Қазақстан тарихын оқытудың міндеттері
Қазіргі кезде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
Жоғарыда аталған, халықа білім беру саласы алдында тұрған жалып міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет ететін төмендегі нақты міндеттер шығады, олар: саяси тарихқа, идеялық ағымдар мен олардың тарихына, түрліше, сондай-ақ көрнекті тарихи қайраткерлердің қызметіне, іс-түрліше көбірек орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа қатысты сандық көрсеткіштерге , соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б. орынды азайту;
Тарих ғылымының соңғы жаңалықтарын үнемі ескеріп, олармен оқушыларды мүмкіндігінше таныстырып отыру, белгілі ғылымын мәселелер бойынша балама көзқарастардың болатындығын және оның қажеттігін ескеру, тарихи үрдістердің көпқырлылығын, нақты дәлелдермен көрсету.
Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер, халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап отырған мемлекеттер тарихымен, сондай-ақ өткен тарихи оқығаларды мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру;
Мәдениет пен өнер тарихына көбірек орын беру, қазақ халқының төл мәдениетінің дамып өркендеуін, Республиканы мекендеген басқа да халықтардың мәдени жетістіктерін, халықтар жалындағы мәдени байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, ендіруге тигізген ықпалын көрсетуге баса көңіл бөлу тарих пәнінің басты міндеті саналады.
А.Рудаки атындағы №23 ЖББМ КММ-нің
тарих пән мұғалімі Шадманова Азиза
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстан тарихын оқытудың міндеттері
Қазақстан тарихын оқытудың міндеттері
Қазақстан тарихын оқытудың міндеттері
Қазіргі кезде мектепте тарихты оқытудың басты міндеті – жастарды адам баласының өткен шындық тарихымен таныстыру, дүниежүзілік мәдениеттің басты-басты жетістіктермен сусындату, өткен тарихты өздігінше сын көзімен талдай отырып, келешекті бағдарлайтын, шығармашылықпен ойлана отырып, олардан дұрыс қорытынды жасай алатын, тарихи деректермен өздігінше жұмыс істеп, өз білімін үнемі толықтырып отыратын, алған білімін күнделікті өмірде қолдана алатын азамат тәрбиелеу екені үнемі назарда болуы тиіс.
Жоғарыда аталған, халықа білім беру саласы алдында тұрған жалып міндеттерден Қазақстан тарихын оқытуда үнемі ескеріп отыруды қажет ететін төмендегі нақты міндеттер шығады, олар: саяси тарихқа, идеялық ағымдар мен олардың тарихына, түрліше, сондай-ақ көрнекті тарихи қайраткерлердің қызметіне, іс-түрліше көбірек орын беру, ал оның есесіне шаруашылыққа қатысты сандық көрсеткіштерге , соғыстарға, қанды төңкерістерге т.б. орынды азайту;
Тарих ғылымының соңғы жаңалықтарын үнемі ескеріп, олармен оқушыларды мүмкіндігінше таныстырып отыру, белгілі ғылымын мәселелер бойынша балама көзқарастардың болатындығын және оның қажеттігін ескеру, тарихи үрдістердің көпқырлылығын, нақты дәлелдермен көрсету.
Қазақстан тарихын туған өлкенің, дүниежүзінің әсіресе көрші елдер, халықтар тарихымен, республикамыз түрлі салаларда тығыз байланыс жасап отырған мемлекеттер тарихымен, сондай-ақ өткен тарихи оқығаларды мүмкіндігіне қарай қазіргі кезеңмен байланыстырып отыру;
Мәдениет пен өнер тарихына көбірек орын беру, қазақ халқының төл мәдениетінің дамып өркендеуін, Республиканы мекендеген басқа да халықтардың мәдени жетістіктерін, халықтар жалындағы мәдени байланыстарға, олардың бір-бірін толықтырып, ендіруге тигізген ықпалын көрсетуге баса көңіл бөлу тарих пәнінің басты міндеті саналады.
А.Рудаки атындағы №23 ЖББМ КММ-нің
тарих пән мұғалімі Шадманова Азиза
шағым қалдыра аласыз













