Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАСА ТАУЛАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның аласа тауларын білу, таулардың ерекшеліктері мен ішкі, сыртқы күштердің жер бедерін өзгертудегі рөлін түсіну және аласа таулардың орнын анықтау үшін физикалық картаны қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 сынып

19 қазан 2017 жыл

5 сабақ

Сабақтың тақырыбы

§15. ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЛАСА ТАУЛАРЫ

Жалпы мақсаты

Қазақстанның аласа тауларын білу, таулардың ерекшеліктері мен ішкі, сыртқы күштердің жер бедерін өзгертудегі рөлін түсіну және аласа таулардың орнын анықтау үшін физикалық картаны қолдану

Күтілетін нәтиже

А. Қазақстанның аласа тауларын біледі;

В. Таулардың ерекшеліктері мен ішкі, сыртқы күштердің жер

бедерін өзгертудегі рөлін түсінеді;

С. Аласа таулардың орнын анықтау үшін физикалық картаны

Қолданады;

Негізгі идеялар

Қазақстан аумағының аласа тауларын,олардың пайда болу ерекшеліктері мен қалыптасуын, ең биік нүктелері мен географиялық орны туралы оқып білу

Оқыту құралдары

Қазақстанның физикалық, тектоникалық, геологиялық карталары

Қазақстан туралы фотосуреттер, видеороликтер

Тапсырмалары

Сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар "Ой қозғау", "Ыстық орындық", "Еркін талқылау", топтық, жұптық жұмыс, Рефлексия "Бес саусақ" әдісі,Жұмыс дәптері

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Ұйымдастыру:

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

2. Топқа бөлу: аласа таулар атауы арқылы топқа бөлінеді (1-топ: Ұлытау, 2-топ: Шыңғыстау, 3-топ: Көкшетау)

І. Үй тапсырмасы:

"Ыстық орындық" арқылы үй тапсырмасын тексеру

1. Батыс-Сібір жазығы қандай жазықтарға бөлінеді?

2. Каспий маңы ойпатында қандай құмадар бар?

3. Бэр төбешіктері дегеніміз не?

4. Шығысында Сарыарқамен батысында Мұғалжармен шектесіп жатырған үстірт

5. Орал тауымен Еділ өзені аралығындағы үлкен қырат

"Үй тапсырмасын бекітуге тест"

Тест 10 сұрақтан тұрады. Әр дұрыс жауап 0,5 ұпайды құрайды. Жалпы ұпай 5.


ІІ. Жаңа сабақ: Тұсаукесер (Аласа таулар туралы бейнеролик) Жаңа тақырыппен жұмыс.

«Еркін талқылау» әдісімен жүргіземін.

1-топ. САРЫАРҚА

2-топ. МҰҒАЛЖАР ТАУЫ.

3-топ. МАҢҒЫСТАУ ТАУЛАРЫ

Жаңа сабақ материалын дәптерге жаздырту.

Постер шығарады.Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды. Бағалау критериі арқылы топ сарапшылары бағалайды.

Оқушыларды топтастыра отырып картамен географиялық орны, геологиялық құрылысы мен жер бедері, пайдалы қазбалары, климаты, өзендері, табиғат зоналары, топырағы, өсімдік пен жануарлары, табиғи ескерткіштері

САРЫАРҚА

1.  Географиялық орны: Қазақстанның аласа таулы өлкесі — Сарыарқа немесе Қазақтың ұсақ шоқысы, Батыс Сібір жазығы.  Торғай үстірті. Сауыр-Тарбағатай,  Аягөз-Шар өзенінің  аңғары, Бетпақдала, Балқаш көлі, Тұран ойпаты. Ені — 1200 км, батысы — 900 км, шығысы — 350 км

2. Геологиялық құрылысы, жер бедері: Палеозойдың магмалық және шөгінді жынысынан (кварцит, гранит) құралған аласа таулы аймақ. Сарыарқадағы Қызыларай тауы оның ең биік жері -Ақсораң 1565 м, Ұлытау 1133 м, Шыңғыстау 1305 м, Қарқаралы 1403 м, Көкшетау 947 м.

Ұлытау — Сарыарқаның оңтүстік — батысында орналасқан шоқылы, орташа тау. Орташа биіктігі 400 – 600 м. Ең биік жері – 1134 м.

3. Пайдалы қазбалары: Қарағанды, Екібастұз — көмір, Балқаш, Жезқазған — мыс, Жезді — марганец, Жәйрем — полиметалл, Атасу, Саяқ, Қоңырат — темір, марганец, мыс, т.б.

4. Климаты: Қаңтар айының орташа температурасы – 14°-18°С (-40°С). Жылдық жауын-шашын мөлшері -200 – 300 мм, кей жерлерінде 370 мм Маусым айының орташа температурасы (t°) + 20°+24°С (+35°С)

5.Өзендері: Есіл. Нұра. Сарысу.  Көлдері: Қорғалжын, Теңіз, Шортанды, Бурабай.       

6. Табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл.

7. Топырағы: қара, қара қоңыр, қызғылт.                        

8. Өсімдігі: қарағай, биші қайың, көк терек, боз, бетеге, ақселеу, жусан, арша.                    

9. Жануарлары: бұғы, елік, ақбөкен, қасқыр, түлкі, қоқиқаз т.б.

10. Сарыарқанын табиғи ескерткіштері: Шайтанкөл. Қарағанды облысы Қарқаралы тауының басында, ну орман ішінде теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте орналасқан. Ұзындығы – 75 м, ені – 50 м. Суы  мөлдір, түбі тастақ, суында сағымдардың көрінуіне байланысты «Шайтанкөл» атанған. Оқжетпес, Жұмбақтас т.б

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау


МҰҒАЛЖАР ТАУЫ.

1. Географиялық орны: Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі — Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы — 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері — Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м).

2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы: Мұғалжар тауы ескі таулардың қатарына жатады, ол миллиондаған жыл бұрын пайда болып, уақыт өткен сайын оның шыңдары мұжіліп, аласараған, көп жерлері тегістеліп, аласа төбелерге айналған. Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас. Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр. Мұғалжар — герцин қатпарлануында пайда болған палеозойлық таулы өлке. Ол, негізінен, магмалық, метаморфтанған және ішінара палеозой мен мезозойдың әр кезеңінде нығыздалған шөгінді жыныстардан тұрады..

3. Пайдалы қазбалары: Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтау кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Қ.Сәтпаев Орал-Ембі мұнай кен орнын ашқан. Орал-Ембі өзен аралығында геологиялық-барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде

4. Климаты: Климаты құрғақ, континенталды, өзімен іргелес жазықтарға ұқсайды. Тау аласа болғанымен тау жүйесі ауа қозғалысын бөгеп, өз маңын 1°-2°С-ка болса да салқындатып тұрады. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300 мм. Жазы ыстық, кейде 38°С -қа дейін көтеріледі. Қысы боранды, аязды, кейде -40°С-қа дейін төмендейді. Мұғалжар тауынан соғатын суық жел бар, кейде ол дауылға ұласады.

5. Өзендері: Мұғалжар өңірі су қорына тапшы, дегенмен бірқатар Жем, Ырғыз, Ор, Тобыл, Талды өзендері ағып шығады. Өзендері қар суымен қоректенеді. Жазда тартылып қалады.

6. Табиғат зоналары: дала, шөлейт, шөл.

7. Топырағы: ашық түсті қара қоңыр, қызғылт.   

8. Өсімдіктері: Мұғалжардың батыс бөлігі боз, бетеге мен селеу өсетін қиыршық тасты, ашық түсті қара қоңыр топырақты болып келеді. Суайрықтары мен ойыстарда құмайт топырақ молдау. Онда негізінен селеу, көде, жусан өседі. Жер бедері күшті тілімденген ойыстарда ақ және қара жусандар тобына жататын өсімдіктер кездеседі. Сайлардың жоғарғы беткейлерінде қараған, тобылғы, жабайы шие мен әр түрлі бұталар, өзен бойларында терек, қайың, емен, тал өседі. Егер Мұғалжардың батыс беткейінің біраз бөлігі егіншілікке пайдаланылса, шығыс бөлігі тек мал жайылымына ғана пайдаланылады.

9. Жануарлары: Жануарлары да дала, шөлейт, шөл зоналарына тән аң-құстардан тұрады. Дала мен тау аңғарларын ақбөкен, жабайы шошқа, қоян, қарсақ, қасқыр, түлкі, сарышұнақ, аламан мекендейді. Өзен-көлдерінде аққу, қаз, үйрек, қырда безгелдек кездеседі.

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау



МАҢҒЫСТАУ ТАУЛАРЫ.

1. Географиялық орны: Маңғыстау түбегіндегі аласа таулар тізбегі Каспий теңізі жағалауынан солтүстік-солтүстік-батысқа, шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеле жатқан үш жотадан тұрады. Ең ірісі — орта тұсындағы Қаратау жотасы ұзындығы 130 км, биіктігі 350 — 450 м, ең биік жері Бесшоқы тауы (556 м). Қаратау көлденең жатқан бірнеше ойпаңдар арқылы Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушыққа бөлінеді. Олар сай, жыра, шатқалдармен тілімделген. Маңқыстау таулары Сарыарқаға қарағанда жас, бірақ кұрылысы мен жер бедерінің жалпы сипаты жағынан көп ұқсастығы бар. Бұл таулар құм, кристалды тақтатастардан, қара — әк тастан (Қаратау) және ақ әк-тастан (Ақтау) түзілген. Маңқыстау тауларының оңтүстігінде Қарақия немесе Батыр ойысы орналасқан. Ол — Қазақстанның, бүкіл ТМД елдерінің теңіз деңгейінен ең төмен (-132 м) жаткан жері.

2. Геологиялық құрылысы, жер бедері: Қаратау жоталары пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзілген. Төбесі тегіс немесе сәл белесті келеді. Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Екі жағынан Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталары өтеді. Олар Маңғыстау мегантинклиналінің қанаттарына сәйкес келетін куэсталардан тұрады. Солтүстік Ақтау басқаларына қарағанда көбірек тілімделген және биіктеу (322 м).

3. Пайдалы қазбалары: Маңғыстау тауларында мұнай, тас көмір, фосфорит, марганец, мыс және темір кен орындары барланған.

4. Су қоры: Су қоры тапшы. Терең жыралардың түбінен шағын бұлақтар (Аманбұлақ, Тұщыбек, Шоң, Оңды, Дойдан, Ағашты, т.б.) кездеседі. 5. Өсімдіктері мен жануарлары: Беткейлердің етегінде тасбұйырғын, Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталарында жусан басым өсетін шөлді өңір жатыр. Жыл бойы мал жайылады. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау


ІІІ. Сабақты бекіту:

Ерекшеліктері

Жауап

Үлкен Боқтыбай - 657 м


Көкшетау, Баянауыл таулары қайда орналасқан


Қарақия ойысы


Бесшоқы шыңы - 556 м


Ақсораң тауы - 1565 м


Шошқакөл таулы бұйраты


Қара және ақ әктастардан түзілген тау


Архей мен протерозойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан түзілген аумақ


Орал тауының жалғасы болып табылатын аласа таулар


Солтүстік Мұзды мұхит алабы мен ағынсыз ішкі сулар алабы арасындағы суайырығы



ІV. Үйге тапсырма

§15. Қазақстанның аласа таулары. Кескін картаға Қазақстанның аласа тауларын белгілеп, ашық қоңыр түспен бояу.


V. Рефлексия "Бес саусақ" әдісі


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
2727
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі