Тарих пәнін оқытудағы инновациялық әдістер мен оқу формалары
Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» заңында, «Қазақстан-2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»
бағдарламасында Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді
дамытудың басқа да құжаттарында мемлекеттік саясаттың басты
принциптерінің бірі – жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту,
білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселесі басты міндеттердің
қатарына қойылған. Сондықтан болашақ жастарымыздың кәсіби-құзырлы,
шығармашыл болуын қамтамасыз ету үшін оқытудың жаңаша теориялық,
дидактикалық, әдіснамалық тұғырларын айқындау – негізгі мәселе.
Сондықтан әр ұстаз өзінің кәсіби деңгейін жоғары сатыға көтере
отырып, оқушыға жаңа инновациялық технологиялар негізінде нәтижеге
бағытталған білім беріп, оның жан-жақты дамуына жағдай жасау
қажеттілігі туындайды.
Оқытушы
мамандығы — қазіргі әлемдегі ең маңызды мамандықтардың бірі.
Адамзат өркениетінің болашағы мұғалімнің күш-жігеріне байланысты.
Оқытушы – уақытының көп бөлігін балаларды тәрбиелеу мен оқытумен
айналысатын жалғыз адам. Егер балалардың оқу процесі тоқтаса, онда
дағдарыс сөзсіз болады.
Әр оқытушының
негізгі міндеті – білім алушыға тек білім беріп қана қоймай, алған
білімін өздігінен дамытып, жеке және қоғам қажеттілігіне икемдеп,
дұрыс, тиімді пайдалана және әлеуметтік бәсекелестікке төтеп бере
алатын, мәдени ортаға бейімделгіш, дара тұлға, білікті азамат
дәрежесіне көтерілген адам дайындау деп
есептейміз.
Жаңа
технология дегеніміз не? Ғалымдардың пайымдауынша, жаңа өзгеріс,
жаңалық деп айтылады. Осыған орай, Қазақстанда дамыған бәсекеге
қабілетті елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін ол –
білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында
оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Инновациялық
технологияларды меңгеруде оқытушының жан-жақты білім қажет. Қазіргі
оқытушы жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, білімді, шебер, іскер
болуы тиіс. Жалпы педагогикалық технологиялар бірнеше топқа
бөлінеді. Сондай-ақ, әрбір инновациялық технологияның өзіндік
ерекшеліктері бар. Олардың негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі
ету. Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе – білім
алушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу,
өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан сабақ барысында
кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану
қолдау табуда. Жаңа технология білім деңгейінің көтерілуіне жағдай
туғызады. Енді осы инновациялық технологиялардың кейбіреулерінің
ерекшеліктеріне тоқталсақ, мәселен:
— ойын
элементтерін қолдана отырып, оқытушы білім алушылардың сабаққа
деген қызығушылығын, зейінін арттыру;
— проблемалы
тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда
болғандығын дәлелдеу және логикалық ойлаудың ғылыми іздену жолына
бағыттау;
— Шаталовтың
әдістемесі жаңа материал мазмұнын түрлендірсе, қайталау жолымен
есте сақтауды қамтамасыз ету;
— деңгейлеп
саралап оқыту технологиясының принциптері – оқытуды ізгілендіру мен
демократияландыру;
— дифференциялап оқыту – әр білім алушының
қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып, жеке
шығармашылығын дамытуды қамтамасыз ететін білім
беру.
Қазіргі
заманғы педагогикалық технологиялармен жұмыс істеу үшін
төмендегідей алғышарттар қажет:
Оқытудың
инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі сапалы нәтижеге
жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің
мазмұнына тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық
әдіс-тәсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық
іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін
көздейді. Оқытушы оқытудың жаңа формалары мен әдістерін үнемі
іздестіруде. Оқытудың көптеген технологияларында оқу процесін
дамытуға және жетілдіруге және мамандарды кәсіби қызметке
дайындауға бағытталған инновациялық әдістер көрініс табады. Олар
балалардың білімін қалыптастыру және бекіту үшін жағдай
жасайды.