400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез келген ұлттың, халықтың ең басты байлығы – сол халықтың ана тілі. Қазақ тілін насихаттау әр ананың борышы деп білемін. Басқа елдер өз тілін «туған тіл» десе, қазақ туған тілін «ана тіл» дейді. Тілді сақтау, дамыту және оны насихаттаудағы жауапкершіліктің зор үлесі ананың мойнында. Сәби дүниеге келісімен ана тілінде әлди тыңдап, ана тілінде ертегі естіп өсуі керек. Әр қазақтың алғашқы қазақ тілі мұғалімі – анасы. Демек отбасында мейлінше тек қазақ тілінде сөйлеу керек
Материалдың қысқаша нұсқасы



МАҚАЛА.

Қарағанды қаласы №59 жалпы білім беру мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Тамабаева Алия Канатовна

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»



«Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!»

Қадыр Мырза Әлидің осы бір өлеңіне қазақ тілінің қадыр-қасиеті, құдіреті сыйып кеткен және қазақ тілін насихаттау үшін не істеу керектігін айқындап бергендей. Баланың тілінің шығысымен, балабақшаға барысымен алғаш жаттайтын тақпағы осы болу керек.

Кез келген ұлттың, халықтың ең басты байлығы – сол халықтың ана тілі.

Қазақ тілін насихаттау әр ананың борышы деп білемін. Басқа елдер өз тілін «туған тіл» десе, қазақ туған тілін «ана тіл» дейді. Тілді сақтау, дамыту және оны насихаттаудағы жауапкершіліктің зор үлесі ананың мойнында. Сәби дүниеге келісімен ана тілінде әлди тыңдап, ана тілінде ертегі естіп өсуі керек. Әр қазақтың алғашқы қазақ тілі мұғалімі – анасы. Демек отбасында мейлінше тек қазақ тілінде сөйлеу керек. «Әйел бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деп бекер айтылмаған.

«Ұлт боламын десең бесігіңді түзе», – дейді М. Әуезов. Білімнің негізгі бастауы – ана тілі – бесіктен басталады.

Өз ұрпағының келешегін ойлап, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екенін жете түсінген ата-ана баласының ертеңі үшін бүгіннен қамдануы тиіс деп ойлаймын. Баласының қазақша еркін сөйлеп, қазақ тілінде білім алғанын қалайтын ата-аналарға, балабақша жасындағы бүлдіршіндер мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытып, қазақша сөйлетуге арналған қажетті әдістемелік оқулықтар да, ақпараттық ресурстар да баршылық.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажетті.

Оқушыларды пәнге қызықтыру арқылы сабаққа ынтасын арттырып, оны бірте-бірте тұрақтандырып, қалыптастыру қажет. Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы, қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады.

Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру және дамыту, яғни тілдік жіне танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында да көрсетілген.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілге құрметпен қараудың үлгісін көрсетіп келеді. Мемлекеттік Әнұран мен Туды қалай қастерлесек, ұлт тілін де солай құрмет тұтуымыз керек. Өйткені, тіл мәселесін реттейтін уақыт туды, оны шешудің кілті аспанда тұрған жоқ, ол әркімнің сана сезімінде, яғни әр адам өзінен бастауы тиіс, мұны уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Ендеше, мелекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі саласына енгізіп, сапасын арттыру - уақыт талабы, ал уақыт талабын орындау - баршамыздың абыройлы парызымыз екендігін естен шығармайық.





























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қараша
367
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі