
«Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары,
жоғары санатты арнайы пән оқытушысы
ТУГЕРОВА ГАЛИЯ БЕРДИБАЕВНА
Қазақстанның инновациялық дамуына- педагогтар
үлесі
Уақыт ешкімді күтпейді және жаңғырту —
тарихтың өзі сияқты, шексіз жалғасып келе жатқан процесс. Бұл жерде
ең маңыздысы, барлық қазақстандықтар ішкі ниет пен өзгерістерге
дайын екенін ұмытпаған жөн. Өзінің бағдарламалық мақаласында Елбасы
қоғамдық сананы жаңғыртудың тетіктерін анық та нақты белгілеп
берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру міндеті
қойылды.
Тәуелсіздіктің үшінші онжылдығына қадам басқан
еліміз үшін шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа
педагогикалық технологияларды меңгерген, әлемдік білім кеңістігіне
ене алатындай педагогтар легінің қалыптасуы қоғам үшін өте маңызды
іс.
Сондай-ақ бүгінде кәсіби білімге тән
біліктіліктің негізгі ұстанымдары мен білім берудің халықаралық
стандарттық жіктелуіне сәйкес білім беру саласында бірқатар
өзгерістер көрініс тапты. Осыған орай, жаңа көзқарасты, сыни ойлау
деңгейі жоғары жаңа формация педагогтары мен еліміздің
интеллектуалды элитасын қалыптастыратын шығармашыл жастардың
болашақта өз білімін іске асыратын білікті маман иелері болуларына
ықпал ету миссиясын ұстанған Маңғыстау энергетикалық колледжінің
ұжымы 2017-2018 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы
аясында бірінеше щаралар
өткізілді. Атап айтатын болсақ, Маңғыстау облысында 2017 жылдың 27-30 қараша аралығында
Батыс Қазақстан аймағындағы техникалық және кәсіптік білім беру
ұйымдарында оқитын жастар
арасында «Жұмысшы мамандығының «Batysskills»
кәсіптік шеберліктің аймақаралық
чемпионаты» өтті. Осыған орай, қараша айының 28 жұлдызында Маңғыстау
энергетикалық колледжі базасында «Электромонтаждық жұмыстар»
құзіреттілігі бойынша конкурс өтті. Конкурсқа Ақтөбе, Атырау, Батыс
Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан келген 7 білім алушылар
қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша
І
орынды Маңғыстау энергетикалық
колледжінің білім алушысы Уйсенов Мейірман
Маратұлы иеленді. ІІ
орын Джексанбаев Нұржан Жалгасбаевич
– Атырау индустриалды колледжінің білім алушысы,
ІІІ
орын Адиль Бейбарыс Адильулы – Ақтөбе политехникалық
колледжінің білім алушысына берілді.
Конкурс
жүлдегерлерін облыс Әкімінің орынбасары, Маңғыстау облысының білім
басқармасының басшысы және құзіреттілік бойынша бас сарапшылар
марапаттады.
26.02-28.02.2018ж аралығанда жұмысшы
мамандығының «Worldskills Kazakhstan» республикалық чемпионатының
өңірлік кезеңі өтті. Біздің колледжден 11 білім алушы 8
құзіреттілік бойынша
қатысты.
І
орын иегерлері: Уйсенов
Мейірман «Электромонтаждық жұмыстар» құзіреттілігі бойынша,
жетекшісі А.М.Жайшылықов; Қожахметов
Айболат «Слесарлық жұмыс» құзіреттілігі бойынша, жетекшісі
В.А.Фирсин.
ІІ
орын иегерлері: Айтуаров
Юрий «Электромонтаждық жұмыстар» құзіреттілігі бойынша,
жетекшісі А.М.Жайшылықов.
ІІІ
орын иегерлері: Басыбаев
Айбек «Сигналдау, орталықтандыру, блоктау және автоматика
жабдықтарын жөндеу, қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша,
жетекшісі И.Х.Кащиев; Архипов
Артем «Веб-үлгілеу» құзіреттілігі бойынша, жетекшісі
А.А.Абдурахманова; Жадько
Руслан «Компьютерлік ойындар мен мультмедиялық қосымшаларды
дамыту» құзіреттілігі бойынша, жетекшісі
А.Б.Джантекеева.
Ұстаздарымыздың бөлінбес бір бөлігі – студенттердің ғылыми жұмысына
жетекшілік ету деп есептейді және олардың жүлделі орын иеленгендері
де аз емес.
Бұл біздің Маңғыстау энергетикалық кллледж
ұстаздарының еңбек көрсеткіштері емес пе?


2017-2018 оқу жылында модульдік оқыту жүйесін
іске асыру мақсатында модульдік оқыту жүйесі элементтері 1302000
«Автоматтандыру және басқару (бейін бойынша)» мамандығы 2017 жылы
қабылданған АиУ-16 тобына енгізілді.
Осыған орай модульдық оқыту жүйесі бойынша
инженер-педагог құрамы бекітілді, өндірістік шеберлері мен арнайы
пән оқытушыларын тағылымдамалардан және біліктілік арттыру
курстарынан өткізу графигі жасақталды, семинардалар дөңгелек үстел
жоспарланды.
2018 жылы науырыз айының 10 жұлдызында
«Модульдық оқыту технологиялар» семинар-практикум
өткізілді.
Семинар-практикумның теориялық бөлімінде
Норвегия, Голландия, Америка елдерінде тағылымдамадан өткен арнаулы
пән оқытушылары Ш.Джуманов, Б. Т. Ибраев, Еуропа елдеріндегі оқу
орындарында техникалық пәндерді қолданудың ерекшеліктеріне тоқтала
келе, сол шетелдік технологияларды өз оқу орындарында қолдану
арқылы қол жеткізген жетістіктеріне тоқталса, арнай пән оқытушысы
Г.Б. Тугерова, 1302000- «Автоматтандыру және басқару» жаңа
модульдық бағдарламасы, әдістемелік нұсқаулықтар мен педагогтерге
арналған көмек көрсетуші құралдарды жасақтау туралы, семинар
қатысушыларына нақты дәлелдей түсіндірді.
«Модульдық оқыту технологиялар» семинарының практикалық
бөлімінде арнайы пән оқытушылары Г.Н. Қосбаева, А. Нурекешова
колледжде оқытылатын 1302000-«Автоматтандыру және басқару»
мамандығына жасақталған жұмыс бағдарламалары мен перспективті
тематикалық жоспарларын жасақтау, Б. Бошманова мен В.
Абдрахманованың коучинг сабағын өткізу, А.У. Бекжанова, Э.Б.
Румағанбет Р.К. Матжанова, мамандықтар бойынша курстық, дипломдық
жобаларды орындаудың әдістемесін ортаға салып, әріптестерімен
тәжірибе алмасса, шәкірттері ұстаздарының еңбектерін дәлелдеп,
шығармашылық жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап шықты. Ал өндірістік
оқыту шеберлері В.А. Фирсиннің өткізген тәжірибелік сабақтарында
студенттер токарлық және фрезерлік станоктарда жұмыс жасап, қажетті
бөлшектерді сол бойда дайындап көрсетті, ең қызықтырғаны: білім
алушылар колледждің жөндеу жұмыстарына қажетті болт, винт, өрт
сөндіргіштерге бекіткіш, балға (әр түрлі салмақты), су өтетін
трубаларға бұранда жасаумен бірге, тазалық жұмыстарына арналған
темір қалақша жасап шығарады, А.М. Жайшылыков пен А. Жарылқапов
өткізген тәжірибелік сабақтарында білім алушылар пәтерлердің электр
жарығын орнату, электрлік энергия санауышын орнату, жарықты
ауыстырып қосқыштардың көмегімен басқару схемасының монтажы,
комутациялық аппаратардың көмегімен электр қозғалтқышты орнату,
автоматтандырылған электр жетектерінің ақауларын анықтау, іске
қосуды реттегіш аппаратарды орнату, асинхронды қозғатқыштарды
реверсивті түрде басқару макеттерінде жұмыс жасады. Бұл
жұмыстар жұмысшы мамандығының «Worldskills
Kazakhstan» чемпионатының тапсырмасына сәйкес
келеді.
Сонымен бірге 0816000 «Химиялық технология және
өндіріс» мамандығы бойынша лабораториялық сабақ көрсеткен арнайы
пән оқытушысы З. Аманшаеваның студенттері өз бетімен жасаған
жұмыстары арқылы химик-технолог мамандығының нағыз иегерлері
екендігіне көпшіліктің көзін жеткізді.
Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсыновтың : «Мұғалім
әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс
нәрсе есебінде қолдану керек» деген пікіріне сүйенсек, колледждегі
өз шеберлігін шыңдап, « үйретсем» деген ұстаз бен бүгінгі заман
талабына сай «үйренсем» деген шәкірттің іс-әрекетінің бірлігінен
туындаған жаңаша әдістерді жүзеге асырудағы жүйелі жұмыстардың
орындалуы оқушыны білім теңізіне жетелеумен бірге мұғалімдердің
тынымсыз ізденісін көрсетті.
«Елімізде ғылым мен ілімнің инновациялық әлеуетін өрістету
қажет» деген елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жолдауына сай тақырыпта
өткізілген тағылымы мол шаралар колледж оқытушылары Қазақстанның
инновациялық дамуына шын мәнінде өз үлестерін қоса
білді.