Материалдар / Қазақстанның бүгіні мен болашағы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның бүгіні мен болашағы.

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
65
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ.


Қарға да баласын аппағым демекші, әр ұлт, әр адам өз елімен мақтан тұтып, елінің жақсысын асырып, жаманын жасырады.


О,туған жер ,кең пейіл,құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен деп ақын Фариза апамыз жырлағандай, Отанымыз үшін әрбір қазақ азаматы қуанышта болуы керек. Кеше ғана Ресейдің отары болып, қиыншылық өткерген еліміз бүгінгі таңда дамудың жоғарғы сатысындағы, беделді елге айналды. Біз расында да өз елімізді мақтан тұтамыз! Бар жоғы 29 жыл ішінде осындай жетістіктерге жетіп, өзін әлемге таныта білген Қазақстан кімнің болсада жүрегіне отан сүйгіштік сезімін ұялатып, сүйсіндіреті сөзсіз. Ата-бабаларымыздың ұзақ ғасырлар бойы сақтап, қастерлеген асыл мұрасы – еліміздің тәуелсіздігі, халық ынтымақтығы, жер берекесі – бәрі де – тар жол, тайғақ кешумен келген үлкен байлық!

Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік аренадан өз орын ойып алған, Азия мен Еуразияның кіндігі, өжет елдің мекені. Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері әлемдік ұйымдардың біразына мүше болып, көптеген елдермен достық қарым – қатынас орнатты.

Әр ұлт өзінің тарихын, салтын және ана тілін мақтан тұтады. Егеменді ел болғандықтан, мемлекеттік тіл — қазақ тілін білу — елдің әр азаматының міндетті борышы. Тілмен қатар, салт-дәстүр және атам заманнан келе жатқан әдет-ғұрыптарды барынша сақтауға тырысатын қазақ халқы қазіргі таңда биік белестерден көрініп тұр.

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан — өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» — деп ойлансақ бұл — туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.

Қазақстанның әлемдік рынокта шешуші бәсекелік басымдығы жоғары, көптеген мемлекеттермен бақталастықпен қатар, достықты сақтап отыр.Бірақ та еліміздің экономикасы әлі де дамушы елдердің қатарында. Ал бүгінгі біздің мемлекетіміздің саяси, экономикалық жағдайларын арттыру үшін, бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту керек деп ойлаймыз.

500 жылдан аса қиыншылықтарды басынан өткерген ата-бабаларымыз біздің тәуелсіз, әл-ауқатты, уайым-қайғысыз өмір сүруімізге кепіл болып отыр. Елімізде нарықтық экономиканың жан-жақты және табысты дамуы, индустриализация, инновация, инвестиция салаларындағы жаңашыл шаралардың жүзеге асырылуы, жалпы кәсіпкерлікті, оның ішінде, кіші және орта бизнес субъектілеріне жағдай жасау мә­селелеріне зор көңіл бөлініп, аталған қоғамдық қатынастардан туындайтын дауларды дер кезінде әрі заңдылық тұрғыдан шешу үлкен саяси мәселе болып тыбылады.

Мемлекетіміздің бас қаласы болып табылатын Астана қаласында 2017 жылы «EXPO-2017» бағдарламасы өз жұмысын бастады, соған орай біз өз елімізді қамтамасыздандырылған болашақ күтіп отыр. Одан кейін кемеңгер президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» бағдарламаларының келешекте күтілетін нәтижесі бойынша Алла бұйыртса, дамыған елдердің алғашқы отыздығына, сосын ондығына кіру арманымызда жоқ емес.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – зайырлы, демократиялық мемлекет болып табылады. Ата Заңымыз Конституцияға сәйкес,  ең алғашқы бабы бойынша адам құқығын қорғау арқылы, халық саны көбейеді деген сенімдеміз. Жастар білімін нығайтып, елімізге пайдалы жаңа технологияларды өндіру арқылы да әлі талай белестерді бағындырамыз. Егер де біз өз халқымыз үшін тер төгіп еңбек етсек, Қазақстанда, қазақ халқында жарқын болашақ қамтамасыздандырылған болар еді. Тәуелсіздік алғалы, қаншама белестерді бағындырған Қазақ елін болашақта жарқын өмір күтіп отыр.

Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетіміздің ірге тасын бекіту, ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты парызымыз!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!