400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы



БҚО, Теректі ауданы Федоровка ауылы

Федоровка қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Тарих, экономика және құқық негіздері пәні мұғалімі, магистрант

Ізбас Сенім Айтжанқызы

Бөлім

8.3 «Қазақстан тоталитарлық жүйе кезеңінде» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқу

мақсаттары

8.1.1.1 Демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау;

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын талдау;

8.4.2.1 Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдау

Бағалау критерийлері

Халықтың демографиялық құрамының өзгеру себептері мен салдарын көрсетеді;

Әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын саралайды;

Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдайды.

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары ойлау деңгейлері

Орындалу

уақыты

20 минут

Тапсырма

1.Мәтінді пайдалана отырып, демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын жазыңыз.

1928-1932 жылдары Қазақстанда өткізілген ұжымдастыру –қазақ халқына қарсы жүргізілген геноцид еді. Ұжымдастыру науқаны қатал террор жағдайында, жергілікті жердің ерекшеліктері мен дәстүрлері есепке алынбастан, алдын-ала дайындықсыз, әміршіл-әкімшіл шаралармен жүргізілді, ұлттық көшпелі өмірдің негіздері жойылды.

1930-1932 жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40%-ы қырылды. 1931-1933 жылдары 6,2 млн тұрғынының 2,1 млн-ы аштықтан қырылды. Бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті.

Ауыл шаруашылығы құлдырады. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда не бары 4,5 млн ғана мал қалған еді. Жеке шаруашылықтар жойылды.

(Б.Жұбанышев, Ж.Мұрабілдаева «Қазақстан тарихы пәні бойынша емтихан сұрақтары мен жауаптары» Алматы, 2017)

Shape1


[4]

2. a) Деректі және өз біліміңізді пайдалана отырып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Репрессия құрбандары.


КСРО-ның жазалау шаралары,
Елімнің кең даласын аралады,
Қиналып, қиыншылық көріп жүрген,
Қазақтың көңіліне қарамады.


Халқымның ақыны мен ғалымдары,
Заманында алаулап жалындады,
Қынжылтады жүректі ойшылдардың,
Репрессия жазасына шалынғаны.

(https://general.kaznmu.kz/%D1%80%D0%B5%D0%BF%D1%80%D0%B5%D1%81%D1%81%)


b) Сталиндік қуғын-сүргін кезінде азаматтар қандай іс әрекеттері үшін жер аударылды және айыпталып еңбекпен түзеу лагерьлеріне жіберілгенін анықтап жазыңыз. ______________________________________________________________________________________________________ с) Жазалау шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстанда құрылған лагерьлер жүйесіндегі тұтқындардың ауыр тағдыры туралы 1 дәлел келтіріңіз. ______________________________________________________________________________________________________


d) Көлемі 3 гектарға жуық жерді алып жатқан АЛЖИР-де саяси қайраткерлер отбасы мүшелерінің жазалануы қандай қажеттіліктен туындағанын негіздеп түсіндіріңіз. ______________________________________________________________________________________________________

f ) Кеңес билігі тұсында қуғын сүргіннің қайталанып отыруының себебі неде? ______________________________________________________________________________________________________

[4]

3.Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен келеңсіз жақтарын (3-тен кем емес дәлел) кестеге толтырып, қорытынды ойыңызды жазыңыз.


Қазақстандағы индустрияландыру

Жетістіктері

Келеңсіз жақтары

1.



1.

2.



2.

3.

3.



Қорытынды ой:




[7]




























Бағалау критерийі

Тапсырма


Дискриптор

Балл

Білім алушы

Халықтың демографиялық құрамының өзгеру себептері мен салдарын көрсетеді




1

Демографиялық өзгерістердің 1-cебебін жазады;

1

Демографиялық өзгерістердің 2-себебін жазады;

1

Демографиялық өзгерістердің 1-салдарын көрсетеді;

1

Демографиялық өзгерістердің 2-салдарын көрсетеді;

1

Әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының зардаптарын саралайды


2

Сталиндік қуғын-сүргін себептерін анықтайды

1

Қазақстанда құрылған лагерьлер жүйесіндегі тұтқындар тағдырын дәлелдейді

1

АЛЖИР-де отбасы мүшелерінің

жазалануы қандай қажеттіліктен

туындағанын анықтайды

1

Қуғын-сүргіннің қайталанып отыру

себептерін саралайды

1

Қазақстандағы индустрияландырудың жетістіктері мен кемшіліктерін талдайды



3

Қазақстандағы индустрияландырудың 1 жетістігін талдайды

1

Қазақстандағы индустрияландырудың 2 жетістігін талдайды

1

Қазақстандағы индустрияландырудың 3 жетістігін талдайды

1

Қазақстандағы индустрияландырудың 1 келеңсіз жағын ажыратады

1

Қазақстандағы индустрияландырудың 2 келеңсіз жағын ажыратады

1

Қазақстандағы индустрияландырудың 3 келеңсіз жағын ажыратады

1

Қорытынды ой жазады


1

Жалпы балл 15



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
30.04.2021
1442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі