Материалдар / Қазақстан тарихы, ашық сабақ, 10-сынып, "Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан тарихы, ашық сабақ, 10-сынып, "Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы 10.4.3.1 - Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау; 10.4.3.2 - халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру. Қазақ мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды біледі; Мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды сипаттайды және ұлттық мәдениеттің халықаралық мәдени кеңестікке кірігу процесін түсіндіреді; Ұлттық мәдениеттің халықаралық мәдени кеңістікке кірігу прцесінің қауіп-қатерлерін бағамдайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2024
160
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

(білім беру ұйымының атауы)

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары



Мектеп:




Пәні:

Қазақстан тарихы

Бөлім:

Ұлттық жаңғыру кезіндегі мәдениет

Күні:


Мұғалімнің аты-жөні:


Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.4.3.1 - Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау;

10.4.3.2 - халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру.


Сабақтың мақсаты

Қазақ мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды біледі;

Мәдениет саласындағы жаңа бағыттарды және жанрларды сипаттайды және ұлттық мәдениеттің халықаралық мәдени кеңестікке кірігу процесін түсіндіреді;

Ұлттық мәдениеттің халықаралық мәдени кеңістікке кірігу прцесінің қауіп-қатерлерін бағамдайды.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру/

Өзін-өзі тексеру













Өткен білімді еске түсіру




























І. Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жолдама» әдісі арқылы жүзеге асады.


Мұғалім: .... Балалар, сабағымызды бастамас бұрын топқа бөліну, өткен сабақты пысықтап алу үшін сіздерге бірнеше сұрақ қоямын. Сұраққа жауап берген оқушыларға әлемдік деңгейде өтетін байқауларда бақтарын сынауға, көрермен ретінде қатысуға жолдама беріледі.

Жолдаманы алу үшін берілген суреттердегі тұлғаларды табу керек болады.

«Жолдама» әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді.

1-топ «I AM A SINGER 2024»

2-топ «OSCARS 2024»

3-топ «Youth America Grand Prix 2024»

4-топ «NOBEL 2024»

Shape1




Өткен тақырыпты пысықтауға арналған сұрақ:


  1. Адамның ойлау жүйесіндегі ой еркіндігін шектеу – адамзат үшін жасалған қиянат па? Кеңестік кезеңдегі мәдениет саласындағы жетістіктер мен қайшылықтарды негізге ала отырып жауап беріңдер.

Дескриптор:

  • Шығармашылық – еркін ойдың жемісі екендігін айтады;

  • Кеңес үкіметі кезінде шығармашылық еркіндікке, жасампаздыққа шектеу қойғандығын дәлелдейді.


Өткен сабақты пысықтауға арналған сұраққа жауап берген оқушыларға да жолдама беріледі.



Жолдама берудің тиімділігі:

  • топқа бөлу;

  • өткен тақырыпты пысықтау;

  • дифференциалды оқытуды жүзеге асыру;

  • проблемалық сұрақтарды шешуге дағдыландыру;

  • сындарлы оқыту теориясын жүзеге асыру;

  • диалогтік оқыту технологиясын пайдалану.

Топқа бөліну арқылы дүниежүзілік мәдени кеңестікке енудің сыртқы және ішкі факторлары әлемдік деңгейдегі фестивальдер мен байқауларға қатысу және талабына сай болу екендігін айтады. Болашақ дарын иесі ретінде әлемдік деңгейдегі байқауларға өзін ұсынады. Өз өнерлерін көрсетеді.

Суретте берілген тұлғалар мен киноларды табады.


Берілген сұраққа дәлелдер келтіре отырып жауап беру барысында

«Қазақстанның кеңестік кезеңдегі мәдениеті» атты тақырыппен байланыстырады.




Мақсаты: оқушыларға өз бетінше таңдау жасатуға, шығармашылығын дамытуға, шешім шығаруға, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға негіз болады.



















Оқушылар бір-біріне кері байланыс бере отырып, айтқан пікірлерін сыни тұрғыдан бағалап өтеді.

Бағалау парағы, суреттер,

цифрлық технология


«canva» платформасы, сертификат.

Жаңа білім










































Бағалау критерийі: Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттайды.

Оқыту технологиялары:

  • диалогтік оқыту технологиясы;

  • проблемалық оқыту технологиясы;

  • дифференциалды оқыту;

  • «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы негізінде жасалды тапсырмалар.

Жұптық жұмыс: «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша сұрақ қою арқылы жаңа тақырыпты оқушының өзі меңгеруіне мүмкіндік туғызу.

Сұрақтар:

  • Мәдениетті жасаушы кім?

  • Мәдениет – адамдардың әлеуметтік мінез әрекеттерінің түрі немесе

ерекше формасы. Олай болса мәдениетті және мәдениетсіз адамның аражігін қалай ажыратуға болады?

  • «Тәуелсіздік», «еркіндік», «бостандық» деген ұғымдар мен мәдениеттің қандай байланысы бар?

  • Кеңес үкіметінде ұлтсыздандыру саясатын басынан өткізген Қазақстан Тәуелсіздікке қол жеткізген соң, ұлттық мәдениетте дамытуда қандай факторларға басымдық берді?

Дескриптор:

  • мәдениеттің даму сатыларына тоқталады;

  • мәдениетті және мәдениетсіз адамның іс-әрекеті арқылы дәлелдейді;

  • мәдениеттің дамуында тәуелсіздіктің маңыздылығы туралы айтады;

  • ұлттық мәдениеттің тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі даму бағытын айқындайды.


Жеке жұмыс: Топтастыру стратегиясы арқылы мәдениет саласындағы жаңа бағыттар мен жанрларды топтастырады.

Дереккөз: «Қазақстанның мәдениет саласындағы жетістігі» атты бейнематериал ұсынылады



Shape2









Дескриптор:

  • тәуелсіздік жылдарында мәдениет саласында пайда болған жанрлар мен бағыттарды анықтайды;

  • жаңа бағыттар мен жанрларға түсініктеме береді.

Берілген сұрақтарға өткен сабақта білімі негізінде жауап береді. Мәдениетті жасаушы адам екенін, мәдениет ертеде қалыптасқандығын дәлелдер келтіре отырып дәлелдейді.

Ұлттық мәдениет ұлттың тәуелсіз болған кезінде ғана дамитындығын айтады. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық мәдениетті дамытуда жетекші факторларға тоқталады.

Мақсаты: оқушыларға сөздерін дәлелді дәйекпен сөйлеуге, бір-бірімен, мұғаліммен диалогтік қарым-қатынас арқылы танымдық қабілетін арттыруға, жүйелі ойлай отырып, өзіндік ой тұжырымын ұсынуға дағдыландыру

«Бір минут» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне кері байланыс береді, айтқан пікірлерін бағалайды.

Топ басшы бағалау парағына дескриптор негізінде балл қояды.

Бағалау парағы,

цифрлық технология




Мұғалімнің сөзі: Біз тәуелсіздік кезіндегі мәдениет саласындағы жаңа бағыттар мен жанрларды сараптап шықтық. Жаһандану заманы, ақпарат заманы мәдениет саласында жаңа бағыттар мен жанрларды тудырды. Бұл елімізде тың жобалар мен бағдарламалар қабылдауына, жаңа мәдени ошақтың ашылуына алып келді, ал адам баласына қабілет пен мінез, білімді игеруде икемділік пен дағды керектігін дәлелдеді.

Ұжымдық жұмыс: «Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша тәуелсіздік жылдарында ашылған жобалар мен мәдени ошақтардың суреттері беріледі. Оқушылар жылдам қандай жоба және қандай мәдени ошақ екенін табу керек болады.

Shape3











Дескриптор:

  • мәдени ошақтар мен бағдарламаларды тауып, оның маңыздылығын түсіндіреді.


Оқушылар берілген суреттерді таба отырып, оның еліміз үшін маңыздылығы туралы ойын айтады.

Мақсаты: ұлттық мәдениетті дамыту жаһандану заманында өзекті мәселе екенін түсіндіру.




https://www.canva.com/design/DAFiZls2zEM/ugeZ_xONeTXnYZYEGeut7Q/edit?utm_content=DAFiZls2zEM&utm_campaign=designshare&utm_medium=link2&utm_source=sharebutton

«canva» платформасы


Бағалау критерийі: ұлттық мәдениеттің халықаралық мәдени кеңістікке кірігу прцесін түсіндіре отырып, сын-қатерлерін бағамдайды.

Мұғалімнің сөзі: АБАЙ: «Қазақ та адам баласы ғой.. Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек», - дейді. Мәдениет дегенді тек қана өнер, әдебиет, ... киномен шектейтін болсақ, «мәдениет» деген ұғымның ауқымы тар болып қалады. Әлімсақтан бері ұлт ретінде өмір сүріп келе жатқан қазақ ұлтының өмірлік ұстанымдары мен өмір сүру салты, ұлттық болмысы мен бітімі ұлттық мәдениеттің қайнар бастауы екенін ұмытпағанымыз жөн. («саяси мәдениет», «экономикалық ойлау мәдениеті», «адамгершілік мәдениеті», «тәрбие мәдениеті», «ұлтаралық қатынас мәдениеті» деген көптеген түрлері бар) Ұлттық мәдениет қай уақытта да, замандар да теперіш көрсе де, бізді ұлт ретінде қазірге дейін сақтап келді. Ал енді көрмеуі көп күрделі дүниеде, жаһандану заманында ұлттық мәдениетті сақтай отырып, халықаралық мәдени кеңестікке қалай кіреміз деген мәселе азамат ретінде әрбірімізді мазалауы керек. Топқа бөлінудегі басты мақсатымыз – мәдени кеңестікке кірудің екі жолын ұсындық: бірі – сыртқы, екіншісі – ішкі. Әлемдік деңгейдегі байқау, фестивальдерге қатысу – сыртқы. Дүниежүзілік мәдениетті меңгеру – ішкі. Осындай процес жүрген кезде ұлттық мәдениетке сын-қатерлер туады. халықаралық мәдени кеңістікке кірігу прцесінде пайда болатын сын-қатерлерін бағамдаймыз.


Топтық жұмыс: «Ойлан.Бөліс.» әдісі бойынша «I AM A SINGER 2024» тобына қазақ халқының өмір сүруіндегі сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан отбасылық мәдениеттің жаһандану заманында жаңа бағыттардың пайда болуы және өзгеріске ұшырауындағы қауіп-қатерлерін «ЖОБАЛЫҚ оқыту» методикасы негізінде қарастырып, PREZI бағдарламасы арқылы жоба жасайды.

Ал «OSCARS 2024» тобы болса, бақылаушы міндетін атқарады. Атқарылған жұмыс барысында жіберілген кемшіліктер тауып, толықтырулар енгізіп, кері байланыс береді.


Дескриптор:

  • ұрпақтар сабақтастығы туралы айтады;

  • атадан балаға мирса болып келе жатқан қасиеттерді жазады;

  • қазақ халқының отбасы туралы ұстанымдарын қазіргі кездегі отбасылық ұстанымдармен салыстырады;

  • әке мен бала, ана мен қыз арасындағы қарым-қатынасты ұлттық тәрбие негізінде қарастырып, қазіргі кезде оның өзгеріске ұшырауын түсіндіреді;

  • отбасылық мәдениеттің өзгеріске ұшырауының себебі мен салдарын (нәтижесін айту) анықтайды;


«Youth America Grand Prix 2024» тобына әлемдік өркениеттердің қақытығысында ұлттық мәдениетке төнген қауіп-қатерлерін «ЖОБАЛЫҚ оқыту» методикасы негізінде қарастырып, PREZI бағдарламасы арқылы жоба жасайды. (ана тілі, салт-дәстүрі, туған тарихы, ұлттық болмысы ...)

Ал «NOBEL 2024» тобы болса, бақылаушы міндетін атқарады. Атқарылған жұмыс барысында жіберілген кемшіліктер тауып, толықтырулар енгізіп, кері байланыс береді.


Дескриптор:

  • өркениеттер қақтығысы туралы айтады;

  • өркениеттер қақтығысының сын-қатерлерін анықтайды;

  • жаһандану заманында ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңызы туралы айтады;

  • ұлттық мәдениетті сақтаудың жолын ұсынады;

  • ұлттық мәдениетте басқа елдің мәдениетінің көрініс табуы туралы айтады.


Оқушылар отбасылық құндылықтардың ұлттық мәдениетті дамытуда маңызды екендігін, ұрпақтар сабақтастығы жаһандану заманында өзекті екендігін, қазақ халқының отбасылық ұстанымдары, ұлттық тәрбие туралы айтады. Отбасылық құндылықтардың өзгеруі себебі мен салдарын дәлелдер келтіреді.









Оқушылар өркениеттер қақтығысының сын-қатерлері туралы айтады. Жаһандану заманында ұлттық код, ұлттық болмысты сақтай отырып, даму керектігін, ұлттық мәдениеттің өзегі болған ұлттық құндылықтарды сақтаудың жолдарын ұсынады.

Мақсаты: жаһандану заманында отбасылық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар сақтау – ұлтты сақтау екендігін ұғындыру.

Бағалау: топ бір-бірін бағалайды.

Топбасшы топтық тапсырмаға белсенді қатысқанын ескеріп баға лап отырады.

Газет-журнал, энциклопедия, оқулықтар, ғылыми мақалалар, сөздіктер,

PREZI бағдарламасы


Бекіту

«Ғалыммен сұхбат» айдары негізінде белгілі абайтанушы ғалым Омар Жәлелұлымен тікелей эфирге байланысқа шығып, мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы туралы алған ақпараттарын тұжырымдау үшін сұрақ қояды.

Оқушылар сұрақ қояды.

Мақсаты: бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекіту.

Ватсап

Кері байланыс

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен оқу мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды. Бағалау парағын мұғалім алып қалады.


«Үш жол» деп аталатын тәсіл арқылы оқушылар рефлексия береді.

Жағымды пікір: Не ұнады?

Сындарлы пікір: Нені жақсарту керек?

Болашаққа ұсыныс: Оң көзқарас білдіре отырып, болашаққа ұсыныс білдіру.


https://ru.padlet.com/amanovttt730/bmopvy6ocb0kfoqw

Үй жұмысы. Қазіргі әдебиет, кино, ұлттық музыканың әлемдік аренада көрініс табуы туралы ойтолғау жазу.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!