Қурышбек Аружан
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
87085434095
Дана халқымыз ішетін суына да ізет көрсетіп, оны «тіршіліктің көзі деп» әспеттеген. Енді сол «тірішілік көзінің» бүгінгі таңда әлем алаңдатарлық мәселе болып отырғаны барлығымызға аян.
Тіршілік тізбегіне терең үңіліп қарайтын болсақ, бір жұтым судың да қаншалықты қадірлі екенін аңғару қиын емес. Себебі отыз күн Оразада күні бойы нәр татпай жүретін адамдар ауызашар сәтінде алпыс екі тамырына ағылған судың сылдыры естіліп, дәмі сезілетінін айтады. Күнделікті судың қадірін біле бермейтініміз - шындық. Сарқырап су ағып тұрған соң бір тамшы суға зар болған жандардың басындағы ауыртпашылықты қайдан білейік?
Су ішетін арығы жоқ елдің,
Сүзіп алар балығы жоқ-дегендей қазірде осы «арығы» жоқ елдерде жылына мыңдаған, жүздеген адамдар көз жұмуда. Әлем елдерін алаңдатып отырған ауыз су мәселесі біздің елімізді де айналып өтпеді. Судың сұрауы үлкен Азия елдерінің ішінде еліміз су тапшылығы жағынан сегізінші орында тұр. Біздегі оның қоры 429 текше шақырымды құрағанымен, халықаралық сарапшылардың айтуынша, 2040 жылға қарай тұтыну көлемі 46 пайызға артып, судың жетіспеушілігі жылына 12 текше шақырымды құрауы мүмкін дейді. Мемлекет басшымыздың пайымдауынша, 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге дейін жетуі мүмкін. Міне осындай болжауларды естігенде бір сәт ойланып шыныменде тамыры тереңге жайылып бара жатқан «проблема» екенін аңғару қиын емес.
Ауыз су қазіргі кезде елімізде өршіп тұрған мәселелердің бірі екенін ескерсек бірақ әлі де бірқатар аймақтарда таза ауызсу болмауы, орталықтандырылған су жүйелерінің тартылмауы ауыз толтырып айтарлықтай жағдай болып отыр. Ауыл тұрғындарын ауызсумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалады екен. Қара судың қадірі қалалықтар үшін де маңызды. Әсіресе қабат үйде тұратындар су көзінің тоқтамауын тілейді.
Еліміздің су тапшылығы жыл өткен сайын күрделеніп келеді. Әрине, халық санының артуы өнеркәсіп орындарының көбеюі мен олардың су көздерін тиімсіз пайдаланып ластауы, ауыз су тапшылығының негізгі факторларының бір бөлігін құрайды. Қарапайым халықтың суға зар болып отырғаны, билік тарапын да алаңдатулы.Сонымен бірге сөзбен емес іспен мәселені шешу үшін түрлі шаралар іске асырылып жатқанымен әліде өз шешімін таппады.
Республикамыздың жерасты су ресурстарының мол екендігін айта кеткеніміз жөн. Бірақ жер асты сулары өте минералды болғандықтан және өте тереңде орналасқандықтан шаруашылық үшін пайдалануға қиындық туғызады.Жерасты суларының бастаулары өте әркелкі орналасқан. Су қорларының көп бөлігі республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде жатыр. Елімізге сырттан келетін сулар негізінен өзендер арқылы қалыптасады. Мәселен, трансшекаралық өзендер көршілес елдер Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстаннан келеді. Яғни, өзен суларының төрттен екі бөлігі сырттан келетін болса, қалғаны еліміздің өз ішіндегі су көздері.
Су тапшылығына әсер ететін ең бірінші фактор да осы – трансшекаралық өзендер жағдайы. Іле мен Ертіс Қытайдан келсе, Сырдарияның басында Өзбекстан мен Қырғыз Республикасы отыр. Жайықтың бастауы – Ресей жеріндегі Орал тауында болса, Шу өзені де Алатау асып жетеді. Бұлар еліміздегі негізгі су көздері. Ертістің суы азайса, Зайсан көліне, Іленің суы азайса, Қапшағай мен Балқашқа, Жайықтың суы тартылса, Каспий теңізінің ертеңіне зиян келмек. Сырдың суы дария бойын жайлаған тұтас аймақ пен беті бері қарай бастаған Аралға қауіп төндірмек. Бұл қауіптерді алдын алмасақ өзен көлдердің қай-қайсысы болмасын Арал тағдырын бастан кешетіні анық. Ал Арал тағдырының қыл үстінде тұрғаны кімнің де болмасын жадында.
Елімізге сырттан келетін және өзіміздің ішкі су қорларымыздың көлемі белгілі. Енді осы су көлемін мақсатты және дұрыс пайдаланудың жолдарын қарастырып көрейік.
Біріншіден жоғары да айтып өткендей трансшекаралық өзен суларын дұрыс пайдалану. Келешектің тізгіні «тіршілік көзінде» тұрғанын жақсы білетін мемлекеттер су аяғындағы елді есіркеп, тегін дүние ұстатпасы анық. Осыған байланысты Қазақстан «Су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» жобасын дайындауға кірісті. Бұл әрине ең маңызды бағыттың бірі. Себебі трансшекаралық өзендердің тағдыры дегеніміз – өзеннің аяғындағы мемлекеттің тағдырын шешетін жағдай. Трансшекералық өзендерден алатын суымыздың көлемі белгілі екенін ескеріп, сол көлемді дұрыс үнемдеу арқылы мәселені шешудің бір қыры бар.
Екіншіден, суармалы жерлердегі суды тиімді пайдалану. Суды бекерге ағызып қоятындар көп. Міне, осының нақты себебін анықтау керек. Әр тапшы судың өтемі, ақысы болуы қажет. Басқа мемлекеттерде далаға жіберген әр литр үшін айыппұл төлейсің. Дамыған елдердің бәрінде тамшылатып суару технологиясы қолданылады, біздегідей ағызып жіберіп, қарап отыру жоқ. Олар су құны қымбат болғаннан кейін осындай әдіске көшті. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде судың 67% көлемі ауыл шаруашылығына жұмсалады. Өнеркәсіпке – 30%-ы кетсе, қалғанын шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке пайдаланамыз. Кейде тіпті 1 гектарға жұмсалатын су мөлшері нормадан 1,5-2 есеге асып кетіп жатыр. Осыдан кейін Қазақстан су тапшылығына қалай ұрынбасын?!
Үшіншіден – өзі ішіміздегі ахуалды реттеу. Бар суды тиімді пайдалану. Finprom халықаралық агенттігінің рейтингіcі бойынша Қазақстан жан басына шаққанда күнделікті 3,5 мың литр су тұтыну көрсеткішімен әлемде 11 орында тұр. Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ: Ресейде бұл көрсеткіш үш есе аз — бір адамға 1,3 мың литр, Германияда — 855 литр, ал Ұлыбританияда — небәрі 348 литр. Бұл тұрғыда министрлік сумен қамтамасыз етудің негізгі жағдайын үш топқа бөліп қарастырып отыр. Біріншіден, ел тұрғындары үшін, яғни сапалы ауызсу. Екінші топ – қоршаған орта тепе-теңдігі мен трансшекералық өзендер саясаты. Үшіншіден – ел экономикасына қажетті ресурстарды ретке келтіру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында су ресурстарына ерекше көңіл бөліп кетті. «Жалпы, біз – трансшекаралық су көздеріне тәуелді елміз. Еуразия құрлығындағы өзендер мен каналдар – баршамызға ортақ табиғат байлығы. Осы су көздері біздің халықтарымызды, экономикамызды жақындастырады. Сондықтан көршілес әрі достас елдермен бұл мәселе бойынша әрдайым өзара түсіністікке және келісімге келу керек». Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек дегенді атап өтті. Ішкі су қорларын тиімді пайдалануды ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу, ал негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу екендігін айқын көрсетті.
Сонымен қатар мемлекет басшысы келесі жасалу тиіс міндеттерді атап өтті. « Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады. Министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалады. «Қазсушар», «Нұра топтық су құбыры» және басқа да негізгі компанияларда өзгеріс болады. Жалпы, осы саланың материалдық жағдайын жақсартып, кадр мәселесін шешу керек. Су тапшылығының артуы – Орталық Азия мемлекеттеріне ортақ мәселе. Суды үнемдеп пайдалану энергетика немесе көлік саласы сияқты аймақтағы ынтымақтастықтың тағы бір жаңа бағытына айналмақ. Үкіметке көрші елдермен бірлесіп, бұл мәселені жан-жақты пысықтауды тапсырамын».
Ойымды түйіндей келе, ең алдымен елдегі сапалы су көзінің тапшылығын ескеріп, республика территориясындағы жерасты сулары көздерінің нақты көлемін қайта есептеп, суға тариф есептеу тетігін орнату қажет. Су тарифтерін орнату, нақты іске көшу әліде елімізде орын алған жоқ. Осыны қолға алып мемлекет деңгейінде жүзеге асыру керек. Бұл шыныменде-ақ әрбір адамның су көздерін үнемді пайдалану керек деген ойын оятуына септігін тигізеді. Осы жағдайда тағы да бір ақсап тұрған мәселе республикадағы жағдайды жетік білетін мамандардың тапшылығы болып отыр. «Білікті бір айтар, бір айтса нық айтар» - демекші осы білікті мамандардың да жетіспеушілігі жағдайдың әлі оңалмай келе жатқанына әсерін тигізуде. Әрине кез-келген істі өз маманына тапсыру, мәселенің шешімін табуға бір қадам жақындау дегенді білдіреді. Сондықтан да, білікті кадр мамандарын даярлауға көптеп көңіл бөлу қажет. «Судың да сұрауы бар» дейміз, дейміз де қоямыз. Бірақ судың шын сұрауы енді туғандай. Алдын алып бұл мәселені шешудің жолын таппасақ өнеркәсіп, ауылшаруашылығынан бұрын ішуге ауыз су таппай қалатынымыз анық. Тоқтаусыз ағып тұрған суды бей-берекет шашып төгу, тіршіліктегі несібеміздің жоғалуы дегенмен пара-пар. Бұл бір ғана ауылдың, қаланың, мемлекеттің мәселесі емес дүниежүзілік күрделі мәселеге айналып отыр. Егер суды үнемді, мақсатты пайдаланар болсақ әрқайсысымыз да болашақта су дағдарысын болдырмауға септігімізді тигізер едік. Табиғат ананың берген байлықтарын күтіп, баптау біздің міндетіміз. Сол себепті өз міндетімізді дұрыс атқара білейік!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстандағы ауыз су мәселесі

шағым қалдыра аласыз