Материалдар / Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер

Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл әдістемелік әзірлеме Этникалық және әлеуметтік процестер деп аталатын II -бөлімге жатады. . 2.1 тақырып бойынша Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер алынған. Сабақта белсенді оқыту әдістері берілген.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы қаласы

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының

ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжi» КМК

КГП на ПХВ «Высший медицинский колледж» Управления общественного здравоохранения города Алматы


ЦМК №1 «ЖАЛПЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ПӘНДЕР»

ҚМЖ


АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ " ШЖҚ КМК

Модуль / Пән

"Қазақстан тарихы"

(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Бөлім / кіші бөлім

2.Этникалық және әлеуметтік процестер

Сабақ тақырыбы

2.1.1 тақырып. Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер

Мұғалім

Тлекметова Гульнар Болысбековна

күні:« »______2023

Жалпы мәліметтер

Курс 1 группа МІ 23-7, 23-8, 23-9,23-10,23-02

Сабақ түрі

Жаңа білімді игеру

Мақсаттары, міндеттері

Этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау.

Күтілетін нәтижелер

1) Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдаланады;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың ортасы

(Түсіну кезеңі)

I. сыныпты ұйымдастыру.

«Кубизм» әдісі арқылы өткен сабақтарға шолу жасалды. Мақсаты: бірлескен орта құру.

II. Тірек білімді өзектендіру

Үй тапсырмасын сәйкестендіру кестесі арқылы көрсетілген сілтеме арқылы орындайды.

Білім алушыларды Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.



https://wordwall.net/resource

/61892477/13-14-%D0%BE%D1%80%D1%82%D0%B

Сабақтың ортасы

(Түсіну кезеңі)

III. Жаңа материалды зерттеу


1. Мәтінге дейінгі жұмыс:

"Миға шабуыл"қабылдау

1 тапсырма.

Зерттеу сұрағы:

- Орталық Азия халықтарының рухани және материалдық мәдениет жетістіктері әлемдік мәдениеттің дамуына қандай ерекше орын алады?

-Рухани және материалдық мәдениетке анықтамасын береді;


1 тапсырма.

«Алтын адам» тақырыбына қатысты видео қарау. Осы видео фильмді көру барысында кестені толтыру.


Не туралы

Оқиға мерзімі

Оқиға мерзімі

Ерекшелігі






2 тапсырма. Мәтінмен жұмыс (кез келген тақырыпты алу):

1. Қола дәуіріндегі Далалық өркениеттің материалдық мәдениетінің жетістіктерін анықтау;


2. Қола дәуіріндегі Далалық өркениеттің рухани мәдениетінің жетістіктерін анықтау.












https://www.youtube.com/watch?v=53ctn0VnieA


мәтін

1

Қосымша





Сабақтың соңы

  1. Жаңа материалды бекіту

Жаңа тақырыпты сәйкестендіру кестесі арқылы бекітіледі.


Мұғалімнің бақылау картасы

ТАӘ

Үй жұмысының кестесін орындау

Зерттеу сұрағына жауап береді

«Алтын адам» тақырыбына кесте толтырады

Мәтінмен жұмыс жасайды

Бекітугеарналаған сәйкестендіру кестесін толтырады.













Рефлексия

"Ойды жалғастыр"әдісі

Бүгін мен мұны түсіндім_____________

Маған ұнады ___________________

Мен тырысамын_______________________

Әр топқа лайық

V. Үй тапсырмасы:

1. Орталық Азияның ежелгі мәдениетінің сабақтастығы мен өзара ықпалын мәтіннен табып жазу; (ЕББҚ бар білім алушылар үшін)

2. «Сақ өнерінің аңдық стилі» немесе «Сақ киімі» тақырыбына эссе жазу.


https://quizlet.com/686173957/match?funnelUUID=8e2c7f74-1b42-4d2b-a374-836cddb3a3bd









II бөлім. Этникалық және әлеуметтік процестер

2.1 бөлімше. Қазақ халқының шығу тегі. Тақырып 2.1.1 Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер


Антропология және антропогенез. Тарих ғылымдары адам мен адамзат қоғамының дамуын әртүрлі аспектілерде қарастырады. Мысалы, әскери-саяси тарих – соғыстар мен мемлекеттер тарихын; тарихи әлеуметтану – әлеуметтік құрылымдардың дамуын; техника тарихы – техникалық прогресті зерттейді және т.б. Алайда тарихтың дербес ғылымдары зерттейтін аспектілер де бар. Олардың бірі антропогия (физикалық антропология) болса, оның бір бөлімі палеоантропология, ол антропогенезді – қазбалардан табылған сүйектер негізінде адамның биологиялық түрінің (Homo) шығу тегі мен эволюциясын зерттейді.

Антропогенез: 1) адамның пайда болуы мен оның түр ретінде эволюциясы; 2) палеоантропология пәні.

Антропология және археология. Археологтер ақсүйектерді көбінесе қазба жұмыстары кезінде табады. Антропогия мен археологияның арасындағы айырмашылық мынада: археология – әлеуметтік ғылым, ал антропология – биологиялық ғылым, ол адам денесін, оның құрылысын, қызметтері мен өзгергіштігін зерттейді. Археологті ежелгі адамдардың пайдаланған құралдары, ал антрологті – оның бас сүйегі мен сүйектерінің құрылысы қызықтырады. Алайда антропологиялық және археологиялық зерттеулер қатар жүргізіледі. Археологтер қазба сүйектерін антропологтерге сараптамаға береді. Олар бұл сүйектеге адамдардың жынысын, жасы мен сыртқы бейнелерін анықтайтын зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Антропология және гендік география. «Нәсіл» түсінігінің ғылыми еместігі. Антропология салаларының бірі болған нәсілтану ұзақ уақыт бойы адам нәсілін зерттеген. Заманауи ғылым саяси себептерге байланысты нәсілшілдікке ұрынбау үшін «нәсіл» түсінігінен бас тартты. Нәсілдік теория ғылыми тұрғыдан алып қарағанда ескірді. Өйткені барлық адам бір түрге жатады және өзара еркін араласады. «Таза» нәсіл жоқ, толып жатқан түрлері бар. Нәсілдерді генетикалық деңгейде бөліп көрсету мүмкін емес.

Біздің әрқайсымызда Отанымыздан өте алыс жерге тән генетикалық белгілер бар. Дүниежүзінің әртүрлі аймақтарындағы генетикалық белгілердің таралуын зерттеумен жаңа ғылым – гендік география айналысады. Ғалымдар дүниежүзі халықтарының генетикалық атласын жасаумен және адамдардың ежелгі замандағы көші-қондарын зерттеумен айналысады. Бұл – өткен өмір туралы ғылымның алдыңғы шебі.

Қазір «нәсіл» түсінігінің орнына антропологиялық үлгі ұғымы жиі қолданылады. Антропологиялық зерттеулер бұрынғыша жекелеген халықтардың ежелгі тарихын зерттеу үшін маңызды. Антропологтер археологтермен, тіл мамандарымен, тарихшылармен және этнографтармен бірге жұмыс істейді. Археологиялық мәдениет тасымалдаушыларынан моңғолоидтік, еуропеоидтік және өзге антропологиялық белгілерді анықтау ежелгі тайпалардың көші-қондары туралы пайымдауға және олардың өзара қатынастары туралы болжамдар жасауға мүмкіндік береді.

Этнос және этнология. Этнос денегіміз не? Қарапайым тілмен айтсақ, халық немесе ұлт дегенді білдіреді. Ғылым тұрғысынан қарастырсақ, этнос – адамдардың өзіндік сенімі бойынша тиісті болатын этникалық қауымдастық. Мұндай өзіндік сезіну этникалық сана-сезім (этникалық тұтастық) деп аталады. Адам өзінің қандай да бір этникалық қауымдастыққа тиістілігін анықтаған кезде, ол әдетте: «Бұл – біз, ал басқалар – олар» екенін айқын біледі. Әдетте, адам өзі үшін бұл қауымдастықты тілімен, шығу тегімен, тарихымен, әдеттерімен, дәстүрлерімен, өнегелілік нормаларымен, сондақ-ақ басқа да белгілерімен анықтайды.

Этнос – ортақ өзіндік атауымен, өзіндік сана-сезімімен, шығу тегінің нақты немесе мифтік ортақтығымен, тілімен, мәдениетімен, шаруашылық түрлерімен және менталитетімен бірігетін және өзін осындай басқа қауымдастықтардан ерекшелендіретін адамдардың әлеметтік қауымдастығы.

Этностың алғашқы рулық қауымдардан айырмашылығы қандас туыстық емес, мәдени-тілдік қауымдастық. Этникалық мәдениет – этностің ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мәдениеті. Бұл – өмір салты, әдеттер, нормалар мен құндылықтар кешені. Этникалық мәдениет шеңберінде өз әлемін ерекше әлем ретінде қабылдау, дәстүрлер арқылы жинақталған білімді, шеберліктерді және дағдыларды сақтау ниеті қалыптасады.

Этнос – қандас туыстық емес, мәдени-тілдік қауымдастық. Этносты ортақ мәдениет: өмір салты, салттар мен дәстүрлер біріктіреді.

Этностар мен басқа да этникалық қаыумдастықтарды (мысалы, этнос болып қалыптаспаған тайпаларды), сондай-ақ сан алуан этникалық үдерістерді зерттейтін ғылым этнология деп аталады. Бұл «этнография» ұғымымен байланысты. Этнографияны сипаттаушы ғылым ретінде және этнологияны этностар туралы теориялық ғылым ретінде ажыратады.

Этногенез. Этносты анықтайтын белгілердің бірі шығу тегінің ортақтығы болып табылады. Өйткені тілден айырылуға, аумақты жоғалтуға, шаруашылық қызметін алмастыруға болады. Бірақ этностың ортақ шығу тегі туралы түсінік өзгермейді. Этностың шығу тегі және оның өткен уақыттағы дамуы этногенез деп аталады.

Этногенез – этностың пайда болуының тарихи үдерісі.

Этногенез – этникалық тарихтың бастапқа үдерісі. Тарихи мифтер, сондай-ақ нақты фактілер оның барысын айқындауға қабілетті. Этногенез өз бастауын палеолиттен алатындықтан, оны зерттеу – қателіктермен, болжамдармен және дәлелденуі қиын гипотезалармен қатар жүретін күрделі іс. Палеолиттің өзінде-ақ адамдар әртүрлі тілде сөйледі, тайпалардың бір-бірінен айырмашылықтары болды. Кейбір тайпалардың тілдері бір-біріне жақын болды және олар бір-бірін жақсы түсінді. Ал басқа тайпалардың тілдері мүлдем түсініксіз болды және бұл қарым-қатынасты қиындатты. Жазба дереккөздері болмаған кезде, қандай да бір этностың қашан және шыққанын дұрыс анықтау өте қиын.

Жаңа этностар құрылуының тәсілдері. Жаңа этностар әртүрлі тәсілдермен құрылады. Көбінесе бұл интеграция жолымен, яғни әртекті бөліктердің біртіндеп жақындасуынан және қосылуынан болады. Бұл төмендегідей тәсілдермен жүзеге асады.

  1. Тайпалардың бірігуі. Ол көбінесе бірыңғай мемлекет шеңберінде ортақ діннің әсер етуімен немесе сыртқы әсерлерге – табиғи апатқа, ортақ жаудың басқыншылығына қарсы бірігу қажеттігінен орын алады. Тайпалардың бірігуімен қазақ, ежелгі орыс және араб этностары құрылды.

  2. Жаулап алушылар немесе отаршылардың жергілікі халықпен – автохтондармен араласуы. Бұл ассимиляция деп аталады. Қоныс аударушылар автохтондарды ассимиляциялаған кезде, олар жергілікті халыққа өз этнонимін (этнос атауын) және тілін немесе тек этнонимін (герман тайпасы франктардың ежелгі Францияның галл-роман халықан сияқты) күшпен таңуы мүмкін.

  3. Иммигрант топтарының қосылуы. Оның айқын мысалы америкалық этностың құрылуы болып табылады.

  4. Жіктелу арқылы. Бұл кезде ірі этнос ыдырайды немесе өз құрамынан қандай да бір бөлігін шығарады. Мысалы, австралиялықтар ағылшындардан бөлініп шықты.

  5. Өзгерту арқылы. Бұрынғы этнос тарихи жағдайлардың әсерімен жаңа этносқа айналады (мысалы, ежелгі мысырлықтар копттарға. Бұл таласты мәселе. Өйткені копттар Египеттің байырғы тұрғындары деген пікірлер бар).

Этнос құрылуының факторлары. Этностың туындауында аумақтың (этникалық аумақ, «біздің жер»), тілдің, шаруашылық пен мәдениеттің ортақтығы маңызды. Бұл факторлардың негізінде «біз – олар емеспіз» түсінігі пайда болады және этникалық өзіндік сана («мен – бұл біз») орын алады. Этнос мәдени бірлік, мәдени жүйе ретінде пайда болады.

Этностың мәдени жүйе ретінде қалыптасуына этникалық қауымдастықтың құрылуы жәрдемдеседі. Бұл – эндогамия, яғни өз этносы шегінде ғана неке құру арқылы жүзеге асады. Эндогамия норма ретінде енгізілгенше, тайпалар мен халықтардың араласуы стихиялы жүреді.

Қорытынды. Этностың шығуы және қалыптасуы немесе этногенез – ұзақ үдеріс. Ол кейде бірнеше мыңжылдықты қамтиды және өте ежелгі заманнан басталады. Этногенез этникалық мәдени жүйе мен этникалық популяция қалыптасқан кезде болады. Бұл аумақтың, тіл мен мәдениеттің ортақтығы негізінде жүзеге асады. Этногенезді зерттеу – этнологияның міндеті. Этногенезді зерттеу – күрделі үдеріс. Онда көптеген ғылымның: археологияның, антропологияның, гендік географияның және тарих, лингвистика мен этнографияның мәліметтері салыстырылады.

Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістер. Қазақтар этногенезінің басталуы. Орталық Азияда этникалық сана-сезім ұзақ уақыт бойы шаруашылық қызметке сәйкес қалыптасып, отырықшы және көшпелі халық болып бөлінді. Қазақтардың этногенезі көшпелі өркениеттің пайда болуымен байланысты. Көшпелі малшылық көшпеліер мәдениетін қалыптастырды және қазақтар этногенезінің басталуына негіз болды.

Қазақтардың этногенезі көшпелілер өркениетінің пайда болуымен тығыз байланысты.

Қазақтар этногенезінің ерте кезеңдерін зерттеу Қазақстан аумағындағы әртүрлі археологиялық мәдениеттерді қалыптастырушылардың тілдерін анықтаумен тікелей байланысты.

Кез келген далалық этнос әртүрлі антрополиялық, тілдік және этникалық элементтердің араласуы нәтижесінде қалыптасты. Бірақ барлық далалықты өркениеттерінің жақындығы біріктірді. Қандай тілде сөйлесе де, Даланың барлық тұрғыны – малшы, ал б.з.б. І мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі және жартылай көшпелі болды.

Этногенездің фин-угор кезеңі. Ботай-Терсек мәдениетін жасаушылардың тілі даулы мәселе болып қалып отыр. Олар аралас еуропеидті-оралдық антропогиялық түрге жатады. Ғалымдардың көпшілігі оларды угорлар деп есептейді. Б.з.б. ІҮ-ІІІ мыңжылдықта Орталық Азияның оңтүстігінде фин-угор тілдестер дравид тілдестермен қарым-қатынаста болған. Ботайлықтар шығу тегінің үндіеуропалық және түркілік екендігі туралы теориялық кең танымал емес.

Этногенездің үндіеуропалық (үндіирандық) кезеңі. Үндіеуропалықтармен, дәлірек айтсақ, үндіирандықтармен (арийлермен) қола дәуірінің жақсы зерттелген кезеңі Андрон мәдени қауымдастығының уақыты байланыстырылады. Андрондықтардың үндіирандық екендігі туралы болжам жазбаша (Авеста, Ригведа және басқа Ведалар) және лингвистикалық мәліметтермен расталады.

Андрондықтардың түркі тілдестерге жататыны туралы теория түркілер барлық далалық мәдениетті жасаушылар болды деген ұйғарым жасайды. Бұл теорияға сәйкес, сақтар да түркілер болған. Кейде Беғазы-Дәндібай және Тасмола мәдениеттерін жасаушыларды ғана түркілер деп есептейді.

Андрондықтар антропологиясы. Андрондықтар еуропеодтердің екі типінде кездеседі. Ұзын бас сүйекті және сопақтау бетті жерортатеңіздік тип олар мекендеген жердің батыс бөлігінде болды. Ал дөңгелек бас сүйекті, жалпақ бетті және қыр мұрынды андрондық түр шығысында таралды. Андрондықтар мекендеген аймақтың солтүстігінде оралдық типтің, ал шығысында моңғолоидтіктің айқын белгілері (прототүркілермен қарым-қатынас ықтималдығы) орын алған.

Қарасұқ мәдениетінің мәселелері. Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Сібірдегі Қарасұқ мәдениеті өкілдерінің қандай тілде сөйлегені белгісіз. Қарасұқтықтар антропологиялық жағынан аралас тип болып табылды. Оның негізі болған «андрондық» тип Орталық Азияның шығысынан келген моңғолоидті типпен толықтырылған. Тілі жағынан Қарасұқ мәдениеті ирандық та, сондай-ақ прототүркілік те болуы мүмкін. Оның мұрагері скиф-сақтық келбеттегі Тағар мәдениеті болды, бірақ Қытай деректерінде олар кейде түркі тілдес динлиньдерге ұқсатылады.

Сақтар. Андрондық қауымдастық пен оған туыстас мәдениеттердің мұрагерлері скифтер мен сақтар болып табылады. Андрондықтар мен сақтардың арасындағы сабақтастық айқын байқалады. Далалық ирантілдес тайпалар қатарына сақтардан бөлек юэчжилер кіреді.

Б.з.б. І мыңжылдықтағы жазба дереккөздерде Қазақстан аумағы мен Орталық Азияның іргелес жатқан аудандарында өмір сүрген сақтардың әртүрлі тайпалары туралы ақпарат бар. Бұл турлар мен дахтар, сақ-тиграхаудалар, хаомаваргалар, парадарайялар, массагеттер, аландар, сарматтар, исседондар, аорстар, аримаспалар, агриппейлер. Барлық сақтар «скифтік үштікпен» - өнердегі аңдық стильмен, қару-жарағы киімдерінің ұқсастығымен, барлығына түсінікті диалектілерде сөйлеумен біріккеніне қарамастан, олар орасан аумаққа таралып, шағын топтармен көшіп-қонып жүрді. Сондықтан оларда бірыңғай этникалық аумақ қалыптасқан жоқ және бірыңғай сақ этносы құрылмады.

Юэчжилер мен үйсіндер. Қытай деректеріндегі юэчжилер сақтарға туыстас болған және Бактрияға өз атын берген ирантілдес тохарлармен (ІҮ-ХІ ғ.) Бактрия Тохарстан деп аталды) байланыстырылады. Тохарлар юэчжилердің тек бір бөлігі болуы да мүмкін. Б.з.б. ІІ ғ. юэчжилер ғұндардың қысымымен Солтүстік-Батыс Қытайдан батысқа қарай кетіп, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағына қоныстанды. Бұл уақытта Жетісу аумағында жартылай көшпелі үйсіндер өмір сүрді.

Қаңлылар. Қытай деректері бойынша қаңлылар мен олардың мемлекеті Сырдарияның орта ағысында және Шаш облысында орналасты. Олардың шаруашылығы жағынан ғұндар мен юэчжилерден айырмашылығы аз, яғни көшпелілер немесе жартылай көшпелілер болды. Олар Қазақстанның оңтүстігіне солтүстік-шығыстан ғұндардың ығыстыруы нәтижесінде келді.

Этногенездің түркілік кезеңінің басталуы. Қазақтар этногенезінің түркілік кезеңінің басталуы ғұндармен байланысты. Зерттеушілердің көпшілігі ғұндарды түркі тілдестер деп есептейді. Ғұндардың тарихы Даланың әртүрлі көшпелі тайпаларының тарихын қамтиды. Еуропада таралған ғұндар бейнесі – көшпелілердің жинақталған және мифологияланған бейнесі. Солай болса да, Қытай деректеріндегі сюнну мен хунну және еуропалық деректердегі ғұндардың арасындағы байланыс айқын көрінеді.

Даланың шығысына, сақтар мен юэчжилерден шығысқа қарай мекендеген ғұндар б.з.б. ІІІ ғ. көшпелілердің үлкен империясын құрды. Юэчжилерді ығыстырып, олар Солтүстік-Батыс Қытай аумағын иеленді. Ол жерден ғұндардың жасақтары қазіргі Қазақстан аумағына еніп, жергілікті тайпалармен соғыса бастады. Ирандық тайпалардың бір бөлігі ғұндар одағына кірді және ассимиляцияға ұшырады. Өзгелері оңтүстікке және батысқа кетті. Соңғыларының бұдан кейінгі көші-қоны шығыс және батыс көшпелілерінің (ғұндардың) батысқа жорығымен ұласты.

Ғұн тайпалары түркі тілдес тайпалар болды. Түркі тілдес ғұн тайпаларының Ұлы Даланың орталық бөлігіне келуі ондағы тайпалардың түркілене бастауының негізін қалады.

Ұлы Даланың ирандық тайпаларының тағдыры. Көптеген иран тілдес тайпалар б.з.б. І мыңжылдықтың өзінде-ақ Орталық Азияның отырықшы-егіншілік шұраттарын иеленді және автохтондарды ассимиляциялап, хорезмдік, соғдылық, бактриялық этностарды құрды. Біздің заманның шегінде юэчжилер (тохарлар) Бактрияда Кушан патшалығын (І-ІІІ ғ.) құрды. Кейбір сақтар алысқа, Ауғанстанның оңтүстігіне кетті. Бұл облыс олардың атын алып, Сакастан (Систан) деп аталды. Кейін олар Үндістанға қоныс аударды. Қалған иран тайпалары І мыңжылдықтың ортасында түркілермен араласып кетті және қазақстардың этногенезіне қатысты.

Қорытынды. Қазақтар этногенезінің басталуы сан ғасырлар қойнауында жатыр. Қандай болмасын археологиялық мәдениетке жататын халықтың этникалық тегін дәл анықтау қиын. Этногенезді зерттеу кезінде әртүрлі ғылымның мәліметтері қолданылады. Қазақтар этногенезінің ерте кезеңдерінде этникалық үдерістер үндіеуропа тілдестер ортасында өтті. Біздің заманымыздың бастауына қарай Ұлы Даланың орталық бөлігіндегі үндіеуропалық дәуір аяқталды. Этногенезге түркілік құрамының ықпалы артты.


Үй тапсырмасы:

1 тапсырма. Терминдік сөздермен жұмыс жасау, қысқаша түрде түсініктеме беру:

1.1 Археология, антропология

1.2 Антропогенез, этногенез, этнос.


2 тапсырма. Жеке жұмыстар (кез келген тақырыпты алу):

1. Қазақтар этногенезінің басталуын анықтау;

2. Этногенездің үндіеуропалық / ирандық кезеңін анықтау;

3. Этногенездің түркілік дәуірінің басталуын анықтау;

4. Ұлы Даладағы иран тайпаларының тағдыры, қорытындылау.


3 тапсырма. Кесте толтыру. Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар, түрік дәуірінің халқы мен ХІҮ-ХҮ ғғ. аралығындағы ру-тайпалардың арасында байланысты, олардың антропологиялық ерекшеліктерін салыстыр және қорытынды жаса.


Қазақ халқының қалыптасу кезеңі

Антропологиялық сипаты

Мәдениеті, тілі

Аумағы, саяси құрылымы

















Қорытынды:


Дескрипторы:

  1. Әр кезеңдегі тайпаларды атайды;

  2. Әр тайпаға тән шаруашылығын, тілін, дінін атайды;

  3. Әр тайпаның нәсілдік белгілерін атайды;

  4. Әр тайпаның мекендеген аумағы мен мемлекеттерін атайды;

  5. Әр кезеңдегі өмір сүрген тайпалардың ерекшеліктері мен өзара байланысы туралы қорытынды жасайды;

  6. Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдаланады.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ