Қазақстандағы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесі: жаңашылдықтар, мәселелер және даму перспективалары
Қазақстан Республикасында мүгедектік пен еңбекке қабілеттілікті анықтау мақсатында Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Соңғы жылдары МӘС жүйесінде бірқатар жаңашылдықтар енгізіліп, оның тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған реформалар жүзеге асырылуда.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін азайтуды, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер мен алушылар арасындағы тікелей байланысты болдырмауды тапсырды.
Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау және Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп, Қазақстанның барлық өңірлерінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда. Бұл жоба азаматтардың медициналық ұйымдарға баруынсыз, құжаттарды электронды түрде қарастыру арқылы мүгедектік тобын белгілеуге жағдай туғызады.
2025 жылдың басынан бастап іске асырылған пилоттық жоба шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 16,7 мыңнан астам өтінім қаралды. Бүгінгі күні сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізілуде. Бұл жаңашылдықтар әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жоюға, МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың уақытын үнемдеуге негізделген.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда медициналық ұйымдар медициналық-әлеуметтік сараптамаға сырттай проактивті форматта жіберетін азаматтарды куәландыру жөніндегі тәуелсіз сарапшылар институты енгізілді. Бұл институт денсаулық сақтау ұйымдарының бейінді мамандарын медициналық-әлеуметтік сараптамаға тартуға, МӘС қызметін кадрлармен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тәуекелдерін азайтуға және мүгедектікті белгілеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Айлайда, қазіпгі МӘС жүйесіндегі қателіктер мен сындарды айтпай кетуге болмайды. 1) Құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтар: Мүгедектік алу үшін қажетті құжаттарды жинау мен рәсімдеу процесі кейде күрделі және ұзаққа созылады, бұл азаматтарға қосымша қиындықтар туғызады. 2) МӘС шешімдеріне шағымдану механизмдерінің жетілмегендігі: Азаматтар МӘС шешімдерімен келіспеген жағдайда, оларды қайта қарау немесе шағымдану процедуралары кейде түсініксіз немесе тиімсіз болуы мүмкін.
Сол үшін де, жүйені жетілдіру бағыттары болуы шарт. 1) Цифрландыруды одан әрі дамыту: МӘС процесін толық автоматтандыру және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы құжаттарды рәсімдеу мен қарау уақытын қысқарту, азаматтардың жүйеге қолжетімділігін арттыру. 2) Қоғамдық бақылауды күшейту: Тәуелсіз сарапшылар мен қоғамдық ұйымдарды МӘС процесіне тарту арқылы шешімдердің ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету. 3) Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу: Азаматтарға МӘС процесі, олардың құқықтары мен міндеттері туралы толық және түсінікті ақпарат беру арқылы жүйеге деген сенімді арттыру.
Қазақстандағы Медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесі соңғы жылдары айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған реформалар жүзеге асырылуда. Дегенмен, жүйенің тиімділігі мен әділеттілігін одан әрі арттыру үшін жоғарыда аталған мәселелерді шешу және жетілдіру бағыттарын жүзеге асыру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың әлеуметтік қорғалуын нығайтып, қоғамның әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз