Қазақстандағы тарихи жәдігерлер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандағы тарихи жәдігерлер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи жәдігер Қостанай облысы, Амангелді ауданының Тасты ауылында 2005 жылы салынған. « Кейкі батыр(Нұрмағамабет Көкембаев) – Ұлт-азаттық қозғалысы тарихында белсене қатысып, аңызға айналған тұлғалардың бірі. Ол өз елінің бостандығы мен туелсіздегі үшін күресті. Амангелді Иманов және қозғалыс жетекшісі Әбдіғапар ханның досы, сенімді досы бола білді. 1923 жылы көктемде ол қызыл әскерліктердің қолына қаза тапқан. Қанды қолжендеттер қазақ мергенінің басын кесіп алып,халықты қорқыту барысында Торғайдың орталық алаңына іліп қойды. Содан кейін оны заттай дәлел ретінде Орынборға жіберді. Содан кейін оны заттай дәлел ретінде Орынборға жіберген . Кейін оны Санкт- Петерборға алып кеткен.Ол осы уақытқа дейін
Материалдың қысқаша нұсқасы





Менің өзім дүниеге келген Қостанай облысындағы тарихи жәдігерлер туралы айта кетсем деп едім.



Кейкі кесенесі


Тарихи жәдігер Қостанай облысы, Амангелді ауданының Тасты ауылында 2005 жылы салынған.

« Кейкі батыр(Нұрмағамабет Көкембаев) – Ұлт-азаттық қозғалысы тарихында белсене қатысып, аңызға айналған тұлғалардың бірі. Ол өз елінің бостандығы мен туелсіздегі үшін күресті. Амангелді Иманов және қозғалыс жетекшісі Әбдіғапар ханның досы, сенімді досы бола білді. 1923 жылы көктемде ол қызыл әскерліктердің қолына қаза тапқан. Қанды қолжендеттер қазақ мергенінің басын кесіп алып,халықты қорқыту барысында Торғайдың орталық алаңына іліп қойды. Содан кейін оны заттай дәлел ретінде Орынборға жіберді. Содан кейін оны заттай дәлел ретінде Орынборға жіберген . Кейін оны Санкт- Петерборға алып кеткен.Ол осы уақытқа дейін ұлы Петр атындағы Кунсткамера Антрофология және этнография музейінде сақталған.Мемлекет басшысы және үкімет үйінің араласуымен 2016 жылы Кейкі батырдың бас сүйегі елге жеткізілді.

Қазіргі таңдағы батырдың жаңа кесенесі.

Ұлы ағартушы-Ыбырай Алтынсарин кесенесі.



Қостанайда Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің қайта жаңартылған кесенесі ашылды.

Тобыл өзенінің жағасы . Қарсы бетте Қостанай қаласы көрінеді.. Бұл жер – Ыбырай Алтынсариннің аталастарының қорымы.Ұлы ағартушының өзі де осында жерленген. Ыбырай мектебінің бірнеше буын шәкірттері үшін бұл орын қашаннан киелі саналады.

Қайта жаңартылған кесене Маңғыстаудан әкелінген ұлутастардан салынған. Жерден ұшар басына дейінгі жалпы биуктігі18 метр. Көлемі 64 шаршы метр.

Сонымен қатар кесенеге баратын жол да жаңартылып, кіреберісіне үлкен арка салынды. Аумағы толық абаттандырылды. Элекрт жарығы орнатылды. Жалпы қайта жаңартылған кесененің ашылуы Тобыл жұртына рухани серпеліс әкелген оқиғалардың бірі.

Шақшақ Жәнібек ескерткіші

Қ останай қаласында Шақшақ Жәнібек батырдың ескерткіші бой көтерді. Тархан-Жәнібек Қошқарұлы 17-18 ғасырда өмір сүрген. Арғын тайпасынан шыққан. Торғайдың тумасы. Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күреске атақты батыр. «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: « Каракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Казыбек , Шақшақ Жәнібек.Ормандай көп орта жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауатты кісі болған.

Қазақтың аса көрнекті ағартушысы , қоғам қайраткері, ақын, жазушы Міржақып Дулатұлыгның кесенесі мен мұражайының кірпіші Бидайық ауылына 1992 жылы қаланған, 2016 жылы Міржақып атындағы мұражай мен кесенені «Әділет» ЖШС қайта жаңартып, сыртын заманауи кірпіштермен көзге қанық етіп өргізген.

Мұражай екі қабатты. Жоғарғы қабатында Міржақып Дулатұлының замандастаоымен, отбасымен түскен және өзінің естелік қабырға суреттері,түскиіздер мен тұтынған көне заттары бар. Ал бес жұлдыз- бабамыздың Соловецк лагеріндегі қабірінің басына қойған белгісі. Мұны ұрпақтары 1992 жылы арулап әкеліп, мұражайға ескерткіш ретінде тапсырған.

Мұражай мен кесененің арақашықтығы - 70-80 метр. Осы аралықты төсеніш тастармен жалғаған. Мемориалды мұражайда ақынның қызы Гүлнар тапсырған суреттер, жол сөмкесі, күміспен қапталған белбеу,т.б.бар.

Қорытындылай келе айтарым: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы өлкетану мақаласындағы « Туған жер» бағдарламасының жүзеге асып жатқандығы болашаққа деген сенімімді одан әрі арттыра түсуде.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
2243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі