Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар.Жаратылыстану.6 сынып

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Бөлім: 7. Әлемді өзгертетін жаңалықтар. Мектеп: №147 гимназия

Бөлімше: 7.1.Әлемді өзгертетін жаңалықтар. Мұғалімнің аты-жөні: Қасымбекова А.З

Сынып: 6 сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

§59. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері.

Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

6.7.1.2. Жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау.

Сабақтың мақсаты

Мемлекетіміздің дамуындағы ғылымның ролін

анықтау;

Қазақстандық ғылымның жетістіктерін талдау;

Мемлекетіміздің дамуындағы жаратылыстану

ғылымының рөлін қарастыру.

Ойлау дағдылары

Қолдану, талдау.

Тілдік мақсаттар

Қазақстандық ғылымның жетістіктерін және Қазақстандық ғалымдардың еңбектерімен танысады.

Пәндік лексика және терминология

Ғылыми –техникалық әлеует,ғылыми орталықтар,геоақпараттық жүйе.

Диалогқа жазуға қажетті сөз тіркестері:

Геологиялық-эканомикалық болжам картасымен жұмыс жасайды.

Жер сілкінісі болуы мүмкін аймақтарына физикалық, динамикалық моделін анықтап жазады.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының құндылықтарын басшылыққа ала,басты міндетіміз өндірісті,білім мен ғылымды біріктіру,инновациялық-индустриялық кластерлерді дамытады.Еліміздің ғылым саласының шешуші реформалары,білім беру жүйесін жаңғыртады.

Бағалау критерий

Мемлекетіміздің дамуындағы ғылымның ролін

анықтай алады.

Қазақстандық ғылымның жетістіктерін талдай алады.

Мемлекетіміздің дамуындағы жаратылыстану

ғылымының рөлін қарастыра алады.

Белсенді оқу әдістері

«Сұрақтар шеңбері»

«Аялдама» әдісі

«Бір ауыз сөз»

«Автор орындығы»

«Шаттық шеңбер»

Дифференциалдық әдіс-тәсілдер

«Аялдама» әдісі арқылы мемлекетіміздің дамуындағы ғылымның ролін анықтайды, Қазақстандық ғылымның жетістіктерін топтық жұмыста саралайды. «Бір ауыз сөз»әдісі арқылы жұптық жұмыста суретке қарап диалог құрып Қазақстанда қазіргі таңда ғылыми-зерттеу бағыттарының барын ажыратады, жеке жұмыс: «Автор орындығы» әдісі арқылы қазіргі кезде Қазақстанда қандай ғылыми жаңалықтарға қол жеткізуге болатындығын жеке ойы арқылы тұжырымдайды.

Дискриптор

  • Қазақстан мықты ғылыми-техникалық әлеуетті мемлекеттердің бірі екендігіне анықтама береді;

  • Қазақстандағы негізгі ғылыми бағыттарын түсіндіреді;

  • Қазақстанстандық ғалымдардың жұмыстарын дүниежүзілік деңгейде мойындағанын анықтап, жетістіктерін өз ойлары арқылы жеткізеді.

Пәнаралық байланыс

Тарих – ғалымдардың тарихи жұмыстарын қарастырады;

Биология пәніне – Қазақстандық өнімдерді сұрыптайды.

Алдыңғы білім

Нені маңызды өнертабысқа жатқызуға болады?

Ресурстар

Оқулық,суреттер,постер,топтық тапсырмалар,стикер

Рефлекция

Блоб ағашы,басбармақ тәсілі,шаттық шеңбер.


Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Дереккөздер, ресурстар


Сабақтың басы

7 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу.Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу, ынтымақтастық атмосферасын құру.

1.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. «Ұқсас суреттер» әдісін пайдаланып топқа бөлу

2. « Ғылым» , « Зерттеу», « Ғалым »

3.Топ ережелерін сақтауды сұраймын.

Өткенді қайталау арқылы білімін кеңейту

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру үшін

ІІ.«Сұрақтар шеңбері» әдісін пайдаланып үш топқа сұрақтар беремін.

(Сыныппен жұмыс)

I топ сұрақтары

1.Өнертапқыш деп қандай адамдарды атайды(өнертапқыш деп керемет ашылу жасаған адамды емес,оны іске қосқан адамды атайды.)

2.Өнертабыс дегеніміз не?(егерде өнертапқыш біреудің идеясын пайдаланып,оны ұзақ еңбек етудің арқасында өндіріске қосқан болса)

3.Вакцинацияның және басқа ашылулардың адам үшін мәні қандай?(әлсіз ауру тудырғыш микроағзаны денеге егу арқылы,көптеген аурудың алдыналуға болады)

II топ сұрақтары.

1.Вакцинаны кім ойлап тапты?(ағылшын дәрігері Эдвард Дженнер 1803 жылы ең бірінші вакцинаны ойлап тапты)

2.Медицинадағы ерекше ашылулардың қатарына қандай антибиотиктерді жатқызамыз?(пенициллин түрлі микроптарға қарсы)

3.Дөңгелектің шеңбер тәрізді айналуы қандай өнер туындыларының пайда болуына әсер етті. (ең бірінші ашылған бу қозғалтқышы пайда болды.)

III топ сұрақтары.

1.Бу қозғалтқыштарының пайдасы қандай?(шахтадан суды сыртқа сорып шығару,дирменді айналдыру және жаңа қалалардың бой көтеруіне,алыс жерлерді жақындатуға мүмкіндік берді.

2.Ең маңызды деген ашылулар мен өнертабыстардың қажеттілігі нелер?(электрлену,авиакөлік,телефон,интернет,компьютер,баламалы энергетика,жасанды мата,биотехнология,банкомат,терминал төлемі және т.б)

3.Ең әсерлі антибиотиктердің түрі?(пенициллин)







Сабақтың ортасы

25 минут

ІІІ.Топтық жұмыс.Мұғалім жаңа сабақты бастау үшін топқа жұмыс береді «Аялдама» әдісі арқылы.

1- тапсырма.Топтарға тапсырмалар таратылады.

1.топ тапсырмасы.Мемлекетіміздің дамуындағы ғылымның ролін анықта.

2.топ тапсырмасы.Қазақстандық ғылымның жетістіктерін анықта.

3.топ тапсырмасы.Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін ата және олар кімдер? Берілген тапсырмаларды оқиды,талдайды,әр топтар бір-бірлеріне барып,қағаз бетіне түсініктерін жазып қорғайды.

Дескриптор:

  • Мемлекетіміздің дамуындағы ғылымның ролін анықтайды.

  • Қазақстандық ғылымның жетістіктерін талдайды.

  • Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерін жазады.

ҚБ :«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.



2- тапсырма.Жұптық жұмыс. «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы суретке қарап диалог құрып Қазақстанда қазіргі таңда ғылыми-зерттеу бағыттарының барын ажырату.





Дескриптор:

  • Қазақстанда қазіргі таңда ғылыми-зерттеу бағыттарының барын ажырата біледі.

ҚБ: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау



3- тапсырма.Жеке жұмыс. «Автор орындығы» әдісі арқылы қазіргі кезде Қазақстанға болашақта қандай ғылыми жаңалықтар енгізер едің? Жеке өз ойыңды тұжырымда.

Дескриптор:

  • Қазақстанға болашақта қандай ғылыми жаңалықтар ашатындығын болжайды.

ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау.








Постер


Сабақтың соңы

8 минут

IV.Қорытынды:

Үй тапсырмасы: ⸹59. Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері тақырыбын оқу.


«Блоб ағашы»

Оқушы бүгінгі сабақ барысыда ағаштың қай жеріне көтерілді? Топпен немесе жұппен бе? Немесе өзі көтерілді ме? Өз деңгейін суретті белгілеу арқылы көрсетеді.



Оқулық


Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану


Топтық ,жұптық,жеке жұмыстарда «Аялдама» әдісі, «Бір ауыз сөз» әдісі, «Автор орындығы» әдісі арқылы қабілетті оқушылардың білімін анықтаймын.

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау.

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы бағалау.


Қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану.



Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы және қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:Оқушылардың тапсырмаларды қызығушылықпен орындауы

2:Эмоцияға берілуі(туған жеріне деген сүйіспеншілігінің жоғары болуы)


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1: Ізденісі,жылдамдығы.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.00.2018
2976
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі