Қазақстандағы жануарлар жүйесі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақстандағы жануарлар жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
8-сыныпқа қазақ тілінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

Мұғалімнің аты-жөні:

Мамытбекова Ж.Б

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 8-сынып

Тарау немесе бөлім атауы:

5-бөлім: Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.Синтаксис

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстандағы жануарлар дүниесі

Оқу мақсаттары:

8.3.3.1 -мәтін құрылымын сақтай отырып, графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу.

8.4.4.2 - тұрлаулы сөйлем мүшелерінің сөйлем жасаудағы өзіндік орнын, қызметін түсініп қолдану. (баяндауыш)

Сабақ мақсаты:

- берілген мәтіннен маңызды ақпаратты анықтау;

- баяндауыштың қызметін анықтау.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

Ресурстар


Ұйым

дастыру

Сабағымыздың тақырыбы: «Қазақстандағы жануарлар дүниесі»

Бүгінгі сабақта:

Сенің білетінің:

Қазақстандағы жануарлар туралы жалпы ақпарат;

Үй тапсырмасы.

Бастауышқа қатысты сұрақтарға жауап береді.

Сенің меңгеретінің:

  • Қазақстандағы жануарлар туралы маңызды, жаңа ақпаратпен танысасың;

баяндауыштың сөйлемдегі қызметін білесің;

Дескрипторы:

1 балл

-бастауышқа қатысты сұрақтарға жауап береді.



Жаңа сабақ

Мал төлімен жарасар, жер гүлімен жарасар.

Халық мақалы

1-тапсырма.

Берілген суретті пайдалана отырып, шағын мәтін құра.

(4-5 сөйлем)

Тірек сөздер: жер көлемі, аңдар, қызыл кітап ,климат.


Баяндауыш

Баяндауыш- бастауыштың ісін, қимылын білдіріп, сөйлемдегі ойды тиянақтайтын мүше. Ол бастауышқа бағынып, сонымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде үйлесіп айтылады. Баяндауышқа тән белгілер:

  1. Сөйлемдегі негізгі мүше;

  2. Құрылымдық жағынан бастауышқа бағынышты;

  3. Етістік, зат есім, сын есім т.б. сөз таптарымен келіп, жіктік тұлғада қолданылады;

  4. Сөйлемдегі қалыпты орны- сөйлемнің соңы;

2-тапсырма. Мәтінді негізге ала отырып, жануарлардың алуантүрлілігіне график құрыңыз.

Қазақстан жері табиғатының сұлулығымен ғана көзге түспейді. Онда мекендейтін жан- жануарлар мен өсімдіктердің де көптігімен ерекшеленеді. Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б. бұдан да көп. Жәндік түрлерінің өзі 30 мыңнан асады. Кең байтақ қазақ жерін мекендеген жабайы жануарлардың тәжірибелік маңызы бар: олардың кейбіреулері (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екінші біреулері – өсімдік пен жануар зиянкестері (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемірушілер: қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады.


Ықтимал жауап

Қазақстан жер көлемі жағынан 9 орында тұрған, табиғаты ерекше елдің бірі. Қазақстан жерінде аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйрек, тырна, қаз, аққу, бүркіт, жылан, бақа, алабұға, шортан сияқты жан- жануар түрі өте көп. Олар әр аймақтың климатына байланысты мекендейді. Жануарлардың көбі құрып кету алдында тұрғандықтан, Қызыл кітапқа еніп қорғалуда.


2-тапсырма

Ықтимал жауап


Дескрипторы:

2 балл

* Мәтін құрылымын сақтайды

* Ойын жеткізе алады























Дескрипторы:

2 балл

* Негізгі ақпаратты саралай алады

* График құра алады




6 минут

3-тапсырма

Мына сөздерді баяндауыш қызметіне қойып, сөйлем құра. Баяндауыштың сөйлемдегі қызметіне тоқтал.


Белгілі, бар, болатын, жоқ, осы, көріп, еді, сақталған, ерекше.


Ықтимал жауап:

Істің жақсылықпен аяқталары әу бастан белгілі. Оның жүрегінде имандылық бар. Бар ойын хатқа түгел жазған болатын. Оның да ойында жамандық болған жоқ. Біздің таңнан кешке дейін күткеніміз де- осы. Ол киноны басынан аяғына дейін көріп, әбден рахаттанған еді. Қанша уақыт өтсе де, өз мәнінде сақталған. Оның осы тұлғасының өзі ерекше.

Дескрипторы:

4 балл

* Сөйлем құрай алады

* Баяндауыштың қызметін біледі.




Сабақтың соңы

3мин



7мин

Бекіту сұрақтары:

  1. Қазақстанда қандай жануарлар кездеседі екен?

  2. Баяндауыш қандай сөйлем мүшесі?

  3. Баяндауышқа тән қандай белгілер бар?

Рефлексия

«5-5-1»

Сабақ бойынша қорытынды сұрақтарға жауап береді.





Бүгінгі сабақ бойынша 5 сөйлем құрайды, 5 сөйлемді 5 сөзге қысқартады, 5 сөзден 1 сөзге құрастырады.

Дескрипторы:

1 балл

-сұраққа жауап береді












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
79
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі