ҚАЗАҚСТАН
ТОПОНИМИКАСЫНЫҢ
ДАМУ
ТАРИХЫ
Ожаева
Б.Б.,
ШҚО, Өскемен
қаласы
Қазақстан Республикасында
топонимика ғылымының дамуындағы қазіргі теориялық мәселелер:
жергілікті жердің табиғаты мен шаруашылығы жайлы ақпарат адамдардың
күнделікті өмірі мен қызметінде кеңістіктік бағдар ретінде қызмет
атқаратын сол географиялық объектінің атауы болып тілде сақталады.
Осылайша бұл атауларда халықтық географиялық терминология кең
қолданылып, табиғат құбылыстары, географиялық объектінің
ерекшеліктері және ландшафттың ерекше белгілері көрініс табады.
Географиялық атаулар жүйесі кез келген тілдің ажырамас элементі
болып табылады, сондықтан тілмен бірге дамып келеді. Қоғамның
дамуына байланысты бұл топонимдер жаңарып, әрі ылғи да толықтырылып
отырады.
Географиялық атаулар белгілі-бір физикалық-географиялық
жағдайда адамның күнделікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына
байланысты қалыптасып және дамып отыруы мүмкін. Атаулардың белгілі
бір тарихи кезеңдердегі адамның шаруашылық әрекетінің ерекшелігін
зерттеуде ақпараттық көзі болатынын көптеген зерттеушілер атап
өткен. Адамның дәстүрлі шаруашылық әрекетінің қалыптасып, дамуына
сол кезеңдегі физикалық-географиялық, тарихи, әлеуметтік жағдайлар
себепші болады. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы жерінде көшпелі
мал шаруашылығы мен егіншілік сипаты көрініс табатын топонимдердің
қатар кездесуі осы шаруашылық салаларының географиялық
шоғырлануына, сол кезеңдегі табиғат жағдайларына қатысты
қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Бұл мәліметтер міндетті
түрде нақты деректермен (тарихи-археологиялық, географиялық,
лингвистикалық) расталған жағдайда, құндылығы арта
түседі
Топонимдер зерттеушілер
үшін таным тірегі болып табылады. Топонимика ғылымы кез келген
ауданның табиғи жағдайлары мен табиғи қорларын, айрықша қорғалатын
табиғи аумақтарын зерттеуде маңызды қолданбалы сипат алады. Бұл
міндеттерді шешу үшін географиялық атаулардың номинациясына себеп
болған тарихи оқиғалар, атаулардың мағыналық жүктемесі және осыған
сәйкес алынатын географиялық ақпаратты ескерудің маңызы зор.
[1; Б256]
Қазақ жеріндегі бірқатар
топонимдер 1863-1885 жылдары жарық
көрген П.П. Семеновтың “Россия
империясының географиялық-статистикалық
сөздігінде” көрініс тапқан. Сөздікте
топоним құрамындағы географиялық терминдер сызықша
арқылы бөлініп жазылған
және терминнің қазақшадан
аударғандағы мағынасы жақша
ішінде берілген. Бұл
сөздіктің қазіргі топонимика
ғылымы үшін маңызы
атаулардың тізімін, мағынасын
беруімен ғана емес, объектінің георафиялық ерекшеліктерін қысқаша сипаттауымен
де құнды. Мұның
өзі көптеген қазақ
топонимдерінің мәнін түсінуге, мағынасын
жан-жақты
талдауға мүмкіндік береді.
Ал Қазақстан аумағындағы
көне және
қазіргі заманғы түркі
топонимиясы зерттеуде В.В. Радловтың, А.Н. Кононовтың
және т.б. қосқан үлесі
зор болды.
Қазақстанда
топонимика ғылымының негізін
қалаушы Ғ.Қ. Қоңқашпаев өз
еңбектерінде қазақтың халықтық
географиялық терминологиясын жинақтап, талдады. Ғ.К. Қоңқашпаевтың
география ғылымдарының кандидаты ғылыми
атағын алу үшін қорғаған диссертациясы (1948) осы
кезеңге дейін топонимика
саласында көп сілтеме
жасалынатын еңбектің бірі
болып табылады. Ғалымның әсіресе
географиялық терминдердің атауларды қалыптастыру заңдылықтарына,
терминдердің аймақтық, жергілікті семантикалық ерекшеліктерін
зерттеуіне қатысты тұжырымдары өте құнды. Ол еліміз аумағындағы
монғол атауларын, түркі тілді географиялық терминологияның
заңдылықтарын қарастырумен бірге, топонимикалық сөздік құрастырумен
де айналысты. Ғ.Қ. Қоңқашпаевтың топонимика және терминология
мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері Қазақстан топонимика
ғылымының қалыптасып дамуына зор үлесін
тигізді.
Топонимика ғылымының
дамуында ерекше орынды белгілі географ Э.Мурзаевтың еңбектері
алады. Оның топонимикалық еңбектерінде топонимиканың теориялық
мәселелері, аймақтық топонимикалық зерттеулер және жергілікті
географиялық терминдердің топоним қалыптастыруна қатысты
мәселелеркөрініс тапқан. Э. Мурзаев топонимиканы лингвистика, тарих
және географияның зерттеу әдістерін пайдаланатын, осы ғылымдардың
теориялық негіздеріне сүйенетін дербес ғылым ретінде көрсетті.
Ғалым өз еңбектерінде Орта Азия мен Қазақстандағы географиялық
атаулардың қалыптасуына, дамуына да айрықша назар аударған.
Э.Мурзаев қазақ топонимисі Ғ.Қ.Қоңқашпаевтың халықтық географиялық
терминологияға қатысты зерттеулерін жоғары бағалап, бұл еңбектерге
өз зерттеулерінде сілтемелер жасаған. А.Нұрмағанбетұлының «Жер су
аты- тарихтың хаты» деп аталатын еңбегінде Қазақстан жеріндегі
географиялық атаулардың қысқаша шығу тарихы мен сол нысандарға
сипаттама берген.
К.Рысбергенова Оңтүстік
Қазақстан аумағындағы топонегіздерді тілдік тұрғыдан үш топқа: 1)
субстратты (көне); 2) сырттан енген; 3) түркілік қабат деп
жіктейді. Әрбір тілдік қабатты белгілі бір тарихи кезеңде
қалыптасып, кейінгі дәуірлерде мүлде өзгеріске түспеген деуге
болмайды. Өйткені қалыптасқан кезінен бастап, әрбір географиялық
атау тарихи-географиялық және әлеуметтік факторларға байланысты
өзгеріске ұшырап отырды.
Топонимдердің өте көне
субстратты қабаты қазіргі заманғы тілдер тұрғысында
түсіндірілмейтін, яғни бұрынғы замандарда осы өлкені мекендеген
халықтардың тілдеріне жататын топонимиялық қабатты қамтиды. Бұл
қабатқа ежелгі түркілік, соның ішінде оғыз кезеңіндегі топонимдер
жатады. Сырттан енген топонимдер қабатын иран, араб, монғол, орыс
тілдеріндегі географиялық атаулар құрайды. Бұл тілдерден енген
атаулардың қалыптасу барысына, құрылымдық ерекшеліктеріне
тарихи-лингвистикалық, географиялық факторлар ықпал етті.
[2:
Б128]
Қазақстан топонимдерінің (макро, микротопонимдік)
құрамы. Қазақстан аймағындағы топонимдер ішін-ара екі үлкен
топқа бөлінеді. Олардың бір бөлігі — ірі географлялық объектілердің
атаулары болса, екінші мол тобы — кіші-гірім объектілер атаулары
боп саналады. Бұларды
ономстикалық ғылыми терминмен макротопоним және микротопоним деп
атайды. «Макротопоним (гр. макро — «үлкен»,
«ірі») — халыққа кеңінен танылып, ресми тұрғыда белгілі болған ірі
физика-географиялық объектілердің аттары. Мәселен, Европа, Азия,
Кавказ, Памир, Тынық Мұхит т.б. Біздің
Қазақстан топонимдері құрамындағы макротопонимдер — Алматы, Қарағанды, Целиноград, Орал, Ақтебе, Балқаш,
Каспий, Алатау, Қаратау, Ертіс, Сырдария, Ілс, Көкшетау т.б.
Сондай-ақ оған баска да қалалар, қала типіндегі поселкелер, аудан
орталықтары мен ірі өзен, көлдер т.б. объектілер атаулары
жатады.
Ал микротопонимия
(гр. микро- «кіші») —
белгілі территорияға тән ұсақ физика-географиялық объектілердің,
яғни өзендер мен көлдер, көлшіктер, бұлақтар мен бастаулар,
құдықтар мен жылғалардың, жыралар мен сай-салалардың, жоталар мен
төбе, төбешік, қыр-қыраттардың, шабындықтар мен пішендіктердің
қыстаулар мен жайлаулардың аттары. Бұл макротопоним және микротопоним деген терминдерді советтік тіл білімінде алғаш рет
А.В.Суперанская және Э. М. Мурзаев
қолданды.
Орталық Қазақстан
топонимдерінің ішінде сан жағынан көбі — микротопонимдер. Олардық мейінше мол болуының заңды себебі де бар. Өйткені
мал бағып, ен далада көшіп-қонып жүрген ел ертеден ұлан-ғайыр,
кең-байтақ жердегі бұлақтар мен бастау, қайнарларға, құдықтар мен
суаттарға, жыралар мен жылға, сай-сала, қыр-қыраттарға, қыстаулар
мен жайлауларға ат қойып келсе, әрбір облыс тұрғындары отырықшы
өмірге бой ұрған соң, елді мекендер мен колхоз, совхоздарға,
фермалар мен учаскелерге жаңаша ат қойып, айдар тағып
отырды.
Жергілікті географиялық
терминдер (ЖГТ)
немесе апеллятивтер табиғи объектілерді белгілеу ретінде пайдаланылады да,
жер-су аттарын жасауда негізгі ұйытқы болады. [3:
Б7-8]
Сонғы
жылдары географиялық терминдер туралы КСРО топонимистерінің біраз
зерттеулері жарық көрді. Қазақтың халықтық географиялық терминдері
Ғ.Қоңқашпаев, А.Әбдірахманов, В.Н.Попова, Е.Қойшыбаев, О.Сұлтаньяев
еңбектерінде лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттелді. Солтүстік
Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарына тән микротопонимдер мен
гидронимдердің құрамында географиялык,
термин (ЖГТ) мен апеллятивтердің кеңінен орын алғаны байқалады.
Мысалы, айрық, арқа, қыр, қоңыр, көн, өзек, сор, еспе, томар,
дала, тау, төбе, мұрын, адыр, тумсық, құдық, көл, өзен, бастау ,
бұлақ, сай, жал, қағыл, тас, шағыл, қорық, қопа, шоқы, жар,
ор т. б.
Қазақстан топонимдерінің стратиграфиясы бойынша
этимологиялық зерттеулер (лексикалық қабаттар).
Сонғы жылдары топонимикалық
зерттеулерде стратиграфия, немесе топонимдер
стратиграфиясы, деген термин
пайда болды. Бұл терминнің анықтамасы
мынадай:
«Стратиграфия
(лат. straит— төсем
+ gгарһо— жазамын)—тау
жыныстарының қат-қабаттану формаларын және жер қабығы қабаттарының
тарихи тізбекте жасалуын зерттейтін геологияның бөлімі». Бұл
күндері стратиграфия термині бұл мағынасын кеңейтіп, енді
топонимикада жер-су аттарының тарихи жасалуындағы көне қабаттарын,
соның ішінде ең көне субстратты топонимдерді зерттеуге қолданылатын
тер-минге айналып отыр.
Қазақстан
территориясындағы, сол сияқты баска да аймақтардағы жер-су
аттарының көне формаларын, басқа тілден енгендерін т.б. тарихи
құбылыстарды, топонимдердің этимологиясын комплексті зерттеу арқылы
ашуға болады. [4: Б200]
Қазақстан
топонимдерін осындай стратиграфиялық топтарға бөле
келіп, алтай, көне
түркі замандарында жасалған
топонимдерді, басқа тілдерден
ерте уақыттарда және
орта ғасырларда енген
топонимдерді с у б с т р а т т ы топонимдер деп
атайды.
Әдебиеттер.
-
Орталық Қазақстанның жер-су
аттары. – Алматы: Ғылым, 1989. – 256
б.
-
Мырзахметов М. Қазақ қалай
орыстандырылды. – Алматы: Атамұра – Қазақстан,
1993.- 128 б.
-
Меңдеке Ә. Жебейжүрбізді, ҚызылЖебе //
ЕгеменҚазақстан. 6.12.1994.7-8б
-
Очерки истории Рудного Алтая. – Усть-Каменогорск,
1970. – 200 с.