Материалдар / Қазақстанның жаһандық бастамалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақстанның жаһандық бастамалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстанның 30 жылдығы түралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Наурыз 2021
372
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Түркістан облысы Кентау қаласы М.Қашғари
мектеп - лицейі



Тақырыбы: Қазақстанның жаһандық
бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке
қосылған үлес.


9 – “A” сынып
Сынып жетекшісі: Раимова Ф


Page 2


Page 3

ҚазАқпарат - Ӛтіп бара жатқан Қой жылындағы әлемдік
экономикада қылаң берген дағдарыс кӛріністеріне,
халықаралық проблемадағы ӛзекті мәселелерге, тұрақсыздық
нүктелерінің кеңейе түсуіне қатысты. Қазақстан ұсынған
бейбітшілік пен қауіпсіздік тұрғысындағы бастамалар әлем
назарын ӛзіне аударғаны белгілі. Иә, есте болса, бұл жылы
Қазақстан Кӛшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ӛзінің әлемдік
деңгейдегі арағайындық қабілетін тағы бір танытып қана
қоймай, жаһандық бітімшергілікте де ойып тұрып орын
алатындығын дәлелдеген еді. Орыс пен украин арасындағы
текетірестің жігін жатқызуға барын салды, елорда тӛрінде
әлемдік және дәстүрлі дін кӛшбасшыларының басын қосып,
ортақ ымыраға ұйытқы болды. Мұнан бӛлек, қыркүйек айында
БҰҰ Бас ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясына
қатысып, әлі күнге дейін әлем жұртшылығының егжей-тегжейлі
талқылуына түскен ӛзекті жайттың ұшығын шығарар ұтымды
ойлар айтты. Қазақ елінің, қазақ тілінің мәртебесін асқақтатып,
ұлы мінберден қазақ тілінде баяндама жасады. Кәрі құрлықта да
болды. Тағы да қазақ тілінің мәртебесін кӛтерді, ЮНЕСКО-
ның бас ассамблеясының бас мінберінен үн қатты. Мұның
барлығы да елдің, ерін сүйер елдің ертеңі үшін жасалған нақты
қадамдар еді.


Page 4

Н.Назарбаевтың украиндық дағдарысты еңсерудегі үлесі.
Есте болса, таяуда ғана ресми БАҚ-та Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық
мәселелер жӛніндегі кӛмекшісі Нұрлан Онжановтың «Елбасының сенімді бағыты» атты мақаласы
жарық кӛрген еді. Онда ол ӛткен жылдың соңы мен 2015 жылдың басындағы Қазақстан
Президентінің Ресейдің, Украинаның, Францияның, ГФР мен АҚШ-тың лидерлерімен кездесулері
және келіссӛздері «норманд тӛрттігі» елдері басшыларының кездесулерін ұйымдастыруға
бағытталғанын атап ӛткен еді. Ӛткен жылдың желтоқсан айында Астанада ӛткен Франция
Президенті Француа Олландпен арадағы келіссӛздер барысында Елбасы Н.Назарбаев жоғары
деңгейдегі ресейлік-француздық ымыраға себеп болған болатын. «Келіссӛздер барысында ӛңірлік
мәселелер, Таяу Шығыс жағдайлары, Ресей мен Еуропа арасында санкциялар аясындағы
халықаралық тақырыптар бойынша мазмұнды пікір алмасулар ӛрбіді. Украина мәселесі де
талқыланды. Франция тарапы біздің ынтымақтастығымыз бойынша бірқатар ӛзекті мәселелерге
қолдау білдірді. Еуропалық Одақ мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы диалог орнату
мүмкіндіктері де қаралды. Сонымен қатар біз Украина дағдарысын реттеу қадамдарын да
салыстырдық», - деп атап ӛткен еді Н.Назарбаев француздық әріптесімен арадағы келіссӛздерден
кейін. Қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаев Берлинде болып, ГФР-дің Феде-ралдық канцлері
А.Меркельмен дағдарысты реттеудің кезек күттірмейтін шараларын талқылады. Донбастағы
қантӛгісті тоқтату және дау-жанжалды бейбіт реттеу жӛніндегі аса маңызды уағдаластықтармен
аяқталған үстіміздегі жылдың 12 ақпанындағы «норманд тӛрттігінің» тарихи Минск кездесуі жалпы
күш-жігерлердің нәтижесіне айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың бітімгершілік күш-жігері
Қазақстанның халықаралық беделін нығайта отырып, шетелдер лидерлері мен әлемдік
қоғамдастықтың жоғары бағалауына ие болды.


Page 5


Page 6

Елорда тӛріндегі 5-ші әлемдік және дәстүрлі дін кӛшбасшылары съезі
Қазақстан Кӛшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен маусым
айының 10-11 күндері елорда тӛрінде 5-ші Әлемдік және дәстүрлі діндер
кӛшбасшыларының съезі ӛткен болатын. Халықаралық деңгейдегі бұл шараға
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, Иордания Королі ІІ Абдалла, БҰҰ ӛркениеттері
альянсының ӛкілі Н.әл-Насер, Минск және Заславск митрополиті, Бүкіл
Беларусь Экзарх Патриархы Павел, ЕҚЫҰ бас директоры Л.Заньер, Бэдфорд
епископы, Ағылшын шіркеуінің ӛкілі Р.Аткинсон, «Джинджя Хонче» Сионистік
храмдар қауымдастығының басқарушы директоры Т.Тераи, ИСЕСКО бас
директоры А.ат-Туэйджри, Дүниежүзілік лютеран федерациясының
президенті М.Юнан қатысып, сӛз сӛйлеген болатын. Н.Назарбаев форум
мінберінен діндер мен мәдениеттердің ӛзара қарым-қатынастары мәселесін
Жер шарындағы бейбітшілік пен тұрақтылық мүдделері тұрғысынан талқылау
біздің форумның айрықша ерекшелігі болып табылатындығын баса айтты.
Елбасы ӛз сӛзінде ең біріншіден жаһандық қауіпсіздік режімінің күрт әлсіреуі
орын алғандығын атап ӛтті. Екіншіден, әлемде әскери және ішкі дау-дамайлар
қауырт ӛсе түскендігін, Украинаның шығысындағы жанжал еуропалық және
жаһандық қауіпсіздік деңгейін айтарлықтай тӛмендеткендігін баса айтты.


Page 7

«Үшіншіден, халықаралық терроризм қатері «ислам мемлекеті» деп
аталатын іс-қимылдар пішінін қабылдады. Ӛздеріне қаратып алудың
жаһандық желісін пайдалану арқылы әлемнің түрлі елдеріндегі жастар оның
қатарына тартылуда. Жалған діни үндеулермен бүркемелене отырып,
содырлар ӛзге діндер ӛкілдерін, журналистер мен еріктілерді жаппай ӛлім
құштырудың жан түршігерлік актілерін жүзеге асыруда. Біз сіздермен бірігіп,
мұндай кӛзқарасқа және діннің осындай қаскүнемдіктеріне қарсы ортақ
пікірімізді білдіруіміз керек. Олар Ирак пен Сириядағы сан ғасырлық мәдени
мұраларды қасақана қиратуда. Мұның бәрін ізгі ниеттілікке және
адамгершілікке қарсы актілер демеске лаж жоқ», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті тӛртіншіден, қазіргі заманғы әлемде аш және жоқ-жітік
адамдар азаймай отырғандығын бүгінде, БҰҰ мәліметтері бойынша, 700
миллион бала мен жасӛспірім кедейшілік жағдайында ӛмір сүріп жатқанын
баса айтты. «Тағы 150 миллионы тастанды балалар. Мектептердің
болмауынан 100 миллион баланың білім алуға мүмкіндіктері жоқ. 10
миллионы дәрі-дәрмек пен медикаменттер жетімсіздігінен зардап шегуде.
Әлеуметтік қолайсыздықтың, ал одан кейін қылмыстың, әлеуметтік
дүрдараздықтың, терроризм мен экстремизмнің бастапқы ортасы да міне,
осы», - деді Елбасы. Бесіншіден, Н.Назарбаев рухани-ӛнегелілік құндылықтарды
кӛмескілендірудің жаһандық проблемаларын кӛрмеу де мүмкін еместігін айтып,
БАҚ-тар мен Интернет-желілер арқылы балағат сӛздер, адамдардың рухани
бастауларын қорлау, қылмыстық кӛргенсіздік пен бетімен кетушілік, «жаппай
мәдениет» деп аталатынның жексұрын үлгілері кеңінен таратылып жатқандығына
назар аударты.



Page 8


Page 9

Осы ретте Қазақстан Кӛшбасшысы Әлемдік және дәстүрлі діндердің V съезіне
қорытынды декларация қабылдауға тура келетіндігін айтып, оған бүкіл әлем бойынша
миллиардтаған адамдардың мұң-мұқтаждары мен үміттерін бейнелейтін бірқатар
үндеулер қосуды ұсынатындығын ашық айтты. Бірінші. Барлық әскери жанжалдарды
тоқтату және бітім жариялау. Барлық қарсы тұрушы тараптар келіссӛздер үстеліне
отырып, зорлық-зомбылықты тоқтату, бейбіт азаматтарды қорғау, бүкіл қарама-
қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу жӛнінде келісімдер қалыптастыруы тиіс. Екінші.
Кез келген елде және мемлекетаралық қарым-қатынастарда кез келген саяси қарама-
қайшылықтарды шешудің күш қолдану тәсілдері батыл түрде теріске шығарылуы
керек. Үшінші. Бүкіл жетекші державалардың саяси лидерлерін қазіргі заманғы
әлемдегі сенімсіздік шыңырауының ұлғая түсуін тоқтатуға шақыру маңызды.
Салдарынан «үшінші әлем» мен қарапайым адамдар ауырырақ зардап шегетін ӛзара
санкцияларды тоқтату қажет. Әлемді ХХІ ғасырда «қырғи-қабақ соғыс» уақытының
стереотиптерін, әсіресе, блоктық ойлауды қайта жаңғырту қаупінен сақтандырудың
маңызы зор. Бүгінде қарама-қайшылықтарды реттеу, соғыстар мен дау-жанжалдарды
тоқтату үшін БҰҰ мен қауіпсіздіктің ӛзге де халықаралық құрылымдарының мүмкін
деген барлық тетіктерін пайдалану керек. Тӛртінші. Барлық адамдарды саналылыққа
және Интернетті қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарын адамдар арасындағы
дінаралық араздықтарды тұтандыру үшін пайдалану тәжірибесін тоқтатуға шақыру
қажет. Бұл тұрғыда БАҚ-тардың қожайындары мен баспагерлерінің, ӛздерін «тӛртінші
билік» деп атайтындардың бәрінің моральдық жауапкершілігін арттыру керек. Бесінші.
Мемлекеттер мен қоғамдарға кедейшілік, аштық, эпидемия, жұмыссыздық, табиғи
зұлматтар мен техногендік апаттар проблемаларын шешу үшін күш-жігерді біріктіру
ӛмірлік тұрғыда қажет. Осының бәрі қауіпсіз және үйлесімді әлемнің жаңа
архитектурасының бӛлігіне айналуы тиіс», - деп түйіндеді сӛзін ҚР Президенті.


Page 10

БҰҰ бас мінберіндегі Н.Назарбаев бастамалары Дүниежүзі кӛшбасшылары бас қосқан
айтулы жиын барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Экономикалық
және Әлеуметтік кеңесін Жаһандық даму Кеңесіне айналдыруды, Хиросима мен Нагасакиді
атом қаруымен бомбалаудан соң 70 жыл ӛткенде ядролық қарусыз әлем қалыптастыру ісін
адамзаттың ХХІ ғасырдағы басты мақсаты етуге, 2016 жылы БҰҰ-ның халықаралық
құқықтың арқаулық қағидаттарын бекітуге арналған жоғары деңгейдегі халықаралық
конференциясын шақыруды, БҰҰ-ның қолдауымен халықаралық терроризм мен
экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құруды, «ЭКСПО-2017» кӛрмесі
инфрақұрылымы негізінде Астанадан БҰҰ қолдауымен Жасыл технологияларды және
инвестициялық жобаларды дамыту жӛніндегі халықаралық орталық ашуды, БҰҰ штаб-
пәтерін Азияға кӛшіру мәселесін ойластыруды ұсынды. ЮНЕСКО Бас конференциясының
38-ші сессиясы Конференцияға қатысушылар алдында сӛйлеген сӛзінде Мемлекет
басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде ЮНЕСКО-ның алатын орны айрықша екенін
атап ӛтті. «Қазақстан негізгі басымдығы Біріккен Ұлттар ұйымының орнықты даму
мақсатының маңызды бағыты болып саналатын ЮНЕСКО-ның қызметін толық
қолдайды», деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті ӛзі осы мінберден 20 жыл
бұрын баяндаған мақсат-міндеттердің бәріне, сондай-ақ БҰҰ Мыңжылдық даму
мақсаттарына біздің ел қол жеткізгенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық,
мәдениетаралық, дінаралық негізде ӛркениеттердің күйреуі мен қақтығысы ушығып
кеткеніне арнайы тоқталды. «Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясының мерейтойлық 70-
ші сессиясында ӛткен дебаттар әлем дамуының жаңа парадигмасын әзірлеу қажеттігін
дәлелдеп берді. Қазақстанның халықаралық бастамалары осы маңызды міндетті орындауға
бағытталған. Біз «Жаһандық Стратегиялық Бастама 2045» жоспарын ұсынамыз. Оның
мәнісі соғыстар мен қақтығыстардың түпкі себептеріне жол бермейтін бүкіләлемдік даму
стратегиясын жасау», - деді Мемлекет басшысы.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!