Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологияларды пайдаланудың маңызы жайлы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологияларды

пайдаланудың маңызы

Ибрагимова М.Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары

E-mail: ibragimova.meruert


Тірек сөздер: реформа, ереже, технология, ақпарат, дискуссия.


Қазіргі кезде шетел тыңдаушылары мен шетелден келген қандастарымызға қазақ тілін меңгертуде кез-келген пән бойынша жаңа технологияларды қолдану әдісі өте тиімді деп айтуымызға болады. Қазақ немесе орыс тілдерін түсіндіруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқытушының уақытын үнемдейді және тыңдаушыға сабақты оңай түсінуге мүмкіндік беретіні айдан анық. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстан тарихы күрделі оқиғаларға толы болғандықтан қазақ диаспора өкілдеріне түсіну өте қиын. Бұл кезең Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатында жүргізілген ережелерімен шиеленіскен. Сондықтан да неғұрлым тыңдаушыларға түсінікті болу үшін сабақ жүргізу әдісінің ең тиімді жолдары қарастырылады.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстанды отарлау саясатында жүргізілген ережелер».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатында жүргізген ережелері жайлы жүйелі білім беру.

Тәрбиелік: Шетелден келген қандастарымызды өз елінің тарихын білумен қатар, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тыңдаушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақ әдісі: Проектор қолдану арқылы слайдтармен баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: карта, кесте, тірек-сызба, тақырыпқа қатысты суреттер.

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру. Тыңдаушылармен амандасу, түгендеу, жағымды атмосфера қалыптастыру.

2. Үй тапсырмасын сұрау. Ең алдымен тыңдаушылардан үй тапсырмасын сұраудан бастаймыз. Үй тапсырмасын сұрау қазақ диаспора өкілдерін аудиторияға баулу бағытында тақтаға шығып тақырыпты еркін сөйлеуге мүмкіндік беру әдісі арқылы қолданылады. Сонымен қатар дискуссия арқылы тақырыпты жан-жақты талқылау тыңдаушылардың құзырына беріледі. Бұл аудиторияны ұйымшылдыққа, зейін қойып тыңдауға, өз ойын еркін айтуға тәрбиелейді.

Енді Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатында жүргізген ережелері жайлы негізгі ақпаратқа тоқталамыз. Тақтаға сабақтың тақырыбы және оның жоспары жазылады.

Сабақ жоспары:

І. Патша үкіметінің XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың саяси әкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуі.

ІІ. 1867 жылғы Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы, 1868 жылғы Дала облыстарын басқару туралы уақытша ережелері.

ІІІ. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясаты.

Енді сабағымыздың І-бөліміне кірісейік.

Патша үкіметі 1867—1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Оның негізгі мақсаты сұлтандар тобын өкімет бөлігінен біржолата ығыстырып, жалпы империялық басқару тәртібін енгізу еді. Жаңадан енгізілген шаралар өлкені шаруашылық жағынан отарлауға ықпал етуге және оған Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударатын шаруаларды одан сайын қаптатуды қамтамасыз етуге тиіс болды.

Осы міндетті жүзеге асыру үшін XIX ғасырдың 60-жылдары қазақтардың саяси әкімшілік, сот ісін басқару жүйесін қайта құрудың жобасын әзірлеуге арнаулы И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды. Комиссия Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторы қазақтарын екі түрлі басқаруды жойып, бүкіл қазақ даласын екі — Батыс және Шығыс облыстарға бөліп басқаруды ұсынды.

1864 жылы 12 желтоқсанда Әскери және Ішкі істер министрлігінің бас қосқан комитеті мәжілісінде жоба мақұлданбады.

Қазақтарды болашақтағы басқару құрылымы мәселесін енді үкімет Дала комиссиясына беру қажет деген шешім қабылдады. Комиссияға ішкі істер министрінің статс-кеңесшісі, полковник Гирс төрағалық етті.

Гирс комиссиясы 1865 жылы 27 маусымда Орынбор, Батыс Сібір және Түркістан өлкесін аралауға шықты. "Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сұлтандардың үстемдігінен босататын ізгілікті реформаның" жасалу барысы құпия түрде жүргізілді.


1-тірек-сызба:

Shape1

1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ жерлерін басқару туралы жаңа "Ереженің" негізін жасау барысында екіге бөлінді





Shape3 Shape2

Shape5 Shape4

қазақтардың өздерін-өздері басқаруын жартылай қалдыру керек

"қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы қажет"






1867 жылы 11 шілдеде II Александр Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы, 1868 жылы 21 қазанда Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша ережені бекітті.


2-тірек-сызба:




Shape7 Shape6

Реформа бойынша генерал-губернаторлық:


Shape8

облыс



Shape9

Shape10

уезд



Shape11

Shape12

болыс



Shape13 Shape14

ауыл









3Shape15

Генерал-губернатор

-тірек-сызба:

Shape16

генерал-губернаторлық



Shape17

Shape18

Әскери губернатор



Shape19

облыс



Shape21 Shape20

Уезд бастықтары



Shape22

уезд



Shape23

Shape24 Shape25

болыс

Болыс сұлтаны





Shape26

Shape28 Shape27

Ауыл старшындары

ауыл







Бұл тірек-сызбалар тыңдаушының көру арқылы есте сақтау қабілетін арттырады.

4-тірек-сызба:

Shape29

Реформа бойынша 3 генерал-губернаторлық әкімшілік құрылды





Shape32 Shape31 Shape30 Shape33 Shape34

1. Түркістан

3. Батыс Сібір

2. Орынбор



Shape35

Орталықтары:



Shape38 Shape36 Shape37

Shape39 Shape41 Shape40

Ташкент

Омбы

Орынбор



Shape43 Shape44 Shape45 Shape42

Генерал-губернаторлық облыстарға жіктелді:



Shape47 Shape48 Shape46

Ақмола, Семей

Жетісу, Сырдария

Орал, Торғай





Shape49 Shape52 Shape51 Shape50

Облыстар уездерге бөлінді:



Shape55 Shape54 Shape53

Shape58 Shape57 Shape56

Ақмола обл.-Көкшетау, Омбы, Петропавл, Сарысу.

Семей обл.-Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы, Өскемен.

Батыс Қаз.обл.-Орал, Атырау, Калмыков, Жем, Темір.

Торғай обл.-Торғай, Елек, Қостанай, Ырғыз.

Жетісу обл.-Сергиополь, Қапал, Верный, Ыстықкөл, Тоқмақ.

Сырдария обл.-Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Жизақ.















БShape59

Жарлықты жүзеге асыру

ұл тірек-сызба картамен толықтырылып түсіндіріледі. Бұл тақырып өте күрделі болғандықтан міне осындай тірек-сызбалармен түсіндіру ыңғайлы деп ойлаймыз.

5-тірек-сызба:

Shape61 Shape60

Шаруашылық

Әскери губернатор жанында 3 облыстық басқарма ұйымдастырылды:







Shape62

Сот







6Shape63

Сот ісін басқару:

-тірек-сызба:



Shape64

  1. Әскери сот комиссиясы



Shape65

2. Уездік сот





Shape66

3. Билер мен қазылар соты





Shape68 Shape67

20 жылға созылды

Уақытша 2 жылға жоспарланды енгізілді



Shape69

1867-1868 ж.ж. реформа










Реформа бойынша Шыңғыс тұқымдары мен сұлтандарын үкімет өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етті, салықтан, ауыртпашылықтан босатты.

Ереже бойынша

Шаңырақ салығы енгізілді-мөлшері - 1 сомнан 3 сомға дейін

Земство салығы-3 сом 50 тиын

Земство мен шаңырақ салығы – бай мен кедейге бірдей дәрежеде салынды

Әлеуметтік жағдайына қарамастан, кедей мен байларға салық мөлшері бірдей белгіленді.

Патша үкіметі жерді – мемлекеттік меншік деп жариялады.

Қорыта келсек, Отан тарихын түсіндіруде заманауи жаңа технологияларды қолдану – оқытушыға сабақты жоғары сапада өткізуге пайдалы және тыңдаушының түсінігіне орасан зор әсерін тигізіп, білім сапасын жоғары деңгейде көтереді. Сонымен қатар тыңдаушыларды оқуға ынталандыруға, олардың үлгерімі мен қызығушылығына ықпал етеді. Сондықтан да осындай түрлі әдістерді сабақта қолдану тыңдаушының тәрбиесіне де жақсы ықпал етеді деген ойдамыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Құнапина Қ.Қ., Құмғанбаев Ж.Ж., Махаева А.Ш. Қазақстан тарихынан әдістемелік-анықтамалық нұсқау. 2011-2012 оқу жылы. 214бет., 99-бет.

  2. Ибадуллаева Ы.М. Қазақстанда білім беруде компьютер және жаңа ақпарат технологиясын қолдану.// Гуманитарлық ғылымдар Академиясының ХАБАРШЫСЫ, №1(11), 2005, 133-137.

Резюме. В данной статье рассмотрена значимость использования новой технологии на уроках по истории Казахстана.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.11.2024
198
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі