Бұл көтеріліс жетекшісінің өмірінің соңғы сәттері туралы орыс зерттеушісі Л. Мейер былай деп жазған:
«Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп,
қару-жарағын асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жері
осы екен деп ойлаған болар, ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады… зулаған оқтар… көпке дейін оның
сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып
Поляктың саяси қайраткері, журналист, суретші Бронислав Залесский
1865 жылы француз тілінде шығарған «Қазақ
сахарасына саяхат» атты еңбегінде былай деп жазған: «Мен бір күнімді бір қырғызбен өткіздім. Ол осы замандағы қазақ даласына танымал ерекше тұлға… ол көсем болып
қалды… және қазының міндетін атқарды»
Мейер қай көтеріліс жетекшісі туралы жазған екендігін анықтаңыз.
Көтеріліс жетекшісінің қолбасшы ретінде қасиетіне баға беріңіз.
С. Асфендияров: «Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ
мемлекеттілігіне аса үлкен апат әкелді. Бұл саясаттың кері салдары
байлар билігінің нығаюымен үндесіп, қазақ еңбекші бұқарасына және
кедейлеріне өзінің бар салмағын салды».