Тілдер апталығына арналған мерекелік сайыстың сценарийі
Тақырыбы: Тіл-тірегіміз, соғып тұрған – жүрегіміз.
Амандасу
Дәурен мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен әріптестер! Ана сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің құдіреттілігіне, байлығына, қасиеттілігіне баға жетпейді. Қазақ тілі – туған тілім, бабам тілім, дана тілім, бал тілім – дегендей Бүгінгі біздің қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығына орай өткізілгелі отырған «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер!!!
Арай: «Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов.
Дәурен мұғалім: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі», - дейді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Арай: Жалпы 6 мыңға жуық тілдің 100-і ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. 1989 жылы «Тіл туралы» Заң қабылданғаннан бері қазақ тілі де осы мемлекеттердің қатарына кіргеніне қуаныштымыз. Бүгінгі апталығымыз да мемлекеттік тіліміздің мәртебесіне арналады.
Арай : Қазақстан Республикасында 130 дан астам ұлттар өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар еліміздің ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. Біздің жүрегіміз бейбітшілікті қалайды. Бәріміз бейбітшілік туын жоғары көтеріп,болашаққа нық қадам басайық.
Дәурен мұғалім:
Тарихы бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің .
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің.
Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз- дей келе бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Арай: Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды әділ-бағалайтын әділ-қазы алқасымен таныс болыңыздар.
Дәурен мұғалім. Әділ-қазыларымыз ерекше болғандықтан, бүгінгі сайысымыз да ерекше өтейін деп тұр. Сайысқа қатсатын 2 топ бар. 1 еуі: Қазақ мектебінің ұстаздары болса, 2 шісі Орыс мектебінің ұстаздары. Екі жақ жеке-жеке бағаланатын болады. Осыны ескерсеңіздер әділ-қазылар алқасы.
Олай болса, уақытты көп созбайық,
Сайысымызды бастайық.
Ортаға барлық қатысушыларды шақырамыз. ( нөмірлерді таңдайды сол бойынша шығады)
Арай: 1 ші сайысымыз бәрімізге ортақ сайыс: ТАНЫСТЫРУ -10 ұпай
Сәлем берем, сәлем беру салтымыз, Сәлемменен сөз бастаған халқымыз- дей келе ортаға өзін-өзі таныстыру үшін 1 ші топтың ұстаздарын шақырайық. қарсы алыңыздар! 1 ші нөмірлі сайыскеріміз____
Дәурен мұғалім: Ендігі кезек орыс мектебінің ұстаздарына да келіп қалған сияқты. Ортаға өзін таныстыру үшін 1 ші нөмірлі қатысушыны шақырсақ.
Арай: Осымен бірінші сайысымыз да аяқталды.
Музыкалық нөмер: Күйшілер _____________________________________________________________
Дәурен мұғалім : Келесі кезегімізде орыс мектебінің ұстаздары мәнерлеп оқудан сайысса, қазақ мектебінің ұстаздары «мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысынан бақ сынамақ .
Арай: Қазақта «Сөздің көркі -мақал” деген аталы сөз бар. Мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мақал-мәтелді көп біліп ,көп қөлданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі. Олай болса мақал-мәтел сайысымызды бастайық.Сахнаға барлық қатысушыларды шақырайық. 1 ші нөмірлі қатысушымыздан бастаймыз.
«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» - 15 ұпай
Жалғасын тап:
1 ші қатысушыға: 1.Сөздің көркі-мақал (Жүздің көркі-сақал)
1.Өз елім... (өлең төсегім)
2 ші қатысушыға: 2.Балапан ұядан не көрсе...(ұшқанда соны іледі)
2.Сөзің тәтті болсын...(ашуың қатты болсын)
3 ші қатысушыға: 3.Жақсы байкап сөйлер...(жаман кісі шайкап сөйлер)
3.Ананың көңілі балада...(баланың көңілі далада)
4 ші қатысушыға: 4.Батыр туса ел ырысы...(жаңбыр жауса жер ырысы)
4.Балалы үйдің...(ұрлығы жатпас)
5 ші қатысушыға: 5.Тіл тас жарады...(Тас жармаса ,бас жарады)
5.Ашу-дұшпан, ақыл дос..(Ақылына ақыл қос)
6 шы қатысушыға: 6.Ұста пышаққа жарымас..(етікші етікке жарымас)
6.Сөзде қаңқу жаман...(ауруда шаншу жаман)
7 ші қатысушыға: 7. Тіліңмен жүгірме,..)Біліммен жүгір)
7.Оқу- білім бұлағы...(білім-өмір шырағы)
”Ойлы болсаң,тауып көр”
Ойын.Сұрақ-жауап.
1 ші қатысушыға: 1.Не қылыштан өткір?(тіл қылыштан өткір)
1.Тұз астың дәмін келтірер, ал сөздің дәмін не келтірер?(мақал сөздің дәмін келтірер)
2 ші қатысушыға: 2. Сиырдың сүті қай жерде?(сиырдың сүті тілінде)
2.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(білгенің 9,білмегенің 99)
3 ші қатысушыға: 3.Адамда арқау бола ма?(Ас адамның аркауы)
3.Түкіріктен көл бола ма?(Көп түкірсе көл болар)
4 ші қатысушыға: 4.Тастың жеңілі бола ма?(Керек тастың ауырлығы жоқ)
4.Көпке не шашпа?(топырақ)
5 ші қатысушыға: 5.Дос басқа қарайды, ал дұшпан ше?(дұшпан аяққа қарайды)
5.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)
6 шы қатысушыға: 6. Бейнет түбі не?(зейнет)
6.Сөз анасы не? (құлақ), су анасы не?(бұлақ),жол анасы не?(тұяқ).
7 ші қатысушыға: 7.Білмеген не ішеді? ( у ішеді)
7.Өірікші кімді алдайды (өтірікші өзін-өзі алдайды)
Арай: Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір
түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің
белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап,
ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық
оның жаңа түрлерін ойлап шығарып
отырған.
Дәурен мұғалім: Жұмбақ – қарым – қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
«Кім жылдам?» ойыны
1 ші қатысушыға: 1. Алабота тамағы, Шөлге шыдай алады (Түйе)
1. Қыста демалып, жазда тынбайды, Көкке атылып, жерге құлайды. (субұрқақ)
2 ші
қатысушыға: 2.
Мойны ұзын болғанымен, Әрең
жетер төменге.
Теңбіл - теңбіл денесі, Келеді не дегенге?
(Керік)
2. Екі бала қатар тұрса да, Бірін бірі көрмейді. (Көз)
3 ші қатысушыға: 3. Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар(бас, көз, құлақ, тіс)
3. Тұмсығы мықты, Ой мен қырды тегістеп шықты (Үтік)
4 ші қатысушыға: 4. Біреуін бердім, Онын тердім (Тұқым)
4. Қанаты бар суда ұшпайтын құс (балық)
5 ші қатысушыға: 5. Асты тас, Үсті тас, Ортасында шандыр бас. (тасбақа)
5.
Төбедегі көзінен, Күн сәулесі
түседі. Бұрышы жоқ төрінен, Самал еркін еседі. (киіз
үй)
6 шы қатысушыға: 6. Көзге ілінбейді, Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
6. Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ, жетеді. Аузы жоқ,ұлиды. (Боран)
7 ші қатысушыға: 7. Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне. (АЙ)
7.
«Ащы»дейсің қазақта, Келу үшін
осы әріп.
Құрық жалғап азапқа, Түсті «ш» - ға дос әріп. (Щ
әрпі)
Қосымша жұмбақ:
1.Қар да бар, Мұзда жоқ.
Жарда бар, Құзда жоқ.(Р әрпі)
2.Дыбысы жоқ өзінше, Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер, Өзге әріпті көзіңше (Ъ
белгісі)
Арай: Тіл-сарқылмас қазына, ата-бабамыздың көзі, мұрасы, ал мақал-сөздің азығы, тәрбие көзі-дей келе «мың бір мақал , жүз бір жұмбақ» сайысы да осымен аяқталды.
Дәурен мұғалім: Енді орыс мектебінің ұстаздарын Мәнерлеп оқу сайысына шақырсақ. Қатысушыларға – 15 ұпайдан берілетін болады.
Мәнерлеп оқу— мәтінді, оның мазмұнын тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізу үшін, ондағы сөздердің дыбыстық үйлесімін, екпінін, дауыс ырғағын, әуенін сақтап айту. Мәнерлі оқудың қажетті шарттарына дауыстың анық естілуі, оның үнділігі, әуені, яғни дауыс күшінің, үннің биіктеуі мен төмендеуі, оқу қарқынынын бірде жылдам, бірде баяулауы, лебізділігі жатады. Оқу техникасы дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуын талап етеді.
Арай: Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз да аяқталды.
Музыкалық номер. Бишілерді шығару
Дәурен мұғалім : Енді ақыл-ой тереңдігін, ой ұшқырлығын сарапқа салатын да кез келген сияқты.
Викториналық сұрақтар. Орыс мектебінің ұстаздарына. Билет түрінде столдан сұрақтарды алады.
1 ші қатысушыға: 1. Атақты қазақ ақыны , «ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім? ( Известный казахский поэт, автор стихотварения ''ленинградцы дети мои'' Ж Жабаев)
1.Қазақтың ұлттық аспаптары?
(Казахские народные инструменты (Домбыра , Сыбызғы, Қобыз
)
1. Қазақтың баба-ягасы? (Казахская баба-яга
(Жалмаүыз
кемпір)
2 ші
қатысушыға: 2.
Абай Құнанбаевтің өлеңдері?
Стихотварений Абая Кунанбаева? ( 4времена года) (күз, қыс , көктем
, жаз )
2.Қазақ ертегілерінің кейіпкері? Герой юмористических рассказов
и анекдотов казахского фольклора, народных
сказок (Алдар-Косе , Ер-Тостик
)
2. Екі адам арасындағы сөз жарысы? ( Состязание
акынов (
Айтыс)
3 ші қатысушыға: 3. Бие сүтінен дайындалған қышқыл сусын? Национальный напиток (Қымыз)
3.Қазақстан Республикасының елтаңбасында не бинеленген? (Что изображен в гербе
РК)
(Шаңырақ)
3.Абай Құнанбаевтің қара сөздері нешеу? (Сколько слова назидание
Абая Кунанбаева (45)
4 ші
қатысушыға: 4.
Түйе сүті (Верблюжий
молоко) (
Шұбат)
4.Қазақтың ұлттық баспанасы ? (Национальное жилище казахов
) ( Киіз үй
)
4.Шығыстың бірінші философы. (Этот ученый считается
основателем многих наук искусств, в частности арабской философии,
первым философом Востока.) (Аль- Фараби
)
5 ші қатысушыға: 5. Қазақтың ұлттық киімдері (Национальные одежды ?) ( СӘУКЕЛЕ, ШАПАН, КАМЗОЛ )
5.
«Орфография» қай елдің
сөзі? (грек).
5.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі
тілдес).
6 шы
қатысушыға: 6.
Беташар қашан айтылады? Когда
поется беташар? (келін
түскенде).
6.Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? Традиции и обычаи казахского
народа
(шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).
6. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
7 ші қатысушыға: 7. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
7. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
7. ҚР-ң рәміздері? Символы
РК ( ту, елтаңба , әнұран
)
Дәурен
мұғалім: Сонымен біздің сайыскерлерге
қояр сұрақтарымыз аяқталды. Жүйріктен жүйрік озар жарыстырса,-
дегендей, бұл байқаудың да жеңімпаздарын
әділ-қазылар алқасы анықтай жатар.
Арай: Келесі шартымыз «Сегіз қырлы, бір сырлы» деп аталады. Бұл шартта қатысушыларымыз өз өнерлерін көрсетеді. Ортаға қазақ мектебінің ұстаздарын шақырамыз. 1 ші нөмірлі сайыскеріміз.
Әділ-қазылар алқасы әдл шешімін шығарғанша кезекті бір әсем әнге берейік. Ортада _______________
Қорытынды.
Арай: Білім-теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдебі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Арай: Осымен тілдер апталығына арналған мерекелік сайысымыз аяқталды. Әрқашан достығымыз көп болсып, көп тілді меңгере беріңіздер! Қош сау болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. (Тілдер апталығына арналған мерекелік іс-шараның сценарийі)

шағым қалдыра аласыз