Жәңгір хан (1608 - 1680
ж.ж)
Жәңгір хан, Салқам Жәңгір
(1608 — 1680) – Қазақ хандығының ханы, Есім ханның баласы. Ол
әкесінің тірі кезінде-ақ Қазақ хандығының шеткі ұлыстарын, нағашы
атасы Әбдірақым хан билейтін Тұрфанмен шекаралас жерлерін басқарып
жүрді. Жәңгір хан жоңғар қазақ жеріне тынымсыз шабуыл жасап тұрған
аса қиын кезеңде билік жүргізді. Бұл кезең қазақ-қалмақ
қарым-қатынасындағы аумалы-төкпелі, текетірес жылдар
болатын.
Осы кездегі ұрыстарда жас
Жәңгір хан өзінің қолбасшылық қабілетін байқатты. 1635 жылы
қазақ елінің солтүстігінде көшіп жүрген Жәңгір ханның еліне Далай
тайшы, Ғужи тайшы, Тәуірхожа тайшы бастаған қарақалмақтар шабуыл
жасады. 1643 жылдың жазында қазақ қолын басқарған Жәңгір мен
Жоңғар қолын басқарған Батыр қонтайшы арасында Орбұлақ шайқасы
өтті.
Осы шайқаста бар жоғы алты жүз
қазақ қолы жоңғардың 50 мың қолына төтеп берді. Орбұлақ
шайқасында Жәңгір мылтықпен қаруланған 300 адамды тау ішіндегі
тар өзекке ор қазып бекінуге, ал екінші жартысын жоңғарлар тар
өзектегі орға жеткенше таудың арғы бетіне жасырына тұруға бұйырды.
Оның ойлағаны айнымай келіп, Батыр қонтайшы қаймықпай қорғанған
ор-бекініске шабуыл жасайды, сол сәтте Жәңгір жауға ту сыртынан лап
қойып, білтелі мылтықтарынан оқ жаудырды.
Осы кезде Самарқаннан алшын
Жалаңтөс баһадүр 20 мың қолмен көмекке келіп, 10 мыңнан
аса адамынан айырылып күйрей жеңілген жоңғарлар кері шегінді. Осы
шайқас Жәңгір ханның даңқын шартарапқа жеткізді. Жәңгір хан жоңғар
билеушілеріне қарсы күресте моңғолдардың жәрдеміне сүйенуге де күш
салып, тату көршілік қатынаста болу мақсатымен оларға екі рет
елшілік жіберді. Елшілікті хан балалары Тәуке мен Аппақ сұлтандар
басқарып барды.
Жәңгір ханның тұсында, оның
баласы Тәуке ханның заманында Қазақ елі жарты ғасырдай тыныштау,
бейбіт өмір сүрді деуге болады. Жәңгір ханның денесі Түркістанда,
Қожа Ахмет Ясауи мешітіне таяу жерге жерленіп, басына кесене
тұрғызылған. Бірақ аталмыш кесене
сақталмаған.
Орбұлақ шайқасы туралы
бейнематериал:https://vk.com/video279418580_171734030?list
1-тапсырма.
Жәңгір хан тұлғасы және
Орбұлақ шайқасы туралы алған біліміңізді пайдаланып, мына
тапсырманы орындаңыз:
Орбұлақ шайқасындағы басты
оқиғалар және оның тарихи маңызы туралы ойтолғау
жазыңыз.
Орбұлақ шайқасы туралы сурет
салып, оның мәнін ашатын түсіндірме
жазыңыз. Дескриптор
—
Орбұлақ шайқасындағы басты
оқиғалар және оның тарихи маңызы туралы ой-толғау
анықтайды;
—
Орбұлақ шайқасының барысы
туралы сурет салып, оның мәнін ашатын түсіндірме
береді.
2-тапсырма. Қазақтардың Орбұлақ шайқасында
жеңіске жетуінің нақты 5 себебін
белгілеңіздер.
Жердің географиялық жағдайын
шебер пайдаланды
Қазақ батырларының жанкешті,
ұлтжанды екенін көрсетті
Қазақ қолбасшыларының мықты
стратег екенін дәлелдеді
Сарбаздарын білтелі мылтықпен
түгелге жуық қаруландырды
Алдын-ала барлығын дәл
есептеді
Ор қаздырып, әскерін дұрыс
орналастырды
Бірліктің жемісін
айқындады
Жоңғарлар үшін соғыс күтпеген
жерден басталды
3-тапсырма. Тест тапсырмаларын
орындаңыздар.
1. XVI ғасырдың бас кезінде
Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның
ұлы:
A) Бұрындық
хан
B) Қасым
хан
C) Хақназар
хан
D) Есім
хан
E) Тақыр
хан
2. Бұрындық хан билеген
жылдар:
A) 1479-1510
жж.
B) 1480-1505
жж.
C) 1480-1511
жж.
D) 1482-1511
жж.
E) 1483-1512
жж.
3. Қасым хан тұсындағы
бастапқы астана Сығанақ қаласы болды, одан кейін қайда
көшірілді?
A) Түркістан
қаласына
B) Суяб
қаласына
C) Ташкент
қаласына
D) Сауран
қаласына
E) Сайрам
қаласына
4. Қасым ханның билігі
кімдерге жүрді?
A)
қырғыздарға
B) көшпелі
өзбектерге
C)
үйсіндерге
D)
дулаттарға
E)
наймандарға
5. Тәуекел ханның беделін және
күш-қуатын арттырған жеңіс:
A) Сыр бойы қалаларын қайтарып
алуы
B) Ташкент қаласының түбіндегі
Абдаллах ханды талқандауы
C) Баба сұлтанды
жеңуі
D) Түркістан қаласының
түбіндегі жеңіс
E) Жетісу жерін қайтарып
алуы
6. Қазақ хандығы мен Өзбек
хандығы арасындағы ұзақ жылдар жүргізілген соғыстың
нәтижесі:
A) Қазақ хандығының
жеңілуі
B) Сыр бойындағы қалалардан
айырылуы
C) Қазақ хандығының жеңіске
жетіп, Ташкентті қосып алуы
D) Сауран, Түркістан, Отырар,
Сайрам қалаларын қайтарып алуы
E) Қазақ хандығы экономикалық
жағынан әлсіреді
7. Есім ханның билік құрған
жылдары:
A) 1511-1518
жж.
B) 1523-1532
жж.
C) 1532-1537
жж.
D) 1598-1628
жж.
E) 1580-1582
жж.
8. XVIІ ғасырдың басында Қазақ
хандығында бір мезгілде билік құрған екі
хан:
A) Есім,
Тұрсын
B) Тәуекел,
Шығай
C) Тәуке,
Тұрсын
D) Жәңгір,
Тәуке
E) Хақназар,
Тәуекел
9. Есім ханның басты
мақсаты:
A) қазақ хандығының әскери
күш-қуатын арттыру
B) хандықты бір орталыққа
бағындырған мемлекет етіп құру
C) билер кеңесін
құру
D) сыртқы саясатын
нығайту
E) өзбек хандығын
талқандау
10. 1628-1652 жылдары хан
тағына отырған Есім ханның баласы:
A)
Тәуке
B)
Шығай
C)
Тәуекел
D)
Жәңгір
E)
Тұрсын
11. Ғажайып ерліктері үшін
Жәңгір ханға халықтың берген атауы:
A) еңсегей ер
Жәңгір
B) салқам
Жәңгір
C) батыр
Жәңгір
D) алып
Жәңгір
E) зор денелі
батыр
12. Қасым хан тұсындағы Қазақ
хандығындағы адамдар саны, шамамен:
A) 500
000
B) 800
000
C) 1 000
000
D) 3 000
000
E) 2
000 000
13. Қасым ханнан кейінгі
талас-тартыстың салдарынан әлсіреп қалған хандықты қайтадан
нығайтқан ханның баласы:
A)
Ақназар
B)
Бақназар
C)
Сақназар
D)
Ерназар
E)
Хақназар
14. Қазақ хандығының құрылуы
қай сұлтандар есімімен байланысты?
A) Іренші мен
Бұрындық
B) Абылай мен
Уәли
C) Қасым мен
Ақназар
D) Жәнібек пен
Керей
E) Әбілқайыр мен
Махмұд
15. Керей мен Жәнібек қай
мемлекет жерінде Қазақ хандығын
құрған?
A)
Монғолия
B)
Қырғызстан
C)
Моғолстан
D) Татарстан
E) Өзбекстан
|