Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан тарихы 7 В, Г сыныптары


1. Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет. Түрік қағанаты.

2. «Түрік» этнонимі қытай жылнамаларында кездесе бастаған жыл. 542 жыл.

3. Бумын қаған осы оқиғадан кейін ел-хан атағын алып Түрік қағаны болады.

Жужан қағанын жеңгеннен кейін.

4. Бумын ел басқарған кезең. Түрік кезеңі.

5. Қытай жылнамалары бойынша «түрік» сөзі: «теле» сөзінен шыққан.

6.Түрік қағанаты (552-603)халқының айналысқан шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

7. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып бөлінген уақыты. 603 жыл.

7.1)Түріктердің киелі жануар: Көк бөрі (қасқыр)

8. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы. Мыңбұлақ.

9. Батыс Түрік қағанатының астанасы. Суяб.

10. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойлаған Батыс Түрік қағаны. Тон Қаған.

11. Батыс Түрік қағанатының билеушісі Тон қаған: Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды.

12. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп оларға берген атақ. Селиф.

13. Батыс Түрік қағанатындағы қаған руынан шыққан ақсүйектерге берілген лауазымдар. Ябғу, шад, елтебер.

14. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарды. Бұрықтар мен тархандар.

15. Түргеш қағанатының Кіші ордасы. Күнгіт.

16. Түргеш қағанатының Кіші ордасы Күнгіт орналасты: Іле бойында.

17. Түргеш қағанаты бөлінді: 20 әкімшілік аймаққа.

18. Арабтар ашық майданға түсуден, соғысудан сескенген Түргеш қағаны. Сұлу.

19. Ылғи да жеңіске жетуіне байланысты Сұлу қағанға берген арабтардың атауы. Сүзеген.

20. 751 жылы Атлах маңындағы түргештер мен қытайлар арасындағы шайқастың нәтижесі. Қытайлар Жетісудан біржола кетті.

21. Түргеш қағанаты құлады: 756 жылы.

22. Түргеш қағанатын құлатып билікті қолдарына алды: Қарлұқтар.

23. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты екенін айтты. В.В.Бартольд.

24. Қарлұқ қағанаты өмір сүрді: 756-940 жылдар.

25. VIІ ғасырдың басындағы қытайдың «Таньшу» хроникасында көрсетілетін қарлұқтардың құрамындағы тайпалар: Бұлақ, жікіл, ташлық.

26. ІХ ғасырда қарлұқтар өздерінің шығысындағы аталған мемлекеттен жеңіліс табады: Ұйғыр қағанатынан.

27. «Қарлұқтар тұрған аймақ... халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер» деп айтылады: «Худуд әл-алам».

28. Қарлұқтар еліндегі қалалардың саны: 25 қала.

29. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болғаны жайында айтылады: «Худуд әл-алам»

30. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты. ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы.

31. Оғыз мемлекетінің астанасы. Янгикент.

32. 37. Оғыздардың құрамында 24 тайпаның бар екені жайында дерек қалдырған. Махмуд Қашғари.

33. Оғыздарда жабғудың (билеушінің) мұрагерлері. Инал.

34.1)Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай жерінде өтті: Оңтүстік, Жетісу

35.2)Сардоба (парсы сөзі) деген не: Құдықтың үстіне салынған ғимарат

36. VII-VIII ғасырларда басталып бітпей қалған ғимарат. Ақыртас.

37. Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан ортағасырлық ғимарат. Білеулі ғимараты.

38. VI-IX ғасырларда салынған Мырзашөл сардобасының жобасы. Киіз үйге ұқсас.

39. VII ғасырдың аяғы – VIII ғасырдың басында салыңған будда дінінің ғибадатханасы табылған ортағасырлық қала. Ақбешім.(Суяб)

40. Баба-Ата қаласының орнынан табылған ғибадатхана осы діннің архитектуралық құрылысы. Ислам.

41. Көне түрік альфавитіндегі әріптер саны. 35.

42.1)Түрік тас ескерткіші: балбал тас

43.2)Түріктердің көне жазуы: Руна

44. Қағаз, қаламды қолданған ортағасырлық тайпа. Қимақтар.

45.1)Көне түрік жазуының пайда болған уақыты. Б.з.д. І мыңжылдық.

46. Көне түрік тіліндегі жәдігерлердің (көнеден қалған ескерткіштер) саны. 200.

47. Түрік жазба әдеби ескерткіштерінің ішіндегі ең көрнектісі. «Күлтегін», «Тоныкөк», «Білге қаған»

48. VIІI-IX ғасырларға жататын әдеби шығармалар: «Қорқыт ата», «Оғызнама».

49. «Қорқыт ата», «Оғызнама» шығармалары қағазға түсе бастады: ХІ ғасырдан бастап.

50. Қорқыт атаның туған жері: Қазақстан.

51. Қорқыт ата кітабы: 12 жырдан тұрады.

52. Қорқыт күмбезі орналасқан жер. Қызылорда облысы.

53. «Оғызнаманы» XVII ғасырда толық жазып қалдырған: Әбілғазы хан.

54. Түріктерде Ұмай ана: От басына шапағатын тигізеді деп табынған.

55. Қарахан мемлекеті өмір сүрді: 942-1212 жылдар.

56.1)Астанасы: Баласағұн

57. Қарахан мемлекетінің негізін салушы: Сатұқ Боғра хан.

58. 1089 жылы Қарахан жеріне басып кірді: Салжұқ сұлтаны Мәлік шах.

59. Қарахан мемлекеті біржолата құлады: 1212 жылы.

60. Жүсіп Баласағұн түріктерде (қарахандарда) мал өсіруде басты орын алған малдың түрі: Жылқы.

61. Қарахан дәуірінің сәулет ескерткіштері: Айша-бибі, Бабаджа-қатын кесенелері.

62. Наймандардың негізгі мекендеген жерлері: Монғолияның орта және батыс аудандары.

63. Найман мемлекетінің астанасы: Балықты қаласы.

64.1)Наймандардың құрамындағы тайпа саны: 8

65. Найман мемлекетінің астанасы Балықты қаласы орналасты: Орхон өзенінің бойында.

66. Керейіт мемлекетінің астанасы орналасқан жер. Битөбе.

67. Керейіт мемлекетінің шарықтау шегі: Маркус, Құршақұз ханның кезі.

68. «Монғол жеріндегі ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген керейлер – күшті дамыған ел. Олар тек Шыңғысхан ... әсерінен әлсіреді» деп айтқан: Рашид ад-Дин.

69. Керей, наймандардағы малдың басты түрі. Жылқы мен қой.

70.1)Керейлер мен наймандардың ұлыс билеушісі: Шерби

71. Қытай деректерінің қарақытайлардың атауы. Қидан.

72. 1143 жылы Елюй Дашы қаза тапқан соң оның орнына келді: Әйелі Табуян.

73. Қарақытай мемлекетінде билікке келген әйел адамға қойылатын талап. Хан тұқымы болу.

74. Қарақытай мемлекеті құрылған өңір. Жетісу.

75.1)Қарақытай мемлекетінің тілі: Моңғол

76. Қарақытайлардың Ходжент жанында Қарахан әскеріне ойсырата соққы берген жыл. 1137 жыл.

77. 1208 жылы қарақытайлар жеңіледі: Наймандардан(Күшілік ханнан)

78. ХІ ғасырда қыпшақтардың алып жатқан жері. Шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділге дейінгі жер.

79. «Қыпшақтар даласы» (Дешті Қыпшақ) аталған кең байтақ өлкенің алып жатқан территориясы. Алтайдан Еділге дейінгі аралық.

80. «Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен» деп айтқан: Плано Карпини.

81.1)Орыс жеріне ауған қыпшақтар: половецтер

82. Шыңғысхан әскерінің Жетісуға басып кірген жылы. 1217 жыл.

83. Шыңғысхан 1217 жылы Жетісуды басып алуға аттандырды: Жебе ноянды.

84. Жебе ноян бастаған монғол әскері Жетісу халқын өзіне тарту үшін: Діни қысым жасамау ұранын басшылыққа алды.

85.1)Шағатай мен Үгедей қоршаған қала: Отырар

86. «Отырар апаты» болған жыл. 1218 жыл.

87. Шыңғысхан жіберген сауда керуені Отырар қаласына келіп жетті: 1218 жыл.

88. Шыңғысханның 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай аттанды: 1219 жылы.

89. Шыңғыс хан әскеріне 15 күндей берілмеген қала. Ашнас.

90. Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдардың иелігіне көшкен уақыт. 1219-1220 жылдар.

91. Шыңғыс қайтыс болған жыл. 1227 жыл.

92. Шыңғысханның үлкен баласы Жошыға қараған жерлер. Ертіс өзенінен батысы Еуропа жерлеріне дейін.

93. Алтын Орданың орталығы. Сарай-Бату қаласы.

94. Алтын Орданы құрған хан. Батый хан.

95. Әмір Темір 1405 жылы қайтыс болған қала. Отырар.

96. Әмір Темір шапқыншылығының зардабы. Қазақ жерінің экономикасының, мәдениетінің дамуына зардабын тигізеді.

97. Ноғай Ордасының алып жатқан жері. Еділ мен Жайық аралығы.

98. Ноғай Ордасының орталығы. Сарайшық қаласы.

99. «Қазақ» сөзіне «еркін», «кезбе» деген түсіндірме берілген: «Араб-қыпшақ» сөздігінде.

100. «Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болып, ХІІІ ғасырға дейін қолданылып келген мағынасы. «Еркін адамдар».
































304. «Қазақ» («еркін адамдар») сөзі этникалық мағынаға ие бола бастайды: XIV ғасырдан бастап.

305. Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайыр хандығынан қазақ аталып жүрген тайпаларымен бөлініп көшкенде оларға алғаш рет тағылған ат. «Өзбек-қазақ».

306. Қазақ халқының құрылуына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болды: XV ғасырдың екінші жартысында.

307. Қазақ халқының, қазақ жүздерінің пайда болуы жайында айтылатын аңыздардың бірі. «Алаша хан».

308. «Алаш» сөзі шамамен алғаш рет қолданыла бастады: ІХ-Х ғасырларда.

309. Қазақ халқының ұраны: «Алаш»

310. Кейбір шежірелерде қазақ атауының орнына қолданылды: «Алаш»

311. Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас. Таңбалы-Нұра.

312. Талас-тартыс болған жағдайда үш жүз өкілдері келіп, мәселелерін шешті. Таңбалы Нұрада.

313. Қазақ халқының жүзге бөлінуі: Өзі жерін қорғау қажеттілігінен туды.

314. «Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері» деп айтқан ғалым. Ш.Уәлиханов.

315. XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы материалдық игіліктер негізделді: Мал басынан алынатын шикізатқа.

316. ХІІІ ғасырдың соңындағы деректердегі киіз үйлердің түрі. Арба үстіне тігілген, жылжымалы үйлер.(күйме)

317. Қазақтардың орта ғасырда киген жаздыгүні ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған бас киімі. Айыр қалпақтар.

318. ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, қымызды қалай жасайтындарын жазды: Еуропа саяхатшылары.

319. Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны олар «айран» деп атайтынын жазған: В.Рубрук.

320. В.Рубрук шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны олар: «Айран» деп атаған.

321. XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың әдеби туындылары ауызша таралды. Оның ғылыми атауы. Фольклор.

322. Ғарыштың пайда болуы немесе Күн мен Айдың және жұлдыздардың қайдан шыққаны туралы аңыз. «Күннің баяны», «Темірқазық пен Жетіқарақшы».

323. XIV-XV ғасырлардан бері келе жатқан тәрбиелік мәні зор ертегі: «Жоямерген», «Жерден шыққан Желім».

324. XIV-XV ғасырлардағы белгілі эпостық жыр: «Қобыланды жыры».

325. Қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр. «Қобыланды жыры

334. Орта ғасырдан бізге жеткен аспаптық музыка туындылары, күйлер: «Ескендір», «Шора батыр».364. 365. XV ғасырдың екінші жартысында салынған, жартылай сақталған ескерткіш: Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі.

366.Отырар қаласы қай кезге дейін өмір сүрді: ХVІІ ғасырға дейін.

377. XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде жетілдірілген жаңа үлгі. Күмбез-шатыр жүйесі.

378. ХV ғасырдың алғашқы кезінде қазақ тайпалары өмір сүрді: Түркістан аймағында

379.Қазақ хандарына Есен-Бұғаның бөліп берген жері: Қозыбасы

380. Қазақ хандығының құрылу қарсаңында наймандар мекендеген өңір. Ұлытаудан Есілге дейінгі жерлер.

381. XV ғасырларда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар ықпал етті: Қазақ халқының ұлттық мемлекет болып құрылуына.

382. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып мемлекет етіп құру міндеті тиді: Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне.

383. Қазақ хандығын құрды: Керей мен Жәнібек сұлтандар.

384. Қазақ хандығының құрылуына алғышарттардың бірі: Әбілқайыр хандығы мен Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайындағы оқиғалар.

385. XV ғасырдың басында Ақ Орда мемлекеті ыдырап оның орнына құрылды: Әбілқайыр хандығы.

386. Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алған Моғолстан ханы. Есен-Бұға.

387. Қазақ хандығы құрылды: 1465-1466 жылдары.

388. XV ғасырдың 50-70 жылдары Әбілқайыр хандығынан бөлініп Керей, Жәнібек сұлтандардың қоластына көшіп келген халықтың саны: 200 мың.

389. Қазақ хандығының бастапқы кезде алып жатқан жері: Шу мен Талас өзендерінің аумағы.(Жетісудың батысы)

390. Моғолстан ханы Есен-Бұға қайтыс болды: 1462 жылы.

391. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайларды тоқтатты: Ішкі феодалдық талас-тартыс.

392. Қазақ хандығының құрылуы жайындағы деректер: Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди».

393. Қазақ хандығының құрылу кезіндегі халықтың өмірінде маңызды мәселеге айналды: Сырдария бойындағы қалалармен қатынас жасау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
1760
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі