Материалдар / Қазақстанның ежелгі қалалары. Ашық сабақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның ежелгі қалалары. Ашық сабақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Арнайы мектеп интернат мұғалімдеріне керек мәлімет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2021
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алибаева Гульзада Рамазановна.

7-сынып. Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ежелгі қалалары.

Сабақтың мақсаттары:

1.Оқушыларды Қазақстанның ежелгі қалаларының тарихымен таныстыру.

2.Оқушылардың сөздік қорын, ой-өрісін, көзқарасын қалыптастыру.

3.Қазақ халқының тарихын құрметтеуге,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдістері: оқу, әңгімелеу, сұрақ-жауап, «Синкуейн» құрастыру.

Сабақтың көрнекілігі: интеративті тақта, ежелгі қалалар туралы бейнетаспалар, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, география.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II.Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

Жаңа тақырыпты өтпес бұрыс өзіміздің қаламыз туралы айтып өтейік

-Біз тұрып жатқан қала қалай деп аталады:

- «Талдықорған».

- Неге осылай аталатынын ойладыңдарма?

- Тал ағашы көп болғандықтан Талдықорған деп аталады  аталуы мүмкін.

-Ия, тал ағашы көп болғандықтан Талдықорған деп аталған дейді.

-Ал енді жаңа сабақ сендерге оңай болу үшін өз қаламызды көз алдымызға елестетейікші. (Синкуейн» құрастыру) «Қала» сөзімен байланыстырып, Мысалы: Қала әдемі, мәдени өркендеп , дамып келе жатыр , гүлденіп келе жатқан қала. Осы сөздерді жинақтап шумақ құрастырсақ , қаламыздың келбетін аша ма?:

Көркейе бер,

Өркендей бер,

Гүлдене бер-Талдықорғаным  деген қарапайым шумақ құрастырсақ түсінікті ме?

ІІІ.Жаңа сабаққа кіріспе

Туған жер, Отан тақырыбындағы қанатты сөздерді білесіңдер ме?

"Тарихын ұмытқан  ел — жоғалған ұлтпен  тең" (ұлт боламыз десек тарихымызды білуіміз керек)

А.Байтұрсынов

"Тау қозғалса да, тарих қозғалмайды." (тау бұзылып ,жер сілкінуі мүмкін

бірақ тарих өзгермейді)

Н.Ә.Назарбаев.

-Мен сендерге мұның бәрін бекер айтып жатқан жоқпын бүгін біз сендермен тарихи қалалар туралы өтетін боламыз.

Оқушылардың берген жауаптары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын өздеріне анықтату, мақсаттарымен таныстыру.

-Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: Қазақстанның ежелгі қалаларының тарихымен таныстыру.

ІV. Жаңа сөздермен таныстыру:

Берілген стикерлерге сөздерді жазып тақтада ілініп тұрған суреттердің астыларына іледі.

Сөмке- таныс емес, жаңа сөздерді іледі. Мазар, ғимарат.

Еттартқыш- бұл сөздерді білемін, бірақ әлі толықтай танысу керек: мұражай, тайқазан.

Себет- бұл сөздерді баяғыдан білемін, еркін аудара аламын. Бай, хан.

Ғимарат-парсы тілінен шыққан. Белгілі бір архитектуралық үлгімен салынған құрылыс. Бұл ғимарат бәріне ортақ.

Мазар-қаза болған адамға арнап тұрғызылатын монументті құрылыс, мұсылмандардың қасиет-қадір тұтатын орны.

1.«Ежелгі қалалар» туралы мұғалімнің сөзі.

Болған талай қалалар да халық та,

Уақыт көмді бәрін жерлеп табытқа.

Болған талай ауылымыз, тайпамыз,

Енді соның ізін тауып байқаңыз,– деген ХІ ғасырда сүрген ғұлама  Жүсіп Баласағұн аманаты. Біздің заманымызға дейін талай қалалар болған, ұлы адамдар, ауылдар мен тайпалар болған бірақ соның бәрі қазір жоқ .Бірақ тарих болып қалды.

2.«Ежелгі қалалар» туралы бейнетаспаны тамашалау.

 - Бүгінгі сабағымыз жаңа ғана өздерің тамашалаған Қазақстанның ежелгі қалаларына арналады.Сабақ барысында біз тарих қойнауына саяхат жасап ,

Қазақстанның ежелгі қалаларының тарихымен танысамыз.

1) Тараз қаласы.

Тараз- қазіргі Жамбыл қаласы . Таразда халық тығыз орналасқан. Бау-бақшасы көп , қала төрт қақпалы ірі бекініспен қоршалып , сыртынан терең ор қазылған. Қаланың ортасында базар , мешіт зәулім үйлер салынған. Су құбырын пайдаланған. Қала өте әдемі болған. Ғалымдар қазба жұмысын жүргізген кезде қаланың орнынан шыныдан , қыштан, күмістен ,мыстан, қоладан құйылған ыдыстар,осы Таразда жасалған теңгелер тапқан. Қыштан жасалған су құятын ыдыстар табылған. Бұл ыдыстар тараз қаласының орнынан табылған. Қазір Алматыда мұражайда сақтаулы тұр.

Тараз қаласындағы Карахан бейіті , қала сыртындағы Бабаджахатун , Айша-бибі күмбездері –қазақ ұлттық сәулет өнерінің тамаша үлгісі болып табылады. Бабаджахатун мен Айша-бибі күмбездері Тараз қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

2) Отырар.

Отырар - қазіргі Шымкент облысының арыс өзенінің Сырдарияға құятын жерінде 200 гектар жерді алып жатқан жерге орналасқан. Қаланың сырты биік қамал қабырғалармен қоршалған.

Әр тұрлі елдерден келген керүендер қаланың төрт қақпасына келіп тірелетін. Батыс пен шығысты байланыстырған ірі сауда орталығы болған. Отырар тек ірі сауда орталығы ғана емес, мәдениет орталығы да болды. Бұл қалада ірі ғалым Әл-фараби дүниеге келген.

3)Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бар.


А) Мәтінді өзара тізбектеле оқу.

IV. Жаңа сабақты түсінгенді тексеру кезеңі.

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Еліміздегі көне қалалардың бірі Түркістан, Отырар, Тараз туралы не айтасыңдар?

2. Онда қандай тарихи-мәдени ескерткіштер бар?


V. Жаңа сабақты бекіту кезеңі.

Жұмыс дәптеріндегі кестені толтыру.?????

1.Қазақстанның қандай ежелгі қалаларын білесіңдер?

-Түркістан, Тараз, Отырар.

2.Түркі халқының рухани орталығы.

-Түркістан қаласы.

3.Тараз қаласында қандай тарихи- мәдени ескерткіштер бар?

-Айша -бибі , Бабаджахатун мазарлары бар.

4. Отырар қаласында кім дүниеге келген?

-Әл-Фараби.

VII.Сабақты қорытындылау.

-Қазақстанның ежелгі қалалары туралы не білдіңдер?

-Ол кезде қолөнер дамыған екен, соның ішінде қыш өнері.

-«Ежелгі қалалар» туралы бейнетаспаны тамашалап, қандай әсер алдыңдар?

Бағалау.

VI.Үйге тапсырма.

1. 26-29 беттер оқу.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!