400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақстандағы және ЭЫДҰ елдеріндегі мектеп директорларының жалақысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қазақстандағы және ЭЫДҰ елдеріндегі мектеп директорларының жалақысы» жоба
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ

АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТ



ЖОБА
Пән: «Білім беру: жаһандық тұрғыдан»
Тақырыбы: «Қазақстандағы және ЭЫДҰ елдеріндегі мектеп
директорларының жалақысы»


Дайындаған:
Қойшыбай Б, Бадилов Е, Ораз Ж,
Тұрсынхан Т, Тағай А
(Информатика)
4 курс
Тексерген:
Кенжебаева Таттыгуль Бекбалтиновна, философия докторы (Рһ.D)


Астана, 2024 жыл
АСТАНА
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

МЕЖДУНАРОДНЫЙ
УНИВЕРСИТЕТ АСТАНА


Page 2

2

Мазмұны

Кіріспе ............................................................................................................................ 3
1. Негізгі бөлім ............................................................................................................. 4
1.1. Қазақстандағы мектеп директорларының жалақысы: қазіргі жағдайы және
институционалдық факторлар ................................................................................... 4
1.2. ЭЫДҰ елдеріндегі мектеп директорларының жалақысы: салыстырмалы
талдау және қазақстандық контекстке бейімделу мүмкіндіктері ........................... 10
Қорытынды ................................................................................................................ 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі .......................................................................... 22



Page 3

3

Кіріспе
Мектеп директоры – білім беру мекемесінің негізгі көшбасшысы әрі
менеджері. Ол тек педагогикалық үдерістерді ұйымдастырып қоймай, стратегиялық
шешімдер қабылдап, ұйымның дамуын қамтамасыз етеді. Директорлардың
еңбекақысы – олардың кәсіби қызметіне берілетін бағалаудың маңызды элементі.
Дұрыс құрылған еңбекақы жүйесі директорларды жоғары нәтижелерге
ынталандырады және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осыған
байланысты, Қазақстанда мектеп директорларының жалақысы мәселесі өзекті
болып табылады.
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы [1] және
2020-2025 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
[2] білім беру сапасын арттыруды және педагогикалық кадрларды кәсіби тұрғыдан
ынталандыруды басым бағыт р етінде анықтайды. Сонымен қатар, ЭЫДҰ
(Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) елдерінде директорлардың
жалақысы тек материалдық қамтамасыз ету ғана емес, білім беру сапасын
басқарудың құралы ретінде қарастырылады [3]. Қазақстанда директорлардың
еңбекақысы көбіне экономикалық жағдайларға байланысты төмен деңгейде қалып
отыр, бұл олардың көшбасшылық және менеджерлік функцияларын тиімді жүзеге
асыруына кедергі келтіруде. Осы себептен, Қазақстандағы мектеп
директорларының жалақы деңгейін ЭЫДҰ елдеріндегі тәжір ибемен салыстыра
отырып зерттеу қажеттілігі туындап отыр.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстандағы және ЭЫДҰ елдеріндегі мектеп
директорларының жалақысын салыстырмалы түрде зерттеу арқылы білім беру
сапасын басқарудағы тиімді тәсілдерді анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Қазақстандағы мектеп директорларының жалақы деңгейінің қазіргі
жағдайын және оның институционалдық факторлармен байланысын талдау.
2. ЭЫДҰ елдеріндегі мектеп директорларының жалақы саясатына шолу
жасап, тиімді тәжірибелерді Қазақстан контекстіне бейімдеу бойынша ұсыныстар
әзірлеу.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: Зерттеу барысында білім
беру саласындағы мектеп мұғалімдері мен директорларының жалақысына талдау
жүргізіледі. ЭЫДҰ елдері мен Қазақстандағы мектеп директорларының жалақысы
талданады. Зерттеу әдістері ретінде контент-талдау, салыстырмалы талдау және
нормативті құжаттарды зерттеу пайдаланылды.


Page 4

4

1. Негізгі бөлім

1.1. Қазақстандағы мектеп директорларының жалақысы: қазіргі жағдайы және
институционалдық факторлар

Қазақстандағы мектеп директорларының жалақысы білім беру жүйесінің
маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары мұғалімдердің
еңбекақысы айтарлықтай артқанымен, мектеп директорларының жалақысы
мәселесі әлі де өзекті болып отыр.
2024 жылдың қазан айындағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 399 247
мектеп мұғалімі қызмет етеді. Олардың ішінде 220 мыңнан астамы аттестаттаудан
өтіп, жалақысына қосымша үстемақы алады. Мұғалімдердің орташа айлық
жалақысы қалада 352 мың теңге, ауылда 435 мың теңге шамасында. Мектеп
директорларының жалақысы мұғалімдермен салыстырғанда төмен деңгейде қалып
отыр. Қазіргі уақытта мектеп директорының лауазымдық жалақысы 180 000 теңгені
құрайды. Бұл көрсеткіш мұғалімдердің орташа жалақысынан айтарлықтай төмен [4,
2 б].
Мектеп директорларының жалақысына әсер ететін бірнеше
институционалдық факторлар бар:
Ең бірінші аттестаттау жүйесі: 2021 жылдан бастап мектеп директорлары
жаңа аттестаттау жүйесі бойынша біліктілік санатын растайды. Аттестаттаудан
өткен директорларға біліктілік санатына қарай 30%, 50% және 100% қосымша ақы
төленеді. Бұл жүйе директорлардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталғанымен,
аттестаттаудан өтпеген директорлар үшін жалақы деңгейі төмен болып қалады.
Қазақстанда білім беру саласындағы көшбасшыларды тағайындауға дейін арнайы
даярлау жүйесі қалыптаспаған. Мәселен, еліміздегі мектеп директорларының тек
13%-ы басқарушылық қызметке кіріспес бұрын мектепті басқару бойынша оқудан
өткенін көрсетсе, бұл көрсеткіш ЭЫДҰ елдерінде 31% -ға жетеді. Басқарушы
кадрларды көшбасшылық пен менеджмент дағдыларына үйрету, негізінен,
басшылық қызметке тағайындалғаннан кейін жүзеге асырылады [5, 66 ].
Екінші жалақының өсуі: 2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы жыл
сайын 25% өсіп, төрт жыл ішінде екі есе артты. Алайда, мектеп директорларының
жалақысы мұндай қарқынды өсуді байқамады. 2023 жылы Оқу-ағарту министрі Ғани
Бейсембаев мектеп басшыларының айлығын көтеру қажеттігін атап өтті.


Page 5

5

Үшінші жұмыс жүктемесі мен жауапкершілік: Мектеп директорларының
міндеттері мұғалімдерге қарағанда кеңірек және жауапкершілігі жоғары. Олар оқу
процесін ұйымдастырумен қатар, әкімшілік және қаржылық мәселелерді де шешеді.
Алайда, олардың жалақысы бұл жауапкершілікке сәйкес келмейді.
Төртінші кадр тапшылығы: 2023 жылы Қазақстанда 811 мектеп директорының
орны бос болды, бұл барлық орта білім беру ұйымдарының 10,5%-ын құрайды. Бұл
жағдай мектеп директорларының жалақысы мен жұмыс жағдайының
тартымдылығын арттыру қажеттігін көрсетеді.
Қазақстандағы мектеп директорларының жалақысы білім беру жүйесінің
тиімділігіне тікелей әсер етеді. Қазіргі жалақы деңгейі директорлардың
жауапкершілігі мен міндеттеріне сәйкес келмейді. Жалақыны арттыру, аттестаттау
жүйесін жетілдіру және жұмыс жағдайын жақсарту арқылы мектеп
директорларының мәртебесін көтеру қажет. Бұл шаралар білім беру сапасын
арттыруға және кадр тапшылығын азайтуға ықпал етеді. Зерттеулер нәтижесінде
қазақстандық мектеп директорларының 67% -ы қызметке кіріскеннен кейін ғана
мектепті басқару бойынша оқудан өткенін көрсеткен (TALIS-2018). Барлығы 13%-ы
педагогикалық көшбасшылық курстарынан өткен (ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш
30%, TALIS-2018). Алайда, республикада білім беру менеджерлерін даярлауға
арналған жүйелі бағдарлама әзірленбеген.
Қазақстандық оқу орындарының директорлары жұмыс уақытының басым
бөлігін әкімшілік (21,6%) және оқу-тәрбие міндеттерін (21,3%) орындауға арнайды,
ал басқарушылық мәселелерге 18,3% жұмсайды. ЭЫДҰ елдерінде, керісінше,
директорлар уақыттарын негізінен әкімшілік (29,5%) және басқарушылық (21,3%)
міндеттерді орындауға, ал оқу-тәрбиелік мәселелерге 16,3% ғана бөледі.
ЭЫДҰ елдерінде мектеп директорларының 30% -ы педагогикалық
көшбасшылық бойынша арнайы оқытудан өтеді. Бірқатар елдерде, мысалы, АҚШ -
та педагогтердің жұмыстан кетуі бұрыннан бері жаһандық проблема ретінде
танылып келеді. АҚШ-тың кейбір штаттарында жас педагогтердің 40%-ы жұмысқа
орналасқаннан кейінгі алғашқы екі жыл ішінде мамандығынан кетіп қалады. Жалпы,
ЭЫДҰ елдерінде әрбір оныншы педагог мектептен шығады.
Бұл мәселені шешу мақсатында АҚШ-та жас педагогтерге тәлімгерлік қолдау
көрсету бағдарламалары енгізілді. Мұндай бағдарламалар педагогтердің жұмыста
қалуына ықпал етіп, кей өңірлерде жас мамандардың 100% сақталуына мүмкіндік
берді.


Page 6

6

Аталған халықаралық тәжірибені Қазақстанда да қолдануға болады. Бұл
Мемлекет басшысының педагогтердің біліктілігін әр 3 жыл сайын арттыру жөніндегі
тапсырмасын және өмір бойы оқыту тұжырымдамасын іске асыру аясында жүзеге
асырылуы мүмкін. Сонымен қатар, елімізде "Педагог" кәсіптік стандарты жаңа
талаптар мен жағдайларға сәйкес жаңартылып, қолданылады.
Халықаралық тәжірибе бойынша директорларды ротациялау жүйесі көптеген
елдерде қолданылады және оның басты мақсаты – тиімді басқаруды қамтамасыз
етіп, оны білім беру жүйесінде кеңінен тарату. Мысалы, Сингапурда бұл жүйе 2011
жылдан бері қолданылып келеді, мұнда мектеп директорлары әр 5-7 жыл сайын
ауысады. Оңтүстік Кореяда директор бір мектепте ең көп дегенде 8 жыл жұмыс
істейді, содан кейін басқа мектепке ауысу мүмкіндігі беріледі. Әдетте, табысты
мектептердің директорлары ауылдық немесе шағын жинақты мекте птерге
жіберіледі.
Қазақстанда да ротация жүйесін енгізу мүмкіндігі бар және оны қолдану
орынды болар еді. Бұл тәсіл белгілі бір уақыт ішінде мектеп директорларының білім
беру мекемесіне тигізетін оң ықпалын барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанда мектеп директорларының тапшылығы соңғы жылдары білім беру
жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе әсіресе еліміздің
кейбір өңірлерінде айқын байқалады.
2023 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстан бойынша 811 мектеп
директорының орны бос болды, бұл барлық орта білім беру ұйымдарының шамамен
10,5%-ын құрайды. Атап айтқанда, директорлардың жетіспеушілігі төмендегідей
өңірлерде ең жоғары деңгейде тіркелген:

Сурет 1. Қазақстан облыстарындағы мектеп директорларының бос
орындарын көрсететін статистикалық дерек


Page 7

7

▪ Түркістан облысы – 134 мектеп директорының орны бос.
▪ Қарағанды облысы – 108 бос орын.
▪ Павлодар облысы – 66 бос орын.
▪ Ақмола облысы – 64 бос орын.
▪ Қостанай облысы – 52 бос орын.
▪ Жамбыл облысы – 43 бос орын.
▪ Шығыс Қазақстан облысы – 40 бос орын.
▪ Жетісу және Солтүстік Қазақстан облыстары – әрқайсысында 39 бос
орын.
▪ Алматы және Атырау облыстары – әрқайсысында 36 бос орын.
▪ Батыс Қазақстан облысы – 32 бос орын.
Сонымен қатар, кадр тапшылығы тіпті кадрларға бай саналатын үш
мегаполисте де байқалады:

Сурет 2. Мегаполистердегі мектеп директорларының жетіспеушілік
көрсеткіштері
▪ Алматы қаласы – 15 бос орын.
▪ Шымкент қаласы – 14 бос орын.
▪ Астана қаласы – 2 бос орын.
Мектеп директорларының жетіспеушілігі бірнеше факторлармен түсіндіріледі
(Кестеде).
Кесте 1. Директор жетіспеушілігіне әсер ететін факторлар
Факторлар Сипаттамасы
Жалақының
төмендігі
Мектеп директорларының жалақысы олардың
жауапкершілігі мен атқаратын міндеттеріне сәйкес


Page 8

8

келмейді. Қазақстанда директордың лауазымдық
жалақысы орташа есеппен 180 000 теңгені құрайды, бұл
мұғалімдердің кейбір санаттарымен салыстырғанда төмен.
Жұмыс жүктемесінің
жоғары болуы
Директорлардың міндеттеріне оқу процесін
ұйымдастырудан бастап, әкімшілік, қаржылық және кадр
мәселелерін шешу кіреді. Бұл үлкен жауапкершілік пен
ұзақ жұмыс уақыты талап етеді, бірақ бұл үшін лайықты
қолдау көрсетілмейді.

Аттестаттау және
қайта тағайындау
мәселелері
Мектеп директорлары әр 3 жыл сайын өз санаттарын
растап отыруы керек. Бұған қоса, директорлардың қызмет
мерзімі 4 жылмен шектеледі, кейіннен олар қайтадан
өтініш жазып, сынақ тапсыруы тиіс. Бұл процесс көптеген
директорлар үшін қосымша қиындық тудырады.
Инфрақұрылым
мәселелері
Әсіресе ауылдық аймақтарда мектептерге қажетті жағдай
жасалмағандықтан, бұл өңірлерде директор болуға деген
қызығушылық төмен.
Көшбасшылыққа
қызығушылықтың
азаюы
Жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты көптеген
мұғалімдер мектеп директоры лауазымына өтініш беруге
ынталы емес.

Осы факторлардан кейін мектепте директорлардың тапшылығы әрдайым
көбейіп отырады. Мектеп директорларының тапшылығы білім беру процесіне теріс
әсер етеді. Атап айтқанда бұл теріс әсерлер мыналар:
▪ Білім беру сапасы төмендейді.
▪ Әкімшілік мәселелерді шешу қиынға соғады.
▪ Ұйымдастырушылық жұмыстардың тиімділігі төмендейді.
Осы тұста біз мектеп директорының жүктемесінің ауыр екенін, алған
жалақысы өзінің жасаған жұмысына сай келмейтінін айтып жатырмыз. Осыған
байланысты мектеп директорының қызметін кішігірім талдап өтейік.
Мектеп директоры – бұл оқу ордасының негізгі басшысы әрі
ұйымдастырушысы. Оның қызметі мектептің күнделікті жұмысына жетекшілік етіп,
білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі қызметтері
мыналарды қамтиды:
1. Оқу процесін басқару:


Page 9

9

Бұған оқу бағдарламаларының дұрыс орындалуын қадағалау , мұғалімдер мен
оқушылардың нәтижелерін бақылау , оқушылардың білім сапасын арттыруға
бағытталған шараларды жүзеге асыру кіреді
2. Ұйымдастыру және әкімшілік жұмыстар:
Бұл қызметке мұғалімдер мен қызметкерлер құрамын басқару, сабақ кестесін құру
және оның орындалуын бақылау , мектептің қаржылық және материалдық
ресурстарын басқару кіреді
3. Көшбасшылық және мотивация: Мұғалімдерге қолдау көрсету және
оларды шабыттандыру, педагогикалық ұжымның кәсіби дамуын қамтамасыз ету,
оқушылар мен ата-аналар арасында ынтымақтастық орнату.
4. Тәртіп пен қауіпсіздік: Бұл жердегі басшы қызметі мектепте тәртіпті сақтау
және ережелердің орындалуын бақылау және оқушылардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге жауапты болу.
5. Стратегиялық жоспарлау: Бұл жердегі негізгі қызмет мектептің даму
жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру. Сонымен қатар инновациялық әдістерді
енгізу арқылы білім сапасын жақсарту.
6. Жоғары ұйымдармен байланыс: Білім беру басқармасымен және басқа
да ұйымдармен жұмыс жасау. Мектепке қажетті ресурстар мен қолдау алу үшін
серіктестіктер орнату.
Мектеп директоры тек әкімшілік басшы ғана емес, сонымен қатар ұжымның
көшбасшысы, оқушылардың табысты оқуына жағдай жасаушы, ата -аналардың
сенімді серігі ретінде қызмет етеді.
Расында да мектеп директорының жұмысы – жауапкершілігі зор және күрделі
қызмет. Ол тек білім беру сапасын басқарумен шектелмей, мектептегі тәртіп,
мұғалімдер мен оқушылардың жағдайы, оқу процесінің ұйымдастырылуы сияқты
көптеген міндеттерді атқарады. Әрбір директор мектептің дамуы үшін стратегиялық
шешімдер қабылдап, үлкен ұжымға жетекшілік етеді. Сонымен қатар, олар ата -
аналармен, жоғары ұйымдармен және қоғаммен тығыз қарым -қатынас орнатуға
мәжбүр. Мұндай жұмыс тек уақыт пен күш-жігерді ғана емес, сонымен бірге тұрақты
күйзеліске төзімділікті де талап етеді. Директордың еңбегі мектептің табысты
қызметі мен білім сапасына тікелей әсер ететін маңызды рөл атқарады.



Page 10

10

1.2. ЭЫДҰ елдеріндегі мектеп директорларының жалақысы: салыстырмалы
талдау және қазақстандық контекстке бейімделу мүмкіндіктері

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде бұл
мәселе ерекше назарда ұсталады, себебі директорлардың еңбекақысы олардың
кәсіби қызметін ынталандырудың және білім беру сапасын арттырудың негізгі
құралдарының бірі ретінде қарастырылады.
ЭЫДҰ елдерінде мектеп директорларының жалақысы әртүрлі факторларға
байланысты өзгереді, соның ішінде:
• Білім беру деңгейі: Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру
деңгейлерінде директорлардың жалақысы әртүрлі болуы мүмкін.
• Жұмыс өтілі: Тәжірибесі мол директорлар жоғары жалақы алады.
• Мектептің орналасқан жері: Қалалық және ауылдық аймақтардағы
жалақы деңгейі айырмашылыққа ие болуы мүмкін.
ЭЫДҰ-ның «Education at a Glance 2022» баяндамасына сәйкес [6, 335-336 б],
бастауыш және орта мектеп директорларының жалақысы жоғары білімді
қызметкерлердің орташа жалақысынан кемінде 30%-ға жоғары. Қазақстанда мектеп
директорларының жалақысы соңғы жылдары көтерілгенімен, әлі де жеткіліксіз
деңгейде қалып отыр.
ЭЫДҰ елдеріндегі және Қазақстандағы мектеп директорларының жалақысын
салыстыру барысында келесі айырмашылықтар байқалады:
1. Жалақы деңгейі: ЭЫДҰ елдерінде директорлардың жалақысы жоғары
білімді қызметкерлердің орташа жалақысынан 30%-ға жоғары болса, Қазақстанда
бұл көрсеткіш төмен.
2. Жалақы құрылымы: ЭЫДҰ елдерінде директорлардың жалақысы жұмыс
өтіліне, білім беру деңгейіне және мектептің орналасқан жеріне байланысты
өзгерсе, Қазақстанда бұл факторлар толық ескерілмейді.
3. Қосымша төлемдер: ЭЫДҰ елдерінің жартысында қолайсыз немесе
шалғай аймақтарда жұмыс істейтін директорлар мен мұғалімдерге қосымша төлем
қарастырылған. Қазақстанда мұндай тәжірибе шектеулі.
Мектеп директорларының заңмен белгіленген жалақысын есептеу кезінде
қолданылатын критерийлердің көптігін ескере отырып, мектеп директорларының
белгіленген жалақысы туралы мәліметтер мектеп директоры болу үшін қажетті ең
төменгі біліктілік талаптарына сәйкес келетіндерге бағытталған. Бұл мәндерді
түсіндіру кезінде сақтық қажет, өйткені жалақы көбінесе көптеген критерийлерге


Файлдың толық нұсқасын материалды жүктеу арқылы көруге болады
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 желтоқсан
196
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі