ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ МОДЕРНИЗАЦИЯ
Наралиева Рахила Турсыновна1, Тойганбекова Майра Шодановна1
1Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасы
Аңдатпа
Авторлар мақалада Қазақстан Республикасының цифрлық жүйеге көшуі – елімізді жаңғыртуға бастайтын игі қадам екенін баяндайды. «Цифрлық жүйе», «цифрлық технологияларды енгізу» ұғымдарын талдайды. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты мақсатын, негізгі бағыттарын және электрондық қызметтер көрсететін цифрлық орталықтардың жұмыс ауқымы қарастырады. Бағдарламаның «ХҚО» орталығында жүзеге асырылу барысын талдап, тиімді жақтары мен әлсіз жақтарын талдайды. Электрондық кілт арқылы ақпарат тасымалдау барысында киберқауіпсіздікті арттырудың тиімді жолын ұсынады.
Кілт сөздер: цифрлық жүйе, жаңғырту, мемлекет, электронды кілт, ақпарат тасымалдау
ЦИФРОВАЯ МОДЕРНИЗАЦИЯ В КАЗАХСТАНЕ

1Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Факультет довузовского образования
кафедра довузовской подготовки
Аннотация
В статье авторы сообщают о том, что переход Республики Казахстан на цифровую систему - это благотворный шаг на пути к модернизации (обновлению) нашей страны. Производится анализ понятий " цифровая система" и "введение цифровых технологий". Рассматривают главную цель, основные направления программы "Цифровой Казахстан", а также объём (диапозон) работы цифровых центров, оказывающих электронные услуги. Анализируется процесс осуществления программы в "Центре Обслуживания Населения", а также положительные (эффективные) стороны и слабые стороны. Выдвигает (рекомендует) эффективный способ увелечения кибербезопасности в ходе переноса информации посредством электронного ключа.
Ключевые слова: цифровая система, модернизация, государство, электронный ключ, перенос информации.
DIGITAL MODERNISATION IN KAZAKHSTAN
Rakhila Tursynovna Naraliyeva1, Maira Shodanovna Toiganvekova1
1 Kazakh languages Departments Chair of Pre-University Training,
Faculty of Pre-university education,
al-Farabi Kazakh National university, Almaty, Kazakhstan
Abstarct
In the article, the authors report that the transition of the Republic of Kazakhstan to a digital system is a kindly step on the way toward modernization (renovation) of our country. The concepts of “digital system” and “adoption of digital technologies” are analyzed. The chief goal, the principal directions of the Digital Kazakhstan program, as well as the volume (scope) of the work of digital centers that render (provide) electronic services (E-services) are considered. The process of implementation the program in the "Public Service Center" is analyzed, as well as the effective sides and weak spots. An effective way is being put forward to increase cybersecurity during the information transfer through an electronic key.
Keywords: digital system, modernization, state, electronic key, information transfer
Цифрлық жүйе дегеніміз не? Цифрлық жүйе дегеніміз – аналогтарды цифрлық форматқа көшіру. Цифрлық жүйе сөзі орыс тілінде бір ғана сөзбен цифровизация деп аталады, қазақша айтқанда цифрлану немесе цифрландыру деген ұғымды білдіреді. Ағылшын тілінде «didgital» – сандық деген сөздің баламасы. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, мемлекетіміз салаларға енгізіп жатқан цифрлық технологиялар бізге не үшін қажет деген сауалға жауап қарастырсақ. Алғаш рет цифрлық жүйе деген сөзді телехабарларды тарату саласына қатысты қолданатын едік. Кәдімгі антеннадан құтылып цифрлық «didgital» ТВ-ны пайдаланудың өзі телеарналардың жұмысын оңтайлы етті, бұрынғыдай антеннаны бұрап қажетті арнаға бұрап әуре-сарсаңға түспейтін болдық. Осылайша әуелі тұрмыстық сфераға енді, содан соң өміріміздің кез келген саласында қатысты бұл терминді «цифрлық экономика, цифрлық бизнес», т.б. деп жиірек пайдалана бастадық. Бұл цифрлық жүйе сөзі – жаңа ұғым, цифрлық технологияны адам қызмет ететін өнеркәсіп пен бизнеске және басқа да салаларға енгізу болып табылады. Жаңа бастама болса да, қазіргі уақытта цифрлық жүйе күнделікті өмірімізге дендеп енді. Цифрлық жүйені қоғамдық өмірімізге енуі арқылы біз қазір уақытты үнемдей алатын болдық: теледидардың өзі бұрынғыдай антеннасы қисап, экрандағы көрсетілімнің сапасы төмендеп кетпейтін болды. Көптеген қызметтерді онлайн режимде қолданатын болдық. Коммунальдық төлемдерді, ақша аударымдарын мобильдік банкинг арқылы-ақ жүзеге асырып,, тіпті такси шақырудың да, үйге тамаққа тапсырыс беріп алдыртудың әртүрлі сервистерін пайдаланатын болдық. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының қазіргі қоғамдағы өміріміздегі басты жетістіктерінің бірі – қызмет көрсетудің сапасын жақсартады, еңбек өнімділігін дамытып, қазақстандықтардың тұрмысын, әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік береді.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру, басты мақсатқа қол жеткізу дамудың бағыты екі сала (Кескін 1) бойынша жүргізіледі:

Кескін 1. Кескінде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі саласы көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен 2017 жылы 12 желтоқсанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты, негізгі мақсаты – елімізде орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік экономиканың даму қарқынын жеделжету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, ал ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық экономикасын болашақ цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау белгіленді. Бұл бағдарлама 2018-2022 жылдары аралығындағы кезеңді қамтиды және еліміздің флагмандық/басты салаларын технологиялық тұрғыдан жаңғыртуға қосымша серпін береді, еңбек өнімділігінің ұзақ мерзімді және ауқымды өсуіне жағдай туғызуға бағытталған. Бағдарлама 23 жобаны жүзеге асыруды жоспарлайды. Үкіметтің жоспары бойынша, бұл 23 «мұзжарғыш» (ледокол) жоба экономиканың тұтас секторларын бұтарлап бұзып, цифрлық бизнес саласын қалыптастырып, елімізді толықтай цифрлық жүйеге көшіруге бағытталған. Жобаны жүзеге асыру барысында 2018 жылы ақпараттық қауіпсіздік аясында Ұлттық институт құрылды.
Осы жобаларды жүзеге асыру жұмыстары «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бес бағыты (Кескін 2) бойынша ұйымдастырылады:

Кескін 2. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының басты бес бағыты берілген.
-
«Экономика салаларын цифрландыру» – еңбек өнімділігін арттыруға және капиталдандырудың өсуіне алып келетін озық технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы экономикасының дәстүрлі салаларын түрлендіру бағыты.
-
«Цифрлық мемлекетке көшу» – қажеттіліктерін күні бұрын біліп, халық пен бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретіндемемлекеттің функцияларын түрлендіру бағыты.
-
«Цифрлық Жібек жолын іске асыру» – ішкі контур үшін де, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін де деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты.
-
«Адами капиталды дамыту» – жаңа жағдайға – білім экономикасына көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам деп аталатынды құруды қамтитын түрлендіру бағыты.
-
«Инновациялық экожүйені құру» – бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы орнықты көлденең байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай жасау бағыты, мемлекет инновацияларды өндіріске шығаруға, бейімдеуге және енгізілуге қабілетті экожүйе катализаторы ретінде әрекет етеді («Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі, 2017 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №827 қаулысы). Осы жоғарыда аталған бес бағыттың аясында 17 бастама көтерілді және жүзден астам іс-шаралар ұйымдастырылып, оларды жүзеге асырудан түсетін қайтарылымның алғашқы игі нәтижесі байқала бастады. Цифрлану дегеніміз – ақпаратты цифрлық форматқа көшіру. Қазіргі уақытта ақпараттық деректерде, кодталған дискреттік сигнальдық импульстарда цифрлық трансмиссия кеңінен қолданылады. АҚШ-та цифрлану бағыты ақпараттанған қоғам құруға, ары қарай ақпаратты тасымалдау арқылы дүниежүзіндегі барлық байланыс жүйесін жаһандандыру үдерісіне әкеле жатыр. Еуропада және әлемнің басқа аймақтарында цифрлану жүйесіне қатысты ұстанымы басқаша: оны жер шарында хабар тарату барысында ұлттық локальдық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғайтын қорғанысы бар құрал ретінде қабылдайды. Қазақстан Республикасы әлемдік және көршілес ел Ресейдің цифрлық жүйеге көшу тәжірибесін терең талдай отыра қазақстандық ұлттық үлгісін қалыптастырып жүзеге асыруда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру барысында ең алдымен цифрлық инфрақұрылымды дамыту күн тәртібінде бірінші кезекке қойылды. Қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымсыз бұл бағдарламаны жүзеге асыру мүмкін емес. Халыққа, тұтынушыларға толықтай АҚТ қолжетімділігі ғана «цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі тетігі болып табылады. Қазақстанға халықаралық техникалық саласының ғалымдарын мамандандырылған кәсіпқой да білікті мамандарын тарту үшін қолайлы жағдай жасау жұмыстары қолға алынды. Сауатты мамандардың біліктілігімен қатар (Akylbaeva, Malgaraeva & Umirzakova, 2013) бұл цифрлық жүйені пайдалану үшін осы цифрлық қызметті қолданатын халықтың сауаттылығы да қажет. Сол себепті еліміздің түкпірінде цифрлық сауаттылық курстары ашылды. 2018 жылы 686 мыңнан астам адам базалық цифрлық сауаттылық дағдыларын меңгеріп шықты. Жалпы цифрлық сауаттылықтың 79,6 пайызын құрады. Ал 2019 жылы 7 маусымнан бастап Қазақстанның барлық облыстарында цифрлық сауаттылықты арттыру курстары өз жұмыстарын бастайды, деп хабарлады (kazlenta.kz, 2019). ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және Аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігі мен «Зерде» холдингі акционерлік қоғамы бірлесіп, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында адами капиталды дамытып, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға арналған курстардың оқу бағдарламасын дайындады. Еліміздегі халықтың цифрлық сауаттылығын 80 % пайызға жеткізу үшін ақпараттық қауіпсіздікті, электрондық коммерцияны, электрондық үкіметтің ашық қызметтерін пайдалануды меңгерту үшін тегін цифрлық сауаттылық курстары ашылды. Тегін цифрлық сауаттылық курстары мынадай басты бес тақырыпты: біріншіден, дербес компьютер мен ноутбукті, мобильді құрылғыларды, қосымшаларды, ғаламтормен жұмыс істеуді, қауіпсіздікті сақтауды, деректерді дұрыс сенімді пайдалануды меңгертуді қамтыды. Екіншіден, «eGov.kz» электрондық үкіметтің» онлайн қызметтерін пайдалануға машықтандыру, үшіншіден ашық үкіметті (ашық деректер, ашық регламент, ашық диалог, бюджетті) пайдалану дағдыларын бекіту, төртіншіден ғаламтор арқылы сауда-саттық жасауды – электрондық коммерцияның басты тетіктерін игеру, бесіншіден киберқауіпсіздікті, ғаламторды пайдаланудағы қауіпсіздікті сақтау, ақпаратты, жеке деректер мен мәліметтерді қорғау, дербес компьютерді, планшет, смартфон секілді гаджеттерді қорғай білу дағдыларын меңгеру бағытында сауаттылығын арттыру бойынша оқу үдерістері жүргізілді. Теориялық білімді нақты практика жүзінде бекіту жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл тегін оқу курстары ең әуелі халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына: көп балалы аналарға, зейнеткерлерге, тірек-қимыл аппаратында кемістік бар кембағал жандарға, жұмыссыздарға арналды. Тегін курстар Қазақстанның барлық аймақтарында арнайы орталықтарда ұйымдастырылды.
«Цифрлық сауаттылық» курстарының жұмыстары қазіргі кезде ниетті азаматтарға қолжетімді болып отыр, бұл туралы ақпаратты ХҚО және жұмыспен қамту орталықтарынан, т.б. жергілікті тиісті органдардан білуге болады. Сонымен қатар электрондық қызметтерді қалай қолдануға болатыны туралы өз бетінше әдебиеттерді (Дейтел, Дейтел, Нието, 2008) пайдаланып үйренуге болады.
Елімізде қабылданған «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасы отандық салаларды барынша дамытуға бағытталған. Осы мақсатта цифрландыру үдерісі қарқынды түрде жүріп жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақпарат пен коммуникация министрлігінің жетекшілігімен мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын нәтижелі түрде жүзеге асыруда. «Бір терезе» жүйесі бойынша қызмет көрсету жүзеге асырылуда. Өз кезегінде электрондық үкімет саласына үлкен өзгерістер енгізді. “eGov” электрондық үкімет порталы іске қосылды. Электрондық кілт арқылы құжаттарды қашықтықтан ресімдеу жұмыстары іске қосылды. Электрондық кілтпен жұмыс істеу негізінде уақытты үнемдеу, құжаттарды қашықтықтан ресімдей алу қызметтеріне қол жеткізді. Қағазбастылықтан құтылды. Қағаз құжаттарды IT-жүйесі алмастырды. «Электрондық қызмет орталығында» биометриялық параметрлер негізінде мемлекеттік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретін пилоттық жоба іске қосылды. Енді қызметті пайдаланушылар ХҚО-лар мен электрондық үкіметтің қызметтерін онлайн режимде кеңінен пайдалануға жол ашты. Қазіргі таңда реестрдегі 741 мемлекеттік қызметтің 454 түрі, 61 пайызы электрондық/цифрлық форматта қолжетімді болып отыр. Уақыт өткен сайын электрондық жолмен қызмет көрсетудің көлемі артып келеді. 2020 жылы Үкімет цифрлық форматта жұмыс істейтін мемлекеттік қызметтің үлесін 90 пайызға жеткізуді мақсат етіп отыр. 2019 жылы Астанада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ең алғашқы Электрондық қызметтер орталығы ашылып, жұмысын бастап кетті. электрондық қызметтер орталығында азаматтарға көрсетілетін қызметтер санының артуына байланысты халық арасында онлайн қызметтерді пайдалана алуды үйрететін іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында еліміздегі ХҚО орталықтары уақыт талабына сай жаңғыртылып жатыр. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторының ауқымы 60 пайызға дейін ұлғайтылуда. Электрондық орталықтарда кеңес беруші мамандар азаматтарға көмектесіп, оларға электрондық порталдың қызметін өз бетінше қолдану жолдарын үйретеді. ХҚО-ның жаңа буыны – цифр орталықтары Астана, Алматы, Шымкент және Қостанай қалаларында нәтижелі жұмыс істеп жатыр. Цифрлық фронт-кеңсе заман талабына сай операторлар қызмет көрсететін жұмыс үстелдерімен жабдықталған. Цифрлық фронт-кеңсе барлық облыс орталығында жұмысқа қосылуы жоспарланып отыр. Алматыдағы ХҚО-ларда қала тұрғындары саусақтың таңбасы арқылы құжаттарды ала алады. Бұрынғы қағаз жеке куәліктің орнын биометриялық идентификация ауыстырып жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ақпараты бойынша 2020 жылы қаңтар айында-ақ 2200 алматылық биометриялық мәліметтерін енгізген. Бұндай биометриялық өлшемдерді/параметрді идентификациялау әрекеті қауіпсіздіктің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Электрондық кілт пен парольды қолданудан гөрі әлдеқайда тиімді. Себебі парольды ұмытып кетуі мүмкін және электрондық кілттің де жарамдылығы шектеулі: бір-ақ жыл. Жыл сайын активизация жасау керек. Ал биометриялық идентификацияны пайдаланудың өзіндік артықшылығы бар. Биометриялық идентификаторларды ұмытып және жоғалтып алу мүмкін емес. Цифрлану технологиясы үнемі жетілдіріліп отырады: мәліметтерді қарап, тексеру, биометриялық идентификаторды тану жұмысының нақтылығы ұлғайды, шифрлау хаттамасын күрделендіре түсті. Мемлекеттік қызметтер аясына цифрлық жүйенің енуі күннен-күнге артуда. Мысалы, мобильдік қосымшаны пайдаланудың үлесі артып келеді, жыл басында-ақ 11000 қызмет алу мобильдік қосымша арқылы жүзеге асқан. Бұл көрсеткіш мобильдік қосымшамен қызмет алудың халық үшін қажеттілігін дәлелдейді. Себебі цифрлық жүйемен жұмыс істейтінділігі: азаматтар өз уақытын үнемдейді, бұрынғыдай мемлекеттік қызмет алу жеке кабинетке кіргенде өзі туралы мәліметтерді қайта-қайта толтырып отырмайды, «eGov-та» автоматты түрде толтырылады. «eGov» мобильдік қосымшасы электрондық цифрлық қолтаңбаңызды төрт таңбалы PIN-кодты және құрылған биометриялық құрылғыға да байлап (қаттап) қоюға мүмкіндік береді. ЭЦҚ PIN-кодқа және биометрияға байлап қою арқылы, мобильдік қосымшаға кірген сайын авторлану кезінде ЭЦҚ пен парольды енгізуге алаңдамайды. «Цифрлық құжаттардың» бета-нұсқасында «eGov» мобильдік қосымшадағы азаматтардың құжаттарының электрондық нұсқасы қолжетімді болып тұрады. «eGov» мобильдік қосымшасындағы цифрлық құжаттарды мессенжерде жариялай алады. Бұл функционал/қызмет мессенжер немесе электрондық пошта арқылы құжаттардың электрондық нұсқасын қажетті жағдайда өзге тұлғаларға жіберуге мүмкіндік береді. «eGov» мобильдік қосымшасын AppStore мен Google Play бойынша жүктеп алып, пайдалануға болады. Қауіпсіздік үшін «телеграмм» саласына да жүктеуге болады.
Қазақстанда Электронды Үкімет бағдарламасын дамытудың кезеңдері

Кескін 3. Қазақстанда Электронды Үкімет бағдарламасын жүзеге асыру мен дамытудың кезеңдері көрсетілген.
Соңғы кезде елімізде еңбек саласын Электронды Үкімет бағдарламасын жүзеге асыру аясында (Кескін 3) цифрландыру шеңберінде «Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобасы іске қосылды. Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев (Мұратқали, 2020) еңбек шарттарының электронды жүйесі іске қосылу барысы мен нәтижелері туралы мәлімдеді. Еңбек саласын цифрландыру шеңберінде «Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобасының артықшылығы – бір ғана құжатпен: жеке куәлік бойынша жұмысқа орналасуға болады. Бұрын жұмыс берушінің талабы бойынша жұмысқа тұруға келген азамат қағаз құжаттың бірнеше түрлерін: жеке куәлік, еңбек кітапшасын, білімі туралы құжатты, медициналық кітапшаны жинауы, резюме/түйіндеме, ұсынысхатты ұсынуы және жұмыскердің жеке парақшасын, сауалнаманы толтыру керек болатын.Отандық ғалымдар өз еңбектерінде еңбек шарттарының ашық болуын, екі жақтың міндеттері (Идришева, 2012) мен заңды жауапкершіліктері (Бексултанова, 2013) туралы баяндайды. Қазіргі уақытта еңбек саласын цифрландыру жүйесі адамдарды қағазбастылықтан құтқарды, басы артық құжаттарды жинаудың қажеттілігін жойды. «Электронды еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» жобасына елімізде 26 мың еңбек ұйымы қосылып, 1,1 миллионнан астам электронды шарт жасалған. Еңбек шарттарын электронды жүйесі жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғап, еңбек қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді, жұмысқа қабылдау үдерісін жеңілдетеді. Жұмысқа қабылдаушыға да басымдық береді: жұмыскердің ұсынған құжаттарының жалған болуынан сақтайды. Елімізде 2019 жылы салалық ведомостволар ұсынатын қызметтерінің 80 пайызын электронды жүйеге – цифрлық форматқа көшірді. Елімізде қазіргі уақытта азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласына қатысты көрсетілетін 40 мемлекеттік қызметтің 18 түрі электронды, 14-і проактивті нұсқаға: SMS арқылы және 10 түрі композитті түрде көрсетіледі. Ағымдағы 2020 жылдың аяғына шейін цифрлық форматта қызмет көрсететін қызметтердің үлесін 90 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.
«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы ең әуелі еліміздегі халықтың әлеуметтік-тұрмыстық әл-ауқатын арттыруды мақсат етеді. «Азаматтың әлеуметтік ID картасы» осы мақсатта жасалған. Қазақстан азаматтарының ID картасы – жәрдемақылар мен төлемдер түсетін пластикалық карта. Бұл ID карта арқылы коммуналдық қызметтердің төлемақысын төлеуге болады, басқа да қызметтердің ақысын төлей алады. Ал ID картаның иегері жеңілдік санатынатына кіретін болса, ақша есептен шығарылмайды. Бұл пилоттық жобаның қанатқақты режимі былтыр республикамыздың батыс аймағында: Ақтөбе облысында іске қосылды. ID картаның осы уақыттағы қызметі мен нәтижесі оның тиімділігін көрсетті. Картаның қызметі енді еліміздің басқа да аймақтарында кеңінен пайдаланыла бастады, Нұр-Сұлтан қаласында, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау облыстарында қолданысқа енді. 45 мыңдай ID карта шығарылды, осы мерзім аралығында 31 мың транзакция жүзеге асырылды. Ағымдағы жылы азаматтардың әлеуметтік ID картасын еліміздің барлық аймағына жаппай толық енгізілу жоспарланып отыр. Азаматтардың әлеуметтік ID картасының көмегімен АӘК төлемін алуға, қоғамдық көліктерде жолақысын төлеуге, мектептерде көпбалалы және тұрмыстық-материалдық жағдайы төмен, табысы аз отбасыларының балаларына тегін тамақтануға болады.
Әдебиеттік шолу.
Цифрландыру жүйесіне көшу – бұл әлемдік жаһандану үдерісінен қалмаудың ба, кезекті тренді қуалаудың амалы ма, әлде тиімді де қажетті үдеріс пе?
Цифрландыру жүйесіне көшу барысы туралы үнемі отандық сараптамашылар/эксперттер, А.Ж. Смағұлов цифрлық жүйенің өндірістік төртінші революция және Президенттің Жолдауына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының локомотиві екеніне (Смағұлов, 2018) тоқталады. Нугуманова еліміздегі мемлекеттік басқару саласының аймақтардағы даму барысын (Нугуманова, 2012) баяндайды. Б.Базарбек аймақтағы менеджмент мәселелерін (Б.Базарбек, 2013) қарастырады. БАҚ ақпараттары былай деп мәлімдейді: мысалы, желілік басылымдарда «Цифровизация в Казахстане выходит на международный уровень» мақаласында Беларусь Республикасы мен Қазақстанның цифрландыру жүйесіне ауысу үдерісіндегі мүдделес
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстандағы цифрлық модернизация (1)

шағым қалдыра аласыз