ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦИФРЛАНДЫРУ
Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжі
Студент: Өміртай Айзада, шетел тілі бөлімі
Жетекші: Боранбаева Жұлдыз Бекахметқызы, физика- информатика пәнінің оқытушысы
Адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады. «Цифрлы технологиялардың арқасында адамдар, шартты түрде алғанда, өлместік жағдайға жетуі мүмкін. Мәселен, Альберт Эйнштейн туралы барлық мәліметтерді жинастыра келе, осы ақпараттардың негізінде оның цифрлы көшірмесін жасап, оны голографиялық бейнемен толықтыруға болады. Ал қазіргі өмір сүріп жатқан адамның, мәселен, сіздің цифрлы болмысыңыз бен тұлғаңызды жасау одан да жеңілдейді. Ол үшін сіздің миыңыздағы барлық ақпараттарды оқиды да, соның негізінде көшірмеңізді жасайды.
Бүгінде еліміздің экономикасының барлық салаларын цифрландыру күн тәртібінің басты тақырыптарының бірі. Осы бағытта басталып жатқан белсенді жұмыстың алғашқы бағыттардың бірі білім беру деп аталады.
Цифрлік сауаттылық - бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлік сауаттылық - ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі. Цифрлік сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық, математикалық және жаратылыстану сауаттылығымен тең дәрежеде назар аударылуы керек.
Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.
Заманауи технологиялар біздің өмірімізге тұрақты түрде енгізілуде, «Цифрлік» тұжырымдамасын тек ғылыми конференцияларда ғана емес, күнделікті өмірде де жиі кездесетін болдық. Кейбір адамдар әлі күнге дейін цифрлау үрдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы пікірталастарда. Цифрландыру процесті және өндіріс кезеңдерін толық автоматтандыруды, өнімнің дизайнынан бастап, оны түпкілікті тұтынушыға жеткізумен аяқтауды, сондай-ақ кейіннен өнімге техникалық қызмет көрсетуді білдіреді.Ғылымның қарқынды дамуы барысында көптеген корпорациялар өндірістің барлық деңгейлерінде жаңа технологияларды қолдана отырып жұмыс істеуге дайын қызметкерлерді талап етеді және арнайы дағдыларға ие емес қызметкерлер қажеттілігі артта қала беруде. Осы проблемаларды шешу, әрине, білім беру процесін қайта жаңғыртуды талап етуі тиіс.
Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған жоғары оқу орындары мен мектептер үшін ашылатын цифрлік технологияның оқу құралдарымен байланысты. Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді. Цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Мектептік білім беру процесіне енгізілген жаңа технологиялар мектеп оқушыларын қарапайым лекцияларға қарағанда әлдеқайда көп қызықтыра алады. Мәселен, мысалы, Англияның Гранж мектебі мектептің ішіндегі «қала» сияқты жасалған. Гранж мектебінде телевизия мен радиостанциялар құрылып, балаларға әлем шынайылығындағы жағдайларды жақсартуға көмектеседі.
Қазір Қазақстан Үкіметінің ақпараттық технологияларды игеруді барынша жылдам дамытуға ұмтылып отырғандығын байқауға болады. Қазіргі ақпараттық технологиялар дегеніміз – цифрлы сана мен технологияларға қол жеткізудің басты алғышарты.
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғырту өзектілігі әлеуметтік функциясының маңыздылығы – білімді өндіру және түрлендірумен негізделеді, олар қазіргі қоғамдағы еңбек бөлінісінде шешуші рөлді атқарады.
Қазақстанның білім беру жүйесін жаңғыртудағы барынша табыстылыққа тек егер білім беру саясатына негізделген барлық бағдарламалық қондырғылар әлем тәжрибесімен жиналған оң әлеуеттен барлық мүмкін болатынды өзіне жинай алса ғана қол жеткізуге болады. Және де, әсіресе Орталық Азиядағы көптеген елдер үшін, білім беру жүйесін жаңғырту мәселесі әлі де өзекті болып қалуда.Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрландыру жүйесі өте қажет. Осылайша, көптеген жоғары оқу орындары білім беру жүйесінің ұзақ мерзімді тәжірибесін талдап, осы әдістің артықшылықтарын түсінді. Бұл жүйе білім беру сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту, заманауи қағаз процестерін жеделдету, мекеменің әкімшілік және басқарушы қызметкерлеріне қажет. Қазақстанда Білім және ғылым министрлігі цифрландыру саласында бірнеше міндеттерді қойды:
- орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамыту;
- білім беру мен ғылымды басқару процесін автоматтандыру;
- АТ мамандарын оқыту.
Бір өкініштісі, қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі мүмкін емес. Бұл біздің Қазақстанға емес, бүкіл әлем елдеріне қиындық келтіруде. Бірақ, солай болса да, әлемде жаңа пайда болған технологияларды игеруге ұмтылмай отырған ел жоқ деуге болады. Басты қатердің өзі осында тұр. Өйткені бүкіл әлем болып жаңа технологиялары игерудің марафонына қосылды. Марафонға қосылған екенсіз, енді тұрып қалу жоқ. Тұрып қалсаңыз ескі әлемнің аясында қалып кетесіз.
Елдер арасындағы дамудың арақатынасы осылайша
алшақтай түседі. Мұны Елбасымыз жастармен кездесуінде жиі
айтуда. Қазір Қазақстан Үкіметінің ақпараттық
технологияларды игеруді барынша жылдамдатуға ұмтылып отырғандығын
байқауға болады. Өкінішке қарай, жаңа заманның ақпараттық
технологияларын таратушы – кең жолақты интернет желілері
ауылдарымыздың бәріне бірдей жеткен жоқ. Осы олқылық таяу уақыттың
ішінде еңсерілмек. Бұл бізге не үшін қажет? Бүкіл ел болып
цифрландыру заманына қарай өту үшін қажет. Қазіргі ақпараттық
технологиялар дегеніміз – цифрлы сана мен технологияларға қол
жеткізудің басты алғышарты.
Алдымызда болатын міне, осындай заман өзгерістеріне біздің елді
дайындықсыз отыр деп айта алмаймыз. Қазақстан қазірдің өзінде
ақпараттық технологияларды енгізу, компьютерлік қамтамасыз ету,
интернетке қосылу, «Электронды» үкімет жұмыстарын ұйымдастыру
көрсеткіші бойынша ТМД кеңістігінде алдыңғы қатарда келеді. Сонымен
қатар Қазақстан әлемдегі алғашқы 20 елдің қатарында өзінің
цифрландыру бағдарламасын қабылдады.
Қысқасын айтқанда, цифрландырудың сиқырлы әлеміне
ену жөніндегі Қазақстанның қазіргі ынта-жігері және ұмтылысы
көптеген бағалаулар бойынша жаман емес. Дегенмен қол жеткенге
тоқмейілсудің ешбір реті жоқ. Керісінше, үдерісті одан әрі үдете
түсу қажет.
цифрландыру мәселелері бойынша өткен
республикалық кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Мен
әркімнің цифрландыру мақсат емес екенін түсінуін қалаймын, ол
жаһандық бәсекелестікке әкелетін біздің абсолюттік артықшылығымызға
қол жеткізудің құралы. Онсыз өзін құрметтейтін ел қалыпты өмір сүре
алмайды. Бәсекелестік болмаса, біз артта қаламыз және алда келе
жатқан мемлекеттердің шаңын жұтатын боламыз. Пайданың, өнімділіктің
және капиталдандырудың күрт артуы – мәселе осында. Цифрлы экономика
осыны береді», деп ескертті.
Тәуелсіз еліміз болып, Үкіметіміз болып, алға
қарай талпынған жастарымыз болып, заманның қайда, қалай бет
алғандығын ұқтық, осы жолда басты бәйгеге тіктік. Өйткені
стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру тұрғысынан алғанда әлемде
бейбіт және бәсекелестік жағдайда дамудың бұдан ауқымды басқадай
басты бағыты да жоқ. Халықтар мен елдер және олардың дәстүрі
әртүрлі болғанымен, прогрестің бағыты – біреу және ол айқындалып
отыр. Цифрландыру қазіргі әлеуметтік-экономикақлық салалардың
барлығына ортақ.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз