Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде оқушыларға отансүйгіштік білім мен тәрбие беру»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде оқушыларға отансүйгіштік білім мен тәрбие беру»
Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын №1 мектеп интернат
География пәнінің мұғалімі: Балчикова А.А.
Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан қайта өркендеп, қанат жаюы жас ұрпаққа ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәлім-тәрбие беру ісін жүйелі түрде жүзеге асырудың қажеттілігін бұрынғыдан да арттырып отыр.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына жолдауындағы: «Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамыту – біздің даму стратегиямыздың басты элементі», - деген сөздері жас ұрпақ бойында Отан сүйгіштік сезімді қалыптастырудың маңыздылығын айшықтайды [1]. Отан сүйгіштік білім мен тәрбие беру мәселесі Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы мен тәлім-тәрбие тұжырымдамаларында көрсетіліп, бүгінгі таңда тәрбиенің ең өзекті міндеті ретінде дені сау, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, Отанына деген сүйіспеншілігі бойында бар азаматтарды тәрбиелеуді міндеттейді. Отанға деген сүйіспеншіліктің қайнар бастауы бағзы Орхон-Енисей жазбаларынан бастау алып, қазіргі таңда «Қазақстандық патриотизм», «Ұлттық патриотизм» ұғымдарымен ұштасып жатыр.
Жалпы білім беретін мекемелерде оқушыларға отансүйгіштік білім мен тәрбие беруді кешенді, терең жүргізу мәселесі тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Қазақстан Республикасы ғалымдарының назарын өзіне аударуда.
Кеңестер заманында отансүйгіштік білім мен тәрбие беру бағытындағы зерттеулер негізінен кеңестік идеология сипатындағы әскери-патриоттық тәрбиемен ұштасып жатты. Ол жайында А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, А.В.Луначарский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б еңбектерінен кездестіреміз.
Ғылыми зерттеулерге және мектептерде оқытылатын Қазақстанның физикалық географиясы пәнінің оқу бағдарламасына, оқулығына жасалған талдаулар мен озат мұғалімдердің тәжірибелелері зерттеу мәселесінің география ғылымында күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғанын көрсетті. Демек, Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде оқушыларға отансүйгіштік білім мен тәрбие берудің қажеттілігі мен олардың жалпы білім беретін орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде жеткіліксіз пайдаланылуы бүгінгі қоғам дамуының талабына сай зерттелу деңгейі арасында қайшылықтар бар екені байқалады. Бұл зерттеу мәселесінің көкейкестілігін көрсетіп, зерттеу тақырыбын «Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде оқушыларға Отансүйгіштік білім мен тәрбие беру» деп таңдауыма себепші болды.
«Отансүйгіштік» ұғымының даму генезисі – оқушыларға отансүйгіштік білім мен тәрбие берудің тарихи-педагогикалық алғышарты.
Қазіргі жаһандық ғасырда еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық даму барысында рухани-идеологиялық, мәдени тұрғыдан өркендеуіне сәйкес жастарға отансүйгіштік білім мен тәрбие беру мәселесі Елбасы мен үкіметіміздің жаңа стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр.
Еліміздің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерекшелігіне байланысты мектептерде оқушыларды адамгершілік, экологиялық, патриоттық, экономикалық, эстетикалық бағытта тәрбиелеумен қатар, Отансүйгіштік білімі мен тәрбиесін қалыптастырудың қажеттілігі айқындалуда.
Сондықтан, жас ұрпақтың Отансүйгіштік сезімін оятып, қоршаған орта мен қоғамға адами ізгілікті көзқарасын қалыптастыру қазіргі таңда өзекті мәселеге айналуда. Мұның бәрі оқушылардың Отансүйгіштік рухта тәрбиелеуінің қажеттілігін дәлелдейді.
Қазақ-совет энциклопедиясында: «Отан» - дегеніміз адамның туып-өскен жері, атамекені, ел-жұрты, табиғи байлықтары, халқы, қоғамдық және мемлекеттік құрылысы, тіл, мәдениет, тұрмыс-салт және әдет-ғұрып ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған территориясы» - деп жазылған [5].
Ал «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясында: «Отаншылдық, отансүйгіштік, патриотизм (грек. patris – Отан) - адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі», - деп анықтама берілген [2, 5].
Отаншылдық - өз еліңді, халқыңды биіктен көруге ұмтылу, табысы мен жетістігіне сүйсіну, жеке мүддесін ұлтының асқақ мұраттарына жетуіне жұмсау, елің үшін аянбай еңбек ету деген сөз.
Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде оқушыларға отансүйгіштік білім мен тәрбие беруді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Егеменді елдің ертеңгі иелері бүгінгі мектеп оқушыларын саналы да, білімді де білікті, өз беттерімен шешім қабылдап, іс-әрекет жасай алатын, жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбиелеу – мұғалімнің басты міндеті. Ұрпақ алдында осындай үлкен жауапкершілік жүгін арқалаған мектеп мұғалімдерінің шығармашылық ізденісінің нәтижесінде бүгінгі таңда заман талабына сәйкес, мектепте жүргізілетін «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінің оқулығы мен бағдарламалары түгелдей дерлік жаңартылу үстінде.
Соның ішінде Қазақстанның физикалық географиясына да ерекше назар аударылуда. Егер еліміз тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанның физикалық географиясы 2-сағаттық көлемде ТМД-ның географиясы құрамында оқытылса, қазіргі таңда 8-сыныпта 68 сағат көлемінде оқытылады. Географиядан төл оқулықтарымызды жазуда ғалым-педагогтар г.ғ.д., профессор Ә.Бейсенова, Ұ.Есназарова, К.Мамырова, О.Мазбаев, Ә.Бірмағанбетов, Қ.Карпеков, Қ.Каймулдинова т.б үлестерін қосқан.Жалпы білім беретін орта мектептің 8-сыныптарында оқытылатын Қазақстанның физикалық географиясы пәнінің бағдарламасы мен оқулығында оқушыларға отансүйгіштік білім мен тәрбие беру мүмкіндіктері әлі де болса толық зерттеуді, зерделеуді талап етеді. Оқулықтар мазмұнындағы тақырыптар, олардың безендірілуі мен сапасы, т.б. саяси-идеологиялық жағдайларға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізуге себепші болды.
«Қазақстанның физикалық географиясы» курсының негізгі мақсаты – оқушыларды өз елінің климаты, гидрографиясы, ландшафтысы мен табиғат жағдайлары туралы түсінік қалыптастыру, оның табиғат жағдайлары мен ресурстарының әр алуандығын ашып көрсету. Курсты оқып-үйренудің нәтижесінде оқушылар еліміздің табиғат жағдайларына қатысты мәселелерге бағдар жасай білуі тиіс [1, 3].
Біз зерттеу жұмысымызда «Қазақстанның физикалық географиясы» пәнінің оқулығы мен бағдарламасына талдау жасадық. Жалпы білім беретін мектептерде «Атамұра», «Мектеп», «Кітап» т.б баспалардан жарық көрген «Қазақстанның физикалық географиясы» пәндері оқытылады.
Оқулықтың мазмұнын қарастыру барысында біз бөлімнің тақырыптары бойынша оқушылардың Отансүйгіштік білім мен тәрбиесін қалыптастыруға мүмкіндік беретін арнайы тапсырмалар мен сарамандық жұмыстар мазмұнымен таныстық. Оқулық мазмұнындағы тағы бір жетістік қазақтың біртуар азаматтары Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтпаевтар мен шығыс ойшылдары атанған әл-Фараби, М.Қашқари еңбектерінің берілуі және де «Туған өлке» географиясының қарастырылуы.
Оқулық текстіндегі сурттер арқылы оқушыларға еліміздің көркем табиғаты туралы мәліметтер берсек, оқулық карталары арқылы ұлан-байтақ жеріміздің қазыналы қойнауы жайында мәліметтер береміз. Ал Ш.Уәлиханов, Қ.Сәтпаевтар жайындағы мағлұматтар өз елі, жері үшін аянбай еңбек еткен азаматтар туралы мағлұмат береді.
«Қазақстанның физикалық географиясы» оқулығының мазмұнын қарастыру барысында, көптеген тақырыптарды Отансүйгіштік білім мен тәрбие беруге болатын элементтермен байланыстыруға болатынына көз жеткіздік. «Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы» тақырыбын «Сайыс сабақ» түрінде өткізіп, сабақты «Бәйге»,«Көкпар»,«Полиглот»,«Егер мен болсам», «Жорға» т.с.с. бөлімдермен өткізуге болады. Әр бөлімде Отансүйгіштік білім мен тәрбиені қалыптастыратын элементті кіргізуге болады. Мысалы,«Бәйге» бөлімінде оқушылар Қазақстан Республикасы жайында қойылған сұрақтарға дұрыс, әрі жылдам жауап берулері қажет.
1.Қазақстан Республикасы қай жылы егемендікке қол жеткізді?
2.Қазақстан Респуликасының астанасы қай жылы Астана қаласына көшірілді?
3.Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
4.Қазақстан Республикасының шекарасының ұзындығы неше?
5.Қазақтың алғашқы хандарын атаңыз?
6.Қазақстанда қанша ұлттар мен ұлыстар өмір сүреді?
7.Қазақстанның жер бедерін сипаттаңыз?
8.Қазақстан Республикасының ән ұраны қай жылы жазылды және авторлары кімдер?
9.Туымыздың авторы кім, оны сипаттап беріңіз?
10.Қазақстанның ежелгі астанасы болған қалаларды атаңыз?
Шығыс философы атанған Әбу-Насыр әл-Фарабиге арналған сабақты баспасөз-конференция түрінде өткізіп, оқушыларға оның өмірі мен қызметі туралы хабарламалар дайындатуға болады. әл-Фарабидің өмір жолын Отырар өлкесімен байланыстыру, оның туған жері туралы жазған еңбектері Отансүйгіштік білімнің қайнар көзі болып табылады.
«Қазақстанның таулары» тақырыбын өткенде Ш.Ш.Уәлихановтың, Қазақтың ұсақ шоқысы Сарыарқа туралы сабақта Қ.И.Сәтпаевтың елімізге, жерімізге сіңірген еңбектерін мысал ретінде енгізген орынды.
Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде көптеген тақырыптарды Отансүйгіштік сезімді қалыптастыратын мақал-мәтелдер, өлең жолдары мен жыр шумақтары, жұмбақтар т.б. элементтермен байланыстыруға болады.
«Қазақстанның ішкі сулары» тақырыбындағы сабақта, әр өзен, көл, теңіз, жер асты сулары белгілі жағдайларға байланысты ластанады. Мысалы, өндіріске пайдаланудан және мұнай өндіргенде ластанады. Егістікке шамадан тыс көп пайдаланудан. Арал теңізінің су деңгейі төмен түсіп, тұздың атмосфераға араласуы мұздықтардың көп еруіне әкеп соқтырады. Судың ластануы – ғаламдық мәселе. Сол себепті оған жалғыз бір мемлекет емес барлық көршілес мемлекеттер де ат салысады, өйткені «кемедегінің жаны бір» демекші, біз бір ғана жер ғаламшарында тіршілік етіп отырмыз. «Судың да сұрауы бар», сондықтан суды тиімді пайдалану, ластанудан қорғау, үнемдеу – барлығымыздың міндетіміз.
«Қазақстанның физикалық географиясы пәнінде оқушыларға Отансүйгіштік білім мен тәрбие берудің іс-жүзіне асырылуы» атты екінші тарауда Қазақстанның физикалық географиясы» пәндерінде оқушыларға Отансүйгіштік білім мен тәрбие берудің мүмкіндіктері және зерттеу жұмысының ғылыми болжамының дұрыстығын анықтауға бағытталған эксперименттік-тәжірибе жұмыстары жүргізіліп, нәтижелері қарастырылды.
Эксперименттік-тәжірибе жұмысының анықтау кезеңінде оқушылардың «Отансүйгіштік», «Отаншылдық», «Қазақстандық патриотизм» туралы білімдері сауалнамалар арқылы анықталды. Пән мұғалімдеріне зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес даярланған сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері берілді.
Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, өткізу әдістері таңдалынып алынды. Көбінесе дәстүрлі емес сабақ формалары алынды. Оқушылардың бойында Отансүйгіштіктің қайнар бастауы – Отанды сүю, қастерлеу, қорғау секілді сезімдердің дамуы басты назарға алынды.
Эксперимент нәтижелерін талдау барысында, біз Қазақстанның физикалық географиясы пәнінің көптеген тақырыптардың оқушылардың бойында Отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға мүмкіндік беретінін анықтадық. Біздің зерттеу жұмысымыздың ғылыми болжамының дұрыстығы эксперименттік сыныптарда Отансүйгіштік сезімді қалыптастырудың төменгі деңгейдегі оқушылар санының азайып, жоғары деңгейдегі оқушылар санының артуымен дәлелденді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – Қоғамның идеологиялық бірлігінде // Алматы Қазақстан. - 2008 жыл, 33-б.
2. Сайдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар): пед. ғыл. канд. дисс.:13.00.01. – Алматы, 2001. – 149 б
3. Бейсембаева А.А. Патриотическое воспитание старшеклассников средствами казахского героического эпоса: автореф. … канд. пед. наук:.13.00.01. – Алматы: АГУ, 2004. – 25 с.
4. Кенжебаева Р.Н. Оқыту үрдісіндегі халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру: пед. ғыл. канд. … автореф.:13.00.01. – Шымкент, 2005. – 26 б.
5. Назарбаев Н.Ә. Өзекжарды ойлар. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2003. – 172 б.