд (жаман жер) (Оңтүстік Балқаш маңы);

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!