Материалдар / Қазақстанның экологиялық проблемасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның экологиялық проблемасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстандағы экологиялық проблема және оны қолға алу шаралары. Экология жағынан қай орында тұрғанымыз және де қоршаған ортаның таза болуына қосатын үлесіміз қандай.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Маусым 2022
423
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала

Тақырыбы: "Қазақстанның экологиялық проблемасы"

Ғаламдық жағдай барған сайын күрделеніп барады. Сондықтан айналадағы ортаны қорғау мәселесі алға шығып отыр. Адамның шаруашылық іс-әрекетінің дамуы, сонымен қатар күнделікті тұрмыс тіршілігінің әсері қоршаған ортамыздың күрт нашарлануына әкеліп соқтыруда. Мұның барлығына тұрғындардың қоршаған ортаға жанашырлық танытпай қоқыстарды кез келген жерге лақтырып, топырақ және су көздерін дұрыс пайдаланбауы дәлел бола алады. Сонымен қатар қоршаған ортамыздағы ауаның ластануына пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеу нәтижесіндегі 20 миллиард тонна қалдықтың жиналуы орасан зор әсер етеді. Жиналған қалдықтың 3/1 бөлігі күнделікті ауаны токсиндермен уландырады. Тағы бір дәлел- автокөлік санының көбеюі . Бірақ оларды пайдалану кезінде сапасы төмен жанармайлар құйылып , сол пайдаланылған газдарды тазартуға арналған сүзгілер қолданылмайды. Міне, осы факторлардың әсерінен республикамыздың 15 ірі қаласында ауа ластануы шекті деңгейінен асып түсті. Ең лас атмосфера Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары болып тіркелді. Бұл еліміздегі атмосфералық проблемалар болса, сонымен қатар судың ластануы да өзекті мәселе болып табылады. Мысалы, Арал теңізіне арналардан су келмей, балық санының азаюы да, тұз концентрациясы 14 есе ұлғайып, бірнеше шақырым жерге созылып , алыс орналасқан жерлердің эрозиясын тудырады. Арал теңізімен қоса , өнеркәсіптік қоқыс қалдықтары мен маңында орналасқан қалалардан аққан ағын сулар бірте - бірте Балқаш көліне де зиянын тигізуде.

Осы экономикалық проблемаларды зерттеп, шешімін табу адамзат қоғамына жақсы әсерін тигізер еді. Себебі , осы ластанған ауа , сулардың барлығы адам денсаулығына тікелей әсерін тигізеді. Түрлі ластаушы заттарды ағзасына сіңіруімен түрлі аурулар қаптап, балалардың жарымжан болып туу себебі сонда.

Бүгінгі таңда қоршаған орта әлемдегі басты проблемалардың бірі болғандықтан , онымен керісінше күресу үшін адамдар Біріккен Ұлттар Ұйымы , ЮНЕСКО, ДДҰ және де басқа секілді ұйымдап құрды. Соның нәтижесінде табиғатты сақтау, жақсарту жоспары біраз іске жүрді . Forbes ең экономикалық таза елдерді жариялады. Бұл тізімге Швейцария, Швеция, Норвегия және Жаңа Зеландия елдері кірген. Осы тізім қатарына Қазақстанды еңгізу үшін табиғатымыздың тазалығын қолға алып, "Таза қала" секілді акция түрлерін арттырып, табиғатқа аса пайда алып келетін ұйым санын арттыру қажет. Өйткені, тазалық - ол мәдениеттің белгісі.

Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылған. Және де Жамбыл, Ақтөбе, Өскемен, Теміртау өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастапты. Егер алдағы жылдарда осы қарқынмен жұмыс атқаратын болсақ, экологиялық таза елдер қатарына кіруіміз әбден мүмкін.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!