Материалдар / Қазақстан тарихы пәнінен 7 сыныпқа арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасы

Қазақстан тарихы пәнінен 7 сыныпқа арналған тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәнінен спецификация талаптары мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сай құрылған, жауаптары бар.
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

7 сынып. Қазақстан тарихы. ТЖБ №3.


ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БAҒAЛAУ ТАПСЫРМАЛАРЫ


1. Деректерді және өз біліміңді пайдаланып, ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беріңіз

«Патша өкіметінің 1868 жылғы «Далалық облыстарды басқару жөніндегі ережесі», яғни «Уақытша ереже» бқл өңір халқына 1870 жылы келіп, асыра сілтеумен қолға алына бастады. .Ол көтеріліс патша үкіметінің бір жарым ғасыр әзірлеген Каспийден арғы аймақтарды жаулап алудың кең қарымды жорығына ең бірінші болып қарсылық көрсетті. Тек Қазақстанның ғана емес, іргедегі Хиуаның, кұллі Орта Азияның отарлануына бөгесін болғысы келді. Қазақ даласындағыбарлық көтерілістің ішінде бұл көтерілісті басып-жаншуға патшалы Ресей ерекше көп күш салды. Күллі Кавказдан, Еділ бойынан әкеліп әскерлер төкті. Қуатты империяны соншама дүрліктірген бұл оқиға мен оның орталық тұлғалары, әрине жаңа тарихи санамызды айрықша мазмұнға ие болмақ» Әбіш Кекілбаев https://egemen.kz/article/235495-azattyq-dgolyndaghy-arpalys-%E2%80%93-isa-dosan-koterilisi

    1. Сипатталған көтерілісті атаңыз

    2. Көтеріліс жетекшілерін көрсетіңіз /2-уден кем емес/

    3. Көтеріліс басшыларының ұйымдастырушылық қызметін дәлелдеңіз


««Уақытша ереженің» енгізілуі Орта жүзде қарсылыққа кездеспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қамтыды. Зерттеуші Н.А.Середа Орал облысындағы ашу-ызаның себебі «халық пен реформаларда» емес, қазақтарды сұлтандар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі халықтың ашу-ызасын туғызған факторлардың бірі үкіметтің фискалдық саясатыеың қатайтылуы еді. Оның үстіне қатардағы көшпелілер мен ауқатты отбасылар бірдей міндеткерлік атқарды. Мұның өзі патша өкіметінің қазақ қоғамының артықшылықтары, топтары жөніндегі қамқоршылық саясатының көрінісі болды, салықтар мен басқа да міндеткерліктердің күрт көбейтілуі бұл өңірдегі халықтық бой көрсетулердің басталуына түрткі болды»

http://tarih-begalinka.kz/kk/history/modern/history/

1.4. Сипатталған көтерілісті атаңыз

1.5. Көтеріліс жетекшілерін көрсетіңіз /2-уден кем емес/

1.6. Көтеріліс басшыларының ұйымдастырушылық қызметін дәлелдеңіз

[6]

2. Картаны және берілген жылдарды қолданып, ХІХғғ. Қазақ хандығының оңтүстік аймақтарына қатысты сыртқы саясатының нәтижелерін сипаттаңыз


Рисунок 9

https://okulyk.kz/wp-content/books/317/317.pdf


Жылдар

Сыртқы байланыстарының нәтижесінде орын алған оқиғалар

1848ж


1853ж


1860ж


1864ж


[4]


3. Деректі және алынған білімді пайдаланып, Ресей империясының қоныстандыру саясатының себептері мен салдарын талдаңыз

XIX ғасырдың ІІ жартысында Ресей шаруаларын қазақ даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аудару ісі мемлекеттік тұрғыда қолға алынды. 1861 жылы Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау жойылды. Ресей империясы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай қоныс аудару арқылы қазақтарды егіншілікпен айналысатын отырықшы өмір салтына көшіруді ойлады. Өйткені ондай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Мұның өзі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күйзелтті. Кедейленіп, қайыршыланған қазақтардың күнкөріс қамымен түрлі кәсіпшіліктерге, соның ішінде тау-кен өнеркәсібіне жұмыс іздеп кетуіне тура келді. Олар жатақтар деп аталды. XIX ғасырдың аяғына қарай жатақтардың қалалар мен казактар поселкелеріне қарай ағылуы күшейді. Күн көру, тіршілік ету және өздерінің жерлерін аман сақтап қалу мақсатымен қазақтар отырықшы өмір салтына көшуге мәжбүр болды. Оларды бұл жағдай да құтқара алмады. Дәстүрлі бақташылықтан бірден егіншілік кәсібіне көшу оңай тиген жоқ. Қазақтардың көпшілігінде егіншілікпен айналысуға қажетті құрал-саймандар болмады, тұқымдық дән де жеткіліксіз еді. Оның үстіне, жер өңдеудің дағдылы әдістерін де білмеді. https://kk.wikipedia.org/wiki/

Себептері:

3.1.

3.2.

3.3.

Жағымсыз салдары:

3.4.

3.5.

3.6.

Жағымды салдары:

3.7.

3.8.

3.9.

[9]

4. ХІХғғ ІІ жартысындағы капиталистік қатынастар дамуының Қазақстанның экономикасына ықпалын сипаттаңыз

Экономика салалары

Капиталистік қатынастардың енуімен орын алған өзгерістер

Ауыл шаруашылығы

1.

2.

Өнеркәсіп


1.

2.

3.

4.

[6]


Сынақ аяқталды! Рахмет!







БАЛЛ ҚОЮ КЕСТЕСІ


Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

Маңғыстау көтерілісі

1





Мазмұнға сәйкес дұрыс жауап нұсқалары қабылданады

Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы

1

1870ж 15 наурызда Маңғыстау приставы Рукин құрамында 38 казак солдаты, 4 зеңбiрегi бар әскери жасағын бастап және беделдi деген рубасыларын ертiп, Құрып жайлауына көшіп келген қазақтарға кедергі жасайды.

1870ж наурыз Бозащы деген жерде Досан Тәжiұлы, Иса Тiленбайұлы 200-ге жуық қарулы қол жинап, Ұманкөл жайлауындағы Ұсақ құдығының бойындағы ұрыста подполковник Рукинді қоршап алады. Рукиннің өзін-өзі атып өлтіруі, 20 жазалаушы әскердің қаза табуы көтерілісшілер рухын көтерді. Иса Тіленбаев жазалаушылармен алғаш келіссөздер жүргізді.

Александровск фортының және Николаев станицасының балықшылары жұмысқа шықпай, жаппай нараз

ылық бiлдiрдi. Сарытау шығанағында тартып алынған қайықтардан қазақтар флотилия құрып алды.

1870ж сәуірде 10 мың көтерілісші Николаев станицасына, Александровск портына шабуылы кезінде форттың маягын өртеп, Нижнее бекінісін талқандаса да, сәтсіз болды, патша үкіметі Кавказдан қосымша әскери күш алдыртты.

1873 жылы адайлардың кезектi жаңа көтерiлiсi де жеңіліске ұшырады.

1

Орал-Торғай көтерілісі

1

Сейіл Түркебайұлы, Беркін Оспанұлы, Ханғали Арсыланов, би Дәуіт Асауұлов, Ізберген Мұңайтпасов

1

1868ж мамыр айында Жайық бойындағы қазақ даласына жiберiлген жазалаушы әскери отрядтар құрамында 1700 солдат, бiрқатар зеңбiрек болды.

1868 жылдың мамырында 20 мыңға жуық қазақ Жамансай деген жерде фон Штемпельдiң құрамында 200 солдаты бар жаяу әскер ротасына шабуыл жасап, жетi күн бойы қоршады. Юрковский бастаған жазалаушы әскер де Орынбор шегара шебiне шегiнiп кеттi.

1868 жылғы маусымның бас кезiнде Орал облысындағы көтерiлiс өзiнiң шырқау шегiне жетіп, жаңа ереженi қабылдауға келiсiм берген ақсүйектердiң ауылдарына шабуыл ұйымдастырылды.

1869ж наурыз – Ембі ауданы көтерілісшілерін талқандауға шыққан 200 адамдық Орынборлық жазалаушы әскер Қобда, Елек өзені бойында шабуылға төтеп бере алмай, кері шегінеді.

1869ж мамыр – Орал облысы солтүстігін табын, шекті руларын қамтып, 150 көтерілісші шабуыл жасады.

1869ж «Уақытша ережені» қабылдаған ауылдарды 50 адамнан тұратын қарулы тобы ойрандады.

1

2

1848ж Ресей Қазалы бекінісін салды


1

1853ж Қоқанның Ақмешіт бекінісін басып алып, Райым-Ақмешітті жалғайтын Сырдария шебін салды

1

1860ж Циммерман отряды Тоқмақ, Бішпек бекіністерін, Колпаковский Үзынағаш бекінісін басып алды

1

1864ж Черняев отряды Шымкент, Мерке, Әулиеата, Түркістанды (Қ.А.Йассауи бекінісін зеңбірекпен атқылағаны үшін Шоқан Уәлиханов кетіп қалды) басып алды.

1

3

Себептері:

1. Қазақ жерінде патша билігін әлеуметтік қолдауды иеленуді, ұлт-азаттық күресті басуды көздеді;

2. 1891-1892жж. болған ашаршылық салдарынан Ресейдің еуропалық бөлігіндегі шаруалардың кедейленді;

3. Қытайды әлсірету үшін 1881-1884жж. ұйғыр-дүнгендерді Жетісуға қоныстандыруды ойластырды;

3

Жағымсыз салдары:

1. халықтың этникалық құрамы өзгеріске ұшырады

2. христиан дініне енгізу, орыстандыру саясаты жүргізілді

3. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын жер көлемі тарылды, келімсектерге жалға беру енгізіліп, қыстау-жайлаулардан айырылды, отырықшы өмір салтына көшті.

3

Жағымды салдары:

1. елдің демографиялық көрсеткіші жоғарылады

2. Қазақ даласындағы пайдалы қазбалар келімсектер есебінен игеріле бастап, өнеркәсіп дамыды, мол астығы бар қоймаға айналды;

3.теміржол желісі, Орынбор-Ташкент, Сібір теміржолдары инфрақұрылымды дамытты, шөп шауып, малды қолда ұстайтын шаруашылық түрі дами бастады;

3

4

Ауыл шаруашылығы:

1. көшпелі мал шаруашылығы өзгеріске ұшырады, жартылай көшпелі, бақташылық, отырықшы егіншілік түрлері дамыды

2. кедейленген шаруалар жатақтарға айналып, ауыл шаруашылығын тастап, теміржол құрылысына, өнеркәсіпке кетті, ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкелерде сатылды

2

Өнеркәсіп:

1. мал өнімдерін өңдеу ісі Ақмола, Семейде дамыды

2. табиғи байлықтар игерілді, көмір Қарағандыда өндірілді

3. тұз кәсіпшіліктері Батыс Қазақстанда, Елтон, Басқұншақта және солтүстік-шығыс Қазақстанда Коряковта дамыды

4. Мұнай Доссор мен Ембіден өндіріліп, теміржол арқылы Ресейге тасылды, шикізат қана өндірілді

4

Жалпы балл

25





Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі