Материалдар / Қазақстан территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстан территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба ....
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2024
279
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Ғылыми жоба


Ғылыми жобаның авторы: Әбілқасым Жанелья Төлегенқызы










2019-2020 оқу жылы




Жамбыл атындағы жалпы орта білім

беретін мектебінің 9”ә”сынып оқушысы

Әбілқасым Жанельяның ғылыми жобасына





Пікір


Әбілқасым Жанелья 9”ә” сынып оқушысы ғылыми жұмыстарымен былтырдан бастап айналысып келеді. Негізінде Жанелья алғыр, еңбекқор, дарынды әрі өнерлі. Ән сайыстарына, биге, мәнерлеп оқуға үнемі қатысып отырады. Жанелья барлық пәндерден жақсы оқиды, әсіресе Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы пәндерінен өте жақсы. Оған дәлел Жанельяның бүгінгі таңдаған тақырыбы.

Бүгінгі ғылыми жобада Ұлы Жібек жолында орналасқан тарихи ескерткіштермен мәдени мұралардың тарихы мен зерттелу барысына көз жеткізу.

Негізгі бөлімде зерттеу жұмысының мазмұнын толықтай, жан жақты баяндалып, ғылыми жобаның мазмұны тиісті дәрежеге жеткізілді.

Сондықтанда мен осы жобаны жазу барысында оқушының еңбектеніп іздену нәтижесін ескере отырып,қорғауға лайықты деп ойлаймын.

















Мазмұны






I. Кіріспе………………………………………………………………………….3

a) Қазақстан территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштер………………………………………………………………………6

II. Зерттеу бөлімі

a)Ұлы Жібек жолында орналасқан көне қалалаp…………………………...7

III.Қорытынды……………………………………………………………………10

a)Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….…11































Жоспар






I. Кіріспе

a) Қазақстан территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштер.

II. Зерттеу бөлімі

  1. Ұлы Жібек жолында орналасқан көне қалалар

III. Қорытынды

  1. Пайдаланылған әдебиеттер






























Аннотация

«Ұлы Жібек жолында орналасқан мәдени және тарихи ескерткіштер» тақырыбында орындаған ғылыми жұмысында еліміздің әр бір аймағындағы тарихи және мәдени ескерткіштердің тарихын қарастырылған. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және зерттеу күнделігінен тұрады.



Аннотация


Тема научной работы «Исторические, културные памятники на территории Великий Шолковый пути» рассматривается исторические и культурные памятники нашей страны. Научная работа состоит из введения, основной части, заключения и дневника исследования.


Annotation


These sciences of work «Historical, cultured memorials on the territory Kazaкhstan» of consider historical, cultured memorials ours country. Work consist from introduction, basis parts, the conclusion and diary investigation.

























Зерттеудің өзектілігі. Адамзат тарихының күре тамыры мәдениет болса, мәдениеттің күре тамыры – адам баласының ақыл-ойы мен қимыл-қаракеті, дүниеге әкелген ғажайып рухани және материалдық құндылықтары. Қай халықтың болсын өзге ешбір жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап, өзгеше тағдыр талайын айқындайтын да, түптің түбінде сол тарихи ескерткіштер мен жауһар жәдігерлер болып есептеледі.

Біз мыңдаған жылдар бойы жинақталған барлық мәдени-тарихи қазыналарды тереңдеп білуге, зерделеп зерттеуге ұмтылған заманда өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің егемендік алуымен өткенді пайымдауға кең жол ашылды. Осыған орай Осыдан бес жыл бұрын Елбасының жарлығымен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бекітілгені белгілі. Міне, осы бағдарлама аясында көне жәдігерлерімізді түгендеп, барымызды жаңғырту, паш ету біздің азаматтық борышымыз. Мемлекет тәуелсіздігінің 18 жыл ішіндегі ең маңызды бағдарламаның бірі осы «Мәдени мұра» десек артық айтқандық емес. Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асыруда мынадай мәселелердің шешімін табу көзделді:

-Мемлекеттік маңызы бар бірқатар ескерткіштерді қалпына келтіру;

-Ежелгі және орта ғасырлық тарихи қалалық орталықтарға археологиялық-этнографиялық зерттеулер жүргізу;

-Жаңа ғылыми-зерттеу, этно мәдени, тарихи орталықтар мен қорық-мұражай базаларын ұйымдастыруды жүзеге асыру.

Осы тұрғыдан атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан территориясында көне тарихи және мәдени ескерткіштердің сыры ашылып, тарихқа жаңа бетбұрыс алып келді.

Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасының қазіргі жағдайы жаңа тарих пен мәдениет ескерткіштерін ашумен, мавзолейлер, ескі мешіттер, көне қалаларды жөндеуден өткізу арқылы жаңа тарихи-мәдени мұражай-қорықтар ашу жұмыстарын белсендірудегі көпғасырлық дәстүрлерді дамыту мен сақтау бойынша жасалатын шаралар кешенін қамтамасыз етумен сипатталады. Біз осы ғылыми зерттеу жұмысымызды орындау барысында Қазақстанның әр түрлі аймақтарындағы тарихи және мәдени ескерткіштердің тағылымы мол тарихымен танысуға мүмкіндік алдық.














Ғылыми жұмыстың мақсаты: Қазақстан территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштердің тарихымен танысу. Ғылыми жұмыстың мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:

-Мәдени және тарихи ескерткіштердің айырмашылығын көрсету;

-Ескерткіштердің зерттелу бағыттарын көрсету.


Зерттеудің әдістері: ғылыми ізденушілік, талдау, жинақтау.

Зерттеудің көздері: тарихи әдебиеттер, ақпараттық материалдар, мерзімдік басылым материалдары және т.б.


Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.


































кіріспе


Қазақстан территориясындағы мәдени және тарихи ескерткіштер.

Тарихи - мәдени мұраны сақтау – стратегиялық маңызы бар мәселе. Ұлттық дәстүр, әдеби және мәдени құндылықтар, тарихи тәжірибе ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын қазына. Сондықтан да еліміздің ұлттық тарихи, мәдени мұрасын зерделеуде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуына бастамашы болды.

«Мәдени мұра» бағдарламасы – тәуелсіз ел тарихында ерекше орын алатын жаңа әлеуметтік жоба. Тарихи бағдарлама ел рухының көтеріліп, ұлт жадының жаңғыруына септігін тигізетін сарабдал құбылыстардың біріне айналғаны ақиқат. Ел президентінің: «Қазір елдің жағдайы жақсарды, енді ұлы мұраларымызға қайырылып қарауымыз керек, бүкіл әлемдік рухани байлықты мемлекеттік тілімізде сөйлетуіміз керек, ол үшін орнықты бағдарлама керек, қаржы қарастыру керек. Бұл біздің болашақ алдындағы парызымыз. Тарихи парызымыз» - деген сөздері баршамызға күш-жігер қосады.

Еліміздің ұлан байтақ териториясының қойнауы тарихи, мәдени мұралар болады. Соның ішінде отыз мыңнан астам тарихи – мәдени ескерткіштің бес мыңы – ғылыми іздестіру жұмысына мұқтаж және бүгінгі күні терең зерттеп талдауды қажет етеді. Соның негізінде еліміздегі бай тарихи мұраларымызды, зерттеп, зерделеу келешек ұрпаққа дәріптеу мақсатында «Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды. Тарихи–мәдени мұра–бұрынғы замандардан жеткен нағыз энциклопедия, ол адамның танымы мен санасына әсер етуші құпия қырларын, сырларын жекелеп аша беретін қасиетке толы. «Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде жеріміздің әр түрлі аймағында орналасқан тарихи, мәдени ескерткіштер мен көне қалалардың зерттелуі қолға алынды. Зерттеу нысандарына қарай екі бағытта бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, көне қалалар тарихының зерттелуі, екіншісі, тарихи ескерткіштердің зерттелуі.



Кесте №1 Жібек жолында орналасқан көне қалалар

Shape1

Көне қалалар



Сарайшық қаласы

Көк-Мардан қаласы

Қарамерген қаласы




Шірік-Рабад қаласы

Талхир қалашығы

Сайрам қаласы




Тараз қаласы







Олардың қатарында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан орта ғасырлық тарихи қалаларды жатқызуымызға болады. Солардың бірі, тарихы бай, тағылымы мол, сан ғасырлар тоғысынан аман өтіп бүгінгі дәуірімізге аман жеткен Тараз қаласы – ежелден халқымыздың рухани – мәдени орталықтарының бірі дейтін үлкен мәртебеден төмендеп көрмеген киелі мекен.


Сурет №2 Ежелгі Тараз қаласы


Ежелгі қаланың «алтын белдеуінде» жатқан ұлттық мұраларымыз бабаларымыздың ерлік пен өрлікке толы ғұмырнамасының, олардың өткен өмірі, кешкен ғұмырының тірі шежіресі. Сол бай мұраны аман сақтап, аялап, келер ұрпаққа аманат ету бәрімізге ортақ парыз.

Мәдениеттің байлығы, адамға ғана тән ақыл-ойдың әлеуеті ұрпақтан-ұрпаққа жалғасу мен мәдени мұраға айналмақ. Бұларды түзу қандай қиын болса, сақталуы, мұра ретінде қолданысқа енуі одан да қиын.Тарихты жасайтын – адамдар, ал адамдарды өзгертетін құдірет – тарих деген қағида бар. Ұлы жібек Жолы бойында орналасқан тарихи, мәдени ескерткіштерді былайша топтастырдық.

Бірінші-Арыстанбаб кесенесі. ХІІ ғасырда өмір сүрген белгілі діни мистик Арыстанбаб құрметіне тұрғызылған. Алғашқы жөндеу жұмыстарыХІV-ХV ғасырларда жүргізілген. Содан бері алғашқы салынған ою өрнектер сақталынған. 1971 жылы кесене алғашқы үлгісіне негізделіп қайта қалпына келтірілген.

Екінші- Әулиеата өңірінде орналасқан, міне, осындай асыл қазыналардың бірі – Ақыртас сарай кешені. Ол Тараз қаласынан 40 шақырымдай жерде жатыр. Ұлан даланы мекендеген ұлы бабаларымыз әлемдік өркениет өрімдерінен нәр алған, өз дәуірінің ер тұлға перзенттері бола білгеннің бір бұлтартпас дәлелі осы. Алып жәдігердің өн бойынан адамзат ақыл ойының, білім мен шеберлігінің сан-салалы жетістіктерін байқауға болады. Шамамен ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап ғылыми әлемге белгілі болған «Ақыртас» сарай кешенін әр кезеңде Знаменский, Лерх, Бартольд, Бернштам, Каллаур, Бәсенов секілді ғалымдар мен өлкетанушылар зерттеп, зерделеген. Алайда, құпия сырға толы, құдіретті қуатқа ие осынау ұлы мұраның қандай мақсатқа арналған құрылым екендігі және оны кімдердің, қай кезеңде іргетасын қалағандығы туралы күні бүгінге дейін белгілі бір тұжырым жоқ. Сонымен қ атар, осы тарихи орында үстіміздегі жылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Беріктігі бетон қуатымен пара-пар, жерасты су көзінен 180-200 метр биіктікте жатқан тау жынысын қақ жарып, аса ірі көлемдегі тас бөлшектерден қаланған Ақыртас тұғыр-тасының биіктігі, жер бедерінен ыңғайланғанда, шамамен 3,5-5 метр биіктікті құрайды. Тұғыр тастың үстіндегі қаланымдардың енінің өзі 2 метрден асады. Және қабырға қаланымдарына пайдаланылған қызыл құм тастар аса нәзік шеберлікпен қашалған. Қашанды тастардың бізге жеткен нұсқалары, сол ерте дәуірлерде өмір сүрген шеберлердің үздік өнерін, төзімі мен сабырын және сәулеткерлік өресін айқындап тұр. Ақыртасқа тек келу керек, «далалықтар» атанған алыптардың ақыл - парасатының биік өресін бағымдау керек.

Ү шінші - Х-ХІІ ғасырда салынған Айша-бибі кесенесі біздің заманымызға, негізінен, бұзылған күйінде жетті. Кесененің тек батыс қабырғасының біраз бөлігі мен сонымен жапсарлас екі қабырғаның аздаған қалдықтары сақталған. Күн мен жаңбырдан, желден кесененің одан әрі зақымдануын болдырмас үшін кезінде әйнекпен қоршалып, төбесі жабылды. Ежелгі шеберлердің мұрасын қайта тірілту, оны екінші рет ашу, шынайы қалпына келтіру – үлкен білім мен талпынысты және қолға алынған істің орасан маңыздылығын түсінуді талап ететін аса игілікті еңбек. Сондықтан да Айша-бибі кесенесінің шынайы бейнесін келесі ұрпаққа жеткізу ғалымдардың арасында ұзақ жылдарға созылған пікірталас тудырды. Біреулері ескерткішті сол қалпында сақтап қалу керек десе, басқалары ескерткішті қайта қалпына дұрыстап келтіру керектігін айтты.

Тарихи ескерткіштердің суреттеріне, саяхатшы – ғалымдардың еңбектеріне көңіл бөлу қажеттілігі жөнінде сөз болды. Соңында белгілі сәулетші, қалпына келтіруші Ә.Итеновтың жобасы мақұлданды. Осы жоба бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Казреставрация» ұжымының шеберлері жүргізді. Кесене қайта қалпына келтіру үшін, сақталып қалған кірпіштері зерттеліп, қайта орнына қойылды. Басқа кірпіштері мен терракотты қыш тақталары Түркістанда арнайы кірпіш зауытында дайындалып жеткізілді. Өйткені, кесененің салыну тарихы жайлы жазба дерек жоқ. Ескерткіш күмбезінің қандай пішінде болғаны белгісіз. Ғұлама шығыстанушылар мен атақты сәулетшілердің ізденістерінде оның пішіні болжам түрінде ғана айтылады. Ғалымдар мен мамандар Қазақстан мен Өзбекстандағы ескерткіштерді, осы екі елдегі сәулет өнерінің туындыларын терең зерттей келе Айша-бибі кесенесінің күмбезі конус тәрізді болған деген ортақ пікірге келді. Осы ұйғарым бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, кесененің күмбезі орнатылды.

Еліміздің мақтанышы, сәулет өнерінің інжу маржаны, Орта Азияда теңдесі жоқ сәулет өнерінің ескерткіші, міне, осылайша қайта қалпына келтірілді. Ол өзінің алғашқы ғажап бейнесіне толық енді десек те болғандай.

Төртінші - Әулиеата – Қараханғатұрғызылған кесене (ХІ-ХІІ ғ.ғ. сәулет ескерткіш) мен Бабаджа Хатун кесенесі де қайта қалпына келтірілді. Енді, міне, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында күмбір күмбезді ескерткіштеріміз де еңселерін қайта тіктеуде.

Қарахан мазары-ХІ ғасырда салынған сәулетті күмбез, бірақ ескіріп, тозуына байланысты 1906 жылы қайта салынған. Жаңадан салынған кезде оның ертедегі сәулеттік, декоротивтік көркемдігінің қалдықтары жойылған, сонымен бірге алғашқы жобасы да бұзылған. Қазір бұл күмбезді, жобасы төртбұрыш болып келген құрылыс. Қарахан әулие кісі болған, себебі ол туралы талай аңыз -әңгімелер баршылық

Айша-бибі кесенесінің маңына орналасқан Бабаджа хатун кесенесі тікше пішінді, тік бұрышты күмбезді құрылыстар қатарына жатады. Бұл кесене-орта ғасыр сәулет өнерінің кезеңдік дамуын сипаттайтын құрылыс. Бабаджа хатун ескерткіші сырт пішінінің жинағы, әрі қарапайым, оймыш өрнектерінің үйлесімді, қыш қалауының сапалы болуымен ерекшеленеді. Күмбез тұғыры аршамен құрсауланып, тақталардан суағарлар жасалуы сол кездегі құрылыс өнерінің өте жоғары дәрежеде болғанын көрсетеді. Сырт күмбездің биіктігі 86 см қырлы призманың үстіне орналастырылған. Ол Қазақстандағы 10-11 ғ. сақталған сәулет өнері ескерткіші.

Келесі ескерткіш Шомансұр (Дәуітбек) кесенесі. Бұл да портальды-күмбезді құрылыс. Күйген қыштан қаланған есіктері ою өрнектеліп, әшекейленген.

Тектұрмас- орта ғасырдан қалған сәулет өөнері ескерткіші. Тараз қаласының шығыс жағында Талас өзенінің оң жағалауында төбе үстінде орналасқан. Шамамен 14 ғ салынған, авторы мен салушысы белгісіз. Кесене толық қирап қалған, ол толық 19 ғ 80 жылдары түсірілген фот осурет арқылы ғана белгілі. Күйдірілген кірпіштен салынған, күмбезі болған іргесі төрт бұрышты болып келеді. Кіретін арқа тәрізді қақпасы батысқа Тараз қ аласына қарай қараған. Жергілікті тұрғындар кесене Тектұрмас деген атпен белгілі болған әулие сұлтан Махмұтхан жерленген орны деп есептейді. Тектұрмас кесенесін 19 ғ аяқ кезінде В.А. Каллуар, 1939-50 ж. Г.И.Пацевич зерттеген.2002 ж Тектұрмас кесенесін кәсіпкер Амангелді Момышев өз қаржысымен қайта тұрғызған. Әулие Қарахан тұсында әскербасы, жасауылбасыболып қызмет атқарған. Ол өз қызметін атқаруға шыққанда, қара жолдың үстіндегі жолаушы, керуен біткен түгел тексеруден өтеді екен. Көңіліне жақпаған жүргіншілерді өз бетінше жазалап, оларға өз бетінше шара қолданыпты. Жолаушы жұртты да, тұрғылықты елді де үнемі тексеріп, халыққа да тыныштық бермей, өзі де тыным алмай жүретіндіктен, көпшілік оны тектұрмас деп атап кеткен дейді.

Таңғажайып таңбалытас. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда бірқатар тарихи жәдігерлеріміздің сыры ашылып, ата-бабаларымыздың өткен өміріне қызығушылықпен қарайтын болдық. Даламыз қандай кең болса, ондағы жәдігерлеріміз де жеткілікті. Және олардың жер жағдайына бойланысты өз атаулары бар. Жамбыл ауданының батысындағы шөлейтті және жартылай шөлейтті аймаққа жататын Қарабастау елді мекенінің жазықпен шектескен таңбалы шатқалындағы талайды тамсандырған тастағы қашалған, бедерленген суреттер мен жазулар қазіргі кезде туризм көзіне айналып, халқымыздың бай мұрасы ретінде алыс-жақыннан келгендердің назарына ұсынылып, отырған тархи ескерткішіміз Таңбалытас.




Барысхан, Төрткөл қалашығындағы қазба жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар Ә.Х.Марғұлан атындағы археологиялық институты мамандарының қатысуымен және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық мұражай мекемесі қызметкерлерінің бақылауымен іске асырылуда. Одан өзге Құлан қаласынан Қарлұқ дәуіріне жататын «Қарлұқ сарайы» нысаны табылып, ол жердегі зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасып жатыр. Қазба жұмыстары жүргізілген жер көтерме бастырмамен жабылған. «Ақыртас» сарай кешені маңындағы «Хан сарайы» нысаны да еңселендірілді. Үстіміздегі жылғы қазан айына дейін жоспарланған бұл жұмыстар қазір қызу жүргізіліп жатыр. Осы жылы болашақ зерттеу-экспозициялық орталықтың ірге тасы қаланып, біршама көтерілді.

Аталған ескерткіштерден басқа Жамбыл облысында басқа да тарихи ескерткіштер мол. Тараздың орта ғасыр тарихында өзіндік орны бар тарихи қала болғандығы мақтануға тұрарлық. Қазақстан территориясының қай аймағын алып қарасаңыз да тарихи сырға толы ескерткіштердің куәгері боласыз.






























ҚОРЫТЫНДЫ


Біз зерттеу жұмысымыздың барысында Ұлы Жібек жолында орналасқан тарихи ескерткіштеріміз бен мәдени мұраларымыздың тарихы мен зерттелу барысына көз жеткіздік.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы әлі толық ашылмаған өткен тарихымыз азды көпті түгенделіп, олжамызға марқайып, айналаға асқан құмарлықпен қарайтын болдық. Осыдан болар, талай ғасыр ашық аспандағы қараусыз қалған тау мен үңгір қабырғаларындағы бедерленіп, қашалып жазылған суреттер мен белгілерге деген қызығушылық арқылы ата-бабаларымыздың өткен өмірі мен тіршілігінен хабардар болдық. Даламыз қандай кең болса, ондағы құнды жәдігерлер де жеткілікті.

Алайда, еліміз территориясындағы сан мыңдаған т

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!