Қазақстандықтар үшін шетелге шығу мүмкіндіктері.Визасыз саяхат

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақстандықтар үшін шетелге шығу мүмкіндіктері.Визасыз саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Ағымдағы жылдарда Қазақстандықтар қай елдерге визасыз шыға алады? Визасыз жүріп-тұру мерзімі қанша уақыт? Шетелге шығуға қызығушылық танытқан тұлғалар үшін пайдалы ақпараттар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстандықтар үшін шетелге шығу мүмкіндіктері.Визасыз саяхат



-Қазақстан азаматтары үшін шетелге шығуға қандай мүмкіндіктер қарастырылған? -Шет мемлекеттерде қанша уақытқа дейін визасыз жүруге рұқсат? Қазақстандықтар үшін елдер тізімі

Қазіргі уақытта шетелдерге саяхаттау - әр адамның қалауына айналды.Адамдар әртүрлі мақсатта шетелге шығуды жоспарлайды.Біреулері өзге елдердің мәдениетін көзбен көріп, жаңа дүниелермен танысу мақсатында,екінші біреулер демалыс уақытында отбасымен ерекше уақыт өткізу үшін шекара асып саяхаттауды қалап жатады,енді біреулер оқу мақсатында.Тіпті кейбір адамдар үшін өзге елге саяхат жасау - өмірлік салтқа айналған.Әрине,талғамға талас болмайды, ел азаматтарының көпшілігі,әсіресе жастар жағы білім саласында немесе карьералық бағытта шет елдермен тәжірибе алмасуды қалайды.Бұл бір жағынан қуантарлық жағдай.Егер 2017-жыл мен қазіргі статистикаларды салыстырсақ,әжептәуір өзгерістерді байқаймыз.Себебі,Қазақстан азаматтары үшін шетелдерге шығудың кеңейтілген мүмкіндіктері қарастырылып келеді.Оған мысал - Қазақстан ЖОО студенттеріне оқу мақсатында өзге ел университеттерінде тәжірибе алмасуға мүмкіндіктердің берілуі.

Осы тақырып аясында Қарағанды қаласындағы академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университене тоқталсақ.Оқу орны ел ішіндегі ғана емес,шетел оқу орындарымен де келісім шарттық байланыста.Чехия,Польша,Италия сияқты Еуропа елдеріне барып,оқу саласында тәжірибе алмасу - университет студенттері үшін үлкен мүмкіндік.Сондай-ақ,аталған оқу орны студенттерді жыл сайын Түркия еліне толық грант арқылы семестрлік мерзімге оқуға жібереді.

Оқу саласындағы жайтқа тоқтала кеттік.Енді шекара асудағы адамдардың ең кең танылған мақсаты – саяхат тақырыбын қарастырайық.Мұндағы мәселе,көп адамдар өз сапарлары үшін ыңғайлы елді ұзақ таңдайды.Әрине,бұл орынды,әлемнің қай елі болмасын өзіндік сын-сипаты мен көз тартарлық орындары бар.Сол елдер арасынан адамдар өз қалауындағы және қалта қаражаты көтеретін елді дұрыс таңдай білуі керек.Айталық,сіз шетелге саяхаттағыңыз келеді.Алайда,нақты қай елге екенін әлі шешпедіңіз.Мұндай жағдайда ең алдымен сапардың қандай мақсатта өтетінін шешіп алғаныңыз жөн.Мәселен,сізге климаты қоңырсалқын,тропикалық аймақтар ұнайды немесе қаражатыңызды үнемдейтін сапар ұйымдастырғыңыз келеді.Осындай бастапқы критерийлерді анықтау арқылы сіз өз таңдауыңызды жеңілдете аласыз.

Студенттерге арналған Work and Travel бағдарламасы.Әлемге әйгілі бұл бағдарлама жайлы бәлкім сіз де естіген боларсыз.Дәл осы бағдарлама 18-28 жас аралығындағы университет студенттері үшін Америка Құрама Штаттарына баруға үлкен мүмкіндік.Егер сіз осы критерийлерге сай болсаңыз,осы жазба сізге арналады.Бұл бағдарламаның оқу саласына ешқандай қатысы жоқ.Мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен Америкаға барған студенттерді жұмыспен қамту және естен кетпес жазғы демалыс ұйымдастыру.Қазақстанда осы сала бойынша бастан-аяқ көмек көрсететін көптеген компаниялар бар.Олар сіздің бару және қайту сапарларыңызды жоспарлап,АҚШ-тың нақты қай штатында жұмыс істеуді таңдауға кеңес береді және ең бастысы,компания сізге виза алу үшін көмек көрсетеді.

-Бағдарламаның Work кезеңінде студенттер өздері таңдаған жұмыс беруші арқылы жұмысқа орналасады.Ал Travel бөлімінде Американың штаттарына саяхат жасау кезеңі басталады.

-Бағдарламаға сәйкес студентке бір реттік виза беріледі,яғни,бұл виза тек осы сапар үшін арналған.Ал басқа мақсатта штаттарға виза алу оңай шаруа емес.Сондықтан,студенттік шақта аталған жоба арқылы Америкаға бару – естен кетпес естелік және үлкен тәжірибе болары анық.

Жазбаның ең қызықты бөлігі – визасыз саяхат. Визасыз саяхаттау тиімді, әсіресе бұл отбасылық бюджетті үнемдеуге жақсы мүмкіндік. 2023-жылғы деректер бойынша визасыз немесе келісіммен виза рәсімдеу арқылы Қазақстан азаматтары 39 елге шыға алады. Сонымен, қазақстандықтар визасыз қай елдерге және қанша уақытқа бара алады.

Визaсыз 30 күнге дeйін қoлжeтімді eлдер:

Әзербайжан;

Беларусь;

Қырғызстан;

Мальдив Республикасы;

Тәжікстан;

Аргентина;

Бразилия;

Индонезия;

Корея;

Малайзия;

Біріккен Араб әмірлігі;

Өзбекстан (саяхат 5 күннен асқан уақытта құзырлы органға барып тіркелу қажет);

Филиппины;

Эквадор;

Черногория (тек жазғы маусымда - 1 сәуірден 31 қазан аралығында).

Визaсыз 90 күнге дeйін қолжeтімді eлдeр:

Aлбания;

Колумбия;

Кoста-Рика;

Мoлдoва;

Мoңғолия;

Нaмибия;

Рeсeй;

Түркия;

Укрaина.

Визасыз 180 күнге дейін қолжетімді елдер:

Армения;

Сент-Винсент және Гренадины.

Визасыз 365 күнге дейін қолжетімді елдер:

Грузия.



Қандай мақсат та болмасын,шет елдерге саяхат жасау – барлық жағынан пайдалы.Бар болғаны сапарыңызды сауатты жоспарлай алсаңыз,саяхатыңыздан жаңа дем мен шабыт аларыңыз анық!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2023
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі